Анықтама 4: Тәжірибе нәтижесінде мәндетті түрде орындалатын оқиғаны ақиқат оқиға деп айтады, ал оның ықтималдығы бірге тең,
Анықтама 5: Тәжірибе нәтижесінде орындалмайтын оқиғаны жалған оқиға деп айтады, ал оның ықтималдығы нөлге тең,
Анықтама 6: Тәжірибе нәтижесінде А оқиғасының пайда болмауынан туған оқиғаны оған қарама-қарсы оқиға деп айтады және таңбасымен белгіленеді.
А+=, ,
қарама-қарсы оқиғалар ықтималдығы формуласымен анықталады.
Мысалы, А={2, 4, 6} оқиғасына кері оқиға ={1, 3, 5} - «тақ ұпай түсуін» білдіреді.
Анықтама 7: Егер екі кездейсоқ оқиғалар бір тәжірибе нәтижесінде қатар орындалуы мүмкін емес болса, онда бұларды үйлесімсіз оқиғалар деп, ал өзге жағдайларда бұл оқиғаларды үйлесімді деп атайды.
Мысалы, қарастырылған ={1, 2, 3, 4, 5, 6 } элементар оқиғалар кеңістігінің элементтері қос-қостан үйлесімсіз. Ал А={2, 4, 6} және С={1, 2, 3} оқиғалары үйлесімді, себебі бұл ішкі жиындарда {2} ортақ элемент бар.
Достарыңызбен бөлісу: |