Біледі:Ертегіні айтып бере алады
Түсінігі бар: Кейіпкерлер жөнінде түсініктері бар
Орындай алады: Ертегіні сахналай алады
Күні 20. 04. 18 Балапан тобы Тәрбиеші: Қалиасқарова И.К Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері:Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: Құмырсқаның серуені. Оқу, әңгімелеу.
Мақсаты:Балалар халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ертегілер арқылы артыру.
дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін,есте сақтау қабілетін дамыту.
тәрбиелік: Адамгершілікке,үлкенді тыңдай білуге тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: Жәндіктер
Қолданылған көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерінң үстел үсті театры, муляждары. Ұшақ шапкасы.
Тәрбиеші балаларға жәндіктер әлеміне көрмеге баратынын айтады.
Балалар көрмеге баруға дайындалады.
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу
Балалар көрмеге қандай көлікпен барғыларың келеді?
Ендеше ұшаққа отырып жәндіктер әлеміне барайық.
Тәрбиші балалар біз жәндіктер көрмесіне келдік. Қандай жәндіктерді көріп тұрсыңдар?
д\о «Қандай жәндік»
Мақсаты.Жәндіктердің тіршілік етуін әңгімелеу.
Балалар жәндіктерді бақылап , тәрбиеші көмегімен әңгімелейді.
Балалар осы жәндіктер туралы ертегі тыңдағыларың келеме?
Тәрбиеші балаларды кілем үстіне шақырады. Балаларға құмырсқаның серуені ертегісін әңгімелейді.
Білесіңдер ме, балалар?Ертеде құмырсқалар қазіргідей еңбекқор болмапты. Күні бойы қыдырып, одан қалса жатып ұйықтайды екен. Анда –санда аш болмау үшін жұмыс істейді екен. Онда да ерініп шын көңілімен істемейді екен. Олардың біреуі мүлде жалқау екен. Күн сайын ұйқысынан тұрсымен:
-Аһ, аһ.. Бүгін еш нәрсе істемей қарынымды қалай тойдырсам екен?- деп ойланады екен. Сөйтіп ойланып жүргенде ойына бір нәрсе келіпті. Ее, менің досым бар екен ғой. Күнде солардың біреуіне қонақ болсам ешкімге зияным жоқ . Осылайша әрі қарынымды тойдырам, әрі жұмыс істемеймін.,-деп ойланған құмырсқа, ойын жүзеге асыруға кірісіпті.Құмырсқа жолға шығыпты. Бір араның үйіне келіпті . Есік қағыпты. Есіктің арғы жағынан «Кім бұл!-деген дауыс шығыпты. Сол кезде құмырсқа:
- Есігіңді аш, бауырым. Мен құмырсқа бауырыңмын ғой. Бүгін сенің үйіңе қарынымды тойдыруға келдім. Үйіңдегі барыңды құмырсқа бауырыңа бер депті.
Ара есігін ашып ,үйіндегі бар дәмдісін беріп, құмырсқаның көңілін көтеріпті.Кешке құмырсқа араға рахметін айтып үйіне келіпті. Төсегіне жатып.Ох мен жұмыста істеген жоқпын, шаршаған да жоқпын қарынымды тойдырдыдепті.
Құмырсқа келесі күні өрмекшіге барыпты.Өрмекшінің дәмді тамақтарын жеп, рахметірн айтып үйіне қайтыпыты. Осылай қыдырып жүріп қарынын тойдырған құмырсқаға қатты ұнапты. Үшінші күні құмырсқа көбелекке келіпті. Көбелек бар тапқан асын құмырсқаның ауызына төсепті. Көбелек құмырсқаны қанатына отырғызып гүлден-гүлге қондырып ,биіктерге самғап ұшып көңілін көтеріпті. Құмырсқа рахметін айтып үйіне қайтыпты. Қандай керемет .Жұмыс та істеген жоқпын, қарынымды тойдырыдым-депті. Сөйтіп жылжып күндер өтіпті. Құмырсқаның қонаққа баоратын достары таусылыпты. Енді не істесем екен?Достарыма қайтадан қонаққа барсам ба екен деп ойланыпты. Ұйқысынан тұрғанда біреулер есік қағыпты. Сөйтсе достары оған қонаққа келіп тұр екен. Құмырсқа қатты сасып, не сітерін білмепті. Сонда ұялып тұрып:
-Сендерді қонақ қылғым келеді? Бір-ақ үйімде сендерді отырғызаитын орын жоқ, не бір тілім наным доқ –депті.
Достары құмырсқаға қатты ренжігені соншалық енді оған көмектеспеуге бел байлапты. Құмырсқа өзінің достарын ренжіткені үшін, әрі өзінің жалқаулығына қатты ренжіпті. Сөйтіп, балалар , құмырсқа жалқаулықтың өте жаман нәрсе екенін түсініп, сол күннен бастап тыным таппай еңбек ететін болыпты.
Сергіту сәті: «Құмырсқа»
Д\о «Кім не істеді»
Ертегі желісін балалрмен бірге әңгімелеу.
Балалар енді ұшағымызға отырып тобымызға оралайық.
Балалар ұшақпен барғылары келетінін айтады.
Балалар ұшаққа отырып музыка ырғағымен табиғат бұрышына келеді.
Құмырсқа, көбелек, өрмекші, шегіртке.
Құмырсқа еңбекқор жәндік. Көбелек өте нәзік әрі әдемі жәндік. Олар гүлдердің үстінде ұшып – қонып жүреді.
Иә.
Балалар құмырсқаның әрекеттерін келтіріп сергіту сәтін жасайды.
-Балалар қайда қонаққа бардық?
- Қандай көлікпен бардық?
-Көрмеден қандай жәндіктерді көрдіңдер?
-Қандай ертегіні әңгімеледік?
Тәрбиеші жақсы қатысқан балаларға жұлдызша таратады.
Жәндіктер көрмесіне бардық.
Ара , құмырсқа, көбелек, шегіртке.
Құмырсқаның серуені.