«Ізгі сөздер патшалығы» үйірмесінің



бет45/49
Дата16.01.2023
өлшемі170,36 Kb.
#61481
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Вариатив.Ертегілер елінде

Күтілетін нәтиже:
Біледі:Ертегі кейіпкерлерін атай біледі.
Түсінігі бар: Ертегі туралы түсінігі бар.
Орындай алады.Ертегіні әңгімелей алады.
Күні 27. 04. 18 Балапан тобы Тәрбиеші: Тұрсын Г.Р
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: Құмырсқаның серуені. сахналау
Мақсаты: Балалар халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ертегілер арқылы артыру.
дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін,есте сақтау қабілетін дамыту.
тәрбиелік: Адамгершілікке,үлкенді тыңдай білуге тәрбиелеу.
Жаңа сөздер:жәндіктер
Қолданылған көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерінің шапкалары. Ара , көбелек, өрмекшінің үйлері.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату, түрткі болу

Тәрбиеші балаларға топқа қонақтар келетін хабарлайды.

Балалар дайындалады.

Ұйымдастыру, ізденіс
Жүргізуіне

Есік қағылады. Топқа
Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын.Мен сонау алыс ауылдан келдім,мен сендерге қожын алып келдім
д\о «Танып алда атын айт»
Қандай жәндіктерді көріп тұрсыңдар?
Мақсаты.Жәндіктердің тіршілік етуін әңгімелеу.
Қоржыннан жәндіктердің шапкаларын алады.
Ата осы жәндіктер туралы ертегіні әңгімелей бастайды.
Білесіңдер ме, балалар?Ертеде құмырсқалар қазіргідей еңбекқор болмапты. Күні бойы қыдырып, одан қалса жатып ұйықтайды екен. Анда –санда аш болмау үшін жұмыс істейді екен. Онда да ерініп шын көңілімен істемейді екен. Олардың біреуі мүлде жалқау екен. Күн сайын ұйқысынан тұрсымен:
-Аһ, аһ.. Бүгін еш нәрсе істемей қарынымды қалай тойдырсам екен?- деп ойланады екен. Сөйтіп ойланып жүргенде ойына бір нәрсе келіпті. Ее, менің досым бар екен ғой. Күнде солардың біреуіне қонақ болсам ешкімге зияным жоқ . Осылайша әрі қарынымды тойдырам, әрі жұмыс істемеймін.,-деп ойланған құмырсқа, ойын жүзеге асыруға кірісіпті.Құмырсқа жолға шығыпты. Бір араның үйіне келіпті . Есік қағыпты. Есіктің арғы жағынан «Кім бұл!-деген дауыс шығыпты. Сол кезде құмырсқа:
- Есігіңді аш, бауырым. Мен құмырсқа бауырыңмын ғой. Бүгін сенің үйіңе қарынымды тойдыруға келдім. Үйіңдегі барыңды құмырсқа бауырыңа бер депті.
Ара есігін ашып ,үйіндегі бар дәмдісін беріп, құмырсқаның көңілін көтеріпті.Кешке құмырсқа араға рахметін айтып үйіне келіпті. Төсегіне жатып.Ох мен жұмыста істеген жоқпын, шаршаған да жоқпын қарынымды тойдырдыдепті.
Құмырсқа келесі күні өрмекшіге барыпты.Өрмекшінің дәмді тамақтарын жеп, рахметірн айтып үйіне қайтыпыты. Осылай қыдырып жүріп қарынын тойдырған құмырсқаға қатты ұнапты. Үшінші күні құмырсқа көбелекке келіпті. Көбелек бар тапқан асын құмырсқаның ауызына төсепті. Көбелек құмырсқаны қанатына отырғызып гүлден-гүлге қондырып ,биіктерге самғап ұшып көңілін көтеріпті. Құмырсқа рахметін айтып үйіне қайтыпты. Қандай керемет .Жұмыс та істеген жоқпын, қарынымды тойдырыдым-депті. Сөйтіп жылжып күндер өтіпті. Құмырсқаның қонаққа баоратын достары таусылыпты. Енді не істесем екен?Достарыма қайтадан қонаққа барсам ба екен деп ойланыпты. Ұйқысынан тұрғанда біреулер есік қағыпты. Сөйтсе достары оған қонаққа келіп тұр екен. Құмырсқа қатты сасып, не сітерін білмепті. Сонда ұялып тұрып:
-Сендерді қонақ қылғым келеді? Бір-ақ үйімде сендерді отырғызаитын орын жоқ, не бір тілім наным доқ –депті.
Достары құмырсқаға қатты ренжігені соншалық енді оған көмектеспеуге бел байлапты. Құмырсқа өзінің достарын ренжіткені үшін, әрі өзінің жалқаулығына қатты ренжіпті. Сөйтіп, балалар , құмырсқа жалқаулықтың өте жаман нәрсе екенін түсініп, сол күннен бастап тыным таппай еңбек ететін болыпты.
Сергіту сәті: «Құмырсқа»
Д\о «Кім не істеді»
Ата балалардың ертегісін көріп тамашалағанына рахметін айтып үйіне қайтады.

Балалар ойынды ойнайды.
Құмырсқа, көбелек, өрмекші, шегіртке.
Құмырсқа еңбекқор жәндік. Көбелек өте нәзік әрі әдемі жәндік. Олар гүлдердің үстінде ұшып – қонып жүреді.
Бала құмырсқаның шапкасын киіп құмырсқаның іс-әрекетін жасайды.
Құмырсқаның дауыс ырғағын келтіреді.
Араның қимыл –әрекетін, мінез құлқын, дауыс ырғағын келтіреді.

Келесі бала өрмекшінің әрекеттерін жасайды.


Балалар құмырсқаның әрекеттерін келтіріп сергіту сәтін жасайды.


Ертегі кейіпкерлерінң қимыл әрекетін әңгімелейді.



Рефлекция-түзету жұмыстары

-Балалар қайда қонаққа
-Көрмеден қандай жәндіктерді көрдіңдер?
-Қандай ертегіні тамашаладық
Тәрбиеші жақсы қатысқан балаларға жұлдызша таратады.

Ара , құмырсқа, көбелек, шегіртке.
Құмырсқаның серуені.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет