Меланоманың неше түрлі бағытта өсуі оның клиникалық белгілерін дер кезінде анықтауды қиындатады, сондықтан жоғарыда көрсетілген пигментті, пигментсіз қалдардың меланомаға айналуының 15 белгісін дер кезінде байқау маңызды іс.
Ісіктің асқынуы мынадай белгімен айқындалады - қалдың айналасында қара-қошқыл белгілер пайда болады, олар тері ішінде орналасады, мұны сателлит деп атайды, бұл меланоманың лимфа тамырлары арқылы таралғанын білдіретін белгі.
Меланоманың тік (экзофитті) бағыта өсу түрі
Меланоманың жайылмалы түрі
Меланоманың аралас бағытта өсу түрі
Меланоманы анықтау жолдары
Меланоманы анықтау жолдары
Күнделікті дәрігерлік тәжірибеде тері рагын және меланоманы дәлелдеу қиын емес. Ол көзге көрінетін, қолмен сипауға келетін ісік, сондықтан олардың клиникалық белгілерін және оларды терінің басқа аурулардан ажырата білу керек. Диагнозды нақты дәлелдеу үшін цитологиялық, гистологиялық зерттеулер керек. Өкіншке орай меланомада, тері рагындағыдай - пунция, не биопсия жасауға болмайды. Меланомаға күдік туған жағдайда тек ойық жара бетінен жақпа алуға болады. Қосымша диагностикалық әдіске зәрден меланоманың қалдықтарын (меланурия) іздеу жатады. Тері рагында да, меланомада да радиоактивты фосфорды қолдануға болады. Кейінгі кездерде лазерлы флуоресцентті тәсіл тәжірибеде енді-енді еніп жатыр. Соңғы кездерде тері рагынан қалай биопсия алу техникасы
Басқа аурулардан ажырату жолдары
Басқа аурулардан ажырату жолдары
Тері рагын көптеген созылмалы тері ауруларынан ажырату оңайға соқпайды, солардың ішінде ең негізгілері: туберкулез, мерез, микоз, жалған сірнелі емес гиперпалазиялар, эпителийден пайда болмаған қатерлі, қатерсіз ісіктер. Өте жиі және қосарланып келетін қызыл жегі (волчанка) ауруын тері рагынан ажырату, өте қиын, себебі олар көптеген жағдайда бірігіп, көбінде бетте жиі кездеседі.