Ж. Е. Жаппасов XVI-XVIII ғҒ. ҚАзақ-орыс



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата22.12.2016
өлшемі1,15 Mb.
#212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
 
Қазақ тарихының дерек көздерінің бірі ауызша тарих айту дәстүрі. Қазіргі 
кезеңде  көшпелі  қоғамда  тарих  айтудың  мұндай  дәстүрінің  болғандығына 
ешкім дау айта алмас. Бұл мәселенің анықтамасы, дәстүрге жататын туындылар 
түрлері,  олардың  қазақ  тарихының  дерек  көздері  ретіндегі  маңыздылығы 
тарихнамада біршама қарастырылды. 
Қазақ  фольклорындағы  тарихи  жырлардың  көпшілігі  ел  өмірінде  болған 
тарихи оқиғалармен тығыз байланысты. Оқиғаның жалпы шындығы ғана емес, 
кейбір ұсақ жағдайлардың өзі де тарихи мәліметтерге дәлме-дәл келіп отырады. 
Адам  аттары,  оқиғаға  қатысушылардың  сол  кездерде  шын  болған,  сол  күрес-
тартыстарға қатысқан адамдар екендігін тарих арқылы айқындау қиын емес. 
Атақты 
тарихшы 
Е. 
Бекмаханов: 
«Фольклорлық 
материалдың 
маңыздылығы сонда, ол тарихи оқиғалар мен жеке адамдарға дәл және көбінесе 
дұрыс  бағасын  береді,  себебі  тарихты  жасаушы  және  суреттеліп  отырған 
оқиғалардың  тікелей  қатысушысы  халықтың  өзі  болып  табылады»,  –    десе, 

 
89 
филолог  ғалым  С.  Қасқабасов:  «Фольклор  адам  тіршілігімен  тікелей 
байланысты,  оның  болмысының  бір  бөлшегі.  Сондықтан  ол  адам  өмірінің 
барлық  жағын  бейнелейді,  шаруашылығынан,  тұрмысынан,  әдет-ғұрпынан, 
салт-санасынан  толық  мәлімет  береді...  халық  тарихындағы  маңызды 
оқиғаларды  қамтып,  солардың  негізінде  жаңа  шығармалар  туындап,  тарихи 
қайраткерлер  жайында  әңгімелейді»,  -  деп  жырдың  тарихи  құндылығын 
негіздеген болатын. 
Қазақ  хандығының  Орталық  Азия  хандықтары  мен  орыс  елі  арасындағы 
қарым-қатынас  тарихын  зерттеген  М.Қ.  Әбусейітова,  тарихшылар  арасында 
алғашқылардың  бірі  болып  бұл  мәселеде  қазақ  халқының  ауыз  әдебиетін, 
шежіресін дерек  көзі  ретінде пайдалануды ұсынады.  Зерттеуші  қазақтың  ауыз 
әдебиеті мен шежіресін даланың ауызша тарихнамасы деп бағалайды.   
Қазақтардың  ауызша  тарих  айту  дәстүрін  пайдаланып  тарихнамалық 
тұрғыда 
талдаған 
А.М. 
Әбділдабекованың 
2000 
жылы 
қорғаған 
«Историография  присоединения  Казахстана  к  России»  тақырыбындағы 
кандидаттық  диссертациясында  Қазақстан  мен  Ресей  қарым-қатынастары 
біршама  қарастырылған.  Автор  Бұхар  жырау,  Шортанбай,  Дулат  Бабатайұлы, 
Мұрат  Мөңкеұлының  жыр  шумақтарын  келтіре  отырып:  «Осылайша,  қазақ 
қоғамы басынан кешкен тарихи оқиғалар әуелде халық ауыз әдебиетінен орын 
алып,  кейіннен  біртіндеп  хатқа  түсе  бастады.  Мұндай  деректер  жергілікті 
этностың  сол  кезеңдегі  көңіл-күйін  дәл  көрсететіндігімен  құнды.  Өзі  бастан 
өткермей,  сырттай  бақылаумен  жазылған  ешбір  құжат  мұндай  дәлдікті  бере 
алмайды», -  деп түйіндеген болатын.  
 Зерттеуші  С.А.  Едилханованың  2003  жылы  қорғаған  «Взаимоотношения 
казахов  и  джунгар  в  XVIІ-XVIІІ  вв.  Историография  проблемы»  атты 
кандидаттық  диссертациясында  дәстүрлі  ауызша  тарихи  фактілер  арнайы 
талданған.  Онда  автор  қазақ-жоңғар  қатынастарын  тарихи  жыр-өлеңдермен 
дәйектеп, екі көшпелі халықтың арасында орыс пен қытай елдерінің саясатын 
көрсетуге тырысқан. 
Қаһармандық  жырлар  –  халқымыздың  тарихи  танымы  мен  рухани 
мұрасының  кәусәр  тұнығы.  Мұнда  халықтың  талай-талай  тарихы  жатыр. 
Қиысы  мен  бұралаңы  мол  ұлттық  тарихымыздың  қыр-сыры  ашылмаған 
дүлдәмал  тұстары  жетерлік.  Солардың  бірі  қазақ-орыс  байланыстары  деп 
айтуымызға болады.  
Біздің  тарих  ғасырлар  бойы  атадан  балаға  ауызша  айтылып,  ұрпақтан-
ұрпаққа  жаттатылып  жеткізіліп  отырған.  Халқымыздың  өмір  салтының 
ерекшелігіне байланысты, оның мыңдаған жылғы тарихы негізінен сол ауызша 
тарих айту арқылы, яғни фольклор арқылы бүгінге жетіп отыр. Халқымыздың 
ауыз  әдебиетіндегі  аса  бай  салаларының  бірі  –  батырлар  жыры.  Еліміздің 
ғасырлар  бойғы  тағдырын,  ерлігі  мен  елдігін,  ой-арманы  мен  мұң-мұқтажын 
бойына  жинақтаған  батырлар  жыры  қыры  мен  сыры  мол  қымбат  қазына. 
Батырлар  жыры  өткен  ғасырлардағы  тарихи  оқиғалар  негізінде  пайда  болған.  
Эпикалық қаһармандар – Едіге, Қобыланды, Алпамыс, Тарғын, Шора, Қамбар, 
Ер  Сайын  және  т.б.  батырларымыздың  аттары  өмірде  болған  нақты  тарихи 
оқиғалармен байланысты.  

 
90 
Ауызша тарихты Кеңес үкіметі тұсында зерттеуге қатаң идеология рұқсат 
бермеді.  Сондықтанда  қазақ-орыс  қарым-қатынастарын  зерттеуде  бұл  ауызша 
тарих айту дәстүрінің тамаша үлгілері мүлдем пайдаланусыз қалып отырды деп 
айтуымызға  да  негіз  бар.  Сондықтанда  біз  бұл  тараушада  қазақ-орыс 
байланыстарын зерттеуде ауызша мұрамыздың пайдаланылу дәрежесін талдап 
көрсетуді жөн деп таптық. 
XVI-XVIІІ  ғғ.  Қазақ  халқының  орыс  мемлекетімен  байланысын  ашып 
көрсететін  фольклордың  өзін  шартты  түрде  хронологиялық  жағынан  бірнеше 
топқа бөліп қарастыруға болады: 
-
 
XV-XVIІ  ғғ.  жырлар:  «Ноғайлы  жырлары»  Қырымның  қырық  батыры 
және т.б.; 
-
 
XVIІ-XVIІІ ғғ. қазақтың билері мен жырауларының қалдырған мұралары;  
Тәуелсіздіктен  кейін  қазақ  халқы  өзінің  өткенін  дәстүрлі  ауызша 
тарихынан іздей бастады. Бұл ретте бұрын соңды тыйым салынған жырлар мен 
дастандар,  аңыздар  қайта  жаңғыртылды.  Осы  кезде  ортағасырлардағы  билер 
мен  батырлар,  шешендер  мен  жыраулардың  тарихи  тұлғасы,  олардың 
қайталанбас туындылары еліне қайтарылып, тарихшылар мен филологтар және 
т.б. саланың зерттеушілері осы мәселені жаңа тұрғыдан зерттей бастады.  
XV  ғ.  өмір  сүрген  Асан  қайғы  бабамыз  аса  көрегендікпен  орыстардың 
отарлау саясатын болжаған көрінеді. Ол: 
                                  «...Аққу құстың төресі, 
                                  Ен жайлап көлде жүр еді. 
                                  Аңдып жүрген көп дұшпан, 
                                  Елге жау боп келеді. 
                                  Құлдық құсты өлтірсе, 
                                  Өз басыңа келеді. 
                                  Орыс сені өлтірер 
                                  Осыны  Асан  біледі»,  -  деп  біздің  бабамыз  келер 
заманның  сипатын  айна-қатесіз  болжап  берген.  Болашақта  қиындықтың 
қыспаққа  алатыны,  ел  ішінің  азып-тозатыны,  тіпті  орыс  билігінің  үстемдік 
құратынына дейін айтылады.  
Мына өлең шумағында: 
                              «Мұнан соң қилы-қилы заман болар, 
                              Заман азып, заң тозып жаман болар. 
                              Қарағайдың басына шортан шығып, 
                              Бабалардың дәурені тамам болар. 
                              Ол күнде қарындастан қайыр кетер, 
                              Ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер. 
                              Ұлың, қызың орысқа бодан болып, 
                              Қайран  есіл  ел-жұртым  сонда  не  етер?»,  -  деп  сонау 
ертеден-ақ орыстардың саясатын көрегендікпен айтып кеткен екен. 
Асан  «Жерұйықты»  іздеу  идеясымен  халқына  жайлы  да  қолайлы  қоныс 
іздеп, төніп келе жатқан қатерді біліп, өз ханына:  
                              «Бұл арадан көшпесең, 
                               Айтқаныма түспесең, 

 
91 
                               Орыс алар қалаңды, 
                               Шулатар қатын-балаңды , - деген екен.   
Асанқайғымен  замандас  болған  Қазтуған  жырау  Еділдің  бойында  туып, 
өскен болатын. Ол: 
                             «Еділді қоныс етпеңіз, 
                              Жағалай қалмақ алады. 
                              Жайықты қоныс етпеңіз, 
                              Сыдыра біткен көкжиек
                              Кәпірлер қала салады. 
                              Аштарханды қоныс етпеңіз, 
                              Шәһәрін оның алады», - деген көрінеді. Бұл сонау XV ғ. 
айтылған болжамдар кейіннен шынымен-ақ іске асырылды.   
Қазақ жерінің жат қолына өте бастауын зар заман ағымының өкілі Мұрат 
Мөңкеұлы ХІХ ғасырдың соңында: 
                                        «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, 
                                       Сарытау, Аштарханның жерін де алды. 
                                       Артынан Еділден соң, Нарынды алды, 
                                       Тоғайдың ағаш, қамыс, талын да алды», - деп, сонау 
XV-XVІ  ғғ.  Асанқайғы,  Қазтуғандардың  айтып  кеткендерімен  сабақтас  ой 
қозғап, отарлаудың күшее түскендігін өз шығармасында бейнелейді.   
Қырғи  идеология  құрығына  іліккен  батырлық  эпостың  бірі  –  «Шора 
батыр»  жырдың  бас  қаһарманы  кәпірлерден  азат  ету  үшін  Қазан  шаһарына 
аттанған  болып  суреттелінуіне  байланысты  «халықтар  достығына»  нұқсан 
келтіретін  эпос  ретінде  айыпталған  болатын.  Алаш  тарихи-зерттеу 
орталығының  ұжымдық  «Тама»  еңбегінің  «Тамалар  тарихи  халық  ауыз 
әдебиетінде»  деген  тарауында:  «Алайда  большевиктер  «Шора  батыр» 
жырының  тарихи  дерек  ретінде  құндылығын  ескере  алмады.  Онда  айтылатын 
тарихи  тұлғалардың  өмірде  шынында  да  болғандығы  назар  аудартады»,  -  деп 
жырдың  тарихилығын  негіздеген  болатын.  Сонымен  қатар  орталықтың 
зерттеушілері  «Шора  батыр»  жырының  екі  нұсқасын  салыстырып,  біршама 
талдау  жасаған.  Онда  Шора  батырдың  Қазанды  кәпір  орыстардан  азат  етуге 
аттанғандығы  негізделіп,  оның  тарихи  тұлғасын  барша  қазаққа  ортақтығын 
негіздеген болатын.  
Зерттеуші  Г.  Жүгенбаева  1953  жылғы  «Әдебиет  және  исскуство» 
журналының  №  8  «Қазақ  эпосы  жөніндегі  дискуссияның  қорытындысы» 
материалдарының негізінде Орақ-Мамай, Қарасай-Қази, Шора батыр, Ер Есім, 
Ерсайын,  Едіге  эпостарының  бірауыздан  реакциялық,  халық  мүддесіне  қарсы 
эпостар деп табылғандығын тілге тиек етіп, осыдан кейін халық мұрасы елден 
қашықтады  деп,  кеңестік  дәуірдегі  тыйым  салуды  атап  өтсе,  бүгін  де  ауызша 
дерек – халықтың өткен өмірінің айнасы деген көзқарасты, ұстанымды қалпына 
келтіріп, жаңғыртудың мезгілі жетті деп қорытындылайды.   
Егемендігімізді  алғалы  филолог  ғалымдар  А.А  Мамытов    және                        
Б.С.  Қорғанбеков  «Шора  батыр»  жырын  тілдік,  көркемдік  жағынан  зерттеп, 
тарихи шындығын анықтауға үлес қосты. Мәселен, А.А. Мамытов 1998 жылы 
қорғаған  «Шора  батыр»  жырының  поэтикасы»  деп  аталатын  кандидаттық 

 
92 
диссертациясында  жыр  жолдарын  тарихи  зерттеулермен  салыстыра  талдайды. 
Автор: «Ал, тарихи шындыққа жүгінсек,  XVI ғасырдың алғашқы жартысында 
орыс патшалығы Қазанды өзіне қаратып алу әрекетінің әр түрлі айла-әдістерін 
қолға ала бастаған. Отарлау саясатындағы қолданған оңтайлы тәсілдердің бірі 
сол  елдің  беделді  адамдарынан  өздеріне  тірек  табу  болатын.  Бұл  тәсілдің 
қаншалықты нәтиже бергенін, тіпті кейінге дейін іске асырылып келгенін тарих 
тәжірбиесі  куәландырады»,  -  деп  орыс  отарлауының  астарларын  сонау  XVI 
ғасырдың басынан бастайды.  
Ал филолог Б.С. Қорғанбеков 1998 жылы қорғаған ««Шора батыр» эпосы 
және  оның  ұлттық  варианттары  (генезис,  тұтастану,  тарихилық  мәселелері)» 
тақырыбындағы  кандидаттық  диссертациясын  қорғады.  Мұнда  автор  Шора 
батырдың тарихи тұлғасы мен оның жасаған ерліктерін зерттей келіп: ««Шора 
батырға»  негіз  болған  тарихи  оқиғалар  –  Қырым,  Қазан  және  Ноғай  Ордасы, 
Астрахан,  Сібір  хандықтары  арасындағы  және  олардың  Орыс  мемлекетімен  
әртүрлі саяси және әскери қарым-қатынастары, сондай-ақ, Қазан хандығы үшін 
болған  саяси-әскери  күрестер.  Эпостың  бас  кейіпкері  тарихта  болған  және 
олардың  көбі  замандас  адамдар.  Өзі  тектес  өзге  жырлардан  мұнда  тарихи 
анохронизмнің аздығы байқалады», - деген қорытындылар жасаған болатын.      
Орысқа  қарсы  жорық  жасаған,  қазақ  халқының  мақтанышына  айналған 
тама тайпасынан шыққан тарихи тұлғалар Нәрік батырмен оның ұлы Шораны 
бүгінде  халқы  күллі  қазақ  ұлтының  өкілі  деп  біледі.  Тама  (Кіші  жүздің) 
тайпасының  негізгі  мекендеген  аймағы  батыс  Қазақстан  болған.  Бұл,  әрине 
жырдағы  тұлғалардың  Қазанға  жақындығын  дәлелдейтін  фактор  деуімізге 
болады.  
Қазақ  фальклорындағы  тарихи  жырлардың  көпшілігі  ел  өмірінде  болған 
тарихи оқиғалармен тығыз байланысты. Оқиғаның жалпы шындығы ғана емес, 
кейбір ұсақ жағдайлардың өзі де тарихи мәліметтерге дәлме-дәл келіп отырады. 
Мәселен, «Шора батыр» жырында Шораның тегін былайша көрсеткен:  
                                                 «Төре емеспін, қарамын, 
                     Анадан егіз емеспін, дарамын. 
Нәсілімді сұрасаң 
    Нөкіс ұлы тамамын. 
  Өз атамды сұрасаң, 
             Нәріктен туған Шорамын. 
                      Қазанды тобыр әскер алды деп, 
     Суыт жүріп барамын. 
         Мен барғанша Қазанды 
   Тобыр әскер алмаса, 
     Айдау жолға салмаса, 
             Қазыналы жұрт Қазанның 
                                                  Қаласының ішінде 
     Қақпасының түбінде 
                                                  Тасқа соққан 

 
93 
                                                  Темір 
шеге 
болармын», 
деген 
жыр 
шумақтарынан  Шораның шыққан тегі мен оның Қазан шаһарына не мақсатпен 
бара жатқанын көруге болады.  
Жырда  Шора  батырдың  Қазанды  басып  алған  орысқа  деген  жаулық 
көзқарасы  айқын  көрініс  береді.  Ата-анасымен  қоштасып  Қазан  қаласына 
аттанған Шора былай дейді: 
                         «Хазиналшы Қазанды  
                          Кәпір алды деген соң, 
                          Мұнда неғылып шыдайын. 
                          Қазанда бар арулар 
                          Өзімді-өзім сынайын. 
                          Қазанды кәпір алған соң, 
                          Бармай  қайтып  тұрайын»,-  деген  жыр  шумағынан  «Кәпір» 
деп бұл жерде Шора орыстарды айтып отыр. Кеңес өкіметі тұсында ұлы орыс 
халқын  отарлаушы  ретінде  көрсету  большевиктердің  идеологиясына  сай 
болмады,  сондықтан  да  олар  жырды  толығымен  жариялауға,  зерттеуге  тыйым 
салды. 
Жырда Шорамен қоштасқан қарындасы Шырын: 
                           «Қазанды орыс аралап
                            Қол салды ана биіне,  
                            Келтірмей елді күйіне 
                            Есен барып сау қайтсаң, 
                            Тұлпарың жоқтар жамағат, 
                            Түсіріп іңкәл күйіне, 
                            Өзі түкті сары орыс 
                            Қол төкті деген не болар, 
                            Мұсылманның еліне», - дейді.  
Мұсылман  және  христиан  елдерінің  өзара  байланыс,  күрес  тарихында 
Қазан  қаласының  тәуелсіздігі  үлкен  мәнге  ие.  Татар,  башқұрт,  ноғай  және 
олармен тілі, діні бір қазақтар үшін Алтын Орда, Қазан хандығы, Ноғай ордасы 
заманында  Қазан  жауға  алдырмайтын  қамалдай  болған.  Сондықтан  да  бұл 
шаһардың  құлауы  аталған  халықтар  санасында  өшпес  із  қалдырған.  Алтын 
Орда ыдырағаннан кейін Мәскеу патшалығына қарсы тұрған ең тегеуірінді күш 
Қазан  хандығы  болғандығын,  осы  мемлекетті  бағындырып,  басып  алу  орыс 
патшаларының кезінде өмірлік мүддесіне айналғанын дәлелдейді. Күні кешеге 
дейін «Шора батыр» жырын көзден тасалау  сол отарлау саясатының адуынды 
оқжалман  ағысының  толастамағанын  білдіреді.  Қазанды  алудың  Ресей 
империясы  үшін  қаншалықты  қажет  болғаны  жөнінде  С.М.  Соловьев  өзінің 
шығармаларында:  «До  тех  пор,  пока  существовала  Казань,  дальнейшее 
движение русской колонизации на Восток по Волге наступительное движение 
Европы  на  Азию  было  не  возможно...  Пала  Казань,  и  вся  Волга  стала  рекой 
Московского  государства»,  деп  жазса,  К.  Валишевский  «Иван  Грозный» 
еңбегінде:  «Со  взятием  Казани,  она  (Ресей)  должна  была  захватить  один  из 
древнейших  оплотов  мусульманства...  Правда  оставалось  еще  Астрахань. 
Однака, после падение Казани уничтожение этой полотны преграждавши путь 

 
94 
Московскому  потоку,  было  неизбежно»,  -  деп  жазған  болатын.  Бұдан 
көретініміз  Қазан  хандығы  орыстардың  шығысқа  саясатының  басты  тірегі 
болған.  Сондықтанда  тамадан  шыққан  Шора  батыр  осы  қаланы  қорғау  үшін 
аттанған ер жүрек тұлға. 
 «Шора  батыр»  жырында  мұсылмандық  пен  кәпірлердің  арасындағы 
бөлінушілік айқын байқалады. Мәселен, жырдағы: 
                                  «Истанбул, Қазан екі шәһәр, 
                                  Әуелден еді белгілі. 
                                  Мұсылманның жұртының,  
                                  Мәдеті еді еліне. 
                                  Бұрынғылар надан-ау 
                                  Қазанды қатар салдырған. 
                                  Петербор, Мәскеу төріне. 
                                  Еділдің суы қосылып, 
                                  Екі айрылған жеріне, - делінген.  
Сонымен қатар жырдағы: 
                                     «Мен Қазанға барған соң, 
                                     Қар жаумаса қан жаусын. 
                                     Ниет қылдым хақ үшін», - немесе  
 
                                     «Мынау жатқан кәпірге 
                                     Аллалап  енді  тиейін»,  -  деген  шумақтарынан  да 
көреміз.  
Қорыта келгенде: 
-
 
«Шора  батыр»  жырын  осы  уақытқа  дейін  зерттеушілер  қазақ-орыс 
қатынастарын зерттеуде пайдалана алмаған. Оған себеп қатаң идеология; 
-
 
Жырдың тарихилығы, ондағы тарихи тұлғалардың шын мәнінде өмір 
сүруімен анықталады; 
-
 
Жырдағы  Шора  Нәрікұлы  тама  тайпасынан  шыққанын  ескерсек,  ол 
қазақтың батыры. Шора Қазан хандығын орыстардан қорғауға аттанса, бұл сол 
кезеңдегі Қазанның қазақ халқына да жат еместігін көрсетеді.  
Төңкеріске  дейінгі  қазақтардың  ауызша  тарихи  шығармаларының  қазақ-
орыс қатынастарын зерттеуде деректік маңызы жоғары. XVIІ-XVIІІ ғғ. ақындар 
мен жыраулардың жырлары мен өлеңдері дені қазақ халқын жоңғарларға қарсы 
күресте  бірігуіне  шақырып,  олай  болмаған  жағдайда  көрші  жатқан  орыс  пен 
қытайға  жем  болатындығы  баяндалған.  Олардың  ішінде  Қожаберген  жырау, 
Бұхар жырау, Тәттіқара, Үмбетай, Ақтамберділерді ерекше атап өтуге болады. 
Бұл сол кезеңде қазақ халқының мұң-мұқтажы мен қоғамдық-саяси жағдайын 
көре  білген,  көкірегі  ояу,  алысты  болжаған  ақын-жыраулар  көшпелі  екі  елдің 
арасындағы  күресті  Ресей  және  Цин  империялары  пайдаланып  кететіндігін 
жақсы түсініп, халықтың құлағына құйып, тәуелсіздігін сақтап қалуды, бірігуді 
насихаттаған тарихи тұлғалар.  
XVIІ-XVIІІ 
ғғ. 
қазақтардың 
жеріне 
жоңғарлардың 
қайта-қайта 
шабуылдауы,  елдің  мазасын  қашырып,  саяси  және  экономикалық  жағынан 
әлсірете  бастады.  Елді  Ақтабан  шұбырындыға  душар  етіп  (1723  ж.),  халқын 

 
95 
қырып,  босқыншылыққа  ұшыратқан  қалмақтарды  орыс  елі  айдап  салып 
отырғандығы  тарихи  зерттеулерде  айтылмай  келді.  Ресей  империясының 
отарлау, арандатушылық саясатын 70 жылдан аса уақыт қорғаушы, қол ұшын 
берген  ұлы  орыс  халқы  деп  бағалап  келдік.  Бұл  ретте  Ресей  империясының 
ұстанған отарлау саясатын ашып көрсететін  Қожаберген жыраудың «Елім-ай» 
жырында мынандай шумақтар келтірілген:  
                                  «Қырылу Алакөлден басталып тұр, 
        Қазақтар жау қалмақтан жасқанып тұр –  
                                  Орыстар мен Қытайға арқа сүйеп 
                                  Ит қалмақ сол екі елден күш алып тұр... 
 
                                  Қаруын орыс, қытай қалмаққа сатты 
                                  Айдап сол малғұндарды қоқаңдатты 
                                  Қырғызып қазақтарды қалмақтарға, 
                                  Орыстар  қамалдарын  салып  жатты».  Жыр  авторы 
Қожаберген XVIІІ ғасырда өмір сүрген ақын, әнші, күйші, елшілікте де болған 
көреген  адам  екен.  Демек,  оның  айтып  отырғаны  тарихи  шындық.  Бұл  жыр 
жолдарынан қалмақтардың орыс елі мен қытайлардан күш алып, олардан қару 
сатып алып жатқаны, әрине қазақ халқын әлсіретудің бірден-бір жолы еді. Сол 
арқылы Ресей империясы Қазақ хандығын тезірек отарлап, өз бұғауын мойнына 
салудың  әрекетін  жасады.  Сондай-ақ,  қалмақтардан  қорғаймыз  деген 
сылтаулармен  қамалдар  мен  бекіністер  тұрғызып,  оларға  әскерін  әкелді. 
Қожаберген  жырау  орыстардың  бұл  саясатын  терең  түсініп:  «Қазақтың 
сахарасы  жүз  құлпырған,  Қытай  мен  орыстарды  қызықтырған»,  -  деген 
болатын. 
Одан әрі жырау: 
                                        «Қаруын орыс пен қытай сатпаған соң, 
                                        Қатынас арадағы тоқтаған соң, 
                                        Сенделді хандар, билер ақыл таппай, 
                                        Кенеттен  қалмақ  елді  таптаған  соң»,  -  деп 
баяндаған  жыр  жолдарынан  ол  заманда  қазақ-орыс  байланыстары 
тоқтатылғандығын,  ал  орыстар  қазақтарға  қару  сатпай,  қалмақтарға  жығып 
беріп  отырғанын  көреміз.  Бұл  мәліметтер  орыс  тарихнамасында  айтылмайды, 
кеңестік  дәуірде  бұрмаланып,  тыйым  салынады.  Алайда  бұл  тарихи  фактілер 
қазақ халқының жадында мәңгі сақталып, келешек ұрпаққа жетті.  
  Жырау одан әрі: 
                                   «Дәу мылтықтан доп атып, 
                                   Қазақты қалмақ күйретті. 
                                   Қалмаққа мылтық атуды, 
                                   Орыс пен қытай үйретті... 
 
                                   Торғауыт, жоңғар, ойрат бәрі қалмақ, 
                                   Орыстар мен қытайлар қойған жалдап. 
                                   Сол екі ел қару-жарақ бергеннен соң, 
                                   Құртпақшы мұсылманның бәрін жалмап... 

 
96 
 
                                   Қазақтың жағдайына болып қанық, 
                                   Байлаулы қазақ қолын пайдаланып. 
                                   Иесіз қалған жерге шатыр тігіп, 
                                   Орыстар  жанталасты  қорған  салып»,  -  делінген  жыр 
жолдары  сол  кезеңдегі  Қазақ  хандығының  халықаралық  жағдайын  барынша 
ашып көрсетеді. 
  Орыстардың сол кезеңде қазақтарға қатысты ұстанған саясатын жазушы 
Ә. Кекілбаев 1992 жылы жарық көрген «Үш пайғамбар» кітабында: «Онсыз да 
жан-жағынан  жау  анталап,  жаны  алқымға  келіп  отырған  қазақ  хандығымен 
қырғиқабақ  жағдайы  ол  кезде  Ресей  үшін  стратегиялық  жағынан  да, 
тактикалық жағынан да әбден тиімді еді. Сондықтан да ол қазақ хандығының 
дипломатиялық  табысқа  жетіп,  сыртқы  факторларды  пайдалана  отырып, 
әлсірей  бастаған  ахуалын  қайта  күшейтіп  алуына  жол  бергісі  келмеді.  Қазақ 
руларының Еділ, Жайық, Есіл, Тобыл, Ертіс бойындағы «казак бекіністерін жиі 
мазалайтындарын»  тілге  тиек  етіп  қабақ  жылытпауға  бел  буды»,  -  деп,  оның 
себептерін: 
-
 
Ресей  өзінің  негізгі  бәсекелесі  Қытаймен  алысып  жатқан  астыртын 
одақтасы Жоңғарияны әлсіреткісі келмеді; 
-
 
Шығыстағы  саясатын  іске  асыру  үшін  казактардың,  Еділ 
қалмақтарының,  башқұрттардың  қазақ  даласына  біртіндеп  басып  кіруіне 
жағдай жасады; 
-
 
Қазақ билеушілерінің арасында Ресеймен одақтас болуды қаламайтын 
қарсы күштердің бар екенін жақсы білетін, - деп қорытындылаған болатын. 
Зерттеуші  М.  Құл-Мұхаммед  еңбегінің  «Қазақ  халқының  жоңғар 
шапқыншылығына  қарсы  күресі»  атты  тарауында  «Ресей  патшалығы  да 
жоңғар-қазақ  қатынастарының  шиеленісуіне  өте-мөте  мүдделі  болды.  Өзара 
соғыстан  күйзелген  екі  айдаһардың  ортасындағы  ел  үшін  екеудің  бірін 
таңдайтындығы  Ресейліктерге  ертеден  мәлім  еді»,-  деп,  Ресейдің  көшпелі  екі 
елдің арасына жік салуын, екі елді қырқыстырып, әлсізін өз отарына айналдыру 
саясатын ашып көрсеткен болатын.                                                                                                                                                    
  Түйіндей  келгенде,  қазақтың  дәстүрлі  ауызша  тарихы  XVI-XVIІІ  ғғ. 
қазақ-орыс  байланыстарын  жан-жақты  зерттеуге,  бұл  мәселенің  басқа  тарихи 
зерттеулерде  кездеспейтін  қырларын  ашып  көрсетуде  құнды  дерек  көзі 
екендігін  анықтадық.  Сондықтан  да  келешекте  төмендегідей  мәселенің  басын 
ашып, зерттеу қажеттігіне ұсыныстар жасадық: 
-
 
Қазақтың  ауызша  тарих  айту  дәстүрі  туындылары  нақты  тарихи 
зерттеу арқылы, айналымға тезірек түсіру қажет; 
-
 
 Қазақстан  тарихының  хрестоматияларынан  ауызша  тарих  айту 
дәстүрі туындыларының толық заңды орын алатын уақыты жетті;  
-
 
Бұл туындыларға деген көзқараста жаңа ұстанымға негізделген бағыт, 
әдіс-тәсіл қажет; 
-
 
Ауызша тарих айту дәстүрі туындылары қазақ тарихының белгілі бір 
кезеңіне  байланысты  дерек  көздері  бола  алатындығын  дәлелдейтін  нақты 
зерттеулер жеткіліксіз;  

 
97 
-
 
Жалпылама  айтылған  тұжырымдардан,  нақты  зерттеулерге  көшу 
қажет; 
-
 
Қазақтың  дәстүрлі  ауызша  тарих  айту  дәстүрінің  туындыларын 
тарихи  деректер  мен  ғылыми  зерттеулерді  пайдалана  отырып  кешенді  зерттеу 
арқылы, тарихи құбылыстар мен оқиғалардың зерттелмеген, көмескі тұстарын 
жаңа концептуалдық тұрғыда қайта қарау қажет.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет