Студенттің дайындалуы үшін берілетін сұрақтар
1. Г.Ф. Миллердің «История Сибири» еңбегінде XVI ғ. тарихи оқиғалар
тізбектері.
2. Ғалым және ағартушы Ш.Ш. Уәлихановтың еңбектеріндегі қазақ-орыс
қарым-қатынастары.
3. В. Лебедев, М.П. Вяткин, А. Миллер, А.П. Чулошников еңбектеріндегі
қазақ-орыс қарым-қатынастары мәселесі.
4. Н.Г. Аполлованың «Экономические и политические связи Казахстана с
Россией в XVIII-начале XIX века» атты кітабында қазақ-орыс қатынастары.
5. В.Я. Басиннің XVI-XVIIІ ғғ. қазақ-орыс қатынастарын зерттеуге қосқан
үлесі және жіберген кемшіліктері.
2.2 XVIІІ ғасырдағы Қазақстанды отарлау тарихы
XVI ғ. екінші жартысында Мәскеу Қазанды (1552 ж.), Астраханды (1556
ж.) жаулап алғаннан кейін Сібірді отарлауға кірісті. Әрине, қазақ елі мен орыс
мемлекетінің арасындағы шекара Сібір хандығы арқылы бөлініп жатқандықтан,
Көшім хандығы деп аталған елді орыстардың түрлі айла-тәсілдермен жаулауы,
отарлау тарихының кейбір тұстары Қазақстан тарихына да қатысы бар болып
келеді.
Қазақ-орыс қатынастарына байланысты академик М.Қ. Қозыбаев «Ата
тарихы туралы сыр» атты мақаласында «Орыс елі Қазақ елін 1731 жылдан
емес, 1580-ші жылдардан бастап шапты. Өйткені, Жармақ жаулап алған Ібір-
Сібір жұртының халқы негізінен қыпшақ, арғын, найман, жалайырлардан
тұратын. Осы кезде этнос болып қалыптасқан башқұрт, бұлғар, татар, өзбек,
қарақалпақ, қазақ халықтарының құрамына, ғалым Р. Күзеевтің деректері
бойынша, 100-ден аса біртекті ру-тайпалар енгенді. Олардың бір шеті Ібір-Сібір
54
жұртынан басталатын. Ендеше Қазақ елінің Ресейлік отарлық бұғауға іліге
бастағанына 400 жыл болды»,- деп тың пікір білдірген еді.
Шын мәнінде Қазан (1552 ж.) мен Астраханды (1556 ж.) жаулап алған
Ресей империясы ендігі кезекте Сібір хандығын жаулауға кірісті. Одан әрі
М.Қ. Қозыбаев «Жауды шаптым ту байлап» атты зерттеу еңбегінде «Сібір
қандығы Жошы ұлысына қарады. Ол Қазан, Ноғай, Қазақ хандықтарына көрші
орналасты. Бұл Тобыл, Ертіс өзендерінің бойы, Бараба, Құлынды даласы еді.
Жазда Бараба мен Құлынды даласына қазақ, башқұрт, ноғай, татарлар жайлауға
шықты, Бұхар, Хива өзбектерімен сауда жасады», - деген еді. Академиктің
«Ақтаңдақтар ақиқаты» атты еңбегінде де қазақ-орыс байланыстарының
белгісіз болып келген тұстары дәлелді деректер негізінде зерделенеді. Онда
башқұрт этнографы Р. Күзеевтің «Происхождение башкирского народа»
еңбегіне сүйене отырып «Сібір елін жайлаған 100-ге жуық тайпалар қазақ,
өзбек, қарақалпақ, башқұрт халықтарының құрамына енді. Ал ол кезде
Орталық Қазақстан қазақтары Тобыл, Ешім, Ертіс бойына жайлауға
шығатынын Сібір тарихшылары атап көрсетеді», - деп, «Бұдан шығатын
қорытынды: Сібір хандығының тарихы, оның жаулануы қазақ халқы
тарихының құрамдас бөлігі болып есептеледі. Ендеше, қазақ халқының
шежіресін, оның өз алдына дербес халық болып тарих аренасына шығуын,
қазақ хандығы мен мемлекеттігінің тарихын оқшау қарастырмай түбі бір
туыстар тарихымен – Сібір, Ноғай, Қазан, Астрахань, Түмен, Қырым хандығы
тарихымен бірегей бірлікте зерттейтін уақыт жетті », - деп батыл да дәйекті
пікірлер білдірген еді.
Сонымен қатар, М. Қозыбаев «Сібірді жаулап алу Ермактың есімімен
байланысты» дей келе орыстардың Сібір жерін отарлауға жол ашқан, орыс
елінің ұлттық батыры деп дәріптелген Ермактың тарихтағы бет-пердесін ашып
көрсетті. Және де қарақшы Ермактан атаман Ермакқа қалай айналғанын
деректер мен зерттеу еңбектерін кешенді түрде талдаудың негізінде жаңа
пікірлерге келді.
Академик бұл тұста тарихнамада орын алған екі түрлі концепцияның белең
алғанын атап көрсетеді. Ол бірінші Ермактың қандыбалақ қарақшы екендігін
дәлелдейтін обьективті концепция. Және Ермакты дәріптейтін екінші
концепцияны ашып көрсетеді. Мәселен, «Есипов өзінің шежіресінде Ермакты
қарақшы атады, Н. Карамзин болса Ермакты қаныпезер, Американы қанға
бөктірген кортестермен қатар қойды». Оның ұлттық батырға айналуын
М. Қозыбаев: «Ермактың жеңісі патша сарайын қуанышқа бөледі. Осы
оқиғалардан кейін патша өкіметі, шіркеу кешегі қанды қол қарақшы Ермакты
ашықтан-ашық әулиелер санатына қосып, жер-көкке сыйғызбай мақтай
бастады. Оның ұрылығы, қарақшылығы өмірінің бір кездейсоқ сәттері сияқты
көрсетілді, ал атаманның батырлығы, парасаттылығы, қайраткерлігі,
дипломаттылығы
туралы
ойдан
шығарылған
аңыздарға
негізделген
шығармалар халық арасына кеңінен таратыла бастады», - дейді. Академиктің
айтуынша, Кеңес заманында Г. Вяткин, С.М. Соловьев, А.А. Введенский,
В.Г. Мирзоев, Д.И. Копылов, Р.Т. Скрыпников және т.б. зерттеушілердің
еңбектерінде осы екінші, Ермакты бейнебір аңыздарға сүйеніп мадақтау
55
концепциясы белең алды. Бұл концепцияға М. Қозыбаев: «Ермак туралы қалам
тартқан қай тарихшы болмасын оның жорығының шапқыншылық сипатын
жасыра алмайды, егер патша заманында оның жорығына «Завоевание Сибири»
деп ашықтан-ашық баға берілсе, совет дәуірінде бұл сөздің өңін айналдырып,
«Открытие Сибири» (Окладников А.П.), «Присоединения Сибири» (Дулов
В.И.), «Освоение Сибири» (Мирзоев В.Г.) т.б. қырық құбылту басталды. Тіпті,
Скрыпников сияқты тарихшылар оны экспедицияға теңеді. Осылайша, кеңес
тарихнамасында идеологияға сай бұрмалау, тарихи шындықты теріс
айналдыру, жалған фактілермен Сібірді одан кейін қазақ жерін отарлауға жол
ашқан Ермактың қанды жорығын теріс айналдырып, батыр ретінде дәріптеп,
патшалы Ресейдің Сібірді отарлау саясатын ақтап көрсетті.
-
Тәуелсіздігімізді
алғаннан
кейін
жарық
көрген
академик
М.Қ. Қозыбаевтың жоғарыда аталған еңбектері қазақ-орыс байланыстарының
алғышарты ретінде орын алған Сібірді жаулап алу, Ермактың тарихтағы орнын
айқындауда құнды еңбектердің қатарында екендігі дау туғызбайды;
- М.Қ. Қозыбаев кешенді зерттеу еңбектері мен деректерге сүйене отырып,
бұрын соңды айтуға, жазуға тыйым салынған мәселелердің ақ-қарасын
ажыратып, Ресей империясының отарлау саясаты сонау XVI ғасырда
басталғанын дәлелдеп көрсетеді.
Зерттеуші К. Мамырұлы «Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық
күресі және оның саяси астарлары» атты 1998 жылы қорғаған докторлық
диссертациясында қазақ халқы Ресейге өз еркімен қосылған жоқ деген пікірді
қолдай отырып, Ресейдің қазақ елін өзіне қарату процесін бірнеше тарихи
кезеңдерге бөліп көрсетеді:
-
Бірінші кезең - XVI ғасырдың аяғында Ермак жорығының негізіндегі
еліміздің солтүстігіндегі елді мекендердің зардап шегуі;
-
Екінші кезең – Ресей мемлекеті әз Тәуке хан өлгеннен кейін елдің бірлігі
кетіп, жоңғарларға қарсы күресте әлсірегенін пайдаланып, қорған-қамалдар
салып, ел ішіне біртіндеп кіріп, шұрайлы жерлерді басып ала бастауы;
-
Үшінші кезең – 1731 жылы Ресей мен Қазақ елінің арасындағы келісім-
шарт - өз еркімен қосылды деген пікірдің жекелеген элементтерінің болуын
дәлелдейді;
-
Төртінші кезең – айламен, арбаумен жердің жартысын бауырына басқан
Ресей отаршылары әскери күшпен жаулап алуы.
Қазақ-орыс қатынастарына қатысты төңкеріске дейінгі тарихнаманың көп
бөлігі XVIII ғасырға - Қазақстанның Ресейге қосылу уақытына жатады. Осы
кезеңнің алғашқы зерттеушісіне Орынбор губерниялық канцеляриясының
қызметшісі П.И. Рычковты есептеуге болады. Ол өзінің тікелей ресми міндетіне
байланысты ғана емес, зерттеуші ғалымға және саяхатшыға тән пәрменмен
қазақ халқының тарихы мен тұрмысын өз еңбектерінде бейнелеп көрсете
білген. Сонымен қатар, П.И. Рычковтың Қазақ даласындағы патша
әкімшілігінің уәкілі екенін ұмытпау керек, оның барлық қорытындыларында
патша сарайының ресми ізі бар. XVIII ғасырда Ресей ғылым академиясының
инициативасы бойынша аз зерттелген аудандарға экспедициялар жасақталған
болатын және олардың жетекшілері Паллас, Георги, Фальк, Н.П. Рычков және
56
т.б. болған. Олар XVIII ғасырдағы қазақ хандығының жағдайына, Ресеймен
саяси байланыстарына байланысты көптеген қызықты мәліметтер қалдырған.
Олардың бақылаулары тарихи дерек ретінде, әлі күнге дейін ғылыми маңызын
жоғалтқан жоқ деуге болады.
XVIII ғасырдағы қазақ-орыс қатынастарына байланысты бағалы
мәліметтер Кіші жүз бен Орта жүздің бір бөлігінің Ресейге қосылу барысында
белгілі роль атқарған және Қазақстанға жіберілген орыс елшілігін басқарған
А. Тевкелевтің шығармаларында кездеседі. Қысқаша күйінде Тевкелевтің
«журналдары» бірнеше рет жарық көрді. Толығырақ түрі «Казахско-русские
отношения в XVI-XVIII вв.» атты жинақта шығарылған. Қазақстан тарихын
зерттеушілердің ішінде XVIII ғасырда өмір сүріп және қызмет еткендердің
ішінде Д. Гладышев, И. Муравин, Бланкенагель және К. Миллерлерді атап өту
керек.
XVIII ғасырдың басында Ресей мен шығыстың басқа да елдерінің
арасында елшіліктермен алмасу күшейе бастады. Бұл «дворян Трушниковтың
казактармен» 1714-1716 жылдардағы Солтүстік Тибетке, 1719 жылғы
Колмаков, Урусов пен Сомовтар басқарған Нұр-Зайсан мен қара Ертіскті
зерттеуге бағытталған экпедициясы, Иван Чередовтың елші ретінде
Жонғарияға екі рет баруы (1713-1720 жж.), сонымен қатар, Унковскийдің және
Угрюмовтың (1722-1732 жж.) т.б. елшіліктер. Олардың барлығы қазақ-орыс
қатынастарының дамуына объективті түрде ықпал етті. Себебі, Азиялық
мемлекеттермен байланыс жасау Ресей мемлекеті өкілдерінің қазақ
билеушілерімен шарасыз байланысуына әкелді.
Осы уақытта Ресей елшіліктерінің легі Қазақстанға, қазақтардыңкі
Ресейге күшейді. Олардың ішінде ерекше атап өтетіндер 1716 жылдың
қыркүйегіндегі Бекболат Екешев пен Байдәулет Бөриев батырлары бар Қайып
ханның елшілігі, 1716 жылдың қазанындағы Тобыл бояринінің баласы Никита
Белоусовтың жауап ретіндегі елшілігі, 1717 жылғы Борис Брянцевтің елшілігі,
Шаба мен Бахадүр басқарған Әбілхайырдың 1718 жылғы және т.б. елшіліктер.
В.Я. Басиннің ойы бойынша осы елшіліктердің нәтижесінде Ресей әкімшілігі
мен қазақ билеушілерінің арасында жонғарларға қарсы бірігіп күресу жайлы
келісімге келуге шын мәнінде мүмкіндік туды.
В.Я. Басин қазақ хандығына қатысты қазан мен Сібір әкімшіліктерінің
арасындағы айырмашылық туралы былай жазады: «В постановке вопросов
экономической
политики
относительно
казахских
ханств
казанская
администрация стояла на тех же позициях, что и сибирская - установление
дружественных и союзнических отношений с казахами, имея в виду возможное
использование их против Джунгарии. Однако, казанская администрация с
самого начала развивала более активную переписку, добиваясь, очевидно, если
не полного, то хотя бы частичного подданства казахских ханств и превращения
их владетелей в вассалов русского государства. Это видно из грамоты
казанского губернатора П. С. Салтыкова от 29 марта 1717 г., отправленной в
казахскую степь с посольством Федора Жилина. В ней предлагалось
казахскому хану в "знак своей же верности прислать посланцев своих и
письменное веление с подписанием рук своих, что по закону своему в
57
правоверности своей при его пресветлейшего царского величества державе
мирна жить и служить вы желаете».
А. Бирзе мен С. Камалов 1725 жылдың басында Петерборға қазақ-
қарақалпақ елшілігі жіберілгендігі туралы мәлімет келтіреді. Елшілік қазақ
және қарақалпақ билеушілерінің атынан Ресейге кезкелген жауымен соғыста
көмек көрсетуге дайын екендігіне уәде берді. 1726 жылы қарақалпақ
даласындағы Ресейлік уәкіл молда Максұт Юнусовтың Әбілхайырмен кездесуі
осы елшілікке жауап ретінде болып, онда қазақтардың Ресей протекциясын
қабылдау туралы келіссөз жүргізілді. Әбілхайыр бірден Қойбағар Көбековтың
басшылығымен Еділ қалмақтары сияқты Ресей «протекциясын» сұратып
елшілік жіберді. Бірақта, Қойбағар Көбековтың миссиясы сәтсіз аяқталды.
1730 жылдың қыркүйегінде Уфаға Сейіткұл Қойдағұлов пен Құтлұмбет
Қоштаев бастаған Әбілхайырдың елшілігі келіп, Анна Иоановнаға Қазақстанды
Ресей империясының құрамына қосу туралы өтінішін тапсырды. Ресейдің қол
астына қабылданған тұста Әбілхайыр, жоңғарларға қарсы осы мемлекеттің
күшіне сүйенуге, сауда-саттықты кеңейтуге, Еділ мен Жайық арасындағы
жерлерді пайдалануға құқықтарды алуға тырысты. Осы жағдайды П.Г. Галузо:
«тяга под владычество России имела единственную причину-поиски выгодного
сюзерена-покровителя» деп көрсетеді.
Ресей үкіметіне байланысты айтсақ, ол ең басты қазақтар Ресейдің қол
астына өткен соң, өзінің шығыстағы сыртқы саясатын жүзеге асыру
мақсатында Қазақстан территориясын стратегиялық тірек базасына
айналдыруды көздеді. Сонымен қатар, олар осы жағдайда қазақтар әскери
сипаттағы тапсырмаларды орындайтын жағдайлар туады деп ойлады.
Сонымен, патша үкіметі саясатының басынан бастап Қазақстанға деген
қарым-қатынасы арқылы Ресей империясының экономикалық және әскери-
саяси мүдделері көрініп тұр. Осы бағыттағы Ресей мемлекетінің ең ірі
дипломатиялық қадамдарының бірі Қазақстанға А.И. Тевкелевтің 1730 жылғы
8-ші қыркүйектегі Әбілхайыр ханның елшілігіне жауап ретіндегі елшілігі
болды. А.И. Тевкелевке кезінде І Петр тапсырма беріп, көп шығындарға
қарамастан Қазақстанды заңды түрде Ресейдің қарамағына алуды тапсырған.
Енді ол қазақ билеушілеріне императрица Анна Иоановнаның атынан көптеген
сыйлықтар мен қол астына өту туралы грамота алып келеді. А. Тевкелевтің
елшілігі туралы мәліметтер толығымен көптеген әдебиттерде көрініс тапты.
Сонымен, 1759 жылы П.И. Рычковтың «История Оренбургская» атты еңбегі
жарық көрді. Мұнда Кіші жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы,
А.И. Тевкелевтің елшілігінің қызметі, Әбілхайыр ханның ордасындағы
бодандықты қабылдауға байланысты екі қарсылас партияның күресі жайлы
мәліметтер кірген. Бірақта мұнда осы бір жайтты көрсету керек Рычковтың
барлық қорытындыларында ресми саясаттың ізі мен Ресейдің ролін дәріптеу
жатыр.
Қазақ-орыс қарым-қатынасының үлкен жетістігі ретінде Тевкелевтің
миссиясын кеңестік тарихшылар Н.Г. Аполлова мен В.Я. Басин қарастырады.
Шын мәнінде Тевкелевтің елшілігі XIX ғасырдың екінші жартысында
толығымен аяқталған Ресей империясының қазақ даласын отарлау бағытын
58
іске асыруына ықпал етті. 1734 жылы Орынбор экспедициясы құрылып, оның
атқаратын міндетіне Ресейдің құрамына кірген кейбір қазақ жүздері,
қарақалпақ және башқұрттардың территориясын басқару. Е. Люстерник пен
Е. Шапот Әбілхайыр хан Ресей үкіметі алдында бірнеше рет Орь өзенінің
сағасында бекініс салу мәселесін қойды деп есептейді. Нәтижесінде 1734 жылы
Орынбор экспедициясының басшысы К. Кирилов Сыртқы істер коллегиясына
осы құрылыс жайлы ұсыныс жасады.
Орынбор комиссиясының басшысы князь Урусовтың 1740 жылғы 19
тамызбен 1 қыркүйек арасында сұлтандар Нұралы мен Ералы, сонымен қатар,
Кіші және Орта жүздің өкілдері Жәнібек, Бөгенбай және Есет батырлармен
болған келіс сөздер қазақ-орыс қарым-қатынасының нығаюына оңтайлы әсер
еткен. Сәл кейінірек Орынборға келген Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен
Ш. Уәлихановтың әділ бағалауы бойынша сол кездегі «Орта жүздің
билеушілерінің ең күштісі» Абылай сұлтан жиынға қатысты. 1740 жылдың 5
қыркүйегінде қазақ даласына құрамында Орынбор драгун полкінің поручигі
Д.В. Гладышев, геодезист И. Муравин, инженер Назимов, тілмаш У. Арасланов
және т.б. бар орыс елшілігі аттандырылды. Елшілікке басқа да мәселелермен
қоса қала-бекіністің орнын зерттеу жүктелді.
1759 жылы А. Тевкелев пен П. Рычков Петербордың алдына алғаш рет
мынадай идеяны ұсынды, болашақта «для многих государственных резонов
полезнее б было, когда б ханские определении могли быть без выборов от
народа, но единственно по высочайшему е. и. в. соизволению... как то и в
волских калмыках установлено». Олар қазақ даласының билеушілері етіп
патша әкімшілігіне ыңғайлы адамдарды тағайындауды ұсынды. Бұл
нәтижесінде хандық биліктің жойылуына, Ресей империясының Қазақстандағы
тіректерінің нығаюына, XIX ғасырдың екінші жартысында царизмнің отарлық
саясатының бекітілуіне алып келген саясаттың белгісі еді.
1749 жылдың 26 ақпанында Елизавета Нұралы сұлтанды хан титулында
бекіткен грамотаға қол қойды. Жарлықта белгіленгендей Нұралы хан «должен
будет верно "служить и во всем по указам нашим наирачительнейше поступать
и исполнять" все распоряжения российской администрации, а правительство
Российской империи казахский народ "в правосудии и спокойствии будет
содержать». Осы күні императрицада қазақ елшілерінің құрметіне арналған
қабылдау болған, осында Жәнібек пен канцлер А.П. Бестужев-Рюмин сөз
алысты. А. Добромысловтың айтуы бойынша қазақ билеушісі Нұралыны хан
титулына
бекіткендігіне
алғыс
білдіріп,
қазақтарды
«бұрынғы
рақымшылдықта» ұстауын сұрады. Канцлер Ресей үкіметі болашақта да
«барлық қырғыз(қазақ) халқын императорлық жоғары рақымшылықта»
ұстайтынын атап өтті.
Бұл кездейсоқ жасылынған жоқ еді. Ең бастысы Нұралының хан тағына
Петерборда тағайындалғанының өзі жаңа ханның беделін көтеріп, Ресей
үкіметіне ыңғайсыз хандардың пайда болу мүмкіндігін азайтты.
Сонымен қатар, патша өкіметі қазақ даласында өз тіректерін нығайту
жолындағы беталысында құрылып жатқан шептер мен бекіністерден қазақ
қоныстарын шеттетуге тырысты.
59
С.Д. Асфендияровтың мәліметтері бойынша 1752 жылы әскери шеп
Қазақстанды жартылай шеңбермен «Каспий жағалауларынан Ертістің жоғарғы
ағысына дейін» қамтыды. Осы уақытқа «бірқатар жеңілдіктер мен бөлінген
жерлері» бар Орал, Сібір және Орынбор казак әскерлері құрылды. Кіші және
Орта жүздерді Ресейдің вассалына айналдыруды көздеген міндет тұрды. Бұл
оны іске асыруға әртүрлі амалдарды жұмылдырған патша үкіметінің негізгі
бағыты болатын. Олардың бірі «Қатал бағыт» деп аталып, мынадай әскери
шараларды қарастырған: шекараның далаға ішкерлей енуі, бекініс шептердің
құрылуы, Жайық, Тобыл, Ілек, Есіл, Ертіс және т.б. өзендердің бойында көшіп-
қонуға тыйым салу. Н.Г. Аполлованың мәліметі бойынша 20-30-шы
жылдардың өзінде ресей үкіметі кейіннен царизмнің ірі агрессиясына өскен
қазақ даласына ішкерілей баса көктеуі..., Қазақстанды ресей империясы
отарына айналдыру үшін..., орыс өнеркәсібіне шикізат базасын алу және
транзиттік жолдармен орыс базарын шығыспен байланыстырудың бастамасын
жасады.
Қазақ жерлерін алғаш рет тартып алулар орынбор мен сібір губерниялық
билігімен жүргізілген, сонымен қатар Жайықтың оң жақ жағалауы мен Ертіс
маңында көшіп-қонуға тыйым салуы қазақтардың наразылығын туғызды.
А.Ф. Рязанов пен А.П. Чулошников Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне
кейбір қазақ руларының қатысуы мен осы мәселе бойынша Нұралы хан мен
оның төңірегіндегілердің жалтақтау позициясын ұстауынның негізгі себебін
осыдан көрді. М.К. Янковский Қазақстанды отарлаудың кеңейуінің дәлелі
ретінде мынадай мәліметтер келтіреді: 1755 жылдың қыркүйегіне Орынбор
губернаторы И. Неплюевтың қарамағында 36715 солдат пен офицер, Қазан
губерниясы әскерімен барлығы 47548 адамды құраған. Сібір губерниясында
27552 солдат пен офицер болып, олар негізінен Кузнецк, Колыван, Уй шептері
мен Өскемен, Звериноголов, Қасиетті Петр, Ямышев және т.б. бекіністер
маңында орналасқан. С.Д. Асфендияров осы уақытта Омбы қамалынан
Орынборға дейін 11 қамалдан, 33 редуттан және 42 маяктан тұратын үздіксіз
бекініс шебі созылғаннын айтады. Сол кездің өзінде-ақ Нұралы ханның алдына
қойылған міндеттерді шешуі, егерде Абылайдың келісімін алған жағдайда ғана
мүмкін болатын. Абылай Орта жүзде шексіз билікке ие болатын.
А. Тевкелев пен П. Рычков сыртқы істер коллегиясына 1759 жылдың
қаңтарында осылайшы хабарлайды «Аблай ныне во всей Средней орде за
главного владельца почитается, а притом гораздо смышлен и проворен».
Осының барлығын ескере Ресей әкімшілігі, А. Тевкелевте Абылайды цин
империясынан барлық мүмкіндіктермен қол үздіруді қарастырды. Сонымен
қатар, Петербордың санкциясынсыз Орта жүзге хан болып сайлануы мүмкін
деген күдіктері болды.
Н. Рычковтың айтуы бойынша Кіші жүз ханы «как встал под защиту
Российского государства, русским пришлось вести две войны с иноземными
царствами. Одна война с пруссаками, другая... с турками. Но, ни в той, ни в
другой, он, еще не имел счастья быть использованным. Между тем это его
каждодневное желание, равно как и желание его подданных. Во всякое время, в
каждый час готовы они выступить против врагов России».
60
Ш.Ш. Уәлихановтың еңбегінде келтіруі бойынша Абылай хан болып
сайланған соң ант қабылдауға орыстардың шекарасына барғысы келмей, мен
халық жиналысында осы қадірге бекітілдім деп айтқан дейді. Абылай Ресейдің
де Циннің де қамқорлығы оның қазақ даласындағы билігіне шектеу әкелетінін
білді. Сол себебті оның екі держава арасында бұлтару тактикасын ұстанып,
өзіндік саясат жүргізуіне тура келді. Осы саясат Ш. Уәлиханов көрсеткендей
«бірде бір қырғыз ханы Абылайдай шексіз билікке ие болған жоқ» деуіне
мұрындық болды.
Нақты осы уақытта Әбілхайыр ханның вассалдық тәуелділігінің
көрінгендігін М.П. Вяткин айтады. Қазақстанның Ресейден васссалдық
тәуелділігінің күшейюі және оның XVIII-XIX ғасырдың басында отарлыққа
өсуі туралы Н.Е. Бекмаханова айтады. И. Болтинның айтуы бойынша «хотя
казахи и называются подданными России и в поручательстве верности своея от
себя дают аманатов, но податей не платят, служб и повинностей никаких не
отправляют, управляются своими обычаями и начальниками и в деяниях
никому отчету не дают...».
Н.Г. Аполлова Қазақстан Ресей империясына қосылса да, қазақтар
бұрынғыдай тәуелсіз болып қала берді деп есептейді.
А. Левшин қазақтардың көрші елдермен қарым-қатынасын, Әбілхайырдың
Ресей бодандығын қабылдауы, қазақтарды бодандықта ұстау жолына
бағытталған биліктің іс-әрекеті деп бағалады. Императорлардың ішкі саясатын
сипаттай отырып, автор «мемлекеттік» көзқарас тұрғысынан пайымдап,
жүргізілген іс-шаралар қазақтар үшін тек игі іс болғанын көрсеткен. А. Левшин
«Из оных подданными российскими называют себя только роды, кочующие в
северной части степей, за Уралом и Иртышом, и имеющие необходимую нужду
в покровительстве пограничных начальников, прочия, живя в отдалении, или не
признают над собой никакой посторонней власти, или отдают себя под защиту
соседственных владений». Кіші жүздің Ресей қол астына өтуіне байланысты
айтқанда, А. Левшин оның мынадай алғышарттарын жорамалдайды
«басшылардың билік құмарлығы, құдіретті державаның қамқорлығында
күшейюді болжаған». Мұнда мүмкін Әбілхайырдың хандық билігінің
тұрақсыздық жағдайын айтуы мүмкін. Сонымен қатар, Левшин бұл жерде
патшаның сыйлықтарына дәмеленген пайдақорлық мақсат болуы мүмкін деген.
«Таковые же виды, были одною из главнейших причин, побудивших
Абулхаира и Абулмамета добровольно покориться с ордами своими
императрице Анне».
Төңкеріске дейінгі еңбектерде, мысалы Л. Мейерде қазақтардың Ресейдің
қол астына өтуіне байланысты біржақты, қате көзқарас орын алған. Бірақта,
Әбілхайыр ханның тарихымен байланысты қазақтардың ресейдің қол астына
өтуі арнайы зерттеу тақырыбы болмаса да, қазақ-орыс қарым-қатынастары
тарихымен байланысты төңкеріске дейінгі еңбектерде де басты тақырыптардың
бірі болған. Л. Мейер Әбілхайырға теріс баға беретін авторлардың бірі болып,
оның өтіріктігін, пайдакүнемдігі мен мықты ықпалға ие бола алмайтындығын
атап өтіп, бодандыққа өтуді оның жеке басының ісі деп қарастырады. 1730
жылы Қазақ халқының атынан деп, Уфаға бодандыққа алу туралы өтінішімен
61
өзінің елшілігін жіберген Әбілхайыр, Мейердің ойы бойынша патша үкіметін
алдаған. Ресейден әскери көмек сұра деген билердің шешіміне қайшы келген
хан, оларды да алдағаны ғой.
Қазақ халқының тарихын царизмнің отарлық саясаты тұрғысынан
қарастыратын авторлардың бірі болып Мейер, ғасырға жуық уақыт Ресей
империясының қазақтарды номиналды түрде ғана билегенінің себебін табуға
тырысқан. Мұның себебін ол хандық билікті Әбілхайырдың ұрпақтарының
артынан бекітілгенінен көреді. Бұл қазақтарда хан сайлау еріктерінің бұзылуы
екенін айтады. Осы факт және Ресейдің жағдайға сәйкес келмеген саясаты
Мейердің ойы бойынша, Кіші жүз тарихында терең із қалдырды.
Қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты ұқсас көзқарасты
Ф. Лобысевичтың еңбегінен табамыз. Осы автордың сөзі бойынша, басынан екі
жақтың-патша үкіметімен сондай-ақ қазақ халқы жағынан түсінбестік орын
алған номиналды бодандық, орыс шекаралары мен сауда қатынастарының
қауіпсіздігіне көмек бермегенімен қоса, патша әкімшілігінің кейбір сәтсіз
әрекеттерінен соң царизмнің қазақ даласында берік орнығуын ғасырға жуық
уақытқа шегерген. Әбілхайырдың бодандығы Ф. Лобысевичтың ойы бойынша
«іздеушілік (искательство)» болып табылып, «Ресей тарапынан әлсіз
авторитетіне қолдау тауып және өзінің қауіпті қарсыластарының халықтың
алдындағы ықпалын жоюды көздеуі, осы ханның жеке, билік құмар
мақсаттарымен шақырылған болатын». Хандық билікке жағдайы тұрақты емес
«пәлеқор(интриган) Әбілхайыр» бекітілген соң, Лобысевичтің пікірі бойынша,
түбегейлі қателік жасалынып, нәтижесінде Қазақ халқының Ресейлік
бодандығы номиналдыққа алып келді. «Оттого и вышло, что Абулхаир и его
потомки, даже если бы желали, не могли выполнять данных правительству
обещаний: охранять границы и торговые караваны в степи… уплачивать
установленный ясак» деп жазды Ф. Лобысевич.
Бодандықты нығайту мақсаттары А. Макшеевтың еңбегінде баяндалады.
Олар оның ойы бойынша қазақтарды мемлекеттік шекарадан бөліп шығарғанда
іске асырылған. Макшеевтің айтуы бойынша-«Выделенные за границу
государства киргизы, оставались по-прежнему зависимыми, не платили податей
и не несли никаких обязанностей в отношении России».
М. Красовский да Қазақстанның Ресейге қосылуын осындай көзқараста
қарастырған. Оның айтуы бойынша «Ресей үкіметінің билігін мойындау
арқылы Әбілхайыр Ордада жеке басының табысына жету мақсатын көздеп,
1730 жылы императрица Аннадан өзін барлық қырғыз-қайсақ халқымен Ресей
бодандығына қабылдауды сұрайды». Әбілхайырдың бодандықты қабылдауына
басқа да себебтердің барлығын мойындаған, Красовский, Ресейдің қол астына
өтуін өзінің барлық жауларына қарсы материалдық қолдау деп сенген
Әбілхайырды, өзіне қарсы Орта жүз сұлтандарының алдында ұтады деп
есептеді.
Қазақ-орыс қарым-қатынастарының қысқаша тарихы берілген XIX
ғасырдың 90 жылдарындағы еңбектерге В. Витевскидің үлкен монографиясы
жатады. Онда И. Неплюевтың Орынбордағы қызметіне қатысты көп
фактологиялық материалдар шоғырланған. Бірақта бұл материлдардың
62
іріктелуі автордың көзқарасының біржақтылығын көрсетеді. Витевскийдің
еңбегі ресми көзқарасты айқындайды және апологетикалық сипатты жақтайды.
Әбілхайырды және оның Ресей бодандығын қабылдауындағы ролін бағалауы
Л. Мейермен сәйкес келеді.
Төңкеріске дейінгі авторлардың басқа да еңбектерінде қазақтардың
Ресейдің қол астына өтуі өз еркімен бағыну деп қарастырылады.
А. Добросмыслов еңбегінде қазақтардың Ресей бодандығын өз еркімен
қабылдаған деп қарастырады. Бұл еңбекте бірқатар фактілік қателіктер
кездесетінін айтып кету керек. Мысалы, 1731 жылғы 10 қазандағы старшиндар
жиналысын баяндауға байланысты.
Сонымен, қазақтардың ресейдің қол астына өтуі төңкеріске дейінгі кезең
еңбектерінде екі түрлі жағдайда қарастырылды. Біріншісінде, Әбілхайырдың
пайдакүнемдік мақсаттарымен жасалынған тиімді шарт және өтіріктігі көрінген
жеке басы ісі ретінде қарастырылған (Мейер, Лобысевич), ал екіншісінде,
хандық биліктің тұрақсыздығы мен сыртқы саяси қауіптің әсерінен (Левшин)
туған өз еркімен қосылу (Левшин, Добромыслов).
XIX
ғасырдың
бірінші
жартысындағы
ғылыми
зерттеулерде
Қазақстанның Ресей империясына қосылуы қауіпсіздік пен Ресейдің Азиялық
континентіндегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің аса маңызды ісі деп
бағаланды. Ресей экономикасы мен мемлекеттік билігінің ықпалы көшпелі
әлемге таралуы, теорияның негіздеушілерінің ойы бойынша, номадтардың
мазасыз және жауынгерлік мінезіне қолайлы әсер етіп, оларды
отырықшыландырып және ұлы державаның сенімді бодандары етуді көздеген.
«Ресейдің өзін-өзі сақтау (самосохранения России)» тұжырымдамасының
кейбір элементтері XVIII ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасып, әйтседе
көбірек байытылған түрі XIX ғасырда Я.П. Гавердовский, Г.Ф. Гейнс сияқты
әскери тарихшылардың еңбектерінде қисынға келтірілген. Бұл теория XIX
ғасырдың екінші жартысында «табиғи шекара (естественных границ)»
тұжырымдамасына өсті.
Қазақстанға ішкерлей кіру әрекеттерін «табиғи шекара» теориясы арийлік
ұлттың қайта құрылуы мен таралуы үшін адамзаттың табиғи даму жолы деп
түсіндіріледі. Осы теорияны қолдаушылар қандай да бір мемлекет өзінің
шекарасын қорғауы керек дегеннен шығады, сондықтан да оған мемлекеттік
шекарасын қорғайтын жаңа шептер салуға болатындай территориялар керек.
«Жылжымалы» немесе «табиғи» шекара теориясы таулар, өзендер мен күшті
мемлекеттік құрылымдар болып табылатын табиғи шекарада мемлекеттің
әскери-стратегиялық жағдайының тұрақтылығын болжады. Бұл тұжырымдама
орыс тарихнамасындағы мемлекеттік мектептің өкілдері Д.
Кавелин, С.М. Соловьев, Б.Н. Чичерин, В.О. Ключевский, А.Д. Градовский,
П.К. Милюков, Г.В. Вернадский сияқты белгілі орыс тарихшыларының
көзқарастарында көбірек дамыды. Осы теорияны жақтап, жолын қуушы әскери
тарихшы М.И. Венюков болды.
Қазақстанның Ресей империясының қол астына өтуі жаңадан қосылған
жерлерде әскери шептердің құрылуы арқылы өтті. М.И. Венюковтың айтуы
бойынша «никакая линия не могла возникнуть на полуденной окраине наших
63
степей, и государственный рубеж оставался фиктивным». Осылай «екі
мемлекеттік» шекара теориясы пайда болады. Осы теорияға орыс
тарихнамасының төңкеріске дейінгі бағыты жақынырақ ұқсас келеді. Ол
Ресейдің шығысқа жылжуын этнографиялық және жағрафиялық факторлармен
негіздейді, ол бойынша тегістікте орналасқан орыс мемлекеті кеңейюге
тырысқан. Бұл барлық тарихи тұжырымдамалар белгілі бір мөлшерде
европацентризмнен бос еместігін және орыс тарихшылары көзқарастарының
методологиялық шектеулілігін көрсетті.
XVI-XVIII
ғасырлардағы
қазақ-орыс
қарым-қатынастары
мен
Қазақстанның Ресейге қосылу мәселелері кеңестік тарихнамада елеулі өзгерісті
басынан өткізді және ең теріс ұстанымнан апологетикалыққа(аса
мадақтаулыққа) дейін өзгеруімен сипатталады. 20-30 жылдары Қазақстанның
қосылуы мен Ресейдің осы өңірдегі барлық іс-шаралары қазақтар үшін «шексіз
зұлымдық
(абсолютное
зло)»
деп
қарастырылды.
Осы
тұрғыда
С.Д.Асфендияровтың және П.Г. Галузоның еңбектері жазылған. Бұл
еңбектерде қазақ-орыс қарым-қатынасы, Қазақстанның Ресей империясының
құрамына қосылуы және өңірді патшалық отарлау кезеңіндегі тарихи
еңбектердегі мәселелерге тарихнамалық талдау мақсаты қойылған жоқ. Олар
қатаң тарихи аспектіде жазылған. Олар Түркістан өңірінің Ресейге қосылу
үрдісін ашық жаулап алу, ал Түркістанның өзін Ресейдің отары деп
қарастырды.
Төңкеріске дейінгі кезеңнің тарихшыларымен айтысында С. Асфендияров
қазақ жерін жаулап алу халыққа жақсылық(благоденствие), бейбітшілік пен
мәдениет алып келген жоқ, керісінше, қырып-жою, тонаушылық пен өлім
әкелді.
20-30-шы
жылдардағы
кезеңде
концептуалды
тұрғыда
«шексіз
зұлымдық(абсолютное зло)» формуласы қағидасы көрініс тапты. Жаулап алу
тұжырымдамасына сол жылдары жасалынған формацялық-таптық тұрғы ықпал
етті. Бұл барлық мәселелер мен тарихи дамудың қысылтаяң кездерін ұғыну мен
түсіндіруіне мүмкіндік беретін монополиялық әмбебап методология.
Сталиндік репрессиялық режимнің бекітілуімен қоғамдық ғылымдар
бұрынғыдан келе жатқан өздерінің қызметтерін іс жүзінде жоғалтты.
Ғалымдарды да жанап өткен жаппай саяси репрессиялар, зерттеушілерге
құжаттық түпдеректерді пайдалануға тыйым салынуы, коммунистік идеология
монополиясын күштеп енгізу, мұның барлығы 30-40 жылдары тарихи
зерттеулердің тым аз және көлемі жағынан кішігірім, фактілік материалдардың
жұтаң болуына алып келді. 30-шы жылдар, нәтижесінде ресми болып танылған
әлде бір тарихи парадигманың тарихнамалық «мутация» жылдары болды. Бұл
кезең «Покровский мектебін» сынауының басталуымен сипатталады.
Қазақ-орыс және орыс-ортаазиялық қарым-қатынастарды зерттеуде
А.Л. Поповтың еңбектері үлкен мағынаға ие. Ол царизмнің басқыншылық
саясатын ғана емес, сонымен қатар орыстардың Түркістанға баса көктеуінің
себептерін көрсетті. Ол екі негізгі- экономикалық және саяси себептерін
көрсетті. А.Л. Поповтың мақалалары осы мәселелерді дамытудағы алғашқы
салмақты талпынысы деп есептеуге болады.
64
Осы кезең тарихшыларының еңбектеріне әлі де «шексіз зұлымдық»
тұжырымдамасының ықпалы көрінеді, бірақ та ғалымдар бірте-бірте бұл
түсініктен алшақтайды. Ол «ең аз зұлымдық» терминімен алмасады. Бұл
тұжырымдаманы И.В. Сталин ұсынған болатын. Халықтардың Ресей
империясының құрамына кіруі «шексіз зұлымдық» орнына «ең аз зұлымдық»
таңдауын ұсынады. Кеңес мемлекетінің нығаюымен осының негізінде
империялық дәстүрдің қалпына келуі 1940 жылдарғы тарихнамада шет
аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда Ресей саясатын ақтау тенденциясы
байқалады деп есептеу қабылданған. Нәтижесінде «ең аз зұлымдық» теориясы
пайда болды. Ол бойынша Ресей самодержавиясы қазақтарды тағылық шығыс
мемлекеттерінің кіріптар етуінен құтқарып, Азиялық көршілеріне қарағанда
өркениетті елмен жақындастырды. Академик М.В. Нечкина сияқты ірі кеңестік
тарихшыларының қолдауын тапқан «ең аз зұлымдық» теориясы өміршең келді.
Оның
сарқыны
М.П.
Вяткин,
Е.Б.
Бекмаханов,
Е.Г.
Федоров,
Н.Н. Яковлевтардың еңбектерінде көрініс тапты.
1943 жылы «Қазақстан тарихының» жариялануы, ұлттық көтерілістер мен
Ресейдің Қазақстанда жүргізген бүкіл саясатына баға беру ғалымдар арасында
үлкен дау туғызды. 1944 жылы мамыр айының соңы мен шілде айында БКП(б)
Орталық комитетінде-де тарихшылар кеңесі өтті. Кеңесте А. Панкратова патша
үкіметінің отарлау саясатын толыққанды түсіндіру мәселесін алға тартты.
С.К. Бушуевтің «патшалық Ресейдің барлық саясатын қаралауға болмайды»
деген қорытындысы осы мәселе төңірегінде қызу пікірталас туғызды.
С.К. Бушуев жарыққа шыққан «Қазақ КСР тарихы» басылымына қатысты теріс
пікір қалыптастырды. Оның ойынша, басылым Ресейге қарсы ұлттық
көтерілістерді насихаттауға бағытталған. С.В. Бахрушиннің «Ұлы Отан соғысы
жылдарында орыс халқының рөлі артты. Оның жоғары рөлін мойындау
нәтижесінде біздің өткен тарихымызды дәріптеу үрдісі пайда болады» деген
мәлімдемесі мәселенің мәнін анықтай түсті. «Ресейге қатысты барлық
бірігулерді «ең аз зұлымдық» ретінде санамау керек» деп ой түйген академик
Украина және Грузияның Ресей құрамына өз еркімен қосылғанын ерекше атап
өтті. Академик И.И. Минц екі бағытқа ерекше тоқталды: біріншісі – «Қазақ
КСР тарихында» егжей-тегжейлі қарастырылған ұлт-азаттық күресті
насихаттау, екіншісі – осы халықтардың өткен тарихын қаралау.
Н.Г. Аполлованың монографиясы 40 жылдардағы кеңес тарихнамасы
дамуының қорытындысы іспеттес болды. Мұнда ұзақ жылдар бойы қазақ-орыс
қатынастары мәселелеріне қатысты тарихшылар ұстанымын көрсететін
бірқатар қорытындылар келтірілген. Н.Г. Аполлованың мәліметі бойынша,
XVIII ғасырдың 30 жылдары Қазақстанның Ресейге қосылуына негізі XVI
ғасырдың соңында қаланған ұзақ мерзімді экономикалық және саяси
байланыстармен дайындық жүргізілді. 30 жылдардың басында патша үкіметінің
Кіші жүз бен Орта Азиялық хандарға (Бұхара және Хиуа) қатысты нақты
шаруашылық-саяси мақсаттары анықталды. Осы мақсаттарға сәйкес патшалық
Ресей Орта Азия аймағында сауда байланыстарын кеңейте отырып, Орта
Азиялық халықтарды ресей боданына айналдыру жолымен өзінің саяси
үстемдігін нығайтуға ұмтылды. XVIII ғасырдың 30 жылдары Ресейдің қазақ
65
жүздерімен қарым-қатынасын бекіту мәселесінің маңыздылығы арта түсті. Бұл
жағдайға қазақ қоғамындағы әр түрлі тап өкілдері мүдделі болды. Монография
авторы орыс экономикасының қазақ шаруашылығына тигізген әсерінің тікелей
нәтижелері (мал шаруашылығы, егіншілік және сауданың дамуы) мен орыс
мәдениетінің қазақ халқының мәдениетіне жасаған ықпалын ерекше атап өтті.
60 жылдары кейбір зерттеу жұмыстарында мынадай пікір қалыптасты:
Ресей құрамына кірісімен Қазақстанда өзара соғыстар саябырсып, қазақ
даласындағы жағдай тұрақтана бастады. Г.И. Семенюктің жазуынша,
Қазақстанның Ресейге қосылуы нәтижесінде «Кіші жүз бен кейбір Орта жүздегі
қазақ тайпалары бодандықтың алғашқы жылдарынан бастап өндірістік
күштердің... дамуын тежейтін... ішкі феодалдық соғыстарды тоқтатты».
Б.Н. Палкин «Қазақстанның Ресейге қосылуы нәтижесінде елдегі
феодалдық бөліністер ыдырап, өзара толассыз талас-тартыстар тоқтады.
Сондай-ақ, патриархалды-феодалдық институттар өзін-өзі толығымен жойды»
деп есептейді. Жоғарыда аталған зерттеушілердің еңбегінде Қазақстанның
Ресейге бірігуі қазақ халқының игілігі үшін жасалған іс ретінде түсіндірілді.
Қырағы идеологиялық бақылаудың ықпалында болған тарихшылар
«Түркістан халқы «ғасырлық артта қалушылықтан» «тарихи дамудың» биік
шыңына Ресейде болған революциялық оқиғалардың арқасында ғана қол
жеткізді» деген жалған тұжырымдамалық қорытындыға келді. Тарихшылар
Орта Азияның Ресейге қосылуындағы «шешуші маңыздылықты» кеңінен
қарастырды.
Сонымен де, осы кезең аралығында Қазақстанның Ресейге қосылуын
сынайтын еңбектер пайда бола бастады. Атақты тарихшы П.Г. Галузо Ресей
империясының қазақ даласындағы рөлін қатты сынға алды. П.Г. Галузо
көптеген зерттеушілердің пікіріне қарамастан, өзінің «1867-1914 жж.
Қазақстанның оңтүстігіндегі аграрлық қатынастар» деген еңбегінде
самодержавиенің қоныстандыру саясатының нәтижесінде Қазақстандағы
көшпелі және отырықшы шаруашылық терең дағдарыс жағдайына түсті деп
мәлімдейді. Казақтандыру мен шаруашылық отарлау саясатының жер
ресурстарын жергілікті тұрғындар пайдасы үшін әділ бөлмеуі қазақ егін
шаруашылығының дамуын тежеп, олардың отырықшылық шаруашылыққа
ауысуына кедергі келтірді.
Ресейдің Қазақстандағы отарлау саясатына қатысты кейбір көзқарастарды
Б. Сүлейменовтың зерттеу жұмысынан байқай аламыз. Ірі жер иелері мен
буржуазияны
қолдаған
самодержавиенің
аграрлық
саясатындағы
қанаушылықтың түпкі мәнін ашып көрсеткен автор ресей шаруаларының қазақ
егіншілігіне жасаған орасан зор ықпалы мен қазақ қоғамындағы барлық
әлеуметтік-экономикалық құрылымға тигізген әсерінің маңыздылығын баса
айтады.
В.Я. Басиннің есептеуінше, патша үкіметінің отарлық жаулап алу
саясатына қарамастан Қазақстанның Ресейге қосылуы аса зор маңызға ие
болды. А. Сабырхановтың диссертациясында Қазақстанның Ресейге өз еркімен
қосылуына шынайы алғышарттар жасаған XVIII ғасырдағы қазақ-орыс
қатынастарының қалыптасуы мен дамуындағы кейбір ерекшеліктер жан-жақты
66
талқыланған.
XX ғасырдың 60-70 жылдары жарияланған еңбектерде Қазақстанның
Ресейге қосылуы тұжырымдамасының одан әрі жетілген нұсқасы пайда бола
бастады. Тұжырымдаманың негізгі шарттарын сақтап қалудағы басты жағдай
қосылудың ерікті сипатта жүргізілгенін дәлелдеу және халықтар достығы мен
тарихи оқиғалардың маңызды нәтижелерін көрсету болып табылады. Осы
жайттар Г.Ф. Дахшлейгер, Б.С. Сүлейменов, С.Е. Толыбеков және
С.З. Зимановтың еңбектерінде ерекше көрініс тапты. Зерттеушілер мәселенің
ауқымын кеңейте отырып, Қазақстан мен Орта Азия арасындағы өзара қарым-
қатынас аспектілерінің және Ресейдің Азия аймағына қатысты сыртқы
саясатының маңыздылығын арттыра түсті. Нәтижесінде Ресейдің Қазақстан
территориясы арқылы Орта Азиялық хандықтарға бағытталған қозғалысының
экономикалық және саяси себептерін, сондай-ақ Қазақстанның Ресей
құрамына бірігуінің жағымды салдарын талдаған зерттеу жұмыстары пайда
болды.
Тарих ғылымында үстемдік еткен жалпы коммунистік идеология
Қазақстанның Ресейге қосылуын шынайы түрде зерттеуге мүмкіндік берген
жоқ. Осы жылдары «үлкен аға» формуласы қатаң сақталды. Сондықтан,
авторлар бірігудің жағымсыз жақтары туралы жақ ашпауға мәжбүр болды.
Сол кезеңде қазақ-орыс қатынастарына байланысты алғашқы тарихнамалық
жұмыстар пайда болды. Жекелей айтқанда, кеңестік тарихнамадағы қазақ
жерлерінің Ресей құрамына қосылу мәселесін зерттеуге қатысты деректер
Г.Ф. Дахшлейгердің монографиясында кездеседі. XX ғасырдың 30-70
жылдарындағы зерттеушілердің жұмыстарын талдау үрдісі маркстік-лениндік
методологияның ұстанымы тұрғысынан жүргізілді. Автор «шексіз және ең аз
зұлымдық» тұжырымдамасын сынады.
Б.А. Төлепбаев пен Т.Ж. Шойынбаев өз еңбектерінде Ресей империясын
«патшалық, реакциялық және алдыңғы қатарлы еркін ойлайтын Ресей» деп
бөлу идеясын ұсынды. Олардың жұмысында «бірінші» Ресей сынға алынып, ал
«екіншісі» бір жақты дәріптелді. Осындай көзқарас империялық жүйенің
шеңберіне толықтай еніп, оның ең басты тірегі мен қозғаушы күші
бұрынғысынша Ресей болып қала берді. Осы тәрізді бағыт қазақ-орыс
қатынастарының тарихын зерттеуге кері ықпал жасады. Енді зерттеушілер
ұлттық мемлекеттердің негізін қалаушы - тарихи тұлғалардың рөлін анықтауға
күмәнмен қарай бастады.
Осы кезеңде Д.И. Дулатованың «Революцияға дейінгі Қазақстанның
тарихнамасы» атты арнайы монографиясы дайындалып жарыққа шықты. 80
жылдары Г.А. Ахмеджановтың «Орта Азияның Ресейге қосылуының кеңестік
тарихнамасы» деген арнайы тарихнамалық зерттеу жұмысы пайда болды.
Автор монографияда Орта Азияның Ресейге бірігуінің халықаралық
маңыздылығын қарастырады. Сондай-ақ, Орта Азиялық хандықтар үшін
бірігудің экономикалық және саяси салдарына сипаттама берген.
Мәселенің зерттелу деңгейін талқылай отырып, шетелдік тарихнамаға да
тоқталып өту керек. Кеңес кезеңіндегі А.Б. Тұрсынбаев, Ч.А. Халфин,
Г.А. Хидоятов және т.б. авторлардың алдында шетелдік зерттеушілердің
67
«жалғандығын» сынау мен әшкерелеу міндеттері тұрды. Көп жағдайларда
ұтымды дәлелдердің өзі ескерусіз қалып жатты. Осы жұмыстардағы негізгі
мақсат шынайы ғылыми талдау емес, керісінше коммунистік идеологияға
зиянын тигізетін көзқарастарды жою болатын.
Қазақстанға қатысты шетелдік тарихнаманың қазіргі даму кезеңінде
К.Л. Есмағамбетов, Қ.Р. Несіпбаева, М.Т. Лаумулин, Т.К. Бейсембаев секілді
ғалымдардың жұмыстары ерекше орын алады. Мысалы, К.Л. Есмағамбетов
өзінің зерттеу еңбегінде американдық және ағылшындық зерттеушілердің орыс
басқыншылығы мен отарлау саясатын әр түрлі тарихнамалық кезеңде
сипатталғанын қарастырады. Қазақстан зерттеушілері АҚШ, Канада, Франция
және т.б. елдердің кітап қоймаларында шоғырланған шетелдік тарихнаманың
бірнеше аспектілерден тұратын деректік негізіне жан-жақты тоқталады.
К.Л. Есмағамбетовтың ғылыми зерттеулерінің басты қорытындысы бірқатар
маңызды жұмыстарда көрініс тапты. Мысалы, «Біз туралы Батыста не жазды?»,
«Қазақтар шетел әдебиетінде», «Д. Кэстльдің 1736 жылы Кіші жүз ханы
Әбілқайырға барып қайтқан сапары туралы» және т.б.
Қазақстандық зерттеушінің айтуынша, XVIII ғасыр мен XX ғасырдың
басындағы Қазақстан тарихын қарастырған шетелдік зерттеушілердің мүддесі
халықаралық қатынастардың Орталық Азия аймағындағы саяси мәселелерімен
тығыз байланысты болды. Оларға Ресейдің қазақ жүздерін жаулап алуы, патша
үкіметінің Қазақстанда жүргізген отарлық саясаты, қазақ халқының ұлт-азаттық
қозғалыстарын бағалау, т.б. жағдайлар кіреді. К.Л. Есмағамбетовтің көрсетуінше,
«Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайының шиеленісе бастауы XVI ғасырдың
ортасы мен XVII ғасырдың соңында орыстардың Сібірді отарлау кезеңімен
сәйкес келеді». Американдық тарихшылар Дэвид Коллинз бен А. Вудтың ойынша
«Ноғай ордасы мен Сібірдің, Қазан және Астрахан хандықтарын жаулап алуына
байланысты түрік тілдес мемлекеттер арасындағы қатынастар бұзылып,
нәтижесінде Қазақ хандығына үлкен қауіп төнді» деп есептейді. Қазақстандық
зерттеуші Э. Кинам, Д. Сокол және Р. Пирстің еңбектерін егжей-тегжейлі талдап,
ондағы Ресейдің XVI ғасырдан 1905 жылға дейінгі хронологиялық жағынан
жалғасқан ұлы Моңғол империясының «мұрагер-мемлекеттеріне» қазан
хандықтарын жаулап алуға қатысты жүргізген агрессивті саясатын сипаттаған.
Ресейдің Қазақстанды жаулап алуына байланысты шетелдік тарихнамада
келтірілген негізгі себептерді К.Л. Есмағамбетов былайша бөліп көрсетеді: «Петр I
кезінен бастау алған үлкен шығыс империясын құру», «татарлар мен түріктерге
қарсы бағытталған дұшпандық», «Қазақстанның стратегиялық маңыздылығы»,
«жартылай тағы (жабайы) көшпенді халық арасындағы тәртіпті заңдастырудың
қажеттілігі», «орыстардың жаулап алуға деген мәңгі ұмтылысы», т.б. «Орыс
патшаларының шығыс саясатындағы басты мақсаттарының бірі «Азияға
бағытталған кілт пен қақпа» атанған қазақ жерін басып алу болды» деген пікірдің
отандық және шетелдік тарихнамада кең таралғанын автор ерекше атап өтті.
Қазақстан туралы жазылған шетелдік басылымдардың библиографиялық
көрсеткішінен құралған М.Т. Лаумулин мен Т.К. Бейсембиевтің еңбектері
Қазақстанға қатысты шетелдік тарихнамада өзіндік ерекшеліктерге ие. Орыс-
қазақ қатынастары мәселесіне байланысты ағылшындық және американдық
68
тарихнама негізінде талдау әдісі К.Р. Несіпбаеваның зерттеу жұмысында кеңінен
қолданылған. Оның көрсетуіне сәйкес, шетелдік еңбектердің жоғары әдістемелік
деңгейіне қарамастан екі негізгі теория басымдық етеді. Олар: Ресейдің отарлау
саясатын мадақтау немесе патша империясының іс-әрекетін әшкерелеу. Біздің
көзқарасымыз бойынша, еуропалық өркениетті асыра мақтау ұстанымы батыстық
авторларға тән қасиет.
XX ғасырдың 90 жылдары Қазақстанның Ресейге бірігуіне баға беруді
қазақстандық ғалымдар өз зерттеулерінде қайтадан қарастыра бастады.
Тарихшылар осы жағдайды біржолғы акт деп есептемейді. Бірігу әр түрлі
уақытта түрліше жолмен жүзеге асырылды. Осы кезеңнен басталған «қосылу»
термині ғылыми әдебиеттерде «кіру» немесе «бағыну» ретінде қолданылды.
Нәтижесінде отарлау саясатының үдемелі салдары күмән туғыза бастады.
Мәселенің шиеленісу барысында патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген
басқыншылық акциясының саясатына ерекше мән берілді. Қазақ жүздерінің
Ресей құрамына кіруі «Ресей протекторатының құрылуы» (А. Күзембайұлы,
Ж.О. Артықбаев) ретінде сипатталды. Академик М.Қ. Қозыбаев Қазақстанның
Ресей құрамына жаулап алу жолымен кіргені жайында өз көзқарасын алға
тартты. Ғалым М.Ж. Әбдіров те осындай пікірге келді.
Ж.К. Қасымбаевтың көптеген зерттеу жұмыстарында «қазақ жүздерінің
қосылуы әр түрлі сыртқы саяси және ішкі жағдайларда жүзеге асырылды: Кіші
жүздің біраз бөлігі мен кейбір Орта жүз рулары өз еркімен орыс бодандығын
қабылдады; Орта жүз бен Ұлы жүздің маңызды бөлігі әскери күш арқылы Ресей
құрамына қосылды» деген деректер келтірілген. 1990 жылы шыққан «Кеңестік
Қазақстанның тарих ғылымы (1917-1960 жж.) » атты кітапта авторлар осы
кезеңдегі тарихнаманың қалыптасуы мен дамуын жан-жақты талдап жіктейді.
Қосылу мәселесін зерттеген И.В. Ерофеева XX ғасырдың 30-50
жылдарындағы осы тақырыпқа қатысты тарихи пікірдің дамуына ерекше
тоқталады. Дәл сол жылдары үш тұжырымдамалық көзқарас қалыптасты:
«шексіз зұлымдық» (С.Д. Асфендиаров), «кіші зұлымдық» (М.П. Вяткин),
«қосылудың экономикалық және саяси негіздері» (Н.Г. Аполлова). Біздің
көзқарасымыз бойынша, зерттеуші идеологиялық аспектілерді толығымен
қарастырған: «маркстік-лениндік методологияның нығаю жағдайындағы
қоғамдық ғылымдар негізінде осы мәселені зерттеу жұмыстары революцияға
дейінгі тарихнаманың көптеген жетістіктерін қиын меңгеру мен қайта бағалау
сияқты үрдістермен қатар жүргізілді».Осыны есепке алған И.В. Ерофеева осы
кезеңдегі зерттеушілердің жұмыстарына жеткілікті түрде шынайы баға берді.
1991 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің
жариялануы қазақ-орыс қатынастары тарихына қатысты жаңа бағыттағы үлкен
қызығушылық туғызды. Ресей империясына қосылу нәтижесінде тәуелсіздігін
жоғалту фактісін зерттеу мен талдау мәселесі күрделі жағдайға алып келді.
Тарихшылар қазақ хандарының ресей үкіметіне көмек сұрап баруының
себептерін, оның тарихи үрдісі мен салдарын талқылауға кірісті. Сондай-ақ,
мәселенің тарихнамалық аспектілері де зерттеуге алынды.
Қазақстан тарих ғылымындағы келесі өзекті тақырыптың бірі - қазақ
тарихындағы қазақ хандары мен сұлтандарының орнын анықтау.«Қоғам тарихы
69
таптар күресінің тарихымен тығыз байланысты» деп есептейтін қағида
аласапыран кезеңдегі тұлғалардың ұлы жетістіктеріне жете мән берген жоқ. Егер
алдыңғы кезде кеңестік тарихнамада Әбілхайыр ханның саясатын «дүниеқорлық»
(«негізсіз») деп түсіндірсе, ал Ж.К. Қасымбаев көшпенді өмірдің қауіпсіздігін
қамтамасыз еткен «екі жүзділік саясатты» Орталық Азияның дипломатиялық
тарихына тән басты бағыт ретінде қарастырады. Бұл саясаттың астарында өз
елінің тәуелсіздігі мен территориялық біртұтастығын сақтап қалу идеясы
жасырынды. Әбілхайыр ханның тарихи тұлғасын сынаушыларға қарсы шыққан
зерттеуші Б.Б. Ермұханов «қазақ халқының орыс бодандығына өтуінде...
Әбілхайырды кінәлап, оның саясатын шектес тыс «атақ құмарлық» деп бағалау,
менің ойымша, тарихи жағынан да, ғылыми жағынан да қисынға сай келмейді»
деп есептейді.
И.В. Ерофееваның Әбілхайыр хан туралы жазылған монографиясында ол
Кіші жүздің ерекше тұлғасы әрі Орынбор губернаторы, шебер дипломат және
И.И. Неплюевтің «Бөліп ал да, билей бер!» саясатын жүзеге асырған көрнекті
стратег ретінде қарастырылған. Біздің ойымызша, монографияда Әбілхайыр
тұлғасы Қазақстанның сол кезеңдегі басқа да мемлекеттік қайраткерлеріне қарсы
қойылған.
1993 жылы Қазақстан тарихы бойынша авторлық ұжымымен дайындалған
очерк
жарияланды.Тарих
ғылымдарының
докторы
Ж.К.
Қасымбаев
«Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіру, жаулап алу, отарлау» атты тарауда
өзіндік қызығушылық туғызған XVIII ғасырдағы қазақ-орыс қатынастары
мәселесін жан-жақты түсіндірген. Тараудың бұлай аталуының өзі мәселенің
даулы екенін көрсетеді. Автордың пікірінше, Қазақстанның Ресей құрамына
бірігуі екі ел арасындағы саяси байланыстардың нығаюына елеулі түрде әсер етті.
Өз мемлекетінің экономикалық мүддесі мен аймақтағы жағдайын нығайтуға
деген ұмтылыс 1687-1694 жылдары Тәуке хан бастаған елшіліктің Ресейге
аттануына себеп болды. Алайда, бұл сапар заңды түрде рәсімделген жоқ. Кейіннен
әр түрлі кезеңде билік еткен қазақ билеушілері (1717 жылы – Қайып және
Әбілхайыр сұлтандар, 1726-1730 жылдары – Әбілхайыр хан мен старшиналар) орыс
үкіметіне бодандыққа қабылдау жөніндегі ұсыныспен барған. Зерттеушінің атап
көрсетуінше, елдің сыртқы саяси жағдайының күрделілігі мен Кіші жүздің Ресей
бодандығына өту жолымен көмек сұрауы Әбілхайырдың жеке басының мүддесі
үшін жасалған жоқ.
Біздің пікіріміз бойынша, Ж. Қасымбаев «Ресейдің мүддесі өз елінің аумағын
кеңейту және шығыстағы шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету» деген
қағидаға ерекше көңіл аударған. Нәтижесінде Ж.К. Қасымбаев мынадай
қорытындыға келеді: қазақ жүздерінің Ресей билігіне бағынуы әр түрлі саяси және
ішкі жағдайларда жүзеге асырылды; жүздің біраз бөлігі мен кейбір Орта жүз
рулары өз еркімен орыс бодандығын қабылдады; Орта жүз бен Ұлы жүздің
маңызды бөлігі әскери күш арқылы Ресей құрамына қосылды.
Жаулап алу тұжырымдамасын жаңаша қарастырған зерттеушілер Ресей
империясының
отарлау
саясатына
ерекше
мән
береді.
Мысалы,
М. Мырзахметовтың «Қазақ қалай орыстандылырды?» атты монографиясында
патша саясатының қазақ халқын орыстандырудағы басты мәселелері талқыланған.
70
Автор осы саясаттың негізгі кезеңдерін былайша бөліп көрсетті:
1 кезең (1731-1822 жылдар) — патша үкіметі протекторат орнату мен қазақ
жерлеріне атау беру мәселесінде аса сақтықпен әрекет еткен кезең;
2 кезең (1822-1859 жылдар) – қазақ хандықтары жойылған соң, қазақ жерінің
басым бөлігінде «Бөліп ал да, билей бер!» саясаты енгізіліп, нәтижесінде ру
старшиналары арасында жанжалдар пайда болған және қазақ атауларын өзгерту
үрдісі күшейген кезең;
3 кезең (1861-1917 жылдар) – отарлау саясаты күшейіп, қазақ жерлері Ресей
империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланған және соған байланысты қазақ
жерінің тарихи атауларын әдейі өзгерткен кезең.
М. Мырзахметовтың көрсетуінше, жаппай орыстандыру саясаты қазақ тілін,
қазақ атаулары мен қазақ халқының мәдениетін жоюға бағытталып, қазақтардың өз
жерінде өгейсінуіне алып келді.
М.К. Қозыбаев «Ресейдің тарихы - оның отарындағы елдердің тарихы» деген
мақаласында Қазақстанның Ресейге қосылуына қатысты өзіндік пікір айтады.
М.К. Қозыбаев «қосылу» терминін сынға алып, ол Қазақстанның негізгі объектке
қатысты субъективті рөлін сипаттау мен тарихи үрдістің мәнін түсіндіруге сай
келмейді деген пікір айтты. «Өз уақытында империялық мекеме үшін маңызды
болған «қосылу» термині негізінен «тартып алу», «басып алу», «жеңіп алу»,
«Қазақстанның империя құрамына күштеу қысымы арқылы бірігуі» сияқты
мағынаны білдіретін. Сондықтан, отарларды жаулап алу бойынша ең басты
қарсыласы Англиядан қорықққан орыс үкіметі осы терминге бейбіт сүйгіш сипат
берудің қажеттілігін түсінді.
Біздің көзқарасымызға сәйкес, Петр І кезеңінде негізі қаланған Қазақстанды
жаулап алу стратегиясының кейіннен нақты түрде рәсімделуін ғалым жан-жақты
қарастырады. Әбілхайырдың Ресейге қарай тартылуы күрделі тарихи
жағдайлармен түсіндіріледі. Қазақтар «өз ұлтын қолайлы жағдайда сақтап қалу
мақсатымен» империя билігін мойындауға мәжбүр болды. Осылайша, автор
Қазақстан Ресейдің құрамына жаулап алу жолымен қосылды деп есептейді.
Әскери казактардың отарлық саясатына ерекше тоқталған ғалым М.Ж. Әбдіров те
осы пікірді қолдайды: «әскери казактардың отарлық саясаты» деген ұғым ресей
абсолютизмінің жаулап алушылық, өте агрессивті сипаттағы тұжырымдамасымен
генетикалық жағынан тығыз байланысты. Зерттеуші осы терминнің казактар
негізгі рөл ойнайтын патшалық Ресейдегі әскери күштердің монополиясымен
сәйкес келетінін тілге тиек етті.
М.Ж. Әбдіровтың ойынша, Қазақстанның Ресей құрамына кіруі
қазақстандық тарихнамада осы күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған мәселелердің
біріне айналды. Сондай-ақ, отарлау кезеңіндегі казактардың рөлін анықтау ісі
жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Ғалымның деректеріне қарағанда, казактар
мемлекеттік әскер құрамына кіріп, Ресейдің барлық соғыстарына қатысты. Ал
елдің ішінде казактарға әскери-полициялық қызметтер жүктелген болатын.
Осылайша, патша үкіметі империя маңында және жаңадан басып алынған
жерлерде отарлау саясатын жүргізу үшін казактарды жазалаушы күш әрі белсенді
жолбасшы ретінде пайдаланды. М.Ж. Әбдіров Кіші жүз ханы Әбілхайырдың
патша үкіметінен қазақтарды Ресей бодандығына қабылдауды сұрауынан кейін
71
болған жағдайды былайша сипаттайды: «Патша билігі осы мүмкіндікті тиімді
пайдалана отырып, Қазақстанға қатысты сыртқы саясатын қарқынды түрде
жүргізе бастады. Сонымен қатар, қазақ даласына терең еніп, осы аймақта ресей
үстемдігін бекітудің кең ауқымды жоспары жасалынды». Осы мәселеге қатысты
зерттеуші «патша әкімшілігінің қазақтармен өзара қарым-қатынасы алғашында
бейбіт түрде жүргізіліп, шеткі аймақтағы бекіністер қазақтарды жоңғар
шапқыншылығынан қорғағанын және ақырында ұлттық-отарлаушылық езгінің
күшейе түскенін» атап көрсетті.
Қазақ-орыс қатынастары тарихының нәтижесінде ең негізгі жағдай
қалыптасқанын назарда ұстау керек: қосылу және осыған байланысты туындаған
отарлау үрдісі ерікті түрде болды ма әлде күштеу арқылы жүргізілді ме?
А.Д. Көкеев өзінің «Революцияға дейінгі және кеңестік тарихнамада
зерттелген XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында Қазақстанның
оңтүстік және шығыс бөлігінде Ресейдің жүргізген әскери-саяси жаулап алу
саясаты» атты диссертациясында «қосылу» терминінің астарында «кемсіту»
ұғымы жасырылғанын көрсетті. Бұл тарихи үрдістің күштеу арқылы жүргізілгенін
сипаттайды. Кім кімге қосылады, не үшін қосылады, бодандықтағы халық не үшін
өз бостандығынан ерікті түрде бас тартады, бодан халық не үшін өзінен қуатты
мемлекеттің алдында бас иеді. Көкеевтің пікіріне сәйкес, жоғарыда аталған
жайттар бірқатар себептермен анықталатын мәжбүрлі акт болып табылады.
А.М. Әбділдәбекова бұл жайында байсалды қорытынды жасайды. Ол
«Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихнамасы» атты диссертациялық зерттеу
жұмысында «бір-бірінен теориялық және тұжырымдамалық мазмұны мен бағыты
жағынан ерекшеленетін бірнеше деректерге талдау жүргізеді. Нәтижесінде әрбір
кезеңге сол тарихи үрдістің көрінісі мен бағасы сәйкес болады деген пікірге келді.
Тұжырымдамалық көзқарасқа идеологиялық жағдайлар ықпал етеді. Сондықтан
тарихнамалық мәселені шынайы талдау барысында осыны есепке алу керек».
Осыған қатысты Ж.Б. Құндақбаеваның ұстанымы нақты көрсетілген. Оның
ойынша, «Ресей тарихының өте маңызды, алайда толық зерттелмеген
мәселелерінің бірі экономикасы мен әлеуметтік құрылымы әр түрлі типте
болып келетін этникалық-діни жағынан сан алуан халықтарды империя
құрамына біріктіру және оларға тұрақты түрде бақылау жасау болды».
Ж.Б. Құндақбаева «қосылу» немесе «жаулап алу» терминдерінің орнына
«империялық интеграция» сөзін қолдануды ұсынады. Осылайша, мәселенің
басқа тұрғыдан қарастырылуы империялық интеграция ретінде шет
аймақтардағы орыс емес халықтарға бағытталған Ресей саясатын зерттеудің аса
қажеттілігін туғызады деп есептейді.
Қазіргі заманғы ресейлік тарихнамада қазақ-орыс қатынастары мен
Қазақстанның Ресейге бірігу мәселелері «Ресей-Шығыс» ұлттық қатынастары
мен мәселелерін қарастырған контекст негізінде зерттеледі. Мұнда Ресей мен
Қазақстанның өзара ықпалын отарлау саясатының жағымды және жағымсыз
салдары арқылы талдауға басты назар аударылған. 1990 жылдардың екінші
жартысында жарыққа шыққан РҒА Ресей тарихы Институты ғалымдарының
ұжымдық еңбегі Ресейдің ұлттық шекараларындағы басқару жүйесінің
қалыптасуы мен дамуы мәселелеріне арналған. Кең байтақ империяның
72
барлық ұлттық шекараларын мысалға ала отырып, әкімшілік жүйенің пайда
болуы мен қызметіне жан-жақты түсінік беру және оның негізгі сипатын
салыстырмалы-тарихи талдау жұмыстың басты жетістігі болып табылады.
Авторлар ұлттық аймақтардағы басқару аппаратының құрылуы мен дамуының
көрінісін жасауға қол жеткізді. Осы материал тарихи фактілерге тек жүйелі-
тарихнамалық талдау жасап қана қоймай, сонымен қатар империя құрамына
кірген нақты тарихи жағдайларға тәуелді, сондай-ақ қоғамдық-саяси
құрылымы әр түрлі аймақтардың ішкі эволюциясының логикалық контексіне
де зерттеу жүргізген.
2003 жылы РҒА РТИ көп ұлтты Ресей империясын зерттеуге байланысты
ұжымдық жұмыс жасады. Ол Ресей өркениетінің дамуына қажетті көп
ұлттылық мәселесіне арналды. Авторлар «мемлекеттілік пен мәдениеттің
жалынында» лаулаған халық өмірінің жергілікті және этникалық
ерекшеліктерін көрсетуге ұмтылды.
Қазақ-орыс қатынастары тарихына арналған нақты жұмыстар арасынан ең
алдымен «Ресей-қазақстан арасындағы этномәдени және этносаяси өзара іс-
әрекеттер» атты мақаланы ерекше бөліп көрсетуге болады. Осы мақаладан
бірнеше үзінділер келтірейік: Кіші жүздің Ресейге қосылуы туралы былай
делінген: 1730 жылдары «Кіші орда қазақтарының» Ресей империясы құрамына
өтуі және екі ел арасындағы сауда қатынастарының жандануына байланысты
аймақтарда орыстардың белсенді отарлау саясаты басталды. Ресей үкіметі
қалалар мен бекіністер салып, «нығаю» бағытын жүргізе бастады. 1734 жылы
Сенаттың обер-хатшысы И.И. Кириловтың «Кабинетке» ұсынған «Қырғыз-
қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы түсініктеме» атты жазбасында қазақ
даласының шекаралық аймақтарын игеруді кеңейту және сауда
байланыстарын дамыту жоспары келтірілген.
Осылайша, жан-жақты және шынайы талдау әдісі Ресейдің империялық
отарлау саясаты мен Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде жойылуы туралы
ресейлік зерттеушілердің қазақстандық тарихшылармен ұқсас қорытындыға
келуіне мүмкіндік жасады.
«Отарлау дәуіріндегі Ресей, Батыс және мұсылмандық Шығыс» атты
ұжымдық монографиядағы атақты ғалым Т.И. Сұлтанов дайындаған «Ресей
мен Қазақстан: тарихы мен өзара қарым-қатынасы (XVI ғ.-XX ғ.басы)» деген
тарау ерекше қызығушылық туғызады.Біздің ойымызша, осы жұмыста
Әбілхайыр ханның ерікті түрде бодандыққа қабылдануы тек Ресейдің
Шығыстағы саяси мүдделерін қамтып қоймай, сонымен қатар Ресей
мемлекетінің даңқын одан әрі асқақтата түседі. Қаламның ұшымен, ешқандай
атыс-шабыссыз және қантөгіссіз көп санды қазақ халқы мен оның оңтүстік-
шығыс бөлігіндегі кең байтақ даланы құрамына біріктірген Ресей империясы
өзінің мінсіз мүмкіндіктеріне масаттана қарай бастады.
Автор ерікті «бодандық» түсінігін екі мағынада қабылдауға болады деп
есептейді. Мысалы, бұл жағдай қазақтар үшін Ресеймен болған әскери және
саяси одақ іспеттес. Алғашында Ресей империясы протекторат институтының
вассалдық элементтерін қолданған болса, ал кейіннен 1830-1860 жылдары іс
жүзінде жаулап алу мен отарлық бағындыруға көшті. «Қазақ даласының басқару
73
жүйесіндегі хан билігі, халық жиналысы (құрылтай), билер соты, т.б. дәстүрлі
органдардың жойылуына байланысты қазақ мемлекеттілігі де жойылды: Қазақ
жерлері Ресей империясының қарапайым шет аймақтарындағы провинцияларға
айнала бастады». Т.И. Сұлтановтың көрсеткендей, қазақ жүздерінің ресей
бодандығында болған уақыты екі негізгі кезеңге бөлінеді: бірінші кезең –
номинальды бодандық (1731ж. – ХІХ ғ. 20 ж.); екінші кезең – іс жүзінде қосылу
мен отарлық бағындыру (ХХ ғ. 30-60 жж.) немесе қазақтарды толығымен өз
бақылауында ұстау.
Т. Сұлтановтың пікірі бойынша, революцияға дейінгі орыс тарихнамасында
талқыланған номинальдылық мәселесі орыс зерттеушілері үшін номинальдық
бодандықты жүзеге асырудың маңызды міндеті ретінде қарастырылды. Біздің
ойымызша, монографияда орыс үкіметінің көшпенділер өміріне күштеу жолымен
ретсіз араласуының жағымсыз салдары нақты көрсетілген.
И.
Ерофеева
өзінің
«Қазақстандағы
миграциялық
жағдайдың
қалыптасуындағы жаңа оқулықтар мен қазіргі білім беру жүйесінің рөлі» атты
мақаласында Қазақстан Республикасындағы тарих пәнін оқыту жүйесінің
жағдайын талқылайды. Сондай-ақ, кеңестік мектепте тарих пәнін оқыту туралы
автор былай дейді: «Қазақстан өз егемендігін алғанға дейін бастауыш және
орта білім беретін мектептерде КСРО тарихы, қоғамтану, мемлекет және
құқық негіздерін оқыту, ал жоғары оқу орындарында әлеуметтік-таптық
критерийлер бойынша «кеңестік патриотизмді» және Мәскеудің интеграциялық
саясатының әділ ұстанымын бекіткен КОКП тарихы пәнінің курстарын оқыту
елдегі бірыңғай азаматтық сәйкестікті қалыптастырудың қарапайым
функцияларын атқарды».
Мұндағы КСРО тарихының құрылымы жалпы этноцентристік негізде, яғни
орыс мемлекеті мен этносының уақыт пен географиялық кеңістікке байланысты
өзгеріп отыратын тарихы ретінде жасалынды. Басқа этностардың тарихи
жағдайлары бірнеше жеке тараулар түрінде беріліп, қосымшалық ұстанымына
сәйкес оқулықтың негізгі мазмұнымен байланыстырылды. Бүгінде көптеген
зерттеу еңбектерінде қазақ халқының тарихы жеке, дербес тәуелсіз мемлекет
ретінде, ежелден автохтонды болғандығы дәлелденді.
Ғылымның дамуы үздіксіз сипатқа ие бола отырып, жеке зерттеушілердің
мүддесі мен нұсқауларына бағынбайды. Қазіргі таңда қазақстандық және
ресейлік зерттеушілер өткен тарихты ешқандай идеологиялық нұсқауларсыз,
субъективті көзқарассыз, сондай-ақ бір жақтың рөлін ұлғайту арқылы екінші
жақты төмендетпей қарастыруға ұмтылыс жасауда.
Ғалымдар ресейлік тарихнаманың әр түрлі даму кезеңіндегі қазақ
даласының интеграциялық үрдістерін жан-жақты түсіндіреді: қосылу, отарлау,
жаулап алу және т.б. Кез-келген терминдік түсіндіру бойынша, интеграция
дегеніміз – бұл тек жетістіктерге ғана қол жеткізу емес, сонымен қатар белгілі
бір артықшылықтардан да айрылу. Ресей тарихнамасының даму мәселесі осы
екі полюс арасында өзгеріп отырады. Қазақ даласының Ресей империясының
құрамына интеграциялануы әр түрлі кезеңдерге байланысты бірде «игілік іс»
ретінде, бірде «кіші зұлымдық» немесе «шексіз зұлымдық» ретінде бағаланды.
Алайда, зерттеушілер бір ауыздан «қазақ даласы империяның бір елі ажырамас
74
бөлігіне айналды» деген пікірді ұстанды. Бірақ, осы интеграциялық үрдістердің
қандай жолмен жүзеге асырылғаны туралы негізгі мәселе өз шешімін тапқан
жоқ. Далалық ерекшеліктерге бейімделген Ресей тарапы өзінің жетістіктеріне
сай қазақтар жағына да кейбір ішкі бостандықтарды беріп отырды.
«Қазақстанда тәуелсіз тарихи және тарихнамалық ой-пікірлердің
қалыптасуы» атты 2004 жылы қорғалған зерттеуші Ш.Ж. Нартбаевтың
кандидаттық диссертациясында: «Халқымыздың өткенін шынайы көрсету және
бұрмаланған тарихты қалпына келтіру мақсатында қазақ тарихшылары
тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Ресейдің Қазақстанды отарлауы мен оған
қарсы пайда болған ұлт-азаттық қозғалыстар және соғыстар туралы көлемді
зерттеулер жүргізіп монографиялық, диссертациялық еңбектер жаза бастады», -
деп, автор олардың тәуелсіз ой-пікірлерінің негізгі бағыттарын:
- Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи алғышарттарын, ондағы жеке
тұлғалардың орны мен ролін анықтау;
- қазақ жерін орыс-казактарының жаулауына жаңа көзқарастар
қалыптастыру:
- Ресей отарлауына қарсы ұлт-азаттық көтерілістерге байланысты тың
қорытындылар жасау, - деп бөліп көрсетті. Көптеген еңбектерді талдай келе,
Ш.Ж. Нартбаев: «Қазақстанның Ресейге қосылуы немесе Ресейдің Қазақстанды
отарлау процесі, тәуелсіз Қазақстан тарихшыларының пікірінше XVI ғасырдың
80-ші жылдары басталып, XVIІІ ғасырда жалғасқан, ал ХІХ ғасырда аяқталған.
Зерттеулерге талдау көрсеткендей, бұл процестің алғышарттары XVI, XVII
ғасырлар мен XVIII ғасырдың алғашқы он жылдықтарындағы орыс
патшаларының шығыстағы жаулау саясатында және XVIІІ ғасырдың бірінші
жартысындағы қазақ жүздерінің хан-сұлтандары мен төбе билерінің ұстанған
саясаттарында негізделген», - деп қорытындылайды.
Осылайша, тарихнаманың қазіргі кезеңіндегі ресей-қазақ қатынастары мен
әкімшілік-саяси және әлеуметтік-экономикалық интеграция мәселелері
бұрынғы кезеңмен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктерге ие бола бастады.
Қазіргі заманғы ғылыми әдебиеттерде бағалаудың көп мағыналық сипаты жиі
кездеседі. Сонымен қатар, осы мәселеге қатысты ғылыми пікірталастар
жүргізіліп, жаңа методологиялық бағыттар жасалуда.
Достарыңызбен бөлісу: |