Ж. Е. Жаппасов XVI-XVIII ғҒ. ҚАзақ-орыс



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата22.12.2016
өлшемі1,15 Mb.
#212
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ж.Е. ЖАППАСОВ  
 
 
 
 
 
 
 
XVI-XVIII ҒҒ. ҚАЗАҚ-ОРЫС  
ҚАРЫМ – ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ 
ТАРИХЫ 
 
 
 
Оқу құралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 
«Қазақ университеті» 

 

                                                                 2011 
ББК 63.2 
Ж 21
 
Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  
жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің гуманитарлық  
және жаратылыстану ғылымдар мамандықтары  
Секция мәжілісі шешімімен ұсынылған 
(№1 хаттама 28 қаңтар 2011 ж.) 
 
 
                                             
Пікір жазғандар: 
 
                тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.Ә. Төлебаев 
                тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.А. Сүтеева 
                тарих ғылымдарының кандидаты, доцент М.Т. Жұмаділ 
 
 
 
Ж 21   
           Ж.Е. Жаппасов  
XVI-XVIII  ғғ.  қазақ-орыс  қарым-қатынастарының  тарихы.  –  Алматы:  Қазақ 
университеті, 2011. - 147 б. 
 
ISBN 9965-791-58-9 
 
 
 
Бұл  оқу  құралы  XVI-XVIII  ғғ.  Қазақ  хандығының  маңызды  кезеңін 
зерттеуге арналады. Онда қазақ-орыс елдері арасындағы саяси, елшілік, сауда-
экономикалық қарым-қатынас тарихы көптеген жазбаша және ауызша деректер 
мен  зерттеу  еңбектерінің  негізінде  жан-жақты  талданған.  Сонымен  қатар, 
студенттерге қазақ-орыс байланыстарын зерттеу мен талдау методикалары мен 
тәсілдері  көрсетіліп,  жас  зерттеушілерге  тарихи  талдау  әдістемесін  тез 
үйренудің тиімді жолдары ұсынылған.  
Оқу  құралы  тарих  факультеттерінің  студенттеріне,  магистрларға  және 
басқа да қазақ тарихын зерттеу ісімен айналысушыларға арналған. 
  
ББК 63.2 
 
 
ISBN 9965-791-58-9 
 
 
                                                                                                  ©Жаппасов Ж.Е., 2011 

 

©«Қазақ университеті»., 2011 
АЛҒЫ СӨЗ 
 
Бүгінгі  таңда  Қазақстан  Республикасы  бірнеше  ғасырларға  созылған 
отаршылдық  бұғауынан  арылып,  өз  тәуелсіздігіне  қол  жеткізіп,  егеменді  ел 
ретінде  дүниежүзіне  танымал  болды.  Осыдан  бастап  дербес  мемлекет  ретінде 
қазақ  халқы  өзінің  төл  тарихына  үңіліп,  ата-бабаларының  сан  ғасырлар  бойы 
жүріп  өткен  жолын  зерттеуге  деген  құштарлығы  артып,  қызығушылығы  мен 
сұранысы  өсті.  Сондықтан  да  Отандық  тарихты  обьективті  тұрғыдан  қайта 
қарап,  зерттелмеген  беттерін  қайта  жазу,  ашылмай  келген  көмескі  тұстарын 
тереңірек  зерттеу  –  бүгінгі  таңда  тарихшылардың  алдында  тұрған  кезек 
күттірмес өзекті мәселелердің бірі. 
Қазақстан тарихында ең бір өзекті де күрделі, қарама-қайшылықтарға толы 
мәселе - XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастары. Өйткені, XVI-XVIII ғғ. 
қазақ  елі  мен  орыстар  арасындағы  байланыстардың  тарихын  жан-жақты, 
бүгінгі  күнгі  талаптарға  сай  зерттеп,  оның  зерделенуіндегі  жетістіктер  мен 
кемшіліктерін  анықтауға  мүмкіндіктер  туғызатын  тарихнамалық  ізденістердің 
қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ, өзінің дамуында ұзақ әрі ауыр, күрделі де 
өзіндік  ерекшеліктерге  толы  болған  қазақ-орыс  қарым-қатынастары  төл 
тарихнамамызда обьективті тұрғыдан зерделеніп, тиісті бағасын ала алған жоқ. 
Дегенмен,  біздің  зерттеу  обьектіміз  болып  отырған  Қазақ  хандығының  орыс 
елімен  байланыстарын  бүгінгі  жаңарған  тарих  ғылымының  сұранысына  орай 
терең  зерттеудің  қажеттілігін  академик  М.Қ.  Қозыбаев:  «...бізде  зерттелмей 
келе  жатқан  мәселе  –  ұлтаралық,  мемлекетаралық  қатынас,  өркениеттер 
ықпалы, мәмлегерлік тарихы», - деп, атап көрсеткен еді. 
Әртүрлі  саяси  оқиғаларды  басынан  кешірген  қазақ  халқының  тарихында 
XVI-XVIII  ғасырлар  аралығы  ерекше  кезеңдердің  бірі  болып  табылады. 
Өйткені,  осы  кезеңде  қазіргі  Тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының  іргетасы  – 
Қазақ  хандығы  тарих  сахнасына  шығып,  қазақ  елі  халық  болып  қалыптасып, 
ішкі және сыртқы саясатын белсенділікпен жүргізе бастады. 
XVI-XVIII  ғғ.  аралығындағы  Қазақ  хандығының  көрші  мемлекеттермен, 
соның ішінде іргелес орыс елімен жасаған қарым-қатынасын зерттеудің бүгінгі 
таңда  маңызы  зор.  Әрине,  осы  уақытқа  дейін  Қазақ  хандығының  көрші  орыс 
елімен  қарым-қатынас  тарихы  көптеген  ғылыми  зерттеулерде  қарастырылған 
мәселелердің бірі болғанымен, төл тарихнамамызда обьективті зерттелініп, бір 
арнаға түсе алмай немесе Кеңес дәуірі тұсындағы зерттеушілердің еңбектерінде 
маркстік-лениндік  идеологияның  үстемдік  етуімен  бір  жақты,  үстірт 
қарастырылып келген тақырыптардың бірі болғанына көзіміз жетіп отыр. 
Бүгінде  XVI-XVIII  ғғ.  қазақ-орыс  байланыстары  мәселесін  ашып 
көрсететін  тарихи  еңбектерді  терең  зерттеу  Қазақстанның  тарихнама 
ғылымының  дамуында  ерекше  маңызға  ие.  Қазіргі  таңда  тарих  ғылымындағы 
жаңа теориялық-концептуалдық тұрғының қалыптасуы және оны зерттеулерде 
пайдалану,  біз  қарастырып  отырған  XVI-XVIII  ғғ.  қазақ-орыс  қарым-
қатынастарының  маңызды  мәселелерін  анықтауға  және  оның  жаңа  қырларын 
айқындап, ашуға көмектеседі. Бұл мәселеге қатысты зерттеушілердің ғылыми-

 

тарихи  көзқарастарына  баса  назар  аударып,  ондағы  ғылыми  пікірлер  мен 
дәйекті тұжырымдарды қайта ой елегінен өткізіп, жаңа концептуалдық тұрғыда 
қарастыру,  Отандық  тарих  ғылымында  дер  кезінде  орын  алған  құбылыс. 
Кешенді  дерек  көздерін  талдау,  оларды  пайдалану  арқылы  өткеннің  шынайы 
көрінісін  қалпына  келтіріп  көрсету  тарих  ғылымының  дамуындағы  ең  бір 
қажетті шарттардың бірі. 
Қазірде өзекті міндеттерді шешуде өткенді қайта қарап, одан тарихи сабақ 
пен  тәжірибе  алудың  маңызы  аса  зор,  ал  онымен  тарих  ғылымы  ғана  емес, 
тарих ғылымының тарихы да айналысады. 
XVI-XVIII  ғғ.  Қазақ  хандығы  мен  көршілес  орыс  елі  арасындағы  қарым-
қатынастар  мәселесі  төңкеріске  дейін  де,  Кеңес  өкіметі  тұсында  да, 
тәуелсіздігімізді алғаннан кейін де тарихшылар мен зерттеушілердің назарынан 
тыс қалмаған күрделі тақырыптардың бірі екендігі айқындалды.  
Қазақстанның  геосаяси  жағдайы,  халықтың  көп  ұлтты  болуы,  ұлттық 
идеяның  дамуы  қазақ  мемлекеттілігінің  тарихын  қарастырғанда  абстрактілі 
және жеңіл-желпі тұрғыда қараудан бас тартуды, керісінше терең де жан-жақты 
зерттеуді қажет етуде. XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс байланыстарының сипаты мен 
барысын,  тарихын  зерттеген  зерттеушілердің  пікірлерін  талдау  Қазақ 
мемлекетінің  Ресей  елінің  отарына  айналу  мәселесінің  алғышарттарын 
айқындап беруімен де құнды. 
Сонымен  қатар,  бұл  мәселе  таза  тарихи  ғана  емес,  саяси  да  өзекті 
проблемалардың  бірі.  Өйткені,  халықтардың  қарым-қатынас  пен  байланыстар 
тарихын  зерттеу  бүгінгі  таңда  маңызды  мәселелердің  бірі.  Олар  ертеңгі 
ауқымды  өзгерістер  мен  бүгінгі  тарихтың  жолын  айқындап,  болашаққа  сабақ 
болады.  Бұл  ретте  Т.А.  Мансұровтың:  «Халықтарымыздың  өткенін  оқып 
үйрену  қазіргі  кезді  жақсырақ  түсінуге,  тіпті  болашақ  шымылдығын  түре 
түсуге көмектеседі»
1
, - деген сөзі өте орынды. 
Әрине,  тарихтың  не  бір  аумалы-төкпелі  кезеңдеріне  қарамастан,  көрші 
Ресей  елімен  Қазақстан  қашанда  жарқын  тату  достық  қарым-қатынаста  өмір 
сүретіндігі  ақиқат.  Бұл  ретте  ел  басымыз  Н.Ә.  Назарбаев:  «Для  обеспечения 
своей  независимости  и  территориальной  целостности  мы  должны  быть 
сильным  государством  и  иметь  надежные  и  дружественные  отношения  с 
соседями.  Поэтому  мы  будем  развивать  и  укреплять  доверительные  и 
равноправные  отношения  с  нашим  ближайшим  исторически  дружественным 
соседом – Россией»
2
, – деген сөзін келтіріп отырмыз. 
Пәнді  оқытудың  мақсаты  –  XVI-XVIII  ғғ.  Қазақ  хандығы  мен  орыс 
мемлекеті  арасындағы  саяси,  сауда-экономикалық,  мәдени,  дипломатиялық 
қарым-қатынас  тарихын  жан-жақты  саралап,  тақырыптың  отандық  және 
шетелдік  тарихнамада  пайымдалуын,  оның  негізгі  бағыттарын,  тақырыптық 
аясын, мазмұны мен көзқарастар эволюциясын, жетістіктері мен кемшіліктерін 
                                                           
1
 
Мансұров Т.А. Қазақстан және Ресей: егемендену, кірігу, стратегиялық әріптестік тәжірибесі. - Алматы: Қазақстан, 1999. - 
344 б. 
2
 
Президент Нурсултан Назарбаев. Стратегия вечной дружбы Казахстан-Россия. – М., 2002. – С. 408.
 

 

анықтап, студенттерге нақты тарихи дерек көздерін оқып, пайдалану әдістерін 
меңгерту болып табылады. 
Пәнді оқытудың міндеттері: 

 
XVI-XVIII  ғғ.  қазақ-орыс  қатынастар  тарихының  зерттелу  деңгейін 
анықтау; 

 
XVI-XVIII  ғғ.  қазақ-орыс  қатынастарының  негізгі  бағыттарын,  елшілік 
байланыстарды тарихи еңбектер мен деректердің негізінде жан-жақты зерттеу; 

 
XVIII  ғасырдағы  Қазақстанды  отарлау  тарихын  жаңа  концептуалды 
тұрғыда талдап, кемшіліктері мен жетістіктерін айқындау; 

 
Зерттеулер  мен  ауызша  тарих  айту  дәстүрінде  қазақ-орыс 
қатынастарындағы  сыртқы  қауіп  факторын  талдау  арқылы,  зерттелмеген 
мәселелер шеңберін анықтау; 

 
Қазақ-орыс  елдері  арасындағы  сауда-экономикалық  байланыстарын 
тарихи деректер мен еңбектердің негізінде жан-жақты талдау; 

 
Қазақстан  мен  Ресей  арасындағы  XVI-XVIII  ғғ.  мәдени  және 
экономикалық  байланыстар  тарихын  жаңа  тұрғыда  талдап,  мүлдем 
зерттелмеген немесе әлі де толықтыруды қажет ететін мәселелерді анықтау. 
Оқу құралы тарих, халықаралық қатынастар факультеттерінің студенттері 
мен  магистрлеріне,  жас  зерттеушілерге  арналған.  Онда  XVI-XVIII  ғғ.  қазақ-
орыс қарым-қатынастарының бағыты, сипаты, кезеңдері жан-жақты талданған. 
Сонымен  қатар,  онда  көптеген  деректер  мен  ғылыми  зерттеулер,  ауызша 
тарихи  деректер  кеңінен  пайдаланылып,  мәселе  жаңаша  концептуалдық 
тұрғыда  зерделенген.  Тарихи  фактілер  мен  оларды  талдау  әдістемесі  де 
ұсынылған.  
Оқу  құралы  ҚР  Білім  және  Ғылым  министрлігі  бекіткен  «Тарих» 
мамандықтары  бойынша  университет  студенттеріне  арналған  «Қазақстанның 
ортағасырлардағы тарихы» пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес дайындалған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1 XVI-XVIII ҒҒ. ҚАЗАҚ-ОРЫС ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ  
ЗЕРТТЕЛУІ МЕН ЕЛШІЛІКТЕР ТАРИХЫ  
 

 

1.1 Қазақ-орыс қатынастарының тарихнамасы 
 
Қазіргі  кезеңдегі  қазақ  мемлекеттілігінің  жағдайы  жүйелі  қайта  құру 
үрдісімен  сипатталады.  Осыған  сай,  бұл  қазақ-орыс  қарым-қатынастарының 
тарихын  зерттеу  маңызды  орынды  иеленді.  Мемлекетаралық  байланыстар 
тарихының  қалыптасуы,  отарлауға  дейінгі  даму  эволюциясын  ретроспективті 
талдау,  содан  кейін  Ресейдің  империялық  саясатының  белсендеуіне  қатысты, 
қазақ жерлерін отарлау есебінен территориясын кеңейту, Ресей империясының 
құрамына  кіруі  ғылыми  және  саяси  маңызға  ие.  Ол  қазақ-орыс  қатынастар 
тарихын  зерттеуге  қатысты  бұрынғы  прогрестік  ойлау,  бір  бағыттық 
еліктеушілік(стереотиптер)  пен  догмалардан  тәуелсіз,  жаңа  тұрғылардың 
қалыптасуы,  тарихи  білімнің  мазмұны  мен  деректік  базасын,  тарихнаманың 
болашақта дамуы мүддесі үшін қажет. 
Соңғы  он  жылдықта  XVI-XVIII  ғасырлар  кезеңіндегі  қазақ-орыс 
байланыстарына  арналған  бірнеше  еңбектер  жарияланды,  олар  Қазақстанды 
төмендету мен Ресейдің рөлін дәріптеуге негізделген бұрынғы методологиялық 
тұрғыларды  қайта  ой  елегінен  өткізу  тұрғысынан  жазылған.  Бүгінде  отарлық 
тәуелділік  пен  бағыныштылық  идеологиясынан  арылу  Қазақстандық 
ғалымдардың көзқарастары мен пікірлерінің алуан түрлілігіне, кейде түбегейлі 
бір-біріне  қарама-қарсы  болуына  алып  келді.  Бірқатар  еңбектерде  ұлттық 
экономиканың  ұйысуы,  ұлттық  тәуелсіздігіміздің  жойылуы,  ұлттық 
мәдениетіміздің кедейленуі тек қана Ресейдің осы аймақта нықталып қалуының 
салдарынан  болғандығы  негізделіп,  біржақты  бағаланады.  Сондықтан  да  бұл 
мәселені жаңа концептуалдық тұрғыдан, жан-жақты зерттеу қажет.   
ХVІ-ХVІІІ  ғасыр  Қазақстан  тарихында  негізгі  кезеңдердің  бірі  болып 
табылады.  Бұл  қазақ  мемлекеттілігінің  күшеюі  мен  нығаю  кезеңі.  Ғасыр 
басында  Қазақ  хандығы көрші  елдермен  тығыз  байланыстар  орнатып,  әскери-
саяси,  сауда-экономикалық,  рухани-мәдени  салада  белсенділік  көрсетті.  Қазақ 
хандығының  нығаюы  және  оның  күшеюі  мемлекеттік  беделін  арттырып, 
сыртқы  саясат  пен  дипломатиялық  қарым-қатынас  саласында  белгілі 
табыстарға  қол  жеткізді.  Қазақ  елі  өз  кезегінде  өмір  сүрген  Орта  Азия 
хандықтарымен,  Еділ  бойындағы  елдермен,  батыс  Сібір  хандығы  мен  орыс 
мемлекетімен  саяси,  сауда-саттық  және  дипломатиялық  қарым-қатынастар 
орнатты.  
Қазақ хандығы батыстағы көршісі Мәскеу мемлекетімен қарым-қатынасқа 
түсу  тарихы  қаншалықты  күрделі  болса,  соншалықты  жүйеге  толық  түспеген 
мәселелердің  бірі.  Тарихи  материализмге  негізделген  маркстік-лениндік 
идеология  мен  методологияның  тоқырауы  қазақстандық  тарих  ғылымының 
алдында  ХVІ-ХVІІІ  ғғ.  қазақ-орыс  қарым-қатынастары  тарихнамасының 
теориялық-методологиялық жаңа негізін жасау мәселесін тудырды. Теориялық 
және  методологиялық  мәселелерді  жаңа  көзқараспен  негіздеу  үшін 
тарихнамалық  ой-пікірлер  мен  тұжырымдарды  анықтап  қана  қоймай, 
болашақта тәуелсіз Қазақстан тарихы қандай бағыттарда зерделеніп, зерттелуі 
керектігін де анықтауымыз керек. Онсыз тәуелсіз тарих ғылымы да, тарихнама 
да алға баспайды. 

 

Қазақстанның  тәуелсіздік  алуы  өз  елінің  тарихын  қайта  қарап,  бұрын 
соңды  маркстік-лениндік  идеологияға  сай  жазылған  мәселелерді  қайта  ой 
елегінен  өткізіп,  салиқалы  да  салмақты  зерттеулерді  жазуға  негіз  берді.  Біз 
қарастырып  отырған  XVI-XVIII  ғғ.  қазақ-орыс  қарым-қатынастарын  зерттеу 
осы  кезеңде  де  өзінің  жалғасын  тауып,  жаңа  концептуалдық  негізде, 
«өркениеттілік»,  «ұлттық»  идеяны  басшылыққа  алып  әртүрлі  қырынан 
зерттеліне бастады. 
Қазақстанның  отарлық  кезеңінің  тарихына,  әсіресе  оның  түйінді 
мәселелеріне  отандық  тарих  негізінен  еліміз  тәуелсіздік  алғаннан  соң,  яғни 
1991  жылдан  кейін  баса  назар  аудара  бастады.  Бұл  түсінікті  де,  өйткені,  шет 
аймақ  халықтарының  сол  кезде  отар  елдер  халықтары  аталатынындай, 
жабайылар  тарихы  мәселелері  өткен  кездерде  империялық  өктемдіктің  және 
марксизмнің  қасаң  қағидасы,  тоталитаризм,  жеке  адамға  табынушылық 
идеологиясының ықпалымен көрінеу бұрмалаушылыққа ұшыратылды. 
XVI-XVIII  ғғ.  қазақ-орыс  қарым-қатынастары  мәселесі  хақында  көптеген 
зерттеулер  баршылық.  Алайда  жарияланған  еңбектер  бір  жүйеге  келтіріліп, 
сараланбаған,  яғни  екі  ел  арасындағы  түрлі  байланыстар  туралы  арнайы 
жазылған іргелі тарихи және тарихнамалық зерттеулер жоқтың қасы. 
Зерттеуші  Н.  Алдабек
3
  өзінің  ғылыми  монографиясында  Орталық 
Азиядағы халықаралық қатынастардың қалыптасу тарихы Қытай мен Ресейдің 
осы  аймақтағы  жүргізген  саясатына  тікелей  байланысты  деп  атап  өткен. 
Қытай  мемлекеті  Орталық  Азиядағы  халықаралық  қатынастарға  сонау  көне 
замандардан,  б.  з.  дейінгі  бірінші  мың  жылдықтан  бастап,  яғни,  өзінің  Ұлы 
қабырғасын  сала  бастаған  кезеңнен  бері  араласа  бастаса,  Ресей  өзінің  бұл 
аймақтағы  империялық  шекараларын  Қытаймен  жақындастырған  кезеңнен, 
яғни,  ХҮШ  ғасырдан  бастап  қана  кіріскені  мәлім.  Бұл  екі  елдің  үш  жүз 
жылдан  астам  уақыттан  бері  келе  жатқан  Орталық  Азиядағы  геосаяси 
бәсекелестігінің  тарихына  қазіргі  заман  заңдылықтары  тұрғысынан  көз 
жүгіртіп,  олардың  арасындағы  мемлекетаралық  қатынастарының  қалыптасу, 
даму мәселелеріне жаңаша көзқараспен қарап, объективті баға беруді қажет 
ететіні  сөзсіз.  Патшалық  Ресей  Орталық  Азиядағы  халықтар  мен  елдерге 
қатысты  мемлекетаралық  саясатының  қыр-сырына  тереңірек  үңілу  бұл 
мәселені  жүйелі  зерттеуде  жаңа  ғылыми  методологиялық  негіздерге 
сүйенуге  мәжбүр  етеді.  Себебі  осы  күнге  дейін,  Ресей  мен  Қазақстан 
арасындағы  өзара  байланыстардың  тарихын  сараптауда  қолданылып  келген 
әдістер екі елдің арасындағы қатынастардың нағыз объективті сипатын ашуға, 
оның  кейбір  маңызды  аспектілерінің  қырларын  шынайы  себептерімен  қоса 
көрсетуге  жеткілікті  болмай  шықты.  Ресейлік  және  Қазақстан  зерттеушілері 
осы  тарихи  байланыстардың  сипатын  айқындауда  көбінесе  біржақты  саяси 
көзқарас  тұрғысынан  аса  алмай,  бір-бірінің  саясатын  сыңаржақ  бағалаумен 
шектеліп отыр.  
                                                           
3
 
Алдабек Н. Тарихы талқыға толы Шыңжаң. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 432 б.
 
 

 

Біз бұл оқу құралында тарихи методология және тарихи әдістермен қатар 
халықаралық  қатынастар  теориясының  концепцияларына  методологиялық 
негіз ретінде назар аударғанды орынды деп санадық. Әлемдік ғылымда, соның 
ішінде халықаралық қатынастар теориясында мемлекетаралық қатынастардың 
мазмұны  мен  сипатын  анықтауда  мемлекеттер  арасындағы  қоғамдық,  ұлттық 
және  мемлекеттік  мүдделердің  мазмұнын  айқындау,  олардың  бір-бірімен 
түйісуі,  тоғысуы,  сәйкес  келуі  немесе  қайшы  келуі  сияқты  жағдайларының 
себебін талдау үлкен маңызға ие болуда.  
Кез  келген  мемлекет  немесе  қоғам  өзінің  қоғамдық,  ұлттық  және 
мемлекеттік  мүдделерін  саясат  арқылы  іске  асыратыны  белгілі.  Яғни  саясат 
осы  мүдделердің  көрінісі,  оны  іске  асырудың  бірден-бір  жолы  болып 
табылады. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын негізгі үш факторлар тобы 
айқындайды:  обьективтік  тарихи,  геосаяси,  әлеуметтік-экономикалық 
жағдайлар.  Әрбір  мемлекет  өзінің  сыртқы  саясатын  ұлттық  немесе 
мемлекеттік  мүддені  сақтау  және  оны  жүзеге  асыру  барысында  халықаралық 
қатынастардың  әрқилы  факторларын  есепке  ала  отырып  іске  асыратыны 
белгілі.  Осы  факторлардың  кешенін  айқындайтын  географиялық,  саяси, 
геосаяси,  әлеуметтік-экономикалық,  сауда  қатынастары,  отаршылдық  саясат, 
қысқа  мерзімдік  қалыптасқан  халықаралық  жағдайлар  немесе  өте  ұзақ 
мерзімге  бағытталған  халықаралық  қатынастар  тәрізді  факторлар 
мемлекеттердің  сыртқы  саясатындағы,  қазіргі  кездегі  халықаралық 
қатынастар теориясындағы жиі қолданылып жүрген,    «ұлттық    мүддесі»    
немесе        «мемлекеттік        мүдде»  концепцияларының  мазмұнын  айқындауға 
негіз болып отыр. 
Мемлекеттер  арасындағы  мүдделердің  бір-бірімен  қайшылыққа  келуі 
халықаралық  қатынастар  теориясындағы  сыртқы  саясатта  әрекет  етуші 
обьективті  жағдай  мен  субьектілердің  де  атқаратын  роліне  байланысты 
болады. Қазақ хандығы да, Орыс елі де халықаралық қатынастарда әрқайсысы 
жеке  дербес  субьектілер  болғандықтан,  олардың  сыртқы  саясаттағы  ұлттық-
мемлекеттік  мүдделерінің  өзіне  тән  ерекшеліктері  мен  айырмашылықтары 
болады.  
Ұлттық-мемлекеттік мүдделердің сыртқы саясатта түрліше көрініс табуы, 
оларды іске асырушы мемлекеттік тұлғаларға да байланысты болады. Мысалы 
жеке  тұлғалар  мемлекеттер  арасындағы  саясатта  ерекше  роль  атқарып, 
мемлекеттік  мүдделерді  қалыптастыруды  өз  қолдарына  алатындықтан, 
тұлғалар  арасындағы  келіспеушілік  немесе  өзара  татулық  мүдделердің  де 
өзгеруіне әкеліп отырады.  
Кез келген екі елдің сыртқы саясатын қалыптастыруда ішкі және сыртқы 
обьективтік,  субьективтік  факторлар  шешуші  және  тұрақты  роль  атқарады, 
олардың арасындағы мүдделер тоғысуы немесе қайшы келу сипатын айқындау 
да  шешуші  маңызға  ие.  Бұл  факторларды  талдау  арқылы  мемлекеттердің 
арасындағы  олардың  мүдделерінің  сақталу  немесе  бұзылу  жолдары 
айқындалып, елдердің жеке-жеке мақсат-міндеттері анықталады.   
Сонымен  қатар,  қазақ-орыс  қатынастарына  қатысты  зерттеулерді  талдау 
барысында тарих ғылымына тән және жалпы ғылыми методтар мен теориялар, 

 

тұрғылар  мен  қағидалар,  концепциялар  мен  тәсілдер  мүмкіндігінше  кеңінен 
пайдаланылды.  
XVI-XVIII  ғғ.  қазақ-орыс  қарым-қатынастары  мәселесін  зерттеуде 
пайдаланылған деректерді шартты түрде төрт топқа бөліп қарастыруға болады. 
Оның  ішінде  бірінші  топқа  –  тарихнамалық  деректердің  ішінде:  қазақ-орыс 
қатынастары,  елшілік,  сауда-экономикалық  байланыстар  туралы  мәліметтер 
беретін  төңкеріске  дейінгі  зерттеушілердің  жарияланған  еңбектері;  маркстік-
лениндік  идеологияға  сай  жазылып,  бірақ  біздің  тақырыпқа  сәйкес  біршама 
мағлұматтар  беретін  Кеңес  зерттеушілерінің  еңбектері;  тәуелсіздік  алғаннан 
кейінгі  кезеңде  жарияланған  еңбектер  кіреді.  Бұл  тарихнамалық  деректердің 
өзін 2 кішігірім топшаларға бөлуге болады: 

 
төңкеріске дейінгі мерзімді басылымдар, хабарлар мен есептер және т.б.; 

 
ғылыми еңбектер мен зерттеулер. 
Деректердің  2-тобын  XVI-XVIII  ғғ.  қазақ-орыс  қатынастарын  зерттеуге 
көмектесетін мұрағат қорларындағы құжаттарды жатқызуымызға болады. Олар 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасының  аясында  (2004  ж  12  ақпан  №171  нұсқау) 
Ресейдің  ежелгі  актілер  мұрағатынан  екіжақты  келісім  шарттың  негізінде 
Қазақстанға қайтарылды. Бұл қорларда сақталған құжаттардың хронологиялық 
шегі  1585-1876  жж.  Ол  қорлар  ҚР  ОММ  жинақталды,  олар:  Преображенский 
приказ  о  тайной  канцелярии;  Сибирский  приказ  об  управлении  Сибирью; 
Сношения  России  с  Бухарой;  Зюнгарские  дела;  Калмыцкие  дела;  Киргиз-
кайсацкие дела; Мунгальские дела; Сибирские дела және т.б. 
Деректердің    үшінші  тобына  жарияланған  құжаттар  мен  деректер 
жинақтары  жатады.  Олардың  ішінде  «Полное  собрание  законов  Российской 
империй»,  «Свод  законов  Российской  империй»,  «Сборник  узаконений  о 
киргизах степных областей», «Казахско-русские отношения XVI-XVIII веках» 2 
томы«Материалы по истории политического строя Казахстана», «Материалы 
по  истории  Казахского  ханство  XV-XVIII  вв.»,  «Прошлое  Казахстана  в 
источниках и материалах»
4
, «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында «Дайк-
Пресс»  баспасынан  жарық  көрген  «История  Казахстана  в  русских  источниках 
XVI-XX  веков
5
»  сериясымен  2005-2007  жж.  шығарылған  10  томдық  және  т.б. 
құрайды. Бұл 10 томдық деректердің әр томы ерекше, ал ең бастысы «Мәдени 
мұра»  мемлекеттік  бағдарламаның  аясында  2005-2007  жж.  жинақталып, 
жарияланған  болатын.  Деректі  жариялауға  ҚР  БЖҒМ  Ш.Ш.  Уәлиханов 
атындағы  тарих  және  этнология  институтының  «Тарих  және  этнография» 
секциясы, М.Қ. Қойгелдиев, К.С. Алдажұманов, С.Ф. Мажитов, И.В. Ерофеева, 
А.И. Исин және т.б. ғалымдар ұжымы атсалысты.   
                                                           
4
 
Сборник  узаконений  о  киргизах  степных  областей.  /  Состав.:  И.И.    Крафт.  –  Оренбург,  1898.  –  С.  532.;  Материалы  по 
истории  политического  строя  Казахстана.  –  Т.  1.  –  Алма-Ата:  АН  Каз  ССР,  1960.  –  С.  441.;  Материалы  по  истории 
Казахского ханство XV-XVIII веков. (извлечение из персидских и тюркских сочинений). – Алма-Ата: АН КазССР, 1969. - С. 
651.;
 
Прошлое  Казахстана  в  источниках  и  материалах.  (Под.  ред.  Асфендиярова  С.Д.,  Кунте  П.А.).  –  Ч.  2.  –  Алматы: 
Казахстан, 1997. – С. 350.;  
5
 
История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков. - Т. 1-10. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005-2007.  
 

 
10 
Жалпы көне тарихымыздан белгілі, Ресей елі қазақтардың тарихи көршісі. 
Сондықтан  да,  әлі  күнге  дейін  толығымен  зерттелмеген  XVI-XVIII 
ғасырлардағы қазақ-орыс қарым-қатынастары, елшіліктер мен дипломатиялық, 
сауда-экономикалық,  саяси  байланыстардың  тарихы  мен  тарихнамасын 
зерттеудің  маңызы  зор.  Бұл  мәселені  зерттеу,  әрине,  көптеген  деректер  мен 
зерттеу  еңбектерін  қамтуды  қажет  етеді.  Ал  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік 
бағдарламаның  аясында  шығарылған  10  томдық  деректің  әрқайсысының 
ғылыми  маңызы  мен  орны  ерекше.  Олардың  әр  бір  томында  жеке-жеке 
деректер  мен  құжаттардың  мәтіні,  оларға  берілген  ғылыми  комментарилер, 
кіріспе  іспеттес  тарихнамалық  очерк,  пайдаланылған  әдебиеттер  мен 
қысқартулар тізімі, есімдер мен географиялық атаулар көрсеткіштері берілген. 
Томдардың  көбісінде  оригинал  деректердің  фото  көшірмелері  тұңғыш  рет 
беріліп  отыр.  Ғылыми  айналымға  жаңа  деректердің  қосылуы  тарихи 
оқиғаларды толық және тереңірек зерттеуге мүмкіндіктер береді.     
«Посольские материалы русского государства (XVI-XVIII вв.)» 2005 жылы 
жарық  көрген  деректің  1-ші  томында  1481-1697  жылдарға  дейінгі  268  тарихи 
құжаттар  енгізілген.  Кітаптың  алғысөзін  «История  Казахстана  в  русских 
источниках  XVI-XX  веков»  сериясының  меңгерушісі  И.В.  Ерофеева  мен               
А.И.  Исин  жазып,  дайындады.  Бұл  құжаттар  Мәскеу  мен  Санкт-Петербург 
қалаларындағы  мұрағаттар  мен  сирек  кездесетін  қолжазбалар  қорлары  мен 
кітапханалардан  алынған  болатын.  Ол  құжаттардың  барлығында  Қазақ 
хандығының  XVI-XVII  ғғ.  саяси  тарихы,  қазақтардың  көршілермен  қарым-
қатынастары,  көші-қондары,  тарихи  тұлғалардың  жеке  өмірлері  мен  саяси 
қызметі туралы көптеген мәліметтер бар.    
«Русские летописи и официальные материалы XVI- первой трети XVIII в. о 
народах Казахстана» 2005 ж. жарыққа шыққан 2-ші томында XVI-XVII ғғ. орыс 
жылнамаларының Сібір  тарихы  жөніндегі  мәтіндер,  Сыртқы  істер  коллегиясы 
мен  шекаралық  Қазан,  Астрахань,  Сібір  губерниялық  кеңселерде  сақталған 
қазақ-орыс  қатынастарына  арналған  құжаттар  жарияланған.  Әсіресе,  Есипов 
жылнамасының  Сычев,  Ундольск,  Абрам,  Румянцев,  Погодин,  Бузуновск, 
Спасск,  Толстовск,  Мирович  тізімдерінің  тарихи  дерек  көзі  ретіндегі  маңызы 
зор.  Олар  ресми  құжаттарды  толықтыратын  бірден-бір  құнды  мәліметтерді 
бойына  сақтаған.  1715-1730  жж.  аралығын  қамтитын  59  дипломатиялық 
құжаттардың әрқайсысының ғылыми құндылығы жоғары.      
«Журналы  и  служебные  записки  дипломата  А.И.  Тевкелева  по  истории  и 
этнографии Казахстана (1731-1759 гг.)» 2005 жылы шығарылған 3-ші томы да 
құндылығы  жоғары  деректерден  тұрады.  Онда  XVIII  ғ.  І-жартысындағы  қазақ 
даласының саяси жағдайы мен этнографиялық тарихына қатысты Ресей елінің 
дипломаты,  көрнекті  аудармашы  Құтлымұхаммед  Тевкелевтің  1732-1759  жж. 
дейінгі  жазылған  қызметтік  материалдары  енген  болатын.  Мұнда  сонымен 
қатар, сол кезеңде өмір сүрген тарихи тұлғалар мен билеушілердің өмірі, қазақ 
халқының  салт-дәстүрі,  әдет-ғұрпы,  мәдениеті,  этнографиясы  туралы 
мәліметтер сақталынған.  
«Первые  историко-этнографические  описания  казахских  земель.  XVIII 
век»  атты  4-ші  том  мен  «Первые  историко-этнографические  описания 

 
11 
казахских  земель.  Первая  половина  XІХ  века»  атты  5-ші  том  2007  жылы 
жарияланды.  Онда  XVIIІ-XІХ  ғғ.  алғашқы  қазақ  жері  туралы  тарихи-
этнографиялық  сипаттама  жасаған  зерттеушілердің  еңбектеріндегі  маңызды 
мәліметтері  берілген.  Әсіресе,    5-томда  Ресей  императоры  нөкерлерінің 
квартирмейстерлік  бөлімінің  поручигі  Я.П.  Гавердовскийдің  Бұхара 
хандығындағы  елшілікке  барғанда  жазған  «Қырғыз-қайсақ  даласына  шолу» 
деген  атпен  жарияланған  қолжазбасының  маңызы  зор.  Онда  қазақ  даласының 
көшпенді  халқының  шаруашылығы,  табиғаты,  әлеуметтік  өмірі,  әдет-
ғұрыптары мен дәстүрлері туралы бірегей мәліметтер жүйелі баяндалған.  
«Путевые  дневники  и  служебные  записки  о  поездках  по  южным  степям. 
XVIII-XІХ  века»  2007  ж.  6-шы  том  Ресей  елшілерінің  жолжазба 
күнделіктеріндегі  Оңтүстік  Қазақстанға  арналған  деректері  шоғырланған. 
Мұндағы  көптеген  материалдар  бұрын  соңды  ғылыми  айналымға  түспеген, 
баспа бетін көрмеген, тіпті біраз тарихшылардың өзіне беймәлім болып келген . 
1737-1738 жж, 1742-1743 жж. Жоңғар хандығына барған елші Карл Миллердің 
жолжазба  журналдары,  татар  көпесі  Шұбай  Арслановтың  1742  жылғы 
Ташкентке барған сапары туралы хабарламасы және т.б. жарық көрген. 
Бұдан  басқа  да  «Г.Н.  Потанин.  Исследования  и  материалы»  2006  ж.  7-ші 
томның  тарихи  құндылығы  жоғары.  «О  почетнейших  и  влиятельнейших 
ордынцах»  2006  ж.  8-ші  том  мен  «Народные  предания  об  исторических 
событиях  и  выдающихся  людях  казахской  степи  (ХІХ-ХХ  вв.)»  2007  ж  9-шы 
томы,  «История  отечества  в  судьбах  его  граждан:  сборник  автобиографий. 
1922-1960  годы»  2005  жылғы  10-шы  томы  маңызды  деректер  жинағы  болып 
есептеледі.  Жалпы  «Мәдени  мұра»  бағдарламасының  бірінші  кезеңі  сәтті 
аяқталды деп айтуымызға болады. Өйткені, құнды-құнды деректер іздестіріліп-
табылды, олар аударылып, түзетіліп халық алдында жарияланды   
Төртінші  топқа  халқымыздың  ауызша  тарих  айту  дәстүрінің  тамаша 
үлгілері,  яғни  фольклорлық    туындыларды  жатқызамыз.  Оған  Қожаберген 
жыраудың  «Елім-ай»,  «Шора  батыр»  жыры,  Асанқайғы,  Ақтамберді,  Бұхар 
жырау  және  т.б.  халықтың  ауыздан-ауызға  сан  ғасырлардан  кейін  жеткен 
туындыларды жатқызамыз. 
Тақырыпқа  қатысты  осы  уақытқа  дейін  жинақталып  қалған  тарихи 
зерттеулер  мен  тарихнамалық  зерттеулерді  талдаған  кезде  хронологиялық 
тұрғыдан  оларды  үш  кезеңге  бөлуге  болады.  Алғашқысы  төңкеріске  дейінгі, 
одан  кейінгі  кеңес  үкіметі  тұсында,  ал  соңғысы  бүгінгі  тәуелсіз  тарихи  және 
тарихнамалық ой-пікірлердің қалыптасқан кезеңі жатады.  
XVI-XVIII  ғғ.  қазақ-орыс  байланыстарының  төңкеріске  дейінгі  тарихы 
орыс  тарихнамасында  шашыраңқы,  жүйесіз  баяндалуымен  де  ерекшеленеді. 
Дегенмен, бұл уақыттағы тарихи еңбектер екі ел арасындағы байланыстардың 
қыр-сыры мен бағыттарын айқындауға көмектесері анық. 
Төңкеріске  дейінгі  зерттеулердің  қатарында  Сібір  шептерін  салуға 
қатынасқан  И.Г.  Андреевтің,  Орынбор  өлкесінде  көп  жылдар  қызмет  еткен  
П.И.  Рычков,  екінші  Академиялық  экспедицияның    (1768-1769  жж.)  мүшелері 

 
12 
П.  Паллас,  И.  Георги,  И.  Фальк
6
  т.б.  ғалымдардың  тарихи-этнографиялық 
суреттеуге  толы  еңбектері  қазақ-орыс  қатынастарын  зерттеуде  маңызы  зор. 
Сондай-ақ,  ХІХ  ғ.  А.И.  Левшин,  И.Ф.  Бларамберг,  С.Б.  Броневскийдің
7
 
еңбектерінде  қазақ  өмірінің  ішкі  және  сыртқы  жағдайы,  географиясы,  рулық 
құрылымы,  билеушілері  мен  қоғамдық  өмір  тынысы  жайында  шынайы 
мағлұматтар 
баршылық. 
Бұл 
зерттеушілер 
жұмыстарында 
мұрағат, 
археологиялық  материалдар  мен  өз  көздерімен  көрген-білгендерін  жазды. 
Алайда,  бұл  еңбектердің  өзі  ресейдің  империялық  саясатының  аясынан  шыға 
алмады.  
Қазақстан  тарихының  ортағасырлық  проблемалары  бойынша  ізденістер 
академиялық  шығыстану  мектебінің  жетістіктері  мен  оның  белгілі  өкілдері    
В.В.  Вельяминов-Зернов,  В.В.  Григорьев,  И.Н.  Березин,  В.В.  Бартольд
8
 
есімдерімен  тығыз  байланысты.  Олардың  жалпы  тарихқа  қосқан  үлесі  кезінде 
өз  замандастары  тарапынан  да,  кейінгі  уақыттағы  Орта  Азия  мен  Қазақстан 
халықтарының  тарихы  мен  сыртқы  саяси  мәселелерімен  айналысқан 
зерттеушілер тарапынан да жоғары бағаға ие болды. 
ХХ  ғ.  басында  қазақ  ұлтының  зиялы  қауым  өкілдері  Ә.Н.  Бөкейханов,             
М.  Дулатов,  Ш.  Құдайбердиевтердің  еңбектерінде  қазақ-орыс  қатынастары, 
әсіресе,  қазақтардың  Ресей  империясының  отарына  айналу  процесі  мейлінше 
толық  және  тұтас  көрініс  тапты.  Бұл  мәселені  тәуелсіз  тарихнамада                       
Ш.Т. Омарбеков өзінің еңбегінде жан-жақты талдап көрсеткен болатын
9
.  
Кеңестік биліктің орнаған алғашқы кезеңінде зерттеліп отырған қазақ-орыс 
қатынастары  арнайы  зерттеу  обьектісіне  айналмады.  Тек  зерттеушілердің 
тарихи  еңбектерінде  жалпылама  қарастырылған  болатын.  Олардың  ішінде              
А.П.  Чулошников,  Г.Е.  Грум-Гржимайло,  С.Д.  Асфендияров,  В.  Лебедев,            
М.П. Вяткиннің еңбектерін ерекше атап өтуге болады
10

Алғашқы 
қазақ-орыс 
байланыстары 
мақсатты 
түрде 
зерттеуші                        
Г.Ф. Бутлердің 1945 жылы қорғаған «Русско-казахские отношения в восточном 
                                                           
6
 
Андреев  И.Г.  Описание  средней  орды  киргиз-кайсаков.  –  Алматы:  Ғылым,  1998.  –    С.  234.;  Рычков  П.И.  История 
Оренбургская. 1730 – 1750 гг. / под ред. Н.М. Гутьяра. – Оренбург: Тип. – лит. И.И. Евфимовского – Мировицкого, 1896. – 
С. 95.; Рычков П.И.  Топография  Оренбургской губернии. - Оренбург, 1887. – С. 405 .; Паллас П.С. Путешествие по разным 
провинциям Российского государства. – Ч. І. – СПб., 1773. – С. 657.; Георги И.Г. Описание всех обитающих в Российском 
государстве  народов,  их  житейских  обрядов,  обыкновений,  одежд,  жилищ,  упражнений,  забав,  вероисповеданий  и  др. 
достопамятностей. – Ч. II. – СПб., 1799. – м-ф.; Фальк И.П. Полное собрание учёных-путешественников по России. Записки 
академика Фалька. – Т. V. – СПб., 1824. – м-ф.  
7
 
Левшин  А.И.  Описание  киргиз-казачьих  или  киргиз-кайсацких  орд  и  степей.  –  СПб.:  Тип.  К.  Крайла,  1832.  –  С.  654.; 
Бларамберг И.Ф. Военно-статистическое описание земли киргиз-кайсаков Внутренней (Букеевской) и Зауральской (Малой) 
орды, Оренбургского ведомства // Военно-статистическое обозрение Российской империи. – Т. 14. – Ч. 3. – СПб., 1848. – С. 
149. 
8
 
Вельяминов-Зернов  В.В.  Исследование  о  Касимовских  царях  и  царевичах.  –  Ч.  ІІ.  -  СПб.,  1864.  -  С.  498.;  Вельяминов-
Зернов  В.В.  Исторические  известия  о  киргиз-кайсаках  и  сношениях  России  со  Средней  Азией  со  времени  кончины 
Абулхаир-хана. 1748 – 1765 гг. - Уфа: Губерн. тип., 1853. – Т. 2. мик-ф.; Григорьев В.В. Исследование о Касимовских царях 
и царевичах. - Москва: Типография Бахметева, 1863. – С. 141. 
9
 
Омарбеков Ш.Т. ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарында саяси қуғындалған қазақ зиялыларының тарихи көзқарасы.  Тарих 
ғыл. канд. дис. автореф. - Алматы, 2002. – 29 б. 
 
10
 
Чулошников  А.П.  Очерки  по  историии  казак-киргизского  народа  в  связи  с  общими  историческими  судьбами    других 
тюркских  племен.  -  Оренбург,  1924.-  С.  291.;  Грум-Гржимайло  Г.Е.  Западная  Монголия  и  Урянхайский  край.  -  Т.ІІ.  - 
Москва-Ленинград, 1926. – С. 896.; Асфендияров С.Д. История Казахстана (с древнейших времен). - Т.1. – Москва, - Алма-
Ата: Казахстанское краевое изд., 1935. – С. 262.; Лебедев В. Из истории сношении казахов с царской Россией в XVIII в. // 
Красный архив. – 1936. - № 5 (78). – м-ф.; Вяткин М.П. Очерки по истории Кaзахской ССР. Москва: ОГИЗ, 1941. – С. 438. 

 
13 
Казахстане  в  XVIII  в  и  первой  половине  ХІХ  веке»
11
  тақырыбындағы 
кандидаттық диссертациясында қарастырылды. Диссертацияда автор маркстік-
лениндік-сталиндік  методологияны  қатаң  ұстағандығын  тілге  тиек  етіп,  бұл 
ретте  автор  Алаш  қайраткерлерінің  қазақ-орыс  байланыстарына  қатысты 
көзқарастарын  қатаң  сынға  алып,  оларды  айыптаған  болатын.  Мәселен, 
«Особенно способствовала запутыванию и искажению правильного понимания 
русско-казахских 
отношений 
контрреволюционная 
группа 
казахской 
националистической  буржуазии  и  феодальной  знати  «Алаш-орда».  Алаш-
ордынцы  отрицали  какую-бы  то  ни  было  прогрессивно-историческую  роль 
России в Казахстане и стремились оторвать Казахстан от России с тем, чтобы 
даже  ценой  подчинения  его  любому  феодально-отсталому  государству, 
сохранить  свое  господство,  сохранить  возможность  эксплуатации  казахского 
народа», - деген пікірін білдірген болатын. Әрине, бүгінгі таңда бұл пікірден біз 
қазақ  зиялыларының  көрегендігін  байқаймыз.    Шын  мәнінде  олардың  қазақ-
орыс  байланыстарын  Ресейдің  отарлау  саясатының  астарында  жүргізгендігін 
көрсете білуі сол уақыттағы большевиктер партиясының қағидаларына қайшы 
келгендіктен,  олар  Алаш  көсемдерін  барынша  қазақ  халқына  қарсы  адамдар 
ретінде көрсетуге тырысты. 
XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастарын ғылыми тұрғыда саралаған 
Э.А.  Масановтың ой-пікірлері  кеңестік  әкімшіл-әміршіл  жүйе  тұсында  айтыла 
тұрса  да  біз  бұлардың  бүгінгі  тарихнамалық  ой-пікірдің  қалыптасуына  үлкен 
ықпал  жасағанын  мойындаймыз.  Оның  «Очерк  истории  этнографического 
изучения  казахского  народа  в  СССР»
12
  атты  1966  жылы  жарық  көрген 
монографиясы  төңкеріске  дейінгі  және  кеңес  өкіметі  кезеңіндегі  қазақтардың 
этнографиясын зерттеудің тарихнамасына арналған. Бұл еңбекте автор қазақтар 
туралы  этнографиялық  мәліметтердің  орыс  зерттеулерінің  негізінде  талдап, 
біршама қазақ-орыс байланыстарының тарихнамасын жүйеге түсіреді. 
Зерттеуші  А.  Сабырханов  1965  жылы  қорғаған  «Казахско-русские 
отношения  в  50-х–90-х  годах  XVIII  в.»
13
  тақырыбындағы  кандидаттық 
диссертациясында 
қазақ-орыс 
қатынастарының 
алғышарттарының 
тарихнамасына біршама тоқталған болатын . 
Кеңестік  дәуірде  алғашқылардың  бірі  болып  қазақ-орыс  қарым-
қатынастарының  тарихы  мен  тарихнамасын  зерттеген  В.Я.  Басин  болды.  Ол 
1975  жылы  «Русско-казахские  отношения  в  XVI-XVIII  вв.»
14
  тақырыбында 
докторлық диссертациясын қорғаған болатын. Оның бірінші тарауы «Проблема 
и задачи исследования. Литература и источники» деп аталады. Онда автор осы 
                                                           
11
 
Бутлер  Г.Ф.  Русско-казахские  отношения  в  восточном  Казахстане  в  XVIII  в  и  первой  половине  ХІХ  веке.  -  Дис.  канд. 
истор. наук. Москва, 1945. – C. 301.
 
12
 
Масанов Э.А. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР. - Алма-Ата: Наука КазССР, 1966. – 
C. 322. 
13
 
Сабырханов А. Казахско-русские отношения в 50-х–90-х годах XVIII в. - Дис. канд. истор. наук. – Алма-Ата, 1965. – С. 
205. 
 
14
 
Басин В.Я. Русско-казахские отношения в XVI-XVIII вв. Автореф. дисс. докт. истор. наук. – Алма–Ата, 1975. – С. 524.  
 

 
14 
мәселеге  қатысты  әдебиеттерді  шартты  түрде  бес  топқа  бөліп  қарастырады. 
Олар: 

 
XVI-XVII 
ғғ.  алғашқы  қазақтар  туралы  орыс  және  Еуропа 
әдебиеттеріндегі  мәліметтері.  Оған  Данил  Губин,  елші  Сигизмунд 
Герберштейн,  италияндық  Павел  Иови  Новокамский,  орыс  елшілері  Семен 
Мальцов,  Третьяк  Чебуков,  Борис  Доможиров,  Вельямин  Степанов,  ноғай 
мырзасы  Юсуф,  ағылшын  көпесі  Антони  Дженкинсонның  қазақтар  туралы 
берген мәліметтерінен құралады. 

 
екінші  топқа  XVIII  ғасырдағы  зерттеушілердің  еңбектерін  жатқызады. 
Ол  кезеңде  П.И.  Рычков,  П.С.  Паллас,  И.  Фальк,  Н.П.  Рычков,  К.  Миллердің 
тарихи еңбектерін жатқызады. 

 
үшінші топқа ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басындағы зерттеулерді кіргізеді. Оның 
өзін В.Я. Басин ресми және демократиялық тарихнама деп бөліп қарастырады. 
Осы кезеңнің ресми тарихнамасы патша өкіметінің отарлау саясатын мадақтап, 
қолдағандар болды (М.А. Тереньтев, М. Венюков, Ю. Кологривов, А. Тылзин, 
Н.Г. Павлов және т.б.). Сонымен қатар қазақ сахарасында болып, қазақтардың 
тұрмысы  мен  өмірінен  хабардар  болған  А.  Левшин,  А.  Добросмысловтың 
ғылыми  еңбектері  мен  Л.  Мейер,  М.  Красовский,  М.  Словцов,                           
В.Н.  Витевский,  Ф.  Лобысевичтерді  атап  өтуге  болады.  Ал  шығыстанушы, 
көптеген  деректерді  аударушы  медиевист  ғалымдар  В.В.  Вельяминов-Зернов, 
В.В. Григорьев, В.В. Бартольдтардың еңбектерін ерекше атап, жоғары бағалап, 
маңызын  көрсетеді.  Демократиялық  бағыттағы  еңбектерге  В.И.  Даль,                     
Е.П. Ковалевский, Н.А. Северцов, В.П. Васильев, П.П. Семенов-Тянь-Шанский, 
Г.И.  Данилевский,  А.И.  Макшеев,  А.И.  Бутаков,  П.И.  Небольсин  және  т.б. 
жатқызған  болатын.  Бұл  бағыттағы  зерттеулерге  тән  ерекшеліктерді  олардың 
қазақтардың  мәдениеті  мен  тұрмысын  шынайы  түрде  көрсетіп,  қазіргі 
жағдайына  деген  жанашырлық  пен    тұрмыстық  жағдайын  жақсартуға  шақыру 
орын алды деп сипаттайды В. Басин. 

 
төртінші  топқа  революционер-демократтардың  еңбектері  жатады:              
В.Г. Белинский, А.И. Герцен, Н.А. Добролюбов, Н.Г. Чернышевский. Олардың 
еңбектерінен нәр алған Ш.Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтарды 
да шет қалдырмаған. 

 
бесінші  топқа  төңкерістен  кейінгі  жарияланған  әдебиеттерді  кіргізеді. 
Бұл  кезеңнің  алғашқы  уақытында  пайда  болған  М.Н.  Покровский,                          
А.П.  Чулошников,  Г.Е.  Грум-Гржимайло,  С.Д.  Асфендияров,  М.П.  Вяткиннің 
зерттеулерін  атап  өтіп,  олар  кеңестік  қазақстанды  танудағы  алғашқы  қадам 
болғандығын тілге тиек етеді. 
Кеңестік  тарихнамада,  әсіресе  саяси  коньюктураның  үстемдік  еткен 
кеңестік  режимнің  соңғы  он  жылдығында,  патша  үкіметінің  әскери 
экспансиялық,  тонаушылық,  отарлау  саясаты  туралы  көп  жазылмай,  бұл 
мәселеде  үнсіздік  бағыты  айқын  көрініс  тапты.  ХХ  ғ.  50-80-ші  жж.  түрлі 
жиындар мен мерейтойлық салтанаттарда «халықтардың Ресейдің құрамына өз 
еркімен кіргені» туралы көп айтылып, жазылды. Бұл ретте 1981 жылы «250 лет 

 
15 
добровольного  присоединения  Казахстана  к  России»
15
  атты  шағын  кітапшада 
Қазақстанның Ресей отарына айналғанына 250 жыл толғанын мерейтоймен атап 
өтіп,  оны  барынша  прогрессивті  екендігін  көрсетуге  бағытталғандығы  анық 
байқалады.  Авторы  белгісіз  бұл  еңбекте  «Добровольное  присоединение 
Казахстана  к  России  –  важное  событие  в  истории  русского  и  казахского 
народов,  в  истории  всей  нашей  многонациональной  Родины.  Оно  имело 
обьективные  экономические,  социальные  и  культурные  предпосылки»,  –  деп 
Қазақстанның Ресейдің құрамына өз еркімен кіруін обьективті алғышарттармен 
негіздейді.  Сонымен  қатар  кеңес  тарихшылары  империяның  Орта  Азияны 
жаулап  алу  әрекеттері  өз  еркімен  жүзеге  аспағандығын,  жергілікті  халықтың 
оған  қарсылық  білдіргенін  дәлелдейтін  көптеген  мәліметтерді  мақсатты  түрде 
әдейі жасырып, бұрмалады.    
Тоталитарлық  әкімшіл-әміршіл  жүйенің  тұсында  көптеген  тарихнамалық 
еңбектердің  жарияланғанын  жасыруға  болмайды.  Алайда,  олардың  көпшілігі 
кеңестік  кезең  зерттеулерінің  тарихнамасын  талдауға  арналып,  таптық-
тенденциялық сипат алды.  
Кеңестік  тарихнамадағы  XVI-XVIII  ғғ.  Қазақстанның  сыртқы  саясатын 
қарастырған 
Р.Б. 
Сүлейменовтың 
1983 
жылы 
жарық 
көрген 
«Внешнеполитические  связи  Казахстана  XVI-XVIII  вв.  в  советской 
историографии»  ғылыми  мақаласында  автор  алғаш  рет  Қазақ  хандығының 
көрші  елдерімен  байланыстарының  тарихнамасын  жазды
16
.  Ол  туралы  автор: 
«...  к  сожалению,  до  настоящего  времени  не  предпринималось  даже  попыток 
проанализировать  историографию  внешней  политики  казахских  ханств, 
показать степень изученности этой проблемы, вскрыть имеющиеся трудности и 
пути  их  преодоления»,  -  деп  өзінің  зерттеуі  алғашқы  арнайы  тарихнамалық 
еңбек  екендігін  тілге  тиек  еткен.  Бірақта  бұл  тарихнамалық  талдауда  қазақ-
орыс  байланыстары  жалпы  көрші  елдерімен  қатынастары  аясында  талданады. 
Жұмыстың  бағыт-бағдар  берерлік  мүмкіндігі  зор.  Сонымен  қатар  мақала 
авторы  талдап  отырған  еңбектерін  хронологиялық  және  территориялық 
белгілеріне қарап топтарға сыныптап, жүйелеп, талдайды. 
Сондай-ақ,  Г.Ф.  Дахшлейгер,  Е.  Бекмаханов,  Н.Г.  Аполлова,                             
С.Е.  Толыбеков,  С.З.  Зиманов,  В.А.  Моисеев,  И.Я.  Златкиннің  еңбектерінде 
қазақ-орыс  қатынастарының  саяси-құқықтық  және  сауда-экономикалық, 
халықаралық қатынастар мәселелері аясында біршама қарастырылған
17
.  
Қазақ-орыс  қарым-қатынастарының  құжаттар  жинағына  енбеген,  жаңадан 
ғылыми  айналымға  ене  бастаған  тарихшы  А.  Исиннің  Мәскеу  мұрағатынан 
алған деректері біз қарастырып отырған мәселеге жаңаша тұжырымдар жасауға 
                                                           
15
 
Казахское  общество  дружбы  и  культурной  связи  с  зарубежными  странами.  250  лет  добровольного  присоединения 
Казахстана к России. - Алма-Ата, 1981. – C. 10. 
16
 
Сулейменов Р.Б. Внешнеполитические связи Казахстана XVI-XVIII вв. в советской историографии // Казахстан, Средняя 
и Центральная Азия в XVI-XVIII вв. – Алма-Ата: Наука, 1983. – С. 192. 
 
17
 
Апполова Н.Г. Экономические и политические связи Казахстана с Россией в XVIII-начале ХІХ в. – Москва: АН СССР, 
1960. –  С. 456.;  Моисеев  В.А.  Джунгарское  ханство  и  казахи:  XVII-XVIII  вв.  –  Алма-Ата:  Наука,  1991.  –  С.  237.;  Златкин 
И.Я. История джунгарского ханства (1685-1758). – Москва, 1983. – С. 245. 

 
16 
маңызы  зор.  Мәскеу  (Центральный  Государственный  архив  древних  актов 
СССР  немесе  РГАДА)  мұрағатындағы  „елшілік  кітаптарынан”  алынған  тың 
мәліметтерді  тарихшы  А.  Исин  талдап,  өзінің  қазақ–ноғай  қарым-
қатынастарына  арналған  зерттеу  еңбегіне  пайдаланған.  Мұнда  Мәскеу 
саясаткерлерінің  елшілік  қатынастары  туралы  мәліметтері,  мемлекет 
билеушілерінің  бір–біріне  жолдаған  хат  мәтіндері,  шет  елден  келген 
адамдардың  әңгімелері,  елшілік  есептер  мен  елшілерге  берілген  арнаулы 
нұсқаулары  тіркелген.  Сонымен  қатар,  А.  Исин  орыс  мемлекетінің  Ноғай 
ордасымен,  Қырым,  Түркиямен  байланыс  құжаттарын  қарастырып,  қазақтар 
мен Қазақ хандығы туралы, оның сыртқы саясатының кейбір белгісіз тұстарын 
ашып  көрсетті.  А.  Исиннің  пікірінше  қазақ–орыс  қарым-қатынастары  сонау 
ХҮІ  ғасырдың  басында–ақ  бастау  алған.  Өйткені,  Қасым  хан  тұсында  Қазақ 
хандығы күшті мемлекетке айналып, күллі Еуропа мен Ресейге танымал болды. 
Сондықтан  да  Қазақ  хандығы  мен  Ресей  арасындағы  елшілік  байланыстар 
болмауы мүмкін емес. Бұл екі ел арасындағы елшіліктер сол  кезеңдегі елшілік 
кітаптарында тіркелген және ХҮІ ғасырдың соңына дейін Мәскеуде сақталған 
еді.  Бірақта,  1626  жылғы  Мәскеудегі  өрттен  кейін    ол  кітап  аталмайды  дейді                    
А. Исин
18
. Сондай–ақ, елшілік бұйрығының мұрағатында сақталған деректерде 
Қазақтың ханы Қасым ханның 1521 жылы қыста дүниеден өткенін хабарлайды.  
Қазақ жерлерін отарлау сонау ХҮІ ғасырдың соңында әскери казактардан 
бастау  алатынын  дәлелдеген  тарихшы    М.  Әбдіровтің  ғылыми  еңбегі  бізге 
қазақ–орыс байланыстарынан құнды мәліметтер береді.  «Ресей империясының 
отарлауы, Қазақстанның Ресейге қосылу процесінің алғышарты ХҮІ ғасырдың 
80-ші  жылдарынан  –  ХҮІІІ  ғ.  алғашқы  онжылдықтары  аралығында»
19
,  -  деп 
пікір  айтқан  М.  Әбдіровтың  «Қазақстанды  әскери  казактық  отарлау»  атты 
диссертациялық зерттеуі қазақ–орыс қарым – қатынастарына жаңа тұжырымдар 
жасауға жол ашады. М. Әбдіров өз зерттеуінде Ресей патшалығының Қазақстан 
мен  Сібірді  жаулап  алу  саясатының  қол  шоқпары  болған  казактардың  ХҮІ 
ғасырдың  80-ші  жылдарынан  бастап  орыс  патшасының  жазалаушы 
экспедицияларына  қатысқанын  айта  келіп,  ХҮІ  ғасырдың  80-ші  жылдары 
казактардың Ермак бастаған бір бөлігін Батыс Сібірге келуі орыс патшасының 
Қазақстандағы  отарлау  саясатының  бастауы  болған  дейді.  Қазақстанды 
«әскери-казактық» отарлау түсінігін М. Әбдіров, біріншіден, «әскери отарлау» 
–  патшалық  Ресейдің  тек  әскери  күшті  қалайтындығы  және  бұл  мемлекеттің 
милитаристік  сипаты  туралы  мағына  берсе,  екіншіден,  «әскери  отарлау»  – 
абсолюттік  монархияның  әскери–феодалдық  басып  алушылық  саясатының 
алғы шебінде әрдайым казактардың жүргендігі туралы мағына береді деп нақты 
және  дәл  ашып  береді.  Сөйтіп,  Патшалық  Ресейдің  Батыс  Сібірдің  (Көшім 
хандығы)  оңтүстігі  мен  солтүстік  Қазақстандағы  казак  атаманы  Ермактың 
                                                           
18
  Исин  А.  Казахское  ханство  и  Ногайская  Орда  во  второй  половине  XV-XVI  вв.  -  Семипалатинск,  2002.  –  С. 
203.
 
19
 
Абдиров  М.  Военно-казачье  колонизация  Казахстана  (конец  XVI  -  начало  XX  вв.).  Опыт  историко-эволюционного 
анализа. - Афтореф. дис. докт. истор. наук. - Алматы, 1997. - С. 47. 
 

 
17 
басшылығымен жасалған агрессияны М. Әбдіров қазақ халқына да бағытталған 
агрессия  деп  түсіну  керек  дейді.  Яғни,  мұның  өзі  қазақ–орыс  қарым–
қатынастарының  бұрын  айтылмаған  қырларын  ашуға  мол  үлесін  қосады. 
Сонымен  қатар,  М.  Әбдіровтың  Сібір  хандығының  билеушісі  Көшім  хан 
туралы,  оның  өмірі  мен  орыс  мемлекеті  арасындағы  байланыстары,  әртүрлі 
дипломатиялық әрекеттері туралы құнды еңбегі жарық көрген. Бұл еңбек орыс 
елі  мен  Сібір  хандығы  арасындағы  қарым–қатынастар  жайында  мәліметтерді 
көп береді және түсіндіру барысында Қазақ ханы Тәуекелдің немере інісі Ораз 
Мұхаммедтің Мәскеудегі қызметіне тоқталады
20
.  
Сондай–ақ Т.И. Сұлтанов, М.Қ. Әбусейтованың
21
 еңбектерінде қазақ-орыс 
қарым–қатынастарының кейбір қырлары егжей-тегжейлі қарастырылған. 
ХVІІІ  ғасырлардағы  қазақ-орыс  қарым-қатынастары,  елшіліктер  мен 
әскери  қақтығыстар,  дипломатиялық  байланыстарды  тарихшы  ғалымдар                
М.Қ.  Қозыбаев,  Д.И.  Дулатованың,  Т.О.  Омарбеков,  К.Л.  Есмағамбетов,                     
Ж.Қ. Қасымбаев, С.М. Мәшімбаев,  Ж.Б. Құндақбаева, К. Мамырұлы және т.б. 
зерттеу еңбектерінде қарастырылған
22

Қазақ-орыс  қатынастарының  зерттелу  мәселелері  Э.Т.  Телеуова,                
А.М.  Әбділдабекова,  Г.Е.  Сабденова,  Ф.М.  Шәмшиденова,  С.А.  Едильханова, 
Ш.Ж. Нартбаевтың кандидаттық диссертацияларында біршама талданған
23
.   
Тарихшы  А.М.  Әбділдабекованың  2000  жылы  қорғаған  «Историография 
присоединения  Казахстана  к  России»  кандидаттық  диссертациясында  жаңа 
концептуалдық  тұрғыда  талданған.  Осы  тақырыптың  негізінде  тарихнамашы 
2004  жылы  «Россия  и  Казахстан  (XVIІІ  -  начало  ХХ  века):  Вопросы 
историографии»,  ал  2007  жылы  «XVIІІ  -  ХХ  ғасыр  басындағы  Қазақстан  мен 
Ресей  қарым-қатынасы:  тарихнама  мәселелері»  атты  оқу  құралдарын  жарыққа 
шығарды. Көпшілікке арналған ғылыми еңбектің жас мамандарға бағыт-бағдар 
берерлік маңызы зор
24

Қазақ  хандығының  жоңғарлармен  қарым-қатынасының  тарихнамасын 
қарастырған  С.А.  Едильханованың  2003  жылы  қорғаған  «Взаимоотношения 
                                                           
20
 Абдиров М. Хан Кучум: известный и неизвестный. – Алматы: Жалын, 1996. -  С. 170.
 
21
 
Султанов  Т.И.  Россия  и  Казахстан:  история  и  проблемы  взаимодействия  (XVI  –  начало  XX  века)  //  Россия,  Запад  и 
мусульманский  Восток  в  колониальную  эпоху.  -  СПб,  1996.  –  С.  163.;  Абусейтова  М.Х.  Казахстан  и  Центральная  Азия  в 
XV-XVII вв. (история, политика, дипломатия). – Алматы: Дайк-Пресс, 1998. - С. 268. 
22
 
Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. – Алматы: Қазақ университеті, 
2004. – 388 б.; Есмағамбетов К.Л. Что писали о нас на западе? – Алма-Ата, 1992. – С. 152.; Қасымбаев Ж. Государственные 
деятели  казахских  ханств  (XVIII  век).  –  Алматы:  Білім,  1999.  –  С.  288;  Мәшімбаев  С.М.  Патшалық  Ресейдің  отарлық 
саясаты. (Оқулық). – Алматы: Санат, 1994. – 136 б.¨Кундакбаева Ж.Б. Политика Российской империи в отношении народов 
Северного  Прикаспия  в  ХVIII  веке:  историография  проблемы  и  источники  изучения.  -  Москва:  АИРО-ХХІ,  2005.  –  С. 
128.¨Мамырұлы К. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі және оның  саяси астарлары. Тарих. ғыл.  докт. дис. – 
Алматы, 1998. – 234 б. 
23
 
Телеуова Э.Д. Тәуке (Тәуекел-Мұхаммед Батыр хан) тұсындағы Қазақ хандығының саяси, әлеуметтік және экономикалық 
ахуалы. Тарих. ғыл. канд. дис. афтореф. - Алматы,1999. – 32 б.; Шамшиденова Ф.М. Сібір жылнамалары бойынша XVI-XVII 
ғғ. Қазақстан тарихының проблемалары. – тарих ғыл. канд. дисс. автореф. - Алматы, 1997. - 25 б. 
 
 
24
 
Абдильдабекова А.М. Историография присоединения Казахстана к России. – Дис. канд. истор. наук. - Алматы, 2000. – С. 
152.; Абдильдабекова А.М. Россия и Казахстан (XVIІІ - начало ХХ века): Вопросы историографии. - Алматы: Дайк-Пресс, 
2004.  –  C.  123.;  Әбділдабекова  А.М.  XVIІІ-ХХ    ғасыр  басындағы  Қазақстан  мен  Ресей  қарым-қатынасы:  Тарихнама 
мәселелері: Оқу құралы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – 160 б. 

 
18 
казахов  и  джунгар  в  XVIІ-XVIІІ  вв.  Историография  проблемы»
25
  атты 
кандидаттық  жұмысында  автор  қазақ-жоңғар  байланыстарындағы  орыстардың 
ұстанған саясатын да көрсетуге тырысқан. 
Қазақ 
хандығының 
тарихнамасымен 
шұғылданған 
зерттеуші                            
Г.Е.  Сабденованың  кандидаттық  диссертациясы  мен  бірқатар  ғылыми 
мақалалары  тәуелсіз  тарихи  ойды  қалыптастыруда  маңызды  орынға ие.  Автор 
«Кеңестік  дәуірдегі  Қазақ  хандығының  көршілес  елдермен  байланыстарының 
тарихнамасы»  атты  тезистік  мақаласында  1957  жылға  дейін  ұжымдық 
еңбектердің  деректік  қоры  жеткіліксіз  болғандықтан  Қазақ  хандығының 
сыртқы  байланысы  тиянақты  көрсетілмегендігін  атап  өткен.  Онда  «XV-XVIІІ 
ғғ.  қазақ-орыс  қатынастарынан  хабар  беретін  құжаттар  мен  материалдар 
жинақтары  да  жасалды.  Кеңестік  дәуірде  осы  екі  халық  арасы  әсерлене, 
күшейтіле  көрсетілген  еді»,  -  деп  өзіндік  тарихнамалық  бағасын  береді. 
Сонымен  қатар  бұл  мақалада  автор  қазақтардың  Ноғай  Ордасы,  Моғолстан 
мемлекеті,  Шайбани  және  Аштархани  әулеттерімен,  Цин  империясы,  жоңғар, 
қарақалпақ, 
башқұрт, 
орыстармен 
байланыстарының 
тарихнамасына 
жалпылама шолу жасаған
26
.  
«Қазақстанда  тәуелсіз  тарихи  және  тарихнамалық  ой-пікірлердің 
қалыптасуы»  тақырыбында  Ш.Ж.  Нартбаевтың  2004  жылы  қорғаған 
кандидаттық  диссертациясында  қазақ-орыс  қатынастарының  кейбір  өзекті 
мәселелеріне  қатысты  жаңаша  тұрғыда  пікір  білдіреді.  Онда  автор  бүгінгі 
таңдағы  қазақ-орыс  қатынастары  тарихындағы  өзекті  мәселелерді  біршама 
талдап көрсетеді.  
Ауызша  тарихи  деректердегі  қазақ-орыс  қатынастары  мәселесі  арнайы 
түрде  зерттелмеген,  маңызды  тақырыптардың  бірі  болып  табылады.  Тек  осы 
мәселені  үзіп-кесіп,  әртүрлі  еңбектер  мен  зерттеулерден,  жарияланған  ауызша 
деректерден  жинастырып,  жалпы  тақырыпты  ашуға  тырыстық.  Осы  мәселені 
талдауда  Е.  Бекмаханов,  Ә.  Диваев,  С.  Қасқабасов,  А.  Сейдімбек,                                 
Г.  Жүгенбаева,  Р.  Айтбаева,  А.  Әбділдабекова  және  т.б.  еңбектерін 
пайдаландық.  
Қорыта  келгенде,  XVI-XVIII  ғғ.  қазақ-орыс  қарым-қатынастарының 
тарихнамасы 
түбегейлі 
және 
арнайы 
зерттелмегендігі 
айқындалды. 
Зерттеушілер  қазақ-орыс  қатынастарын  зерттеуде  тек  саяси,  экономикалық, 
сауда,  елшіліктер  тарихын  талдаумен  ғана  шектеліп,  сол  тақырыптың 
көлемінде ғана тоқталып өтеді. Мұның өзі бұл мәселені арнайы, кешенді түрде 
тарихи  талдаудан  өткізу  қажеттілігін  негіздейді.  Сонымен  қатар,  әлі  де 
зерттеуді қажет ететін мәселелер бар екендігі анықталды.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет