5. Бақылау жұмысы. Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
6. Пікірлесу. Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.
4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар Сабақтар оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы өткізіледі.
Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.
1-апта №1 кредит сағат №1 дәріс тақырыбы:Педагогика – адам туралы ғылымдар жүйесінде Педагогика жайында жалпы түсінік.
Педагогиканың ұғымдық аппараты.
Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны.
Педагогика өз атауын гректің «пайдагогос» (пайда-бала, гогос-жетектеймін) сөзінен алған. Ол баланы жетектеуші деген мағынаны берген еді. Ежелгі Грецияда бұл сөз өзінің тікелей мағынасында қолданылған болатын. Ең алғаш педагогтар деп қожайындардың баласын мектепке апарып-әкелетін құлдарды атаған. Кейін педагогтар деп балаларды үйрету, тәрбиелеу және оқытумен айналысатын адамдарды атады.
Әрбір адам тәжірибе негізінде белгілі бір педагогикалық білімдерді жинақтайды, түрлі педагогикалық құбылыстар арасында байланыстарды орнықтырады. Осылайша, алғашқы қауым адамдары балаларды тәрбиелеуде белгілі бір білімге ие болған. Ол ұрпақтан-ұрпаққа салт-дәстүр, ойын, ережелер түрінде жеткізіліп отырған. Бұл білім мақал-мәтелдерде, аңыз-әңгімелерде, ертегілерде сақталған, ол халық педегогикасыныңмазмұнын құрайды.
Ғылым – білім негіздері, негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы. Ғылым табиғат, қоғам, ой жүйесі туралы жаңа білімдерді жасауға бағытталады.
Ғылыми зерттеу – жаңа біліммен қаруландыру процесі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың обьективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің түрі. Ғылыми зерттеудің үш деңгейі сараланады: эмпирикалық - ғылымда жаңа фактілер белгіленеді, теориялық – бұрын ашылған фактілерді түсіндіруге және олардың дамуын болжауға мүмкіндік беретін негізгі, жалпы заңдылықтар ұсынылып қалыптастырылады; әдістемелік-тәжірибелік зерттеулер негізінде құбылыстарды зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері, теория құрылымы қалыптасады.
№1 ОЖСӨЖ мазмұны:
Педагогиканың тарихи даму.
Педагогика ғылымының салалары.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.
№1 СӨЖ мазмұны:
Педагогика ғылым және өнер ретінде.
ҚР педагогика ғылымының дамуы.
Философияның педагогика ғылымының дамуындағы ролі.