Ж. Ш. Ургалиев медициналық биофизика практикумы



Pdf көрінісі
бет15/30
Дата09.05.2023
өлшемі1,55 Mb.
#91292
түріПрактикум
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
Биофизика практикум 2016 Нускаулык сабақ

Бақылау сұрақтары. 
1. 
Қанның негізгі қызметтері. 
2. 
Қан тамырларының түрлері. 
3. 
Пуазейль 
теңдігі. 
Қан 
тамырларының кернеуіне әсер 
етуші факторлар. 
4. 
Қан ағымды өлшеу әдістері. 
5. 
Реография әдісінің принципі. 
6. 
Реограмманы тіркеу әдістері. 
7. 
Реографиялық сызықты сараптау. 
8. 
Реографияның 
диагностикалық 
мүмкіндіктері. 
9. 
Реоэнцефалография 
не 
үшін 
қолданады. 
10. 
Реофазография. 
Әдебиеттер: 
1. 
Владимиров Ю.А. и др. Биофизика. М.Мед. 1999, С. 225-240 
2. 
Ремизов А.Н. и др. Медицинская и биологическая физика. М.2005 
3. 
Ливенцов М.Н. Курс физики, М. 1974. с.64-73 
4. 
Блохин М.Е. Эссаулова И.А. Мансурова Г.В. Руководство к 
лабораторным работам по медицинской и биологичечкой физике. 
М.2002. 
5. 
Губанов Н.И., Утепбергенов А.А. Медицинская биофизика. М. Мед. 
1978. 
6. 
Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам 
физиологиясы. Алматы. 2005. 254-266 бет. 
24 


№6 Зертханалық жұмыс. 
Тақырыбы: Адамның қан қысымын жанама жолмен өлшеу. 
Жұмыстың мақсаты: Рива-Роччи және Коротков әдістерімен 
артериальды қысымды өлшеу әдісімен танысу. 
Құрал-жабдықтар: Тонометр, фонендоскоп. 
 
Қысқаша теориялық мағлұмат: 
Қан айналым дегеніміз – ағзаның қан тамырлар (артерия, капиляр, 
вена) жүйесімен қанның жылжуы. Тамырлармен қанның жылжуын 
зерттейтін ғылым – гемодинамика деп аталады, ол сұйықтықтардың 
жылжуын зерттейтін ғылым – гидродинамиканың фрагменті болып 
табылады. 
Қан тамырлармен өткен кезде тамыр қабырғасының және қанның 
өзінің құрамдық қасиеттерінің арқасында кедергіге ұшырайды. Қанның 
жылжуына кедергі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның тамырлармен 
жылжуына көп күш жұмсалады. Кедергінің көлемі тамырдың диаметріне, 
ұзындығына, қан ағу жылдамдығына байланысты. Сондықтан жүрек қанды 
тамырларға үлкен қысыммен жібереді. Тамырлар жүйесінің әр бөлімінде 
қан қысымы әртүрлі. Аортада қысым 120 мм с.б. – ден (систолалық қысым) 
80 
мм-ге дейінгі (диастолалық қысым) – диапазонда болады. Екеуінің 
айырмасы пульстық қысым деп аталады. Қанның жылжуына байланысты 
тамырлар жүйесіндегі қысым төмендейді. Веналарда қысым нольге тең, ал 
төменгі қуысты венада – теріс. Сонымен жүректің кедергіні жеңіп, үздіксіз 
ритмикалық қысқаруы арқасында қан тамырлары жүйесінің (артериальді 
және венозды) аймақтар арасындағы қан қысымын түзіп, оны бірқалыпты 
ұстап тұрады. Осы қысымның айырмасы қанның тамырлармен қысымы 
жоғары аймақтан қысымы төмен аймаққа жылжуының негізгі себебі болып 
табылады. 
Қанның тамырлармен жылжуы тіндердегі газ алмасумен зат алмасу 
процесстері үшін өте қажет. Жүрек пен бүкіл тамырлар жүйесінің жұмысы 
тіндер мен капиллярлар арасындағы алмасулар үшін қажетті жағдай 
жасайды. Тамырлар жүйесінің қызметін зерттеу әдістері әртүрлі, және ол 
әдістер қан тамырлар жүйесінің күрделі координацияланған жұмысын 
көрсетеді. 
Қан қысымының мөлшері ағзаның ішкі ортасының жағдайын 
сипаттайтын маңызды константаларының бірі болып табылады. Ол жүрек 
жұмысы мен тамырлар тонусына байланысты. Қысым қалыпты жағдайда 
жүрек циклдарына (систола, диастола) байланысты толқып тұрады. 
Жүрекпен систола кезінде түзілетін максимальді қысым – систолалық 
25 


қысымды және тамырлардың тонусына байланысты түзілетін минимальді 
қысым – диастолалық қысымды айырамыз. Систолалық және диастолалық 
қысым айырмасы пульстық қысым деп аталады. Қан қысымы ағзаның 
жалпы жағдайының көрсеткіші болып табылады, сондықтан оны тіркеудің 
үлкен тәжірибелік маңызы бар. Ересек адамда артериальді қысым 
тыныштықта 110/70 – 120/80 мм с.б.б. деңгейінде болады. Артериальді 
қысым (АҚ) көтерілуі – гипертония, төмендеуі – гипотония деп аталады. 
Қан қысымы деңгейін сынаптық немесе мембраналық монометр қөмегімен 
тексеру әдісі клиникада кеңінен қолданылады. Қан қысымын өлшеудің екі 
әдісі бар: тағылған манжеткадан төмен ірі артерияда пульстың соғуына 
байланысты – пальпациялық (Рива-Роччи әдісі), манжеткадан төмен
артериядағы қан екпіні дыбыстарының пайда болуын тыңдау әдісі - 
аускультативті (Коротков әдісі). 
Ауруханалардың интенсивті терапия бөлімдерінде АҚ-ды тіке 
әдіспен өлшеуге болады, ол: пациенттің перифериялық артериясына 
тензометриялық түрлендіргіш көмегімен ине немесе катетер енгізу арқылы 
іске асырылады. Ал қалыпты жағдайларда қан қысымын жанама әдіс – 
сфигмоманометрді қолданып анықтайды. Аспап ішінде үрілетін резеңкеден 
тұрады, ол тығыз матамен қапталған манжеттен тұрады. Манжет қолды 
шынтақтан жоғары аймақта орайды. Оған резеңке грушаның көмегімен 
артериялық систолалық қысымнан жоғары мөлшерде ауамен резеңке 
үріліп манжет артерияны қысады.
15 – 
сурет. Сфигмоманометр көмегімен артериалъді қан қысымын өлшеу. 
Үрілгіш резеңкедегі қысым сынапты немесе анероидты монометр 
көмегімен өлшенеді. Ондағы қысым 2-3 мм. с.б.б. жылдамдықпен (15 – 
сурет) үретін грушадағы клапан арқылы төмендетіледі. 
Қан қысымын білек аймағынан зерттегенде, систолалық қысым 
26 


білезік аймағындағы кәрі жілік артериясын пальпациялау арқылы 
тексеріледі (пальпация әдісі). Үрілгіш резеңкедегі қысым систолалық 
қысымнан жоғары болса, пульс байқалмайды. Қысым систолалық 
деңгейден төмен түсе бастағанда қан порциясы систола шыңында 
манжеттің астындағы иық артериясы арқылы өтеді де, білезік аймағында 
әлсіз пульсты байқауға болады (15,а – сурет). 
Аускультативті әдіс – өте сезімтал, сондықтан оның көмегімен 
систолалық және диастолалық қысымды дәл өлшеуге болады. Дәрігер 
фонендоскопты антикубитальді (шынтақка қарама-қарсы) аймаққа иық 
артериясына қойып тыңдай алады. Үрілгіш резеңкедегі қысым систолалық 
қысымнан жоғары болған кезде иық артериясы қысылып, ешқандай дыбыс 
естілмейді (15,б–сурет). Үрілгіш резеңкедегі қысылған ауа қысымы 
систолалықтан төмен түсе бастағанда (120 мм. сб.), қанның аз мөлшері 
манжеттегі қысымды жеңіп, жүректің әрбір соғысының әлсіз дыбыстары 
естіледі (Коротков әдісі). Алғашқы дыбыс пайда болған кездегі қысым – 
систолалық қысым. 
Манжеттегі қысылған ауа қысымы төмендеген сайын қанның көп 
мөлшері манжет астындағы артерия арқылы өтеді де жүрек соғысы 
кезіндегі дыбыстар қаттырық естіледі. Қысылған ауа қысымы 
диастолалыққа жақындағанда Коротков үндері жәйлап өше бастайды. 
Диастолалық деңгейден төмен түскенде үндер естілмейді (80 мм. сб.). бұл 
нүктеде қысым көлемі диастолалыққа теңеледі. Коротков үндерінің пайда 
болуы манжет астынан өтетін қанның үзік екпіні манжеттен төмен өтетін 
қанның статикалық бағанасымен соғысуына байланысты. Соғысу мен 
турбуленттіктен – естілетін вибрация туындайды. Қысылған ауа қысымы 
диастолалықтан төмендегенде иық артериясындағы қан айналым үзіліссіз 
болады да дыбыс естілмейді (15,в – сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет