Ж. Ш. Ургалиев медициналық биофизика практикумы


Реограммаларды тіркеу әдістері



Pdf көрінісі
бет13/30
Дата09.05.2023
өлшемі1,55 Mb.
#91292
түріПрактикум
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30
Байланысты:
Биофизика практикум 2016 Нускаулык сабақ

Реограммаларды тіркеу әдістері 
Реограммаларды екі түрлі реографтардың кемегімен тіркейді – 
биполярлы және тетраполярлы. Биполярлы реографтардың конструкниясы 
(Мысалы РГ – 01 немесе АРГ – 1) ағзаның белгілі бір аймағына екі 
электрод қойылып, олардың арасынан жоғары жиіліктегі ауыспалы желіс 
өткізіледі. Зерттелетін аймақтағы кедергіліктің өзгергендігі тіркеледі. 
Соңғы жылдары тетраполярлы реографтар (Мысалы РПГ2 – 02) 
кеңінен тарады. Олар тіндердің кедергісін дәлірек өлшейді, және де 
тіндердегі көлемдік қан айналысты сандық бағалауға мүмкіндік береді. 
Тетрополярлы реографты қолданғанда екі электрод электр желісін еткізу 
үшін, ал тағы екеуі – тіндердің электр кедергісін тіркеу үшін қажет. 
Зерттеудің 
мақсатына 
байланысты 
ағзаның 
интегралды 
реографиясын, кеуделік реографиясын, өкпе реографиясын, аяқ-қол 
тамырларының (реовазограмма), ми тамырларының (реоэнцефалограмма) 
реографиясын тіркеуге болады. Өлшеуші электродтар арасында зерттелетін 
аймақ болуы қажет (11 – сурет). 
 

11 – 
сурет. Тетраполярлы кеуде реограммасын тіркеу схемасы. 


Стрелкалар - электродтар арасында электр желісінің таралуы, L- 
өлшеуші электродтар арасындағы ара қашықтық. 
Реограммаларды ЭКГ – мен қатар реограмманың бірінші 
туындысымен 
бірге 
(жылдамдық 
сызығы) 
көп 
каналды 
элекртрокардиографтарда тіркейді. 0,1 Ом-ға тең калибралық сигналдарды 
20 


тіркеу міндетті болып табылады. 
Қажет реограммаларды сандық сараптау кезінде ағзаның белгілі 
зерттелетін аймағының негіздік кедергісінің мөлшерін ескереді – ол базалық 
импеданс – зерттелетін аймақ көлеміне және оның кедергісіне байланысты. 
Реографиялық сызықты сараптау 
Реограмманы сараптау орталық және перифериялық пульстың 
сфигмаграммасы- ның сараптауына ұқсас. Реограммада зерттелетін 
аймақта қанның систолалық екпінмен келуі әсерінен пайда болатын 
систолалық толқынды, қанның веноздық ағуымен байланысты 
диастолалық толқынды байқауға болады (12 – сурет). 
 
12 – 
сурет. ЭКГ мен синхронды тіркелген дифференцияланған (б) және 
көлемдік (а) реограмманың негізгі параметрлерін анықтау схемасы. 
К - бақылау сигналы, Аарт — көлемдік реограмманың негізгі 
толқынының амплитудасы (Ом), Асист - систолалық толқынның өсу 
жылдамдығының ең жоғары деңгейіндегі көлемдік реограмманың 
амплитудасы, Авен-катакротаның (Ом) максималъды жылдамдыгы 
деңгейіндегі көлемдік реограмманы құрайтын венозды амплитуда, Аинц -
көлемді реограмманың (Ом) инцизурасының амплитудасы, Адикр - 
дикротикалық толқын амплитудасы (Ом). 
Реографиялық 
сызықты 
сандық 
бағалау 
кезінде 
келесі 
көрсеткіштерді есепке аламыз: 
1. Реографиялық индекс (РИ) – систолалық екпіннің максимальды 
амплитудасының калибровкалы импульс биіктігіне ара қатынасы (Аарт/К). 
Зерттелетін аймақтың қосылған қан толысының мөлшерін сипаттайды. 
2. 
Сызықтың 
максимальды 
жылдамдықпен 
көтерілгендігі, 
реограмманың амплитуда- сы (Асист), және де оның көтерілу уақытына 
21 


тәуелдігі (Асист/al). Бұл екі көрсеткіш зерттелетін аймақ артерияларының 
қанмен толу жылдамдығын және мөлшерін көрсетеді. 
3. 
Систола – диастолалық көрсеткіш реограмманың систолалық 
толқын 
амплитудасының 
диастолалық 
бөліктің 
максимальді 
амплитудасына қатынасы (Аарт/Адикр). Бұл көрсеткіш венозды ағынның 
жағдайын сипаттайды. 
4. Серпінділік индексі (СИ) – систолалық толқынның максимальді 
амплитудасы- ның, тамырлы аймақтың толықсу периодының соңындағы 
амплитудасына қатынасы (Аарт/Авен). Бұл қатынас тамыр қабырғасының 
серпінділігінің жанама көрсеткіші болып табылады. 
5. 
Уақытша интервал Qx (ЭКГ-ның QRS комплексінің басынан, 
реограмманың систолалық толқынының анакротикалық көтерілу басына 
дейінгі уақыт) пульс екпінінің таралу жылдамдығын сипаттайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет