Ж. Ш. Ургалиев медициналық биофизика практикумы


Реографияның диагностикалық мүмкіндіктері



Pdf көрінісі
бет14/30
Дата09.05.2023
өлшемі1,55 Mb.
#91292
түріПрактикум
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Байланысты:
Биофизика практикум 2016 Нускаулык сабақ

Реографияның диагностикалық мүмкіндіктері 
Реография 
әдісі 
өзінің 
қарапайымдылығымен, 
жоғары 
ақпараттылығымен, қауіпсіздігімен және қарапайымдылығымен соңғы 
жылдары кеңінен таралды. Бұл әдіс кез келген мүше немесе дене бөлігінің 
гемодинамикасын зерттеуге мүмкіндік береді. Мүше немесе дене 
бөліктерінің артериальды қанмен толықсуын, артериальды тонусын
венозды ағымды және коллатеральды қан айналымды, сондай-ақ орталық 
гемодинамиканың кейбір көрсеткіштерін сипаттай алады. 
Реовазография (РВГ) - әртүрлі тамырлы аймақтардың қан толысын 
тіркеу. Ең тәжірибелік маңыздысы аяқ тамырларының РВГ – сы. Бұл жағдай 
үшін РВГ – де таспа тәрізді электродтар қолданылады. Олар оң және сол 
аяқ-қолдың проксимальды және дистальды ұштарына орнатылады (13–
сурет). 
 
13 – 
сурет. Аяқ және қол тамырларының реовазограммасын тіркеу үшін 
22 


реографиялық электродтар қою тәсілдерінің схемасы. 
Аяқ-қол РВГ-сін сараптауда сызықтың пішініне, РВГ-ның кейбір 
сандық көрсеткіштеріне, және де оң және сол аяқ-қол аймақтарда тіркелген 
РВГ-ның симметриялығына көңіл аударылады. Мұндай сараптау: 1) 
магистральды 
артериялармен 
перифериялык 
қан 
айналымының 
бұзылуының таралуын және локализациясын табады; 2) тамыр тонусын 
бағалайды; 3) коллатеральды қан айналыс жағдайын сараптайды. 
Әртүрлі тамырлы аймақтардың РВГ-сының патологиялық өзгеруі бір 
типтілігімен сипатталады. Белгілі бір аймақтың қан толысының 
төмендеуінде (гиповолемия) амплитуданың төмендеуі және систолалык 
толқын төбесінің жиырылуы, РВГ-ның анакротикалық көтерілу 
жылдамдығының төмендеуі (14,б – сурет) байқалады. 
Тамырлар 
тонусының 
жоғарылауына 
систолалық 
толқын 
амплитудасының төмендеуі, төбесінің домалануы, инцизурасының жоғары 
орналасуы және диастолалық толқын амплитудасының ұлғаюы тән (14,в – 
сурет). 
Тамырлар 
тонусының 
төмендеуінде 
ситолалық 
толқын 
амплитудасының үлкеюі, төбесінің үшкірленіп, бірден көтерілуі (анакрота) 
және инцизурасының бірден түсіп, төмен орналасуы байқалады (14,г – 
сурет). Қандайда бір тамырлы аймақтың қан толысының ұлғаюы 
(гиперволемия) амплитуданың үлкеюі мен және РВГ-ның систолалық 
толқын төбесінің үшкірленуімен сипатталады, және инцизурасы әлсіз 
көрініп, диастолалық толқын төмен орналасады (14,д – сурет). 
14 – 
сурет. Реографиялық сызықтың әртүрлі типтерінің схемалық бейнесі: 
а- норма, б-мүше қан толысының төмендеуі (сызықтың 
гиповолемиялық типі), в-тамыр тонусының жоғарылауы, г-тамыр 
тонусының төмендеуі, д-муше қан толысының улгаюы (гиперволемия) 
23 


Реоэнцефалография (РЭГ) ми қан тамырларының қан толысын 
жанама бағалау үшін қолданады. Ми жарты шарларының РЭГ-сын тіркеу 
үшін электродтарды оң және сол жақтан симметриялы орналастырады, 
«зондтаушы» электр желісі мидың ішкі ұйқы артериясымен, омыртка 
артериясымен, алдыңғы және ортаңғы ми артерияларымен қанмен 
жабдықталатын мидың әртүрлі аймақтарымен өтуі қажет. Электродтарды 
маңдай сүйегімен самай сүйегінің емізік тәрізді өсіндісі аймақтарының оң 
және сол жағына жиірек орнатады. Қан айналымның органикалық және 
функциональды бұзылулары дифференциалдау үшін фармокологиялық 
сынамаларды қолданады (эуфиллин, нитроглицерин т.б.). 
РЭГ-ның сапалық және сандық сараптамасы анықтайды: 
Мидың қанмен жабдықталуының жарты шараралық ассиметриясын 
және бұл бұзылыстардың орналасуын. 
Мидың қанмен жабдықталуында функциональдық немесе 
органикалық бұзылыстардың әсері бар екенін (фармокологиялық 
препараттар қолданғанда). 
Табылған бұзылыстардың маңызды механизмдерін анықтау 
(артериялардың стенозы, ми тамырларының склероздық өзгерістері, 
артерия қабырғасы тонусының төмендеуі, венозды ағынның бұзылуы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет