Ж. Ш. Ургалиев медициналық биофизика практикумы



Pdf көрінісі
бет16/30
Дата09.05.2023
өлшемі1,55 Mb.
#91292
түріПрактикум
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
Байланысты:
Биофизика практикум 2016 Нускаулык сабақ

Жұмыс барысы: Рива-Роччи пальпациялық әдісі. Пациент стол 
жанына бетін монометрге бұрып, сол қолын столға қояды. Ашылған иық 
аймағына тіндерді қыспайтындай етіп манжетті кигізеді. (16 – сурет). Бір 
қолмен кәрі жілік артериясы аймағында пульс пальпацияланады, ал екінші 
қолмен манжетке грушаның көмегімен ауа үріледі. Манжеттегі ауаның 
мөлшерін монометрден көруге болады. Манжетте пульс жоғалғанша 
максимальдіден жоғары қысым түзеді, пульс естілмейді. Содан соң винттік 
клапанды ашып ауаны жәй шығарады. Кәрі жілік артериясында пульстың 
пайда болуы иық артериясындағы максимальді қысымға сәйкес келеді 
(систолалық қысым).
27 


16 – 
сурет 
Рива-Роччи әдісімен қан қысымын 
өлшеу 

маннометр 

манжетка 
17 – 
сурет 
Коротков әдісімен қан қысымын 
өлшеу 

манометр 

манжетка 

фонендоскоп 
Коротковтың аускультативті әдісі: Манжетті иық аймағына шынтақ 
бүгілісінен жоғары кигізеді. Шынтақ шұңқырында пульсацияланған иық 
артериясын тауып, фонендоскоп қоямыз (17–сурет). Манжетте 
максимальдіден жоғары қысым түзіледі, пульс естілмейді винтті клапанды 
ашу арқылы манжеттен ауаны шығарып фонендоскоппен иық 
артериясындағы үндерді естиміз. Үндердің пайда болу кезі систолалық 
қысымға сәйкес келеді. Қысымның ары қарай төмендеуіне байланысты 
алдымен үндердің өсу күшін, содан соң баяулауын және бірте-бірте 
жоғалуы байқлады. Үндердің естілмейтін сәті диастолалық қысымға 
сәйкес. 
Нәтижелер мен қорытындылар: 
Тексерілушінің қан қысымы деңгейін анықтауға болады. 
Бақылау сұрақтары: 
1. 
Жүрек жұмысының зерттеу әдістері. 
2. 
Қан қысымы туралы түсінік. 
3. 
Қанның вена арқылы жылжуы. 
4. 
Артериялық пульс. 
5. 
Қан қысымын өлшеу әдістері. 
6. 
Қан қысымының тікелей және жанама тіркеу әдісі. 
7. 
Гемодинамиканың физикалық негіздері. 
8. 
Пульстық қысым деген не? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет