Өндірісте қолданылатын микроорганизмдер Өндірісте спиртті биохимиялық жолмен алуда келесі
микроорганизмдерді қолданады: спиртті ашытатын қоздырушы
ашытқылар; зең саңырауқұлақтары – қанттау препараттарды алу
үшін; қоректік ортаны қышқылдандыру үшін, əрі ортаның сапасын
жақсарту үшін сүт қышқылды бактерияларды қолданады.
Ашытқылар. Спирт өндірісінде Saccharomyces cerevisiae туысының түрлері жəне де нан өндірісіндегі ашытқылар
қолданылады. Бірақ бөлек өндірілген расалардың нан өндірісіндегі
расалардан айырмашылығы бар. Мысалы, астық-картоп шикізатын
қайта өңдеу үшін бір рассаны, мелассаны қайта өңдеу үшін басқасын
қолданылады. Крахмал шикізатынан дайындалған заторды ашы-
ту үшін көбінесе нан өндірісінің ашытқысын 1902 жылы таңдап
алынған XII расаны қолданады. Осы рассаның ашытқы клеткалары
домалақ немесе жұмыртқа тəрізді, өлшемі 5-6,2х5-8 мкм.
Клеткада домалақ тəрізді 4 гаплоидты спора пайда болады.
Жетілген споралар жұп болып өсіп жетіледі, вегетативті клеткалар
диплойд түзеді, содан бүршік болып көбейеді. Ашытқылар глюкоза-