Мезофильді жəне термофильді сүт қышқылды стрептокок- калар арқылы дайындалатын өнімдер.Мұндай өнімдерге «Люби-
тельская қаймағы», сүт белокты «Здоровье» пастасы, жылдам əдіс
арқылы дайындалған сүзбе, майы төмендетілген, жеміс-жидекті
сусындар жатады. Сүтті ашыту 6-7 сағат аралығында 35-38°С
жүргізіледі. Сүт қышқылды процесті жүргізетін микроорганизм-
дер қатары мезофильді жəне термофильді стрептококкалар болып
табылады. Мезофильді стрептококкалар сүт қышқылды процестің
белсенді жүруіне, ұйындының ылғалды болуына көмектеседі. Ол
1 см
3
өнім мөлшерінде 10
6
-10
8
жасушадай болады. Термофильді
стрептококкалардың негізгі функциясы – ұйындыға қажетті
тұтқырлық беріп, сарысуда тұрақтылық көрсете отырып, араласты-
рудан кейін де құрылымын сақтап қалуы.