Мезофильді сүт қышқылды стрептококкалары арқылы да- йындалатын өнімдер. Бұндай өнімдерге сүзбе, қаймақ жатады.
Осы өнімдерді дайындау кезіндегі, сүттің ашу процесі 6-8 сағат
аралығында 30
о
С температурада дайындалады. Өнімнің микрофло-
ра құрамындағы гомоферментативті стрептококкалар: Streptococcus lactis, Streptococcus cremoris; аромат түзуші гетероферментативные
стрептококкалар: Streptococcus diacetylactis, Streptococcus acetoinicus жəне аромат түзуші лейконосток түрі Leuconostoc dextranicum жата-
ды. Дайын сүзбенің 1 г көлемінде 10
8
-10
9
жасуша, қаймақта 10
7
жа-
суша болады.
Термофильді сүт қышқылды бактериялар қатысуымен дайын далатын өнімдер. Термофильді сүт қышқылды бактерия-
ларды қолдана отырып, йогурт (сиыр сүтінен жасалынған тəтті-
қышқыл тағам), «Южная» простоквашасын (оңтүстік ұйыған
сүтін), ряженканы (кілегей қосып ұйытылған айран) жəне қою
айран дайындайды.
Йогурт жəне «Южная» простокваша микрофлорасының құрамына
4:1, 5:1 қатынасты көрсететін термофильді стрептококк (Streptococcus thermophilus) жəне болгар таяқшасы (Lactobacillus bulgaricus)
кіреді. Сонымен бірге осы микроорганизмдердің симбиотикалық
ұйытқысы қолданады. Термофильді стрептококкалардың жəне бол-
гар таяқшасының 1 см
3
өнім құрамына 10
7
-10
8
болады.
Ряженка жəне қою айран өндірісіне 3-5% мөлшерде термофильді
сүт қышқылды стрептококктың ұйытқысын пайдаланады. Кей кезде
болгар таяқшасын қосады. Термофильді стрептококканың 1 см
3
өнім
құрамына 10
7
-10
8
жасуша кіреді.