Патогенді жəне шартты патогенді микроорганизмдер Патогендік немесе ауру жұқтыратын деп, адамдар да жəне жа-
нуарларда ауру тудыратын микроорганизмдер атайды. Патоген-
микроорганизмдердің генетикалық бекітулі белгісінің көрінісі болып
табылады. Əртүрлі жағдайда микроорганизмдердің ауру жұқтыратын
əрекеті алуан түрлі дəрежеде көрсетіледі. Патогенденудің дəрежесін
вируленттілік деп атайды.
Патогенділікке паразиттер, шартты-патогендік қасиетке ие ми-
кроорганизмдер жатады. Шартты патогенді микроорганизмдер деп,
белгілі бір жағдайларда ауру туғызатын, жануардың бойындағы
қорғаныстық күшін төмендететін микроорганиздерді атайды.
Шартты-патогенділер адам жəне жануарлардың тұрақты микрофло-
расына, сонымен қатар сыртқы орта микроорганизмдеріне жатады.
Патогенді жəне шартты-патогенді микроорганизмдердің ең
маңызды сипаттамасы, құрамының токсинді-микробты уды
бөлуінде. Микроорганизмдердің патогенді токсиндерінің 2 түрі бар:
экзотоксин мен эндотоксин.
Экзотоксиндер – микроб клеткаларынан сыртқы ортаға шығатын,
ақуыздар табиғатының ең улы заттары. Экзотоксиндер əрбір бөлек
органдарға əсерін тигізіп, клиникалық көрінулермен ерекшеленеді.
Олар жоғарғы температураға аса қатты төзімді емес, қайнату кезінде
токсинділігі жоғалады.
Эндотоксиндер тіршілік барысында сыртқы ортаға тек
клеткалардың өліп немесе бұзылу кезінде ғана шығады. Эндоток-
синдер химиялық құрамы күрделі, оның құрамына полисахарид-
тер мен липопротеиндер кіреді. Олар экзотоксиндерге қарағанда,
аса улы емес жəне жеке организмге əсерін тигізбейді. Əртүрлі
эндотоксиндердің əсері бірдей симптомдарда байқалады. Эндоток-
сидер термотұрақты, ұзақ қайнау кезіндегі 100°С температураға
төзімділік көрсетеді.