Инфекция деп патогенді микроорганизмдердің жануар ағзасына
еніп көбеюін, соның нəтижесінде инфекциялық кезеңінің басталуын
айтады.
Инфекцияның тарату көздері ауру организмдер, сонымен қатар
микроб тасымалдаушылар болып табылады. Оларға ауру тудырып,
қоздырғыштары организмде қалап қойған жəне ауырмаған орга-
низмдер де жатуы мүмкін.
Патогенді организмдер ауру тудырушы микроорганизмдер
əсерінен жəне сыртқы ортадан (топырақтан, ауадан, судан, шыбын-
шіркей, кемірушілер) тамаққа түседі.
Инфекциялық аурудың негізгі белгісі біраз уақыт өткеннен кейін
берілуі мүмкін. Бұндай уақыт аралығы инкубациялық кезең деп ата-
лады. Кезеңнің ұзақтығы əртүрлі ауруға байланысты алуан түрлі. Со-
дан соң ғана клиникалық белгілі бір аурудың симптомдары көрініс
табады.
«Иммунитет» – ағзаның антигендік қасиеттері бар жұқпалы жəне
жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын не-
месе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды, қабылдамаушылық
қасиеті жəне оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет деп басқаша
айтқанда патогенді микроорганизмдердің əсерін организмнің
қабылдамауы деп деп түсіндіруге де болады. Иммунитеттің негізгі
екі түрі бар: туа біткен жəне жүре пайда болған. Туа біткен иммуни-
тет дегеніміз – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан белгілі организмдердің
басқа ауруларға тұрақтылығын көрсететін иммунитет түрі. Жүре
пайда болған иммунитет жеке өмір сүру процесі кезінде байқалады.
Жүре пайда болған иммунитет белгілі инфекцияға төзімділік
көрсеткен кезіндегі табиғи, немесе организмге арнайы екпе арқылы
төзімділік берген жасанды иммунитет болып бөлінеді.
Иммунитеттің механизмдері:
1.
Микроорганизмдерге тосқауыл бола алатын, сыртқы
қабаты бұзылмаған терінің жəне сілемейлі қабықшаларының болуы.
2.
Спецификалық бөлінулер: жас, түкірік, асқазан сөлі, өт.
3.
Фагацитоз – жасуша иммунитеті. Организмдегі кейбір
клеткалардың микробтарға қарсы тұра алатын қасиеті бар екендігін
И. И. Мечников дəлелдеген. Мұндай клеткаларды Мечников фаго-
цит, ал көріністі фагоцитоз деп атады.
4.
Гумаральді жəне сұйық иммунитет. Олар плазма, қан, лим-
фада болатын қорғаныштық қасиетті көрсететін белоктар.
5.
Спецификалық иммунитет антидене түзуімен ерекшеленеді.
Антидене – антигендердің түсуіне қарсылық көрсететін иммунды
ақуыздар. Оларға: бактериялар, вирустар, қарапайымдылар, қатерлі
ісік тудырушы клеткалар жатады.