Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет253/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

226
227
 
тамақ  қалдықтарымен  бірге  келіп  отырады, 1 г  бөлігінің  өзінде 
бірнеше жүзден миллионға дейін микроорганизмдер кездеседі. Оның 
микрофлорасында  ішек  таяқшаларының  топтары,  энтерококкалар, 
ашытуды тудырушылар, шірітуші бактериялар жатады. Тоқ ішектің 
тұрақты  микрофлорасы  патогенді  жəне  шірітуші  бактериялардың 
қатынасына  байланысты  антагонистік  қасиетті  көрсетіп,  жануар 
организмінде В, С, К дəрумендерінің болуына үлес қосады.
Ішектегі  тұрақты  микроорганизмдер  арасынан  ағзаның 
иммунитеті  төмендеген  кезінде  ауру  тудырушы  шартты  патогенді 
штаммдарды кездестіруге болады. Сонымен бірге, одан басқа саль-
монелла, ботулизм таяқшасы болып табылатын патогенді микроор-
ганизмдер кездесуі əбден мүмкін.
Ауырған  жануарлардың  ауруын  емдеу  үшін,  ұзақ  уақыт 
қолданған  антибиотиктер  ішек  микрофлорасының  құрамын 
өзгертеді.  Соның  ішінде  ішек  таяқшалары,  сүт  қышқылды  бак-
териялар  азайып  немесе  жойылады.  Салдарынан  шірітуші  бак-
териялар, токсигенді штаммдар, ішек таяқшаларының саны өсіп, 
саңырауқұлақтар  мен  патогенді  микроорганимдердің  көбеюіне 
жол  ашады.  Дисбактериоз  ауруы  кезінде  жануарлардың  өсуі  на-
шарлап, ішек аурулары туындайды. 
Сиырлардың желінінде əр түрлі патогенді, шірітуші микроорга-
низмдер  кездеседі,  соның  ішінде  шірітуді  туғызатын  стафилокок-
калар  бар.  Ағзаның  басқа  бөліктерінде  де  кездеседі,  алайда  саны 
жағынан азырақ болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет