Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет252/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

Ет микробиологиясы
Жануарлар ағзасының микрофлорасы
Жануар  ағзасының  микрофлорасы  тұрақты  жəне  тұрақсыз 
микрофлорадан  тұрады.  Тұрақты  микрофлора – эволюция  процесі 
кезінде белгілі нысанға келтірілген əртүрлі организмде өмір сүруге 
икемделген  мироорганизмдер.  Микробтар  сыртқы  ортамен  бай-
ланысты  болып  келетін  организм  жүйесінде  тіршілік  етеді.  Олар: 
асқазан жəне ішек жолдарында, сыртқы жүнді қабаттар, тыныс алу 
жолдары жəне т.б.
Тері жəне жүнді қабаттағы микроорганизмдер ауадан, топырақтан, 
жануарлардан таралады. Терінің тұрақты микроорганизмдеріне кок-
калар жəне таяқша тəріздес: ішек, пішен таяқшалары жатады. Кок-
калар шаштың түбітінде, тері жəне майлы қабаттарында кездеседі. 
Жануар  ағзасының  иммунитетінің  төмендеуінен  олар  белсенділік 
танытып,  шіріту  процесін  бастайды.  Микроорганизмдер  саны, 
жануардың  тіршілік  ету  жағдайымен  тығыз  байланысты.  Айтар 
болсақ 1 см
3
 клеткадан бірнеше мыңнан 1-2 млрд-қа дейін жетеді. 
Тамақты қорыту жүйесінің микрофлорасы алуан түрлі. Оның 
сапалық жəне мөлшерлік құрамы оның микрофлорасына, əртүрлі 
бөлімдердегі тамақты қорыту аппараттарының жұмысына байла-
нысты. 
Күйіс қайыратын жануарлардың ауыз бөлімінің 1 г сөлінде, бірнеше 
миллонға  жуық  микроорганизмдер  бар.  Негізгі  микрофлораның 
көп  бөлігіне  тамақты  қорытуға  көмектесетін,  ашытуды  тудыратын 
микроорганизмдер  жатады.  Аталған  микроорганизмдер  өзектің 
бөлінуіне, ақуыздың жəне зəр қышқылының тарамдалуына əкеледі. 
Олар организмге пайдалы болып келетін витаминдер мен басқа да 
қосылыстарды синтездейді, ақуыздың баланстық бөлігін реттейді. 
Асқазан жəне ішек микрофлорасы микробтарға өте қолайлы орта 
туғызады. Оларға: ішек таяқшалары, токсинділік көрсететін энтеро-
коккалар жəне бациллалар жатады.
Тоқ  ішекте  микроорганизмдер  көп  таралған.  Тоқ  ішекте 
бактериоцидтік факторлардың болмауынан, ұзақ уақыт аралығында 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет