Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет256/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

230
231
 
ылғал  тазалаудан  бас  тарту  мүмкін  емес.  Жануарды  бірінші  өңдеу 
кезінде технологиялық нұсқауды қатаң сақтап, еттің қатты ластанған 
бөліктерін  ғана  тазалау  керек.  Ластануы  аз  болса,  құрғақ  тазалау 
ғана жүргізу керек. 
Ет микрофлорасының сапалық жəне сандық құрамы
Сау, семіз, қажымаған жануарды сою барысында санитарлық жəне 
технологиялық  нұсқауларды  сақтай  отырып  алынған  еттің  бетінде 
ғана  микроорганизмдер  болады,  осыған  байланысты  экзогенді 
тұқымдандырылу  тұтас  етті  мүшелеу  процесімен  байланысты  бо-
лып  келеді.  Еттегі  микроорганизм  саны  өндірістің  санитарлық 
жағдайына байланысты болады. Санитарлық жағдайы дұрыс болған 
кезде, еттің бетінен бірнеше мыңнан ондаған мыңға дейін мөлшерде 
микроб клеткаларын табуға болады. Ал санитарлық жағдайы төмен 
кезде, еттің бетіндегі микроорганизм мөлшері 1 см

бетке 500 мың 
клеткадан асуы мүмкін. 
Жаңа сойылған еттің микрофлорасының сапалық құрамы əртүрлі 
болады.  Микрофлорының  көптеген  мөлшерін  тері  бетіндегі  жəне 
ішек-қарын  жолдарындағы  микроорганизмдер  алады.  Олар  етті 
өндіру кезінде жүретін микробты тұқымданудың негізгі көзі болып 
табылады. Бактерияның кокка түрлері, ішек таяқшалары бактерия-
лары, шіріген спора түзгіш бактериялар, спора түзбейтін грамтеріс 
таяқшалар,  өңезделген  саңырауқұлақ,  ашытқылар  түрлерін 
кездестіруге  болады.  Кейде  сальмонелла  жəне  басқа  да  патогендік 
микроорганизмдер кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет