Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық


Ашытқылардың  таза  культураларын  сақтау  əдістері



Pdf көрінісі
бет79/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

Ашытқылардың  таза  культураларын  сақтау  əдістері.  Ашыт-
қылар арнайы таза культуралар мұражайында, зауыт зертханаларында, 
қажетті жағдайлар қамтамасыз етілгенде, белсенді күйде сақталады. 
Бұл  сақтау  əдістері  ашытқы  расаларының  культуралды  жəне 
морфологиялық қасиеттерін өзгеріссіз сақтауға бағытталған. 
Бірінш  тəсіл – ашытқыларды  агарлы  қоректік  ортада  сақтау. 
Ашытқыларды  жаңа  қоректік  ортаға  көшіру 14-12 күн  сайын 
жүргізіледі. 
Агарлы қоректік орта. Сұлының уыты (құрғақ заты 12%) – 49,5%, 
тазартылған  меласса  ерітіндісі  (құрғақ  заттары – 6-8%) – 49,5%, 
ашытқы автолизаты (құрғақ заттары – 9%) – 1,0%, агар-агар-2%. 
Сұйық  қоректік  орта.  Ашытқыларды  жаңа  қоректік  ортаға 
көшіру алдында, міндетті түрде белсендендіру үшін сұйық қоректік 
орта  қолданылады.  Жаңа  қоректік  ортаға  көшіру  уақытын  қатаң 
қадағаламаған  жағдайда,  агарлы  ортаның  бетіндегі  ашытқы  клет-
каларында  споралар  пайда  болып,  культураның  қасиеттері  өзгеруі 
мүмкін, əсіресе ол гибрид болса.
Екінші  тəсіл – вакуум  астындағы  мұздатылған  күйде 
кептіру – лиофилизация.  Ашытқылардың  қою  суспензиясын 
зарарсыздандырылған  пробирка-ампулаға  құйып,  минус 40°С  тем-
пературада, вакуум астында кептіреді, жабады, тоңазытқышта неме-
се бөлме температурасында сақтайды. Осылайша культураларды 3 
жылға дейін сақтауға болады. 
Үшінші тəсіл – 10%-дық сахароза ерітіндісінде консервациялау. 
Сахарозаның  зарарсыздандырылған  ертіндісіне  бактериологиялық 
петлямен агарлы қоректік ортада өсірілген, екі күндік ашытқы куль-
тураларын егіп, ауызын жауып, бөлме температурасында сақтайды. 
Бұл кезде ашытқы культуралары көбеймейді, яғни анабиоз күйінде 
болады.  Сахароза  ертіндісі  құрғап  қалмаса,  олар 6-12 айға  дейін 
сақталады. 
Əрі қарай өндіріске бұл ашытқыларды пайдалану үшін, сахаро-
залы  ерітіндісі  бар  флаконнан  (ілгішпен  не  залалсыздандырылған 
пипеткамен)  ашытқылар  культурасын  асептикалық  жағдайларды 
сақтай отырып, сұйық қоректік ортаға егіп, белсендендіреді. 
Төртінші тəсіл – вазелин майы қабатының астында сақтау. Агар-
лы қоректік орта бетіндегі 2-3 тəуліктік культураларды, май толық 
жауып тұратындай етіп, вазелин майын құяды. Май ортаны құрғап 
кетуден сақтайды, бірақ ашытқылардың біртіндеп дамуына кедергі 
бола  алмайды.  Осы  əдіс  арқылы  ашытқыларды 6 айдан 2 жылға 
дейін сақтауға болады.
Агарлы  қоректік  ортаға  майды  құю  үшін,  тығыздығы – 0,8-
0,9,  медициналық  вазелин  майын  қолдануға  ұсынады.  Май-
ды  алдын  ала  автоклавта  залалсыздандырып,  кептіргіш  шкафта 
ылғалдыдылығынан айырады. Барлық асептика ережелерін сақтап, 
маймен орта бетін жабады. Май қалыңдығы 1 см-ден аспауы керек. 
Маймен  жабылған  культуралар  бөлме  температурасында  немесе 
тоңазытқышта 4-6°С температурада сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет