толығымен жойылады, бірақ құлмақты қоймада сақтағанда, олар
айтарлықтай ықпал етеді. Құлмақта майқышқылды бактериялар,
термобактериялар жəне пішен таяқшалары кездеседі. Бұл микроор-
ганизмдер құлмақтану үдерісіне кері əсер ете алмайды, бірақ
олардың болуы құлмаққа бөтен жағымсыз иіс береді.
Аяқ-киім, киім жəне жұмысшылар қолдары. Күнделікті
инфекцияның маңызды себебі өндірістегі жеткіліксіз тазалық болуы
мүмкін. Көп жағдайда инфекцияның көмекшісі кір болып табылады.
Санитарлық талаптар сақталмағандықтан цехқа аяқ киімнен, киім-
нен жəне жұмысшылар қолынан кір түседі. Бұл инфекция ошақтары
үлкен мəнге ие, зиянды микроорганизмдермен күресу жəне олар-
ды бақылау қиын. Тазалықты қатаң сақтау жəне жұмысшылардың
өзіндік гигиенасы, əсіресе сусло қалдықтары, ашытқы қожалықтары,
масса жуғыш жəне құю орындары маңызды профилактикалық
құралдар болып табылады.