Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет163/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   305
Өндірістік  дəндік  ашытқылар.  Сыра  қайнату  зауытындағы 
ашытқылар  тазалықтың  жеткіліксіздігінен  қауіпті  инфекцияның 
көзіне  айналуы  мүмкін.  Ашытқыларды  қайталап  қолданған  кезде 
олардың биологиялық тазалығы біртіндеп нашарлайды: ыдыс түбіне 
басты ашу кезінде шөккен ашытқы жасушаларының бетіне тек қана 
механикалық  емес,  сонымен  қатар  əртүрлі  микроорганизмдер  ад-
сорбцияланады.
Ары  қарай  ашытқыларды  қолдану  үшін,  оларды  декантация 
əдісін  қолданып,  сумен  шаяды.  Бұл  кезде  ашытқылар  тек  бөтен 
бөлшектерден,  микроорганизмдерден,  жасушаның  үстіне  əлсіз 
жабысқан заттардан тазаланады. Ашытқы жасушаларына нығайып 
жабысқан жəне өте ұсақ бактерияларды сумен жуу қиын.
Ашытқы  дəндерінің  сезімталдығын  негізге  ала  отырып, 
 микроорганизмдерден  тазарту  үшін  əртүрлі  қышқылдарды 
қолданады.
Жабайы  ашытқыларды  жою  үшін 1%-дық  шарап  қышқылын, 
сүтқышқылды  бактериялардан 0,1-0,6% жəне  фосфор  қықылының 
ерітіндісін қолданады. Кейде ашытқыларды күкірт қышқылымен де 
тазалайды.
Жақсы  жуылып  жəне  биологиялық  таза  болғанда,  дəндік 
ашытқыларды белсенділігін жоғалтпай 12 рет қолдануға болады.
Сыра  қайнату  зауытында  ластанған  ашытқы  дəндері  басты 
инфекция  көзі  болғандықтан,  оларды  бақылауға  көп  көңіл  бөлу 
қажет.  Ашытқы  дəндерін  əр  ваннадан  тексеріп,  микробиологтың 
рұқсатымен ашыту бөлмелеріне жібереді. Ашытқы дəндерін тексеру 
үшін таза шыны таяқшаны ваннаның түбіне дейін жеткізіп үлгісін 
алады. Көрсеткіштеріне қарай ашытқы дəндерін күнделікті тексеру-
ден өткізу қажет.
Ашытқылардың  жарамдылық  дəрежесін  анықтау  үшін,  оларға 
микроскопиялық  талдау  жүргізеді.  Ашытқыларға  талап  етілген 
көрсеткіштер сəйкес келмесе, олар ашу процесін бұзуы мүмкін не-
месе  сырада  «ауру»  тудырады.  Ашытқыларды  микроскопиялық 
талдауда  мынадай  көрсеткіштер  ескеріледі:  биологиялық  тазалық, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет