Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет18/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

  5) pH-метр  –  бұл  ерітінділердегі,  ауыз  судағы,  тағам  өнімдері 
мен  шикізаттағы,  сонымен  бірге  агрессиялық  орталардағы  сутек 
иондарының  концентрациясын  сипаттайтын  рН  көрсеткіштерін 
өлшеуге арналған құрылғы. 
6) Ламинарлы бокс – залалсыздандыру жағдайда жұмыс істеуге 
арналған  құрылғы.  Бұл  қондырғыда  жасуша  культураларының 
асептикалық  жұмыстары  жүргізіледі.  Ол  ауа  ағынын  залалсыз-
дандыратын  сүзгілік  (фильтрлық)  жүйемен  жабдықталған,  со-
нымен бірге бокстың ішкі жағын жəне жұмыс істейтін орынның 
залалсыз  болуын  УФ-лампаның  көмегімен  қамтамасыз  етеді. 
Бокста  көбінесе  металды  құрал-жабдықтарды  залалсызданды-
ру  үшін  газды  жалын  (немесе  спиртовка)  болады.  Жұмыс  істеу 
алдында  ламинар – бокстың  жұмыс  істелетін  орны, 70% этанол 
ерітіндісімен залалсыздандырылады. Содан кейін 15-20 мин УФ-
лампаны жағып қояды.
7)  Центрифуга.  Центрифуганы  микроорганизмдерді,  эритро-
циттерді  жəне  басқа  клеткаларды  тұнбаға  түсіру  үшін,  əртекті 
сұйықтықтарды (эмульсиялар, суспензиялар) бөлу үшін қолданады. 
8) Микроскоп – микроорганизмдердің морфологиялық көрінісінің 
ерекшеліктерін,  қасиеттерін  (əртүрлі  бояғыштармен  боялу 
қабілеттілігін), қозғалғыштығын, арнайы құрылымдық элементтерін 
(спора, капсула) бар-жоғын анықтау үшін қолданады. 
3-сурет. Микробиологиялық зертханада жұмыс жасауға арналған 
бинокулярлы микроскоп




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет