Шараптың көгеруі (шарап зеңі). Бұл ауруды шарап бетінде
көбейетін əр түрлі ашытқылар тудырады. Инфекцияға құрамында
спирті аз, ыдысқа толық толтырылмаған асханалық жүзім шарабы
ұшырайды. Шарап бетін жұқа қабықша жабады, уақыт өткен са-
йын ол қалыңдап, ақшыл сұр түсті болып, қыртыстанады. Қабықша
астында шарап лайланады, өзіндік иісі мен дəмі бар су ерітіндісіне
айналады.
Сіркелік ашу – шараптың қауіпті жəне көп таралған ауру түрі.
Шарапқа инфекция түскенде шарап бетінде жұқа, сұр қабықша пай-
да болады. Басында ол мөлдір болады, инфекция қозған сайын ол
қалыңдап, қатпарланады. Қабықшаның бөлшектері күбінің түбіне
түсіп, шырыштанып, созылмалы масса – сірке ұяшығын түзеді.
Шараптың дəмі мен иісі сірке қышқылы мен оның эфирлеріне ұқсас
болады. Егер шараптың құрамында 2 г/л ұшпалы қышқылдар болса,
ол бұзылып жарамсыз болады.
Көбінесе сіркелік ашуға жас шараптар ұшырайды: қызылға
қарағанда ақ шараптар шалдығады, себебі ол илеуіш заттарға
(дубильные вещества) бай. Шараптағы спирт азайғанда жəне
қанттың концентрациясы төмендегенде ауруға шалдығу қаупі
жоғарлайды.
а
б