Ірімшік ақаулары
Шартты түрде ақаулар консистенциясының ішкі суреті, дəмі, иісі,
түсі, сыртқы түрі бойынша ажыратылады.
Консистенция ақаулары
Үгілгіш консистенция сүтқышқылды бактерияның шамадан тыс
көбеюінің нəтижесінде болады. Жоғары қышқылдылық əсерінен ка-
зеин нашар бөртеді, ірімшік массасының байланысуы нашар болады
да, ірімшік сынып, үгіледі.
Созылғыш консистенция сүтқышқылды бактерияның белсенді
емес дамуы мен ірімшік массасында сүтқышқылының аздығынан
болады.
Консистенция ақауларының алдын-алу шаралары: ірімшікті
қышқылдылығы белгіленген жетілген сүттен өндіру, сапасы жақсы
ашытқыны пайдалану, технологиялық режимдердің қолайлысын
қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |