Ғылыми зерттеу әдіснамасы
Бүгінгі күнде ұжым қоғам дамуының не-
гізгі көрсеткіші. Осы орайда, ұжымның қа-
лып тасып, бір мақсатта қызмет етуде пси хо-
логиялық ахуалдың дұрыс орнауының ма-
ңызы зор. Ұжымның психологиялық ахуа-
лын ретке келтіру кәсіби еңбек қызметінде
маңызды фактор рөлін атқарады. Өйткені еңбек
қызметінде адамдармен қарым-қатынас жасау,
олардың психологиялық ерекшеліктерін еске-
ру әлеуметтік ортаның талабы. Сәйкесінше
ұжымды бір арнаға тоғыстыру, қалыптасқан
ұжымның адамгершілік-психологиялық ахуа-
лын орнатып, оны ретке келтіру басты жағдай.
Ұжымның психологиялық ахуалы, тұлғалардың
өзара адамгершілік, тәрбиелік қасиетінің бо-
луымен, өз көзқарастырын берік ұстануымен,
түрлі конфликтілі жағдайлардан шыға білуімен,
еңбекқорлығы мен тәрбиелік қасиетінің болуы-
мен көрінеді.
Ұжымдағы еңбекті және оның қызметін
ұйымдастыруда әртүрлі әлеуметтік-психоло гия-
лық кедергілер кездеседі. Ұжымның контингенті
үлкен болғандықтан тұлғалық, психологиялық
қиындықтар туындап отырады (Бапаева, 2011;
Парыгин, 2010).
Ұжымның адамгершілік-психологиялық ах-
уа лы – бұл ұжым қызметкерлерінің тыныс тір-
шілігінің әртүрлі қарым-қатынас, қызметімен
қанағаттану дәрежесін көрсететін кәсіби ұжым-
ның кешенді эмоционалды-психологиялық жай-
күйі (Парыгин, 1999).
Психологиялық ахуал, жалпы мағынада,
тұл ғалар арасындағы қарым-қатынас сипа ты-
ның көрінісі, өмір сүру жағдайларына, адам-
гершілігіне, басқару деңгейіне және басқа фак-
торларға қанағаттанумен байланысты ұжымдағы
қоғамдық көңіл-күйдің басым бағыты болып та-
былады. Ол ұжым мүшелерінің қарым-қатынасы,
жанашырлығы, тұлғалардың қызығушылықтары
мен бейімділіктерінің сәйкес келуі негізінде
пайда болатын психологиялық байланыстардың
белгілі бір эмоционалды түсімен байланысты.
Ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы:
- бір жағынан, бұл адамгершілік қатынас,
тұлғалар бойындағы тәрбиелілік пен әдептің
ұштасуы, жақсы мінез бен ақыл күшінің
бірігуінен туындайтын ауызбіршілігі;
- екінші жағынан, объективті және субъек-
тивті факторлардың ұжымдық санаға тікелей
және жанама әсері арқылы пайда болған
өзара қарым-қатынас бірлігі, ұжымның ортақ
мақсаты және ұжымдық іс-әрекетке және жеке
тұлғалардың өзара байланысы.
Ұжымдағы психологиялық ахуалды рет-
ке келтіру, біріншіден, еңбек әрекетін орындау
кезінде шамадан тыс жүктеме ықтималдығын
азайтуға көмектеседі. Екіншіден, ұжым ішін-
дегі күйзелістік жағдайларда эмоционалды
тұрақтылықты сақтауға және қалыптасқан ах-
уал дарға реакцияны қауіпсіз басқаруға мүм-
кіндік береді. Үшіншіден, дағдарыс жағдайында
116
Ұжымдағы психологиялық ахуалды ретке келтірудегі адамгершіліктің теориялық-әдіснамалық негіздері
қызметкерлердің эмоционалды денсаулығы мен
оңтайлы көзқарасын сақтайды. Нәтижесінде
қызметкерлер кез келген жағдайда ұтымды ойлау
және тиімді қарым-қатынас жасау қабілеттерін,
адамгершілік сипаттарын жоғалтпайды.
Э. Штейннің көзқарасы бойынша, ұжымның
мәдениеті – күрделі жүйе және ол үш деңгейде си-
патталады. Ұжымдық мәдениетті сипаттаған әр
деңгей күрделі, әрі өзара байланысқан жүйеден
тұрады. Ол ұжымдық мәдениетті күрделі үш
деңгейге бөледі: артефактар, ұжымның ұстанып
отырған құндылықтары және базалық болжам-
дар мен принциптер.
Э. Штейн бойынша ұжымдық мәдениеттің
көрінетін деңгейі – ол, артефактар болып та-
былады. Артефактар – бұл ұжымның сыртқы
мәдени көрінісі болып табылады. Онда сырт
көзге ұжымның қалай көрінетіндігі, бейта-
ныс тұлғалардың ол ұжым туралы ойларының
қалыптасуымен, олардың сыртқы бейнесі,
имиджіне, ұжымның өзін көрсете білуіне деген
сыртқы көзқарасы болып табылады. Ұжымның
мәдениетіне зерттеушілер ұйымның стратегия-
сын, құрылу міндетін, сондай-ақ ұжымның
адамгершілік
қатынастарын
жатқызады.
Ұжы мның ұстанып отырған құндылықтары –
бұл, ұжымның ең бай, әрі тамыры тереңде жатқан
түпсаналық сезімдерін жатқызады. Мұнда
тұлғалар өздерінің түпсаналарына қарай әрекет
жасап, адамгершілік құндылықтарды ұстануы.
Сондай-ақ, ішкі сезімдері мен ойларының
ортақтығы, еңбек қызметін қабылдап, біріге
отырып қызмет жасауын айтады (Штейн, 2002).
Демек, Э. Штейннің зерттеуіне сүйенсек,
ұжымдық мәдениеттің құрылымына тұлғалардың
біріге отырып қызмет жасауы негіз болады,
және оны ұстап тұрушы негізіне адамгершілік-
психологиялық ахуалын жатқызамыз. Ол,
кез келген ұжымды бір мақсат пен мүддеге
негіздейтін құрал, ол – ұжымның адамгершілік-
психологиялық ахуалы. Ұжымдағы мәдениет
қалай қалыптасса, қандай деңгейде еңбек етуі,
ұжымның психологиялық ахуалына, іскерлік
және тұлғалық дамуында әсері зор. Сондықтан,
ұжымның психологиялық ахуалын дұрыс
ұстануы арқылы, ұжымдағы қақтығыстар мен
қиындықтардың алдын алуға болады.
Әрбір жеке тұлғаның тәрбиелік, психоло-
гиялық және әлеуметтік құндылықтарын ескере
отырып, біріктіргенде ұжымның ұнамды еңбек
қызметі қалыптасады. Осындай ұнамды еңбек
қатынасы негізінде ұжымның психологиялық
ахуалының деңгейін көрсетеді. Ұжымның
мәде ниетінің көрінісі, әрбір ұжымдағы тұлға-
лардың бірін-бірі қалай қабылдауы мен баға-
лауынан көрінеді. Демек, басқа тұлғаны
қабылдай отырып, адамгершілік пен сыйластық
қатынасын таныту арқылы ұжымдық мәдениетті
қалыптастырамыз. Ұжымдағы еңбек қызметінің
қалыптасуы, тұлғалардың адамгершілік қарым-
қатынасының дұрыс орнауы, іскерлік және
жеке қарым-қатынастардың ұйымдастырылуы,
осының барлығы тікелей психологиялық
ахуалдың дамуына әсер етеді.
Кеңестік психологияда ұжымның психо-
ло гиялық ахуалының төрт негізгі тәсілі қа-
лыптасқанын сипаттайды. Бірінші тәсіл туралы
Л.П. Буева, Е.С. Кузьмин, Н.Н. Обозов, К.К. Пла-
тонов, А.К. Уледовтың пікірінше психологиялық
ахуалды қоғамдық-психологиялық құбылыс
деп таниды. Ұжымның психологиялық ахуа-
лы, қоғамдық еңбек жағдайында көрініс тауып,
адамдардың арасындағы өзара қарым-қатынас
жасауы деп түсіндіреді. Ал, Е.С. Кузьмин бой-
ынша ұжымдағы жиналған шағын топтағы адам-
дардың психологиялық жағдайларды түсіне
біліп, мүшелері арасындағы қарым-қатынас-
тарының жиынтығын құрайды (Кузьмин, 1979).
Екінші тәсіл бойынша, А.А. Русалинова мен
А.Н. Лутошкиннің пікірінше, ұжымның пси хо-
логиялық ахуалы олардың жалпы көңіл-күй-
леріне байланысты. Демек, ұжымдағы жағымды
қалыптасқан көңіл-күй оның психологиялық
ахуалын ретке келтіреді деп санаған.
Үшінші тәсіл бойынша, В.М. Шепель,
В.А. Покровский, Б.Д. Парыгин зерттеулері
бойынша, ұжымның әлеуметтік-психологиялық
ахуалы қарым-қатынас стиліне байланыстылығы
анықталған.
Төртінші тәсіл бойынша, В.В. Косолапов,
А.Н. Щербан, Л.Н. Коган ұжымның адамгер-
шілік-психологиялық ахуалы топ мүшелерінің
үйлесімдігімен, олардың адамгершілік бірлі-
гі мен, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді ұс-
тануымен, сондай-ақ ұжымдық тұтастықты
қалыптастыра білуімен сипаттайды.
Демек, қай тәсілді алып қарасақ та, ұжым-
ның адамгершілік-психологиялық ахуалын
қа лып тастыруда өзіндік көзқарастары мен
тү сініктері бар. Бірінші тәсілге сүйенсек,
тікелей қоғамдық еңбек қатынасы мен адамдар
арасындағы қарым-қатынасқа тікелей байла-
нысты. Екінші тәсілде, ұжымдағы адамдардың
көңіл-күйлерімен тікелей байланысын ашып
көрсеткен. Демек, ұжымдағы психологиялық
ахуал сол топта жиналған адамдардың көңіл-
күйлеріне тікелей қатысты. Сонымен қоса,
үшінші тәсілде, сол ұжымның көңіл-күйіне әсер
117
Ж.Т. Сарыбекова және т.б.
ететін факторларға тікелей қатысты болатынын
айтқан. Ал, төртінші тәсілді қарасақ, ол ұжым
мүшелерінің үйлесімдігіне, әдет-ғұрып пен салт-
дәстүрді ұстануымен, ұжымның тұтастығымен
қалыптасады.
Ұжымдағы ахуал әрбір тұлғаның әлеуметтік
және психологиялық ерекшеліктерін ескере
отырып, жасаған өзара қарым-қатынасынан
қалыптасады. Сондай-ақ, Б.Д. Парыгин ұжым-
дағы адамгершілік-психологиялық ахуал тек
тұлғаның ерекшеліктерімен ғана емес, соны-
мен қоса сол ұжымдағы тұлғалардың көңіл-
күйлеріне әсер ететін күшті факторлармен
байланысты екенін айтқан (Парыгин, 1999).
Б.Д. Парыгин ұжымның әлеуметтік-психо ло-
гиялық ахуалының құрылымында адамның
еңбекке деген қатынасы мен еңбек ұжымының
өзара қарым-қатынас сияқты негізгі екі бөлімді
көрсетті.
Ұжымның психологиялық ахуалы бұл өзара
сыйластық қарым-қатынасы орнаған, сенімділік
пен сыйластық сезімі бар, өзара жылулық пен
адамгершілікті ұстанған адамдар тобы болып
табылады. Ұжымның қолайсыз психологиялық
ахуалы керісінше, ұжымдағы қатынастардың
жоғары шиеленісі мен қақтығысын, сенімсіздікті,
түсінбеушілікті, дұшпандық пен күдіктілікті,
бір-біріне деген алауыздық сынды қарым-
қатынастың болуымен сипаттайды.
Ұжымдағы әр тұлғаның ерекшелігін,
әлеу меттік құндылықтарын ескере отырып,
ұжы мның мүшелері арасындағы адамгершілік,
кәсіби қарым-қатынасы орнайды. Осы аталған
құндылықтарды ескере отырып, ұжым бір мақсат
пен мүддеге негізделе отырып дамиды. Осын-
дай құндылықтар мен қатынастар ұжымдық
этиканы ұстана отырып, ұжымның үйлесімді
психологиялық ахуалын қалыптастырады.
Ұжымның бірлескен қызметінің жетістігі көп
жағдайда үйлесімді қарым-қатынас тәжірибесі
мен қажырлы еңбегінде көрінеді. Олай болса
бүгінгі таңда кәсіби тұлғаларға қойылған міндет
әлемдік деңгейге сәйкес білім мен тәрбиені
алу, бойында адамгершілік, рухани байлығы
мен мәдениеті қалыптасқан тұлға болу, кәсіби
деңгейде көріне алатын дәрежеге сай жұмыс
істеуі. Сондай-ақ, ұжым мүшелерінің қарым-
қатынас ерекшеліктері, бірлескен іс-әрекеттегі
үйлесімдік, мақсаттың анықтылығы, ұжымдағы
мінез-құлық ерекшеліктерінің көрінісі туралы
зерттеу отандық әлеуметтік психология сала-
сында Қ.Б. Жарықбаев, С.М. Жақыпов, С.Қ. Бер-
дібаева, Х.Т. Шерьязданова, Н.Қ. Тоқсан баева
және т.б. еңбектерінде де кеңінен зерттелген.
Қ.Б. Жарықбаевтың пікірінше, кез келген
адамның психологиялық ерекшеліктері, оның
өмір сүретін ортасына қоғамдық тікелей әсер
етуінен қалыптасып отырады. Ол жеке адам
қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның
психикасы тек айналасындағылармен қарым-
қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады,
қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға
ие болады (Жарықбаев, 1970). Сондықтан,
ұжымды қалыптастыруда адамның жеке
басының психологиясы мен бағытын көрсететін
компоненттер әлеуметтік ортасы, білімі, кәсібі
маңызды.
Жалпы ұжым мәселесін зерттеуде «психо-
логиялық ахуал» терминін Н.С. Мансуров өз
зерттеуінде кеңінен қолданған (Мансуров, 1966).
В.М. Шепельдің пікірінше, психологиялық
ахуалды ұжымның мүшелерімен эмоционалдық
жақындық, мінез-құлықтарының ұқсастығы,
қызығушылықтары мен ойларының бірдей бо-
луынан туындайды (Шепель, 1986).
В.М. Шепель ұжымдық ахуалдың үш мо-
делін ұсынады: әлеуметтік, адамгершілік,
және психологиялық. Әлеуметтік ахуал оның
түсінігінде, ұжымдағы жалпы ортақ мақсат
пен еңбек қызметінің шарттарымен сипатта-
лады. Ұжымдағы әлеуметтік ахуал: Тұлғаның
ұжымға келген мақсаты қандай? Ұжымда неге
қол жеткізгісі келеді?... сынды сұрақтарға жауап
берген жағдайда ғана, тұлғаны еңбек ұжымына
қосуға болады деп санайды. Бұл сұрақтарға
жауап бере алған тұлғалардан құралған ұжым,
өзінің міндеті мен ұжыммен жұмыс істеу шарт-
тарын біледі деп санаған.
Адамгершілік ахуал ұжымдағы әрбір тұл-
ғаның адамгершілік қасиетіне мән берген,
адамгершілігі бар тұлғалардан құралған ұжым
қашанда қолайлы болады деп санаған. Ұжымдағы
адамгершілік ахуал тұлғалардың бірін-бірі
түсінуіне және сыйластық қарым-қатынас ор-
натуына бағытталған. Ал, психологиялық ахуал
ұжымдағы тұлғаларда кездесетін тұлғааралық,
тұлғаішілік конфликтілерді болдырмауға ба-
ғытталған. Демек, психологиялық ахуалды
ұстанған тұлғалардың қарым-қатынасы жақсы
болғанда, ұжымдағы ахуал қолайлы болады.
Осылайша, В.М. Шепель ұжымдық ахуал-
ды ретке келтірудің үш моделін ұсынды. Осы
аталған моделдерді ұстана отырып құрылған
ұжымда адамгершілік-психологиялық ахуал
үйлесімділігімен ерекшеленетінін сипаттаған.
Бұл моделдерді орындау арқылы, ұжым қызметін
жақсартуға, қақтығыстарды алдын алуға, адам-
гершілік қарым-қатынасты орнатуға болады.
118
Ұжымдағы психологиялық ахуалды ретке келтірудегі адамгершіліктің теориялық-әдіснамалық негіздері
С.С. Паповян ұжымдық ахуалды сақтаудың
төрт перспективалық нұсқасын ұсынған:
1. Құрылымдық – бұл ұжымның құрылға-
нында қабылданған қағидаларды ұжымдағы
әрбір тұлғаның ұстануы. Бұл қағидалар жал-
пы ұжымдағы қызметкерлердің этикалық
қатынастарына негізделген.
2. Перцептивті – ұжымның психологиялық
көрінісі болып табылады. Бұл тұлғалардың бірін-
бірі өзара сыйлауы мен түсінуіне негізделген.
3. Интерактивті – ұжымның өзара әрекет-
тесуі. Еңбек қызметін дамытуда, шығармашылық
ізденістерді біріге отырып орындауы. Бұл ұжым-
ның қарым-қатынасын жақсартуға бағытталады.
4. Мәдениетті – ұжымның адамгершілік
ахуалын ұстануымен байланысты. Ұжымдағы
әрбір тұлға кей жағдайда туындаған қиындық-
тарда ымыраға келіп, бірін-бірі түсінуіне
негізделеді (Паповян, 1978).
Демек, осы аталған перспективалық нұс-
қа лар ұжымдағы психологиялық ахуал дың
қалыптасуына белгілі бір үлесін қосады. Осы
нұсқаларды орындау арқылы ұжымда ұйым-
дастырушылық мәдениет пен қолайлы адам-
гершілік-психологиялық ахуал қалыптасады.
Ұжымның адамгершілік-психологиялық қалып-
тасуына сыртқы жағдайлар емес, ұжымның ішкі
ортасы, ұжымның бағыты мен ұйымшылдығы
әсер етеді.
Еліміз тәуелсіздігінің іргесін бекітіп, өрке-
ниетті өрісін кеңейте түсу үшін бізге еліміздің
ертеңі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған
тұлғалар керек. Ал бұл мақсатқа жету үшін ең ал-
дымен адамгершілік өлшемдерін егжей-тегжейлі
білетін, адамгершілік асыл қасиет термен
тәрбиені бойында жиған ұрпақты тәр биелеу бас-
ты мақсат. Дегенмен арамызда пендешіліктен аса
алмай, өзінің азаматтық ар-намысын, ожданын
дүниенің алдамшы қызығына айырбастап алып
жүргендерді кездестіріп жатамыз. Міне, осы
көңілге кірбің ұялататын жайт кез келген орта-
да болып отырады, сондықтан өскелең болашақ
ұрпаққа адамгершілік, иман дылық, саналылық
қасиеттерін сіңіру міндетін алға қояды.
Ұжымдағы психологиялық ахуалын ретке
келтірмес бұрын, біз бірінші кезекте жеке тұлғаға,
соның ішінде оның тәрбиесі мен адамгершілік
қасиетіне тоқталамыз. Ұжым тұлғалардың бір-
лескен жиынтығынан құралатыны және бір-
лескен танымдық-диалогтық іс-әрекеттегі қа-
рым-қатынасының нәтижесі туралы С.М. Жақы-
пов, С.Қ. Бердібаева, Н.Қ. Тоқсанбаеваның зерт-
теулерінде сипатталған.
Ұжымдық бағыт – топтың мақсатына ба сым-
дық беру (көбінесе бұл отбасы немесе жұмыс то-
бын қамтиды) және біреудің жеке тұлғасын соған
сәйкес анықтау, ал ұйымшылдық – «Біз» сезімі,
топ мүшелерінің арасындағы бауырмалдық
секілді жақын қарым-қатынас (Майерс, Туенж,
2018)
Әрбір жеке тұлғаға қойылатын басты талап
– асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойы-
на сіңірген, тәрбиелі елін көркейтіп, биікке
шығаратын азамат болу. Өйткені әрбір тұлға –
өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен,
адалдығымен және әділеттігімен ардақты.
Халқымыз бен ата-бабамыз қашанда тәрбиеге
аса үлкен мән беріп, қайырымды, ізгі жан-
ды «адамгершілігі мол тұлға» деп дәріптеген.
Адамгершілік – әрбір тұлғаның рухани арқауы,
баға жетпес бойына дарыған қазынасы.
Халқымыздың мәдениетінде адамгершіліктің
әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан тара-
тылады. Тәрбие мен адамгершілік көзге: адам-
ды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау,
имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен
кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық, секілді
қасиеттермен көрінеді.
Хакім Абай атамыздың отыз екінші қара
сөзінде осы бір асыл қасиет адамгершіліктің мәні
жатыр. Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез
деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын!
Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің
орын сыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқа-
лып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.
Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға
орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың?
Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде
тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды
сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл
беріктік бір ақыл, ар үшін болсын! – деп айтқан
(Абай, 2016).
Демек, әрбір жеке тұлға адамгершілігі
мол, ақылды мінез иесі болуы керек. Осындай
тұлғалардан құралған ұжым қашанда өзінің
көрегендігімен, сыйластығы орнаған ортада
еңбек етеді. Әрбір тұлғаның мінез көркемдігі,
сыйластығы қашанда асыл қасиет болып қала
береді. Осындай көркем мінезді тұлғалардан
құралған ұжымның еңбегі қашанда жоғары бо-
лып, тұлғааралық қарым-қатынастары жағымды
болмақ.
Ұжым жалпыға ортақ мақсаты мен міндеті
бар тұлғалардың жиынтығы. Ұжымдағы адам-
гершілік-психологиялық ахуал тұлғаралық қаты-
нас негізінде құралып, өзінің кәсіби білімінің
ортақтығымен, бірлігімен көрінеді. Э. Аронсон
пікірінше, адамдардың басқа жандардың сені мі-
119
Ж.Т. Сарыбекова және т.б.
не және жүріс-тұрысына тигізетін ықпалы әлеу-
меттік әсер болып табылады (Аронсон, 2018).
Автор ұжымдағы психологиялық ахуал дың
басқаларға ықпалы туралы сипаттама берген.
«Біздің тәрбиеміздің міндеті ұжымшылдыққа
тәрбиелеу болып табылады» – деген А.С. Ма-
ка ренко. Оның пікірінше, ұжым дегеніміз
тұлғалардың жай ғана жиынтығы, немесе кез-
дейсоқ топтасуы емес, ол жалпы мақсатқа
жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда
тигізуге ұмтылушылардың жиынтығы (Мака-
ренко, 2016).
Ұжым болған жерде түрлі еңбек іс-әре-
кетінде қиындықтар туындап, тұлғааралық кон-
фликтілер орын алады. Осындай конфликтілер
мен қиындықтардан ұжымның ауызбіршілігіне
нұқсан келіп, ұжымдағы психологиялық ах-
уалдың теріс болуына әкеліп соқтырады. Демек,
ұжым жәй ғана тұлғалардың жиынтығы емес.
Ұжым ол белгілі мақсатқа жетуге ұмтылған, ойы
мен мінез-құлық үйлесімдігі орнаған тұлғалар.
Кез келген ұжымның мақсаты айқын болса,
ұжымдағы тұлғалар үйлесімді бір-бірін түсіне
отырып, сыйласа, онда ұжымның психологиялық
ахуалы оң болады.
Ұжымдағы қақтығыстар мен қиындықтарды
бірнеше қоғамдық ғылымдар зерттейді. Әлеу-
меттік ғылымдар саласында «ұжым» ұғымы
ең бір маңызды категория болып есептеледі.
Әлеуметтік психология мен басқару психология-
сы тұлғалардың әлеуметтік ортада қалыптасуын,
өзара қарым-қатынас құру барысы мен еңбек
қызметін анықтайды.
Ең алғашқылардың бірі болып, осы адам-
гершілік қасиетін, ұжым мәселесін зерттеген
ғалым Аристотель. Ол өзінің «Үлкен этика»
атты еңбегінде адамгершіліктің табиғатын
ашып, оның саясатпен, тұлғалармен, қоғамдық
игілік туралы ілімдермен байланысын атап
көрсетті. Адамгершіліктің тұлғаны тәрбиелеуде
рөлі ерекше маңызды. Бұл жайлы Аристотельдің
еңбегінен байқауымызға болады. Қоғамның да-
муында адамгершіліктің алатын орны ерекше.
Қоғам бұл тұлғалардың бірігуі, қарым-қатынасы
(Аристотель, 2020). Демек, адамгершілік қа-
шанда тұлғаның ажырамас бөлігі, қарым-
қатынас жасау мәдениеті болып табылады.
Тұлғалардың бірігіп қызмет етуі ұжымның
қалыптасуына әкелді. Ұжымдық еңбек, бірлесіп
қызмет етуі келісілген ортақ мінез-құлықты та-
лап етті. Ұжымдық тәртіп пен психологиялық
ахуал кәсіби этикалық нормалардың көмегімен
орнады. Дегенмен, кәсіби этикалық норма
салт-дәстүрлер негізінде туындап, қалыптасты.
Тұлғалардың ұжымдық психологиялық жағ-
дай ларға негізделген мінез-құлық нормаларын
сақтап, ретке келтіруі: адамгершілік қасиет-
терінің сақталуымен, салт-дәстүр жоралғыларын
білуімен, сыни көзқарас пен қақтығыстан дұ-
рыс шыға алуынан көрінеді. Сондықтан да,
әрбір тұлғаның адамгершілігі ұжымның ішкі
психологиялық ахуалын реттеушісі болып
табылады.
Ұжымның психологиялық ахуалы өз ал-
дына тұлғааралық қарым-қатынастың тұрақты-
лығымен, ортақ ойлары мен оң көзқарасты
көңіл-күйлерінен көрінеді және ұжымдық
мәдениет негізі. Оның ерекшелігі, ол өзінің
бойында ұжымға сай: кәсіби еңбек қызметіне
деген қатынасты, еңбек ұжымындағы өзара
қатынастарды, тұлғалар арасындағы ресми
және бейресми көшбасшылық қатынастарды,
сондай-ақ тұлғалардың сол ортада қалай сезінуі
сынды фактілерді біріктіреді. Жалпы ұжымның
психологиялық ахуалының қандай деңгейде
болуы, еңбек ұжымына әсер етуі мүмкін. Егер
ұжымдағы өзара қарым-қатынас дұрыс ретке
келтірілген болса, еңбек етуге ынталандырып,
қажырлық пен сенімділікті ұялатуы мүмкін неме-
се ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуал
бұрыс болған жағдайда, ұжымның қақтығыстарға
ұшырауына, еңбек қызметінің нашарлауына,
адамгершілік қасиеттердің жоғалуына әкеліп
соқтырады. Бұл жағдайлардың болуы немесе
болмауы ұжымның дұрыс ұйымдастырылып,
түрлі жағымды немесе жағымсыз жағдайларды
уақытында ретке келтіріп отыруында іске асады.
Осылайша, ұжымдағы психологиялық ахуалы
оң немесе теріс көрініске ие болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |