122
Ұжымдағы психологиялық ахуалды ретке келтірудегі адамгершіліктің теориялық-әдіснамалық негіздері
3-сурет – Ұжымдағы конфликтілі жағдайға бейімділігі
Сонымен қатар, «Сіз жұмыс жасайтын
ұжымда психологиялық ахуалды ретке кел-
тіру үшін адамда
қандай қасиеттерді қалып-
тастыру маңызды?» – деген сауалнаманың ал-
тын шы сұрағына қатысушылар төменде бе-
рілген нұсқаларды таңдады және соңында
өздерінің қосымша ұсыныстары туралы мәлімет
береді. Қатысушылар бірнеше нұсқаны таңдау
мүмкінідігі бар. Олар:
- рухани сауаттылық –14,5%
- мансап – 21,3%
- салауатты өмір салты – 33,9%
- стресске беріктілік – 28,1%
- сыйластық – 43,6%
- қаталдық – 21,3%
- әділдік – 60,1%
- мансап құмарлық – 8,7%
- корпоративтік (ұжымдық) мәдениет – 42,7%
- адамгершілік –72,8
- қатысушылардың қосымша пікірлері:
сөзге беріктік, жоғары айлық, басшының басқару
мәдениеті.
Демек, біз
ұжымда психологиялық ахуал-
ды ретке келтірудің бірден бір жолы тікелей
ұжым мүшелерімен байланысты екенін
анықтадық. Ұжым мүшелерінің өзара қарым-
қатынасы, корпоративтік мәдениеті,
олардың
бойындағы адамгершілік қасиеті, салт-дәстүр
мен әдет-ғұрыпты ұстануы, қарым-қатынас
барысында өзара сыйластық пен түсіністікке
негізделеді. Сондай-ақ,
сол ұжымды басқарып
отырған басшының ұжымды басқару стилі,
қызметкерлеріне деген қарым-қатынасы мен
түсіністігі аса маңызды. Басшының мінез-құл-
қы, басқару стилі ұжымдағы психологиялық
ахуалдың қолайлы
немесе қолайсыз болып
қалыптасуының бастапқы нүктесі болып
табылады.
Ұжымдағы жағымды психологиялық ахуал
ұжымның еңбек қызметіндегі белсенділігін
арттыруға, тұлғалар арасындағы қарым-қаты-
настың оң болуына мүмкіндік береді,
сондай-
ақ ұжымның ішкі әлеміне ықпал етіп, тұлғалық
қарым-қатынаста, еңбек қызметінде сыйластық
пен жауапкершілікті, дамуды жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. Бұл ұжым мүшелерінің тұ-
рақты адамгершілік,
психологиялық қарым-қа-
тынасы, бір-біріне, еңбек қызметіне, әлеуметтік
және жеке тұлғалық құндылықтары мен бағ-
дарлары негізінде жалпы ұйымшылдық қарым-
қатынасының көрінісі.
Адамгершілік – бұл әрбір тұлғаның бойын-
дағы тәрбиелік құндылық, өзгелер алдындағы
жауапкершілік, құрметпен түсінісу, кәсіби
этикаға сәйкес өзінің
іс-әрекеттері мен мінез-
құлқын қадағалау және түзету.
Достарыңызбен бөлісу: