121
Ж.Т. Сарыбекова және т.б.
маңыздылығын тексеру мақсатында арнайы
зерттеу жүргіздік.
Сауалнама жалпы 6 сұрақтан тұрады.
Сұрақтың ерекшелігіне байланысты жауаптары
да сәйкесінше топтастырылған. Сауалнамаға
103 респондент (әр түрлі сала мамандары)
қатысты. Сауалнаманың алғашқы тапсырмасы
бойынша респонденттер өздерінің қызмет ететін
мекемелері туралы мәлімет берді. Төмендегі
1-суретте көрсетілгендей респонденттердің ба-
сым көпшілігі (48,5%) білім беру саласының
қызметкерлері.
1-сурет – Сауалнамаға қатысқан респонденттердің еңбек саласы
Сауалнаманың екінші сұрағы «Сіз өзіңіздің
ұжымыңыздың
психологиялық
ахуалына
қанағаттанасыз ба?» – деген сұраққа 72 респон-
дент «иә» (60,1%), «жоқ» деген жауапты 29 рес-
пондент (28,1%), ал қалған 12-сі «білмеймін»
(11,6%) деп жауап берді.
Үшінші «Сіздің ұжымдағы әріптестеріңіз
(серіктесіңіз) туралы сипаттама» сұрағына
төмендегі түсініктердің бірін таңдау арқылы
өзінің пікірін білдіреді:
- ұжымда өте белсенді әріптестер бар – 36,8%
- ешкіммен араласпайтын әріптестер бар –
4,8%
- ұжымды толық танымаймын – 9,7%
- біздің ұжым ұйымшыл – 35,9%
- біздің ұжым ұйымшыл емес – 13,6%
Сауалнамаға қатысқан 10 респондент (9,7%)
ұжымын толық танымайтыны, ал 13 респондент
(13,6%) өзінің ұжымының ұйымшыл емес екенін
көрсетті.
Төртінші, «Сіз жұмыс жасайтын ұжым мү-
шелерінде адамгершілік құндылықтар сақтал-
ған ба?» – сияқты сұрақтарға сауалнамаға қаты-
сушылар «иә», «жоқ» немесе «жауап беруге
қиналамын» деген жауаптар бойынша өз таң-
дауларын жасады. Осы сұрақтарға берілген
респонденттердің жауабы төмендегі 2-суретте
сипатталды.
Достарыңызбен бөлісу: