123
Ж.Т. Сарыбекова және т.б.
қатынастың феномені ретінде қарастырған
еңбектері, С.С. Паповян ұсынған ұжымдық
ұйымдастырушылық ахуал және т.б. зерттеулері.
Ұжымның психологиялық ахуалын ретке
келтіруде адамгершілікті қалыптастырудың
теориялық-әдіснамалық негіздері, ұжымдағы
басшы мен ұжым мүшелерінің бір-біріне
өзара ықпалы, ұжымдағы психологиялық
ахуалдың төмендеу себептері мен факторла-
ры туралы отандық және шетел ғалымдарының
зерттеулеріне теориялық талдау жасалды.
Бұл ұжымдағы психологиялық ахуал дұрыс
орнамаған жағдайда еңбек қызметінің нашар-
лауына әкелуі мүмкін. Сондықтан, қазіргі таңда
ұжым мүшелерінің арасындағы адамгершілік
қарым-қатынас,
ұжымдағы салауатты өмір
салтын ұстану, ізгілік, үйлесімді мінез-құлық
пен сыйластық орнаған қарым-қатынас
қалыптастыру барынша басты назарда.
Бүгінгі күні ұжымның тек еңбек қызметіне
ғана емес, сондай-ақ ондағы тұлғалардың
адамгершілік-психологиялық ахуалының жағ-
дайына, ұжымда туындауы мүмкін болған қиын-
дықтарды ретке келтірудің жолдары жан-жақты
қарастырылуда. Бұл ұжымның мүшелерімен
орнаған қарым-қатынас, өзара түсіністік, бір-
біріне деген сыйластық пен жауапкершілік
сынды қарым-қатынастарының жиынтығы.
Ұжымның адамгершілік-психологиялық ахуа-
лы ның ретке келуі тек адамгершілік-психоло-
гиялық
ерекшеліктеріне ғана емес, сонымен
қоса, қаншалықты өз қызметіне, еңбек ұжымына
қанағаттануы, басқарушы тұлғалардың комму-
никативті басқару мәдениеті мен менеджерлік
құзыреттілігіне де байланысты.
Сонымен қатар, адамгершілік – ұжымның
психологиялық ахуалын ретке келтіру негізгі
ықпал ететін факторы ретінде:
1. Бір жағынан, ұжымның психологиялық
ахуалы адамдардың бірлескен іс-әрекетінің
нәтижесі мен қарым-қатынас
ерекшеліктеріне
қоса әсер етеді, анықтайды, оның құрылымын
өз мазмұнымен талдайды, ұжымның қалып-
тасуының өзіндік жүйесі, үйлесімділігі, яғни
ұжымға қалай әсер ететіні, ұжымда психо ло-
гиялық ахуалды ретке келтіру процесінің сапа-
сында сипатталады;
2.
Екінші деңгейде, ұжымның әлеуметтік-
психологиялық ахуалы бірлескен іс-әрекеттің
құрылуымен сипатталады, адамдар қарым-
қатынасының барлық маңызды белгілерінің
жиынтығымен қарастырылады;
3. Үшіншіден, ұжымның психологиялық
ахуалы адамдардың кәсіби біліктілігін ба-
ғалау,
адамдармен сыйласа алу, тілтабыс-
қыштық деңгейі, мінез-құлық ерекшеліктері,
басшының басқару стилі, басшы мен қыз-
меткерлердің өзара қарым-қатынасы жүйе-
сінде анықталады.
Ұжымның психологиялық ахуалын ретке
келтіру, әрбір тұлғаның біліміне, адамгершілік
қасиетіне, тұлғааралық қатынастарда өзара
түсіністігіне,
сонымен қоса бірлескен іс-
әрекеттегі қабілеттері мен ойларының ортақ
болуына,ұжымдағы алауыздық пен конфликтілі
жағдайларды алдын алуға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: