115
Ж.Т. Сарыбекова және т.б.
жетістікке деген мотивацияның жоғалуына
әке ліп соқтырады. Ересек тұлғаның өмірінің
негізгі бөлігі қашанда еңбек іс-әрекетімен байла-
нысты. Бірден ұйымшыл, ұжым мүшелерінің
адамгершілік қасиеттері қалыптасқан, копо-
ративтік мәдениеті жоғары, психологиялық
ахуалы орнаған ұжым пайда болмайды.
Ұжымның толықтай сыйластығы жарасқан
ұжым болып қалыптасуына ұжым мүшелері
мен оларды ұжым ретінде қалыптастыратын
көшбасшы, сонымен қатар корпоративтік
мәдениетті қа лып тастыратын уақыттың үлесі
қажет. Қазіргі таңда ұжымның психологиялық
ахуалын ретке келтіру өндірістік мекеменің бас-
ты мәселелерінің бірі. Алайда, бұл мәселенің
маңыздылығы мен өзектілігі күннен күнге артып
келеді. Бұл ұжымдық мәдениеттің қоғамдағы
рөлінің жоғарылап, оны құрайтын ұжымның
қызметі мен психологиялық ахуалына деген
қызығушылықтың белсенділігі жоғары деңгейде.
Бүгінгі заманғы ұжымдық қызметтің сәт-
тілігінің негізі – конфликтілерге қарсы адам-
гершілік пен өзара татулық қатынас. Ұжымның
үйлесімді қарым-қатынасын нығайтуда қолайлы
психологиялық ахуалды қалыптастыру үшін
көшбасшы ұжымдағы тұлғааралық, тұлғаішілік
қатынастарды жетік басқара алуы маңызды. Кез
келген ұжымда қандай да бір штаттық кестеде
көрінбейтін белгілі бір қатынастар бар. Мұндай
қатынастар еңбек әрекетін ұйымдастыруда,
қарым-қатынасқа түсуі барысында байқалады.
Бұл қатынас неғұрлым жақсы болса, ұжымды
үлкен жетістіктерге жеткізеді. Сондықтан,
ұжымның психологиялық ахуалы еңбек қызметі
тиімділігінің негізгі күші ретінде зерттеу өзекті
болып отыр.
Бұл мәселенің өзектілігі, ең алдымен,
ұжымдағы тұлғалардың, еңбек қызметінде
орын алып отырған әлеуметтік-психологиялық
қатынастардың дұрыс болмауынан, конфликтілі
жағдайлардың күрт жоғарылауымен, ең ма-
ңыз дысы адамдарда қалыптасқан адамгершілік
құндылықтарының ұжымдық қарым-қаты нас-
тағы көріністерінен анықталып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: