1 оқушы: Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассаң
Әліппеміз қоштаспақ!
Хор: Өсті білім бойымыз.
2 оқушы:Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны, Әліппе.
3 оқушы: Енді біз жаза білеміз
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің, Әліппе!
Ән: «Әліппе»
Мұғалім: Ортаға «Әліпені» және оның достарын шақырайық.
Әліппе: Құрметті оқушылар! Бүгін мен Ана тілі деген досымды алып келдім. Енді сендер осы
кітаппен дос болыңдар.
50
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Ана тілі: -Армысыңдар жас достар! Менің атым «Ана тілі». Енді мені оқитын боласыңдар. Ынта
қойып оқысаңдар көп нәрсені үйренесіңдер.
Оқушылар: Оқимыз, Ана тілі, оқимыз!
1 оқушы: Алфавиттер шығыңдар!
Орындарыңа тұрыңдар!
Бастайық қане айтысты
Жібермейік намысты.
/ортаға әріп жазылған тәж киген оқушылар шығады/
«Алфавит сыры»: Алфавиттің А тұрады басында
Әрқашанда Ә тұрады қасында
Байқадың ба Б тұрады үшінші
Ал осының сыры неде, түсінші.
А деген ол- аналар ғой ардақты,
Ә деген ол- әкелер ғой салмақты,
Б деген ол- балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Алшақ кетпей сондықтан да, расында,
Тұрады олар алфавиттің басында
1 оқушы: Әліппем менің Әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен
2 оқушы: Бар кітапқа бас болған
Әліппеден басталған
Әліппе- ғылым анасы
Даналықтың данасы
3 оқушы:Іші толы әріпке
Мынау- әйбат Әліппе
Барлық ілім- білімнің
Әжесі- осы Әліппе!
4 оқушы:Әріптерді жаттаймыз
Есте мықтап сақтаймыз
Ұмытпаймыз бірін де
Атын, затын, түрін де
Хор:Бізге білім салып берген
Қош, қош енді Әліппем!
Ән: Қош бол, құтты Әліппем!
Қорытындылау.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Боранбаева Малике Жақсылыққызы. Тарих пәні мұғалімі
Қызылорда облысы Жалағаш ауданы. №116 орта мектеп
Оқушылардың білімге деген ынтасы мен қызығушылығын арттырудағы
формативті бағалаудың маңыздылығы
«Сабақ беру үйреншікті, жай ғана шеберлік емес,
ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» Ж. Аймауытов
Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр .
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан
реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол
арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім
беру болып табылады. Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму
саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге
51
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
мүмкіндік беруде. Өйткені, қазіргі таңдағы білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен
дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Еліміздің өркендеуі, дамуы болашақ ұрпақтың
еншісінде. Сондықтан мұғалім, ең алдымен, оқушыға өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға
атсалысу керек. Себебі бұл — тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке үйлесуге апаратын жол
болып табылады.
Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы
шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі.
Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім
алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік.
Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат
жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке
тұлғаны қалыптастыру.
Сондықтан оқыту процесінде оқушылардың білім,білік,дағдыларын есепке алу,бақылау және
бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс
ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі болып
табылады.Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі
анықтап отыруы керек.
Ол үшіноқыту үрдісі көптеген міндеттерді талап етеді. Оның біреуі – баға қою, оқушы білімін
бағалау. Бағалау білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі
түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин екенін білеміз.
Әдетте бағалау мақсаты әр мұғалімнің бағалауды қандай мақсатта және кім үшін,қалай өткізуі керек
екендігі туралы түсінігіне негізделеді. Оқыту үшін бағалау - оқушылар уақыт кезеңінің ішінде өз
білімдерінің деңгейін өзі бағалайтын, кейін мұғалімдермен бірге өзін-өзі жетілдіру жолындағы
қадамдарын айқындайтын үдеріс. Мұғалім оқушының оқу, білімге деген қызығушылығын арттыра
отырып, әрбір оқушының оқудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі жеткен табыстарын жан-жақты
және әділ бағалай білу керек.
Оқу материалын меңгерте отырып, мәліметтерді өздігінше жинауға итермелеп, қызығушылығын
ояту арқылы жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуын қамтамасыз ету, әрбір оқушының нәтижеге
жетуге деген талпынысын дамыту бағалаудың негізгі міндеті болып табылады.
Мұғалімдер оқушылардың үйренгенін үнемі жинақтап отырады, өйткені, оқушының оқу үлгерімін
тиімді бағалауын түсіну оларды бұдан әрі оқудағы жылжуларының ажырамас бөлігі болып табылады.
Оқытуды бағалау және нақты мақсаты оқушының оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі
ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі. Оқушыларды
бағалау мақсатында, оқытудың қиындықтарын анықтау барысында және әрбір әдіс-тәсілдерді
пайдаланғанда кері байланыс жасап, оқушыларды сыртқы ынталандыру оқу үшін мадақтау, «бағалау»
термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес. Қазіргі
кезеңде бағалаудың рөлі, қызметі түбегейлі өзгеріп, ол тәрбиелеуші, диагностикалық, дамытушы,
бақылаушы және басқарушы қызмет атқару керек. Мен тәжірибе барысында, өтілген сабақтарымда
оқушыларды бағалау кезінде және олардың білімдерін анықтау мақсатында формативті оқытудың он
екі стратегиясын басшылыққа алып жүрмін.
Осы мақсатта «Хандық биліктің жойылуы» тақырыбындағы сабақта өзін-өзі бағалау стратегиясын
оқушылардың білімдерін анықтауға пайдаландым. Бұл сабақты ұйымдастыру кезеңінде
тапсырмалар және бағалау өлшемдері туралы оқушыларға ескерте отырып бағалау парағын тараттым.
Кездескен қиындықты жеңу үшін түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланғанда кері байланыс жасап,
оқушыларды ынталандыру, мадақтау арқылы олардың өзін-өзі бағалауына мүмкіндік бердім.
Оларды бұлай бағалау олардың пәнге деген қызығушылығын арттырды. Сонымен бірге жұбымен,
тобымен ақылдасып, ортақ шешімге келе отырып, олар өзін-өзі бағалап отырды . Жұптағы
жұмыстарына баға қойып, одан әрі өзім бағалап отырдым.
Өзара бағалау оқушылардың өзінің жеке жұмысы немесе бір бірінің жұмысы үшін баға қоюға
қарағанда үлкен маңызға ие. Мақсат оқушыны өзінің жұмысын сапасын қолдауда және оның
жақсарту мүмкіндігін талдауда тұжырымдалған. Соңында, бұл мұғалімнің жұмысын жеңілдету керек,
себебі оқушылар оқыту үдерісі үшін тек қана мұғалім жауапты емес екендігін түсінеді.
Өзара бағалау оқушыларға олар бір-бірінен үйрену үшін және бір-бірін демеуі үшін, бір-біріне
қажетті кері байланысты орнатуға көмектеседі, бұл оларға сөйлесу, талқылау, түсіндіру және бір-
52
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
біріне сыни бағалау мүмкіндігін береді. Сәтті өзара бағалау оқушылар соңында оқуға өзінің дербес
алға басу үшін өсетін жауапкершілікті өзіне алатындай өзін-өзі бағалауды дамытуға көмектеседі.
Мысалы: осы сабақта жұптық жұмысқа «Болжау» әдісі бойынша тапсырма бердім. Бұл - әдіс
баланың ішкі түйсігіне сүйене отырып, өзара талқылау арқылы мағынаны тануға арналған стратегия.
Осы стратегияны пайдалану арқылы оқушылар шағын топтарда жұптасып жұмыс жасау барысында
мынадай тапсырма берілді: ХІVғ. басында Кіші жүздің Ресеймен шекаралас аудандарын ашаршылық
жайлады.
Себебі: (әрі қарай өз ойыңды өрбіт..)
Оқушыларға әрі қарай өз ойларын өрбітіп, өз ойларын ортаға сала отырып, ашаршылықтың себебін
анықтайтындай болжамдар айтты. Нәтижесінде мұғалімнің берген дұрыс жауабын өз болжамдарымен
салыстыра отырып, дұрыс-бұрыстығын анықтады. Бағалауда ең алдымен жасалған жұмысты мұқият
зерделеп, өздерінің сыныптастарымен жұмыс жасау пікірі қалыптасты. Мұғалім жағдайларға
араласпай тек бақылаушы ретінде жүріп, оқушылардың жұмыс кезінде қателерді болдырмауға және
оларды түзетуге мүмкіндік берді. Бұл ретте оқушылардың өзара бағалауының тиімді екенін
байқадым. Осы берілген тапсырмаларда бағалау кезінде оқушылар бір-бірінің жұмыстарын
сараптады.
Сонымен бірге сабақтарымда қолданып жүрген бағалаудың бірі критериалды бағалау.
Критериалды бағалау – бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-
танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
Мектепте оқыту сапасын жоғарлату;
Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру;
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
Критериалды жүйе арқылы бағаның қойылуы;
Алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласының дайындалуы;
Бағаның анық, әділ, айқындылығы;
Оқушының өзін бағалауына мүмкіндіктің берілуі;
Байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуіне мүмкіндіктің берілуі;
Оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
Критериалды бағалаудың әрбір баланың оқу үлгерімінің жоғарлауына, көңіл-күйінің жақсы
болуына көмектесуі;
Бағалаудың негізгі дидактикалық қызметі мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты
қамтамасыз етуі;
Оқушылардың материалды қалай түсінгендігі туралы мұғалімнің күнделікті қадағалап отыруы.
Бағалаудың осы түрін өз сабағымда пайдалана алдым. Қазақстан тарихынан «Елдің жаңа
орталығы-Астана»тақырыбын өткенде оқушыларға он минуттық эссе жазуға бердім. Оны бағалау
үшін бағалаудың критерийлері жазылған бағалау парағын оқушыларға бердім. Бұл тексеру жұмысын
жеңілдетуге, олардың сыни ойлауын, сөздік қорын дамытуға, бір-бірін тыңдап құрметтеуге мүмкіндік
берді.
р/с
Критерийлер
Баға
1
Тақырыппен байланыстылығы
2
Сенімді және сендіре алу шеберлігі
3
Идеяның ерекшелігі
4
Нақты дәлелдер келтіруі
5
Мәтінді жоспарлау дұрыстығы, қателігі
Жалпы баға:
«Қазақстан қалалары» тақырыбында әр топ суреттен бір көрікті жерді таңдап алып, топта талқылап
презентация жасады. (презентациялар түрлі формада орындалады, әр топ бірін- бірі бағалау
критерийлері бойынша бағалайды) Презентацияны бағалау критерийлері әр топқа ұсынылды. Олар
кестені толтыра отырып, бағалады.
53
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Критерийі, яғни айтылым бойынша презентация бағалау
Дескрипторлар
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Тақырыптың ашылуы
2 балл
1 балл
2 балл
Мәліметтің толықтығы
Көрнекілігі, дизайны
Регламент сақтау
Критериалды бағалау әдісі арқылы оқушының ең алдымен қызығушылығын оята аламыз,
белсенділігін арттырамыз, өз ойын ашық айтуға үйретеміз, өз бетінше жұмыс жасауға
дағдыландырамыз, соңғысы жинаған түрлі бағалау балдары арқылы өзін-өзі бағалайды. Мұндағы
жетістіктің артықшылығы сынып оқушыларын түгел бағалай аламыз . Бірақ оқушыларды бағалау
үшін критерийлердің жеңіл түрлерін алған дұрыс. Оларға өздері түсінетіндей, өзін - өзі бағалай
алатындай етіп, істеген жұмыстарын оңай талдай алатындай дескрипторларды құрастыру керек деп
ойлаймын.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оларды сабаққа белсене қатыстыру
үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Оқу формалары заманауи талаптарға
лайық болуы, жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру үшін, ұстаз ақпараттық
технологияны өз іс-әрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастыруы қажет. Себебі,бүгінгі заман талабы -
жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы
үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік
бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып
дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы тиіс.
Сонымен бағалаудың ең маңыздысы мұғалімнің әділболуы. Сондықтан, мұғаліммен қатар
оқушының да баға қою мәселесінен тыс қалмай, жауапкершілігін арта түскенін қалаймын.Бағалауда
оқушылардың пікіріне құлақ салған жөн. Бұл жұптардың, топтардың өзара және өз-өздеріне баға беру
арқылы жүзеге асады. Қорыта келгенде, баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға – бала
өміріндегі ең маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайта
түседі. Сондықтан мұғалім баға қоюға мұқият болуы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
12.
Красноборова А.А. «Критериальное оценивание в школе» учебное пособие, Пермь, 2010г.
13.
Красноборова А.А. «Оценка проектных заданий школьников» учебное пособие, Пермь, 2010г.
14.
Мектеп №05. 2008
4.
http://www.google.kz
Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері
5. А.А.Жайтапова, Г.А.Рудик, Е.В.Белошниченко, А.С.Сатывалдиева
6. «ХХІ ғасыр педагогикасы мектеп табалдырығында». Ақпараттық
әдістемелік дайджест. Алматы, 2009 ж.
7. Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім
сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика, 2009 ж.
8. Мұғалімге арналған нұсқаулық,. 55-бет
9. Мұғалімге арналған нұсқаулық,. 36-бет
------------------------------------------------------------------------------------------------------
Берденова Майра Жұмағазықызы
Батыс Қазақстан облысы. Казталов ауданы
Көктерек орта жалпы білім беретін мектебі
Сабақтың тақырыбы : Schools in Britain (8 сынып)
Theme: Schools in Great Britain Aims: to give information about the schools in Great Britain;
The type of the lesson: combined lesson
Methods: warm-up, group work, make a poster, talk show, work with cards
Visual aids: pictures, cards, interactive board Interaction subjects: kazakh, art, computer studies
The Plan of the lesson
I. Organization moment II. Checking up the homework
III. Warm –up IV. New material
54
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
V. Talk show VI. Work with cards VII. Conclusion
VIII. Assessment / IX. Giving homework
The Procedure of the lesson
22.
Organization moment
•
Good morning children!
•
Who is on duty today?
•
Who is absent?
•
What is the weather like today?
•
What season is it now?
23.
Checking up the hometask
Exercise 8 (Translate Kazakh into English), p 62
1.I know English better than Russian.
2. Aidar is my best friend.
3. Yesterday the weather was better than today.
4. I live the farthest distance from school all of them.
5. This book costs cheaper than the book I bought yesterday.
III. Warm-up. Guess this puzzle
IV. New material. New words:
Compulsory – міндетті
Get acquainted – танысу
Foreign language – шет тілі
Aristocracy –
Tradition – салт- дәстүр
V. Describing pictures.
VI. Talk show
Journalist: Katima, Guest: Ailyta.
Journalist: By the way, we have a guest today. She came to Astana some days ago from Great Britain and I
have invited school her to our She is at your age and studies in school. You can ask her questions to know
more about schools in Britain.
Guest Ailyta: Good morning dear friends! I am glad to see you !
I am from Great Britain. I am a student, too.
Pupil 1, Nargyz: When do children start going to school in Great Britain?
Pupil 2, Danara: How long does primary education lasts?
Pupil 3, Bermet: What do children do in infant school?
Pupil 4, Medet: What do pupils study at secondary school?
Pupil 5, Ansar: Who goes to private schools?
Guest
Journalist: Thank you very much for the interview, come again if you have time.
VII. Work with cards.
9.
Compulsory education in England begins at the age of five when children go to ________
school.
10.
________ education lasts for six years
55
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
11.
When children are seven they go to _______ school which they _______ until eleven.
12.
One can attend modern school but pupils of _______ school don’t learn foreign languages.
13.
English,Maths and Science are called ______ subjects.
14.
A boys ______ consists of a special suit, a school cap, a tie and a blazer.
VIII. Work with text and make a poster
IX. Correct the sentences
•
In Great Britain children start going to school when they are seven.
•
Compulsory education begins at the age of eleven.
•
Primary education lasts for five years.
•
In infant schools children learn how to write and read, and do mathematics.
•
Boys and girls study at junior school for six years.
•
If they go to grammar schools they will not have a good education.
•
Modern schools are most popular in England.
•
German, History and Science are called “core” subjects.
•
Boys and girls study together at private schools.
X. Conclusion. The song. “They are teaching”
Our school is very nice
Our school is very light
There are many, there are many teachers here
They are teaching us to read
They are teaching us to write
They are teaching. 3
XI. Assessment
XII. Hometask: Retell the text. Exercise 1
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,
№ 201 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Шарипкулова Базаркул 4 «В» сынып. Математика
Тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушылардың тақырып бойынша білімдерін арттыру, теңдеу
құрып, оны шығара білуге дағдыландыру
Дамытушылығы: балалардың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту. Тәрбиелілігі: өздігінен жұмыс
жасауға, ұжымшылдыққа, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, ойын, инт.тақта, геометриялық фигуралар, жұмбақ өлең.
Сабақтың әдісі: танымдық ойын.
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың барысы: І. Психологиялық дайындық.
Әрбір адам - туыс, туған, жұрағат!
Әрбір ісің – бірлік, тірлік, адамдық!
Әрбір сөзің – шындық, ақтақ, адалдық!
Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Геометрялық фигуралардың аттарын атату және оларды берілген сызық бойынша қиып, қандай
фигура шығатынын айтқызу.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау: Геометриялық фигуралар туралы өздерінің өлеңдерін
айтқызу.
ІҮ. Жаңа сабақ:
Тік төртбұрыш туралы не білеміз?
- тік төртбұрыштық қарама – қарсы қабырғасы бірдей.
- төрт бұрышы, төрт қабырғасы, төрт төбесі бар.
- 2 өлшем беріледі.
Шаршы туралы не білеміз?
56
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
- төрт бұрышы, төрт қабырғасы, төрт төбесі бар
- барлық қабырғасы бірдей.
- бір өлшем беріледі.
1- мысал. Фигураның қандай бөлігі боялғанын, қандай бөлігі боялмағанын жаз.
1. 2.
Санның бөлігін тап:
Сан
1
00
2
50
5
50
100
0
бөл
2
0
5
0
1
10
200
бөл
1
0
2
5
5
5
100
бөл
5
0
1
25
2
75
500
Енді балалар мына Жұмбақ өлеңге назар аударайық. Жұмбақ өлең.
Келеді ұшып екі қарға,
Топ достарын ертіп талға.
Болды елу әлгі жиын,
Санағанда демей қиын
Болмаңыздар әбігер
Табылап емі бәрі бір
Айтар есеп шартын кім
Теңдеу құру тәртібін? 2 + х = 50
Бүгінгі біздің тақырыбымыз: Есепті теңдеу құру арқылы шығару. Олай болса балалар, бүгін біз
«Алтын қақпа» танымдық ойынына қатысамыз. Ойыннын шартында бірнеше қақпалар берілген, әр
қақпаның тапсырмаларын қатесіз, нақты орындаған болса, қақпадан математикалық нақыл сөздерді
оқитын боламыз. Олай болса «Алтын қақпа» ойынына қатысуға шақырамын.
12.
«Мыс қақпа» тапсырмасы
2-мысал. Теңдеулер жаз және шеш
І топ ІІ топ ІІІ топ
х + 160
=
350 120 + а
=
205 370 + х
=
9000
х = 350 – 160 а = 205 – 120 370 + х = 1800
х = 190 а
=
85 х
=
1430
190 + 160 = 350 120 + 85 = 205 370 + 1430 = 9000
350 = 350 1800 = 1800
Тапсырма орындалды, қақпа ашылады, қақпадан нақыл сөз шығады.
Білімнің тұңғиығы болмайтұғын, Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
Ғылымдар патшасы бол дараланып, Математика қызықты тоймайтұғын.
57
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
13.
Достарыңызбен бөлісу: |