«ЖАҢа білім жаңА Ғасыр»



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата26.01.2017
өлшемі9,78 Mb.
#2757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
§ Дамыта оқыту бағытында; 
§ Модульдік курс үшін; 
§ Әлеуметтендіру бағытында 
§ Ұжымдық жүйедегі оқыту; 
§ Басқа технологиялар үшін; 
2. Күнтізбелік- тақырыптық жоспарлау. 
3.Әр сабақты жоспарлау. 
4.Жаңа технология бойынша жүргізілетін 
әр түрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау. 
5.Оқу модулін құрастыру. 
6.Модуль бойынша оқушылардың өзіндік 
жұмыстары үшін таратпалы материалды 
дайындау. 
7. Модульдерге байланысты оқушыларға 
арналған өзіндік тапсырмаларды құрастыру.
8. Оқушыларды топтық жұмыс үшін 
берілетін тапсырмаларды дайындау. 
9. Оқу жобаларының мазмұнын анықтау. 
10. Оқу жобалары бойынша оқушыларға 
арналған тапсырмаларды құрастыру. 
1. Жаңа технологияда 
пайдаланылатын 
жекелеген әдістер мен 
тәсілдерді қолдану. 
2. Әртүрлі типтегі 
сабақтарды өткізу. 
3. Өткізілген 
сабақтарға талдау жасау, 
жіберілген 
кемшіліктердің жасырын
себептерін анықтау. 
4. Жаңа технологияда 
қолданылатын оқу 
әрекеттерінің әдістерін 
оқушыларға үйрету. 
Оқушының танымдық белсенділігін қалай дамытуға болады? Сабақтың тиімділігін қалай 
арттыруға болады? Жаңа технологиялардың осы мақсаттарға жетудегі пайдасы қаншалықты? деген 
сұрақтарға жауап берер болсақ. Бұрын бастауыш мектеп мұғалімінің басты міндеті баланы оқуға, 
санауға үйрету болса, қазір бастауыш мектеп – оқушының тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы 
баспалдағы. Сондықтан жоғарыда аталған мүмкіндіктерді жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану
– мұғалімнен үлкен шеберлікті, іздненушілікті, шығармашылықты талап етеді. 
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Оқушының тарих пәніне қызығушылығын 
арттыру жолында  сыныптан тыс жұмыстардың тиімділігі
                                                                            
Батыс  Қазақстан облысы. Казталов ауданы
К.Мендалиев атындағы ОЖББМ тарих пәні мұғалімі
Гумарова Данагүл Ероллақызы
Заман талабына  сай   бәсекеге қабілетті жас ұрпақты  тәрбиелеуде оқушыларға  қажетті  білімді
меңгерудің   жолдарын іздеп табу   әрбір   ұстаздың   міндеті . Педагог   білім   алушының   білімін
жетілдіру   бағытында   өз   жұмысы, тәсілі   мен   формасын,   өз   педагогикалық     технологиясын
таңдап  алады. Сондықтан  өзімді  тарих пәні  мұғалімі ретінде  тарихи  оқиғаларды  оқушы  санасына
қандай  әдіс –тәсілдер  арқылы  сіңіруге   болады деген сан-сауалдар  толғандырады. 
Қазақстан Республикасы   мемлекеттік «Білім»   бағдарламасында   тәрбие   жүйесін   жетілдіруге
байланысты  алдына  қойған  негізгі   мақсаты – «Қазақстандық  патриотизм,  азаматтық, ізгілік және
жалпы   адамзаттық құндылықтар   идеялардың   негізінде тәрбиеленушінің     жеке тұлға   ретіндегі
сапалық қасиетін   қалыптастыру »- деп   ұлттық мәдениет пен   өркениетті   өзара   байланыстыра
отырып  жеке  тұлға  қалыптастыруды   көздеп  отырғаны  айқын. 
29

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Ал Қазақстандық   потриотизмді   тәрбиелеу үшін   сонау   тарих   қойнауына   үңілеуге   тура
келеді. Халқын  ауызбіршілікке  шақырып, ел  тыныштығын  сақтауға  тырысқан Тауке, Әбілхайыр,
Абылай  сынды хандар мен орақ  тілді, сөз  бастаған Төле, Қазбек, Әйтеке сынды шешен-билер,   елін
жауларынан   қорғауда       ерлігі   аңызға   айналған ,   толғауларға , дастандарға арқау болған Қамбар,
Қабанбай, Бөгенбай, Баян , Наурызбай, Сырым, Исатай мен Махамбет сияқты   батырлардың ,   ХХ
ғасырдағы   әртүрлі     соғыстардың   А.Иманов,   Ә.Молдағұлова,   М.Мәметова,   Т.Бигелдинов,
Б.Момышұлы     және     тағы     басқа   батырлардың         ерліктері     дастанға     айналып,     оқушыларға
патриоттық  тәрбие  берудің   үлкен  құралына  айналды. Тарих пәніндегі  әр  сыныптағы   оқиғаларды
,     тарихи     тұлғалардың     басынан     кешкен     сан-қилы     жағдайларын     драматург-жазушы
шығармаларымен  байланысты  көрсету  оқушылардың  тарих  пәніне деген   қызығушылығын   одан
әрі   арттыра   түсетіні белгілі. Осыған   байланысты   сыныптан тыс   жұмыс ретінде   әр   сыныптың
оқушыларынан       құралған     «Жас   дарындар»   деп     аталатын     мектеп     театры   үйірмесін   ашқан
болатынмын.  
Мақсатым: Жас жеткіншектерді  тарихи  қойылымдағы   рөлдерде  ойната  отырып,  тарихи 
оқиғаларды  терең  түсініп,  тарихи  тұлғалардың  еліне  жасаған  еңбегі мен  ерлігін,  Отанға деген  
сүйіспеншілігі сезімін  ұғындыру  болатын. 
Сондай   шаралардың  бірі ХҮІІІ ғасырдағы  жоңғар  шапқыншылығына қарсы  бас біріктірген  
хандар мен  үш  жүздің  билері  және батырларының  кеңесі  бейнеленетін «Ұрпақтарға  аманат!» деп 
аталатын үш  көріністі шағын   драмалық  қойылымды айтуға  болады. 
Әбілхайырханның: - Уа,  қасиетті қазақ  халқы! Тағдырың  шешілетін   уақыт  келді, жау  жағадан  
алған  мына  алмағайып заманда  бас біріктіріп,  бірауыздан  береке –бірлікке  келмесек,  ұрпақ   
алдында ұятқа  қаламыз. 
Сөз бастайтын шешендер ,қол бастайтын  көсемдер  халыққа  жол  көрсетейік .Іргемізден  мазаны 
алған  қысық көз  дұшпанымызға  ойсырата  соққы  бермесек,  берекетімізді қашырады. Осы  қасиетті
атамекенімізді  қасіреттен  тазартуға  атқа  қонайық!  Уа, батырларым ,  ұрысқа  әзірмісіңдер!
Дауыстар: - Әзірміз, Әзірміз, Әзірміз!  деген  сөздер рөлді  сомдап тұрған  оқушының да,  
көрерменнің де рухын  көтереді.      Ал енді Төле бидің :
- Уай,  қос інім,  қос  шырағым! Аға боп  алдарыңда  сөз  сөйледім .    Ағаң –алдарыңдағы  әуелеп  
өскен дарағың Інің –қанатыңмен  құйрығың, қайрап салар  жарағың. Артымда  сендер  барда  қанат  
жайып самғармын алдаспанды  сермермін. Дауласқанды  жайғармын,  жауласқанды  жерлермін. 
Халқым да  сендермен көркейіп,  көктер.
Қазбек би:
- Уай, асыл ағам! Ағасы бардың  жағасы бар емес пе? Жағасы  бардың  тоқсан  пәледен  сақтар  
панасы  бар емес пе? Сіздей  аузы дуалы , алды қасиетті  ағамыз  тұрғанда  бізді жау да ала алмас.  
Айтқан жеріңізге  тұрып, айдаған  жеріңізге   барармын.  Айтқаныңызды заң деп бағалармын.
Әйтеке би:
- Уа, қос арсым, қос бәйтерегім. «Аға- бардан, іні-зордан демейме», «Іні-найза, аға-қорған 
демейме?Арқамды қорғанға тіремеймінбе?, найзамды ерсілі-қарсылы сілтеп қарсыласқан сұм жауды 
іремеймінбе! Жағаласқанды жапырып, айналамды  аршып, күремеймінбе?! Арысым барда жерім кең, 
елім ыстық. Сендер басқан қасиетті топырағымды жау табаны таптай алмас!» - деп кілтірілген үш 
бидің  әңгімесінен оқушылар олардың адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіреді деп есептеймін. 
Соңында Әбілхайыр хан: 
- Уа, Алашым! Халықтың мерейі  үстем, іргесі тыныш болсын! 
Азаттық! Азаттық! Қасиетті туған жердің, еркінде азат елдің көк туы асқақтай берсін!
Ұрпаққа ұлан дала аманат ! Аманат ! . . . деп аяқталатын қойылымды оқушылар шынайы ойнай 
білді, оның  тарихи мәнін  терең түсіне білді.
Көркем   әдеби   шығармалар   бойынша   сахналық   қойылымдар   қою   –   тарихи   оқиғаларды   терең
түсінудің   тиімді   тәсілдерінің   бірі.   Сонымен   қатар   театр   мәдениеті   мен     сахна   өнеріне   деген
қызығушылығында   арттырады.   Сынып   ерекшелігіне     байланысты   орындалатын   қойылымдар
мазмұныда   түрлі   дәрежеде   болып   келеді.   Сонымен   қатар   кейбір   тарихи   тұлғалар   бойынша
деректер жинастырып, баспасөз материалдарына сүйеніп,  қоғамдық- саяси  оқиғаға  байланысты
сахналық  қойылымдарды дайындауға да болады. 
Белгілі ақын-жазушы Ж.Аймауытовтың   өмірінің соңғы күндеріне арналған «Қайта оралған –
арыс»   тақырыбындағы   қойылымды   жоғарғы   сынып   оқушылары   өте   сәтті   сомдап   көрсетті.
30

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Евгения жолдасы Жүсіпбекті үйде мазасыз күй кешіп күтіп жүрген кезде Жүсіпбек үйге енеді .
Сонда Жүсіпбек: 
  - Не болғанын сұрама, Евгения ! Бұзылып болды ғой  бұл заман. Біресе қасың, біресе досың басқан
ізіңді  аңдып тасада тұрып оқ атады . Иә- иә . . . Мейірімділікпен –зұлымдық, ақиқаттан –арамдық 
басым . Болмаса, ұлы көсем айтқан, «қой үстіне бозторғай  жұмыртқалаған заман қайда ? Қайда 
ондай заман? (әйелі алақанымен аузын жабады) . . .  Өмірдің алды –үміт, арты -өкініш. Қайран 
қазағым-ай,  дауың мен   шарың,  бір-біріңді  күндеуің  қашан,  бітер екен, қашан? Евгения , Еңлігім!  
Жағдай өте қиын,  бүгін НКВД мені  екі рет шақырды. Азғантай ғана ғұмырымды  жаңа  заманның 
шәкірттерін тәрбиелеуге  арнадым емес пе? Тағатын  айыптары:   « Шетелмен байланысың бар»,  
«Әділет» атты  алаштың  жасырын ұйымын  құрыпсыңдар,
«Жапонияның тыңшысысың»,  «Қазақстанды Ресейден бөліп  алмақшы  көрінесіңдер»,-дейді. 
Қайдағы  жоқ адам баласының  ойына үш  ұйықтаса да түсіне кірмейтін  бояуы жоқ сансыз сұрақтар.  
Кешегі «елім» деп еңіреген, кеңес үкіметін өз  қолымен  құрған боздақтардың  талайын «Абақты» 
деген  пәле жұтып  жатыр.  Түсінбеймін. Түсінбеймін . . .
Бұл кезеңде Ж.Аймауытовтың  өмірі  арқылы  саяси қуғын- сүргінге  ұшыраған барлық  
қайраткерлердің өмірін  елестетуге  болады.
ХХ ғасырдың  зобалаңында  зауал зардабын тартқан  халқымыздың аяулы қыздарының  алмағайып 
кезеңіндегі, яғни «АЛЖИР- дегі» тағдырын    бейнелейтін «Азапты жеңген асыл аналар» атты 
сахналық қойылымда  бесіктен  белі шықпай  жатып  түртпекке  түсіп,  қисық-қияң  соқпақтан 
әупірімдеп өтіп, тіршілік  мәнін  өте ерте ұққан, қиындыққа қайыспай қарсы тұра алған  арулардың  
өткен  аянышты  өмір  жолын  жоғарғы  сыныптың  оқушы қыздары  шынайы бейнелеп  берді.  
Ақмола лагері – халықтың жан  жарасы. Теңдіктің  арқасында  ғана  осындай  тарихи сыр-сипаттар 
ашылып, қайғы-қасіреті араға көптеген  жылдар    салып, қайта жаңғырғанын  жас ұрпақ жақсы  
түсінеді. 
Халық  зердесінде «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған», «алтын ғасыр» атанған әз Тәуке 
заманын  оқушыларға  ұғындыру  мақсатында «Ақылы асқан әз Тәуке», орта ғасырлардағы  қазақ  
жеріндегі  білімді,  ғылымды меңгеріп,  артына  өшпес із қалдырған  ғұлама Әл-Фараби туралы «Әл-
Фараби- дарынды емші»,  «Бала Сұлтан ұстазына кезікті»  немесе 
 1986 жылғы  желтоқсан  оқиғасын  бейнелейтін  шағын  қойылымдарды үйірме мүшелері  
сыныптарда  және  мектеп  сахнасында ойнап жүр.  Мұнда рөлде  ойнаған  оқушы да,  көрермен 
оқушылар да  шынайы  бейнелерді көре  отырып,  оқиғаны  өте  жақсы  түсініп,  қабылдайды.
Оқушы мектеп театры үйірмесіне қатысу арқылы болған оқиғаны жете түсінеді,  өзіне  берілген
бейнені бірнеше қайтара үйретіп, көрсеткеннің нәтижесінде жан-тәнімен орындауға тырысады, сол
арқылы   сахна   мәдениетінің   алғашқы   баспалдағын   меңгереді.Одан   әрі   оқушы   мектепке   келуге
асығады, мұғалім мен оқушы арасында жағымды қарым- қатынас орнайды.                                      
Әрине мұғалімнің балаларға сабақ беруі мен оның іс-қағаздарын толтырумен көп жағдайда уақыты 
да аз болатыны да түсінікті. Дегенмен, қалауын тауып, сабақтан тыс жұмыстарға уақыт бөлініп жатса,
яғни оқу мен тәрбие астасып өзіндік мәнге ұласса  мұғалімнің жұмысыда  нұр болары анық.
       Жалпы оқушы мектеп қабырғасында жүргенде қандай қоғамдық жұмыстар атқарса,   қандай
үйірмелерге қатысып, бағыт алып үйренсе жоғары оқу орындарында сол үйренген ісін жалғастырып,
дамытуға   тырысады.   Соның   дәлелі   мектеп   қабырғасында   тарихи   драмалық   үйірмеге   қатысқан
оқушыларымыз,   мысалы,   А.   Алдамжарова   Арқалық   педагогикалық   университетінде   оқып   жүріп,
театрдағы   байқауға   қатысып,   «ана»     рөлінде   ойнауға   жолдама   алыпты.   Облысымыздағы   оқу
орындарында   оқып   жүрген   Талғатова   Гүлназ   монологтарды,   поэмаларды,   ақын   өлеңдерін   жақсы
оқығаны   үшін,   Мусин   Дидар   шағын   қойылымдарда   рөлдерді   өте   жақсы   сомдағаны   үшін,   жалпы
осындай  қоғамдық  іс-  шараларға   белсенді   араласып жүргені   үшін оқу  орындарынан  мектебімізге
алғыс хаттар   келді.   Бұл жерде   оқушының жеке   басының   дара және   дербес   ерекшеліктерін
ескеріп,  олардың  шығармашылығын  қалыптастырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру- басты
мақсат болып отыр.
Қазіргі тарих пәні  мұғалімінің  қызметінің ең  басты  ерекшеліктерінің бірі –бүгінгі  ұрпаққа
рухани  тұрғыдан ықпал жасауды  нығайту  болса , білім  беруші  ғана  емес,  сонымен қатар
олардың   жаңадан   қалыптасып   келе жатқан   сана-сезімін   дамытушы болса, жоғарыдағы
айтылған жұмыстар келешек ұрпақ үшін - игі істер   болар,- деп  өзімше  пайымдаймын.
31

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Сейткалиева Дина Зинатоллақызы, БҚО, Казталов ауданы, 
                                                      Киров ауылы, М.Жүнісов атындағы негізгі жалпы білім беретін
                                                                                                  мектебінің математика пәнінің мұғалімі
“Білім тарланы” (математика пәнінен танымдық кеш)
Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, 
интеллектуалдық қызығушылығын қалыптастыру.
Бұл ойынға 10 оқушы қатысады да, әр тур соңынан ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығарылады.
Сайыс 5 турдан тұрады. Соңғы турда 2 оқушы қалып, білімдерін көрсетеді. Нәтижесінде ұпайы көп
оқушы жеңімпаз атанады. 
Өту жоспары: 
1-тур: «Білімінді тексер». 
2-тур: «Ой толғау». 
3-тур: «Қызықты математика». 
4-тур: «Қайсысын қалайсың». 
5-тур: «Ойланайық, кім ойшыл». 
1-тур: “Біліміңді тексер”
1.Тік бұрыш жасап қиылысқан екі түзу... 
а) параллель;                         ә) айқас;                              б)перпендикуляр. 
2.Қабырғалары тең параллелограмм?
а) квадрат;                         ә) ромб;                                        б) трапеция.
3. Үшбұрыштың төбесінен қарсы жатқан қабырғасына жүргізілген перпендикуляр. 
а) биіктік;                          ә) медиана;                            б) биссектриса. 
4. Сүйір бұрыш деп қандай бұрышты айтамыз?
а) 90
0
-тан кіші;                   ә) 90
0
-қа тең;                      б) 90
0
-тан үлкен.
5. Шамасы 180
0
-қа тең бұрыш қалай аталады? 
а) тік;                              ә) жазыңқы;                                   б) доғал. 
6. Санның квадрат түбірі деп нені айтады? 
а) квадраты а-ға тең сан;          ә)теріс санның квадраты;                 б) а>о. 
7. Оң санның неше квадрат түбірі бар? 
а) үш;                          ә) бір;                                        б) екі. 
8. Теріс санның неше квадрат түбірі бар? 
 а) екі;                                      ә) жоқ;                                          б) бір. 
9. Параллель сөзі қандай мағына білдіреді?
а) қатар жүруші;                       ә) қиылысушы;                           б) ұзын
10. Екі қабырғасы параллель, екі қабырғасы параллель емес төртбұрыш. 
а) параллельограмм;                ә) квадрат;                        б) трапеция.
11. Хорда деген не? 
а) шеңбердің бойындағы кез-келген екі нүктені қосатын кесінді. 
ә) шеңбердің центрі арқылы өтетін кесінді.
б) радиусқа тең кесінді.
12. 30
0
-қа қарсы жатқан катет неге тең? 
а) катетке;             ә) гипотенузаның жартысына;            б) гипотенузаға. 
13. Центр арқылы өтетін хорда. 
а) диаметр;                               ә) радиус;                              б) доға. 
14. Радиус деген не? 
а) шеңбердің бойындағы кез-келген екі нүктені қосатын кесінді. 
ә) шеңбердің центрін оның бойындағы кез-келген нүктемен қосатын кесінді. 
б) шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. 
15.   қандай сан?
а) нақты сан;                    ә) рационол сан;                    б) иррационол сан. 
16. Көбейтіндінің квадрат түбірі неге тең? 
а)  = ав;       ә)   = а;               б)  =  ∙ 
17. Бөліндінің квадрат түбірі.
32

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
а)  =  ;                ә)  =    ;              б)  =  .
18.Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу. 
а) а
m

n
 =а
m+n
;                      ә) а
m

n
 =а
m-n
;                 б) а
m

n
 =а
mn
.
19. у = х
2
 функциясының графигі. 
а) түзу;                          ә) гипербола;                                 б) парабола. 
20. Екі өрнектің айырмасының квадраты. 
а) (а - в)
2
 = а
2
 -2ав
2
 +в
2
 ;     ә) (а - в)
2
 = (а - в) (а + в);      б) (а – в
2
) = а
2
 + 2ав+в
2
Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.
2-тур: “Ой толғау”
1. 8 - сыныптағы математика оқулығының авторы кім? 
2. 5 қандай санның арасында орналасқан? 
3. Столдың төрт бұрышы бар, оның бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады? 
4. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойғанда 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? 
5. Тең бүйірлі үшбұрыштың төбесіндегі бұрыш 100
0
, қалған екі бұрыш неше градус? 
6. (4- ) ∙ (4+ ) өрнегінің мәнін есепте. 
7. 47 санына қандай цифр тіркессе 5-ке де, 10-ға да бөлінеді? 
8. Бұрышты өлшейтін құрал.
Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.
3-тур: “Қызықты математика” 
1. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста. Қанша жылдан кейін атасының жасы немересінің 
жасынан екі есе үлкен болады? 
а) 28 жас;                         ә) 42 жыл;                                 б) 18 жыл.
2. Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1 сағ 20 мин ұшады, ал Алматыдан Зайсанға дейін 80 мин 
ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады? а) арақашықтығы бірдей;            ә) уақыты 
бірдей;                 б) бір ұшақ. 
3. Жанұяда 5 ұл және әр ұлдың 1 әпкесі бар. Жанұяда барлығы неше бала? 
а) 10;                                   ә) 6;                                 б) 11. 
4. Шаршы формалы шоколад 9 бөліктен тұрады. Осы кішкене шаршы бөліктерді бөліп алу үшін 
неше рет сындыру керек? 
а) 3;                                       ә) 9;                                      б)8.
5. Үш таңбалы 87 саны 5-ке де, 3-ке де бөлінеді? Осы санның соңғы цифрын тап? 
а) 870;                                   ә) 875;                                  б)879. 
6. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды. 
а) 90;                                     ә) 10;                                      б) 100.  
7. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? 
а) 3;                                               ә) 1;                              б) қалған жоқ. 
8. Бір топ үйрек ұшып келе жатты. Біреуі алдында, екеуі артында, бірі артында, екеуі алдында, 
біреуі екеуінің ортасында, үшеу тізбектеліп қатар ұшқан қанша үйрек ұшып келеді? 
а) 3 үйрек;                           ә) 9 үйрек;                               б) 12 үйрек; 
9. Жеті цифрымен аяқталатын сан 300-ден артық, 310-нан кем. Ол неше? 
а) 317;                                    ә) 307;                                     б) 327. 
10. Бір тонна көмір ауыр ма? Он центнер мақта ауыр ма? 
а) көмір;                               ә) мақта;                                 б) тең. 
Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.
4-тур: “Қайсысын қалайсын?”
13.
Қайсысы үлкен 10
20
 әлде 20
-10
 
14.
Теңдеуді шеш: х
2
 – 5 = 0 
15.
Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан құтылыңдар: 
16.
Қабырғалары 6; 8; 10; болатын үшбұрыштың түрі. 
17.
Дөңес бес бұрыштың диагоналдар саны нешеу? 
18.
Геометрияда жаңалық ашқаны үшін Зевс құдайына 10 өгіз сойып құрбан еткен кім? 
19.
Қырсық жолаушы: екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым 
33

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады. Жолаушы қыстаққа неше күнде жетеді? 
20.
Табақтағы жемісті, 
 Былай ғана бөлісті, 
 Екі анасы, қос баласы 
 Әжесі мен немере 
 Бір-бірден тиді алмасы 
 Айтшы, қанша жан басы. 
9. Бір қариядан неше балаңыз бар деп сұрағанда “Ұл мен қызымның саны бірдей, әр ұлымның 3 
қарындасы бар” Сонда бұл қарияның қанша баласы болды екен? 
10. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? 
Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.
5-тур: “Ойланайық кім ойшыл”
1-оқушыға қойылатын сұрақтар.
1. Ең алғашқы әйел математик. (София Ковалевская) 
2. а
2
+b
2
=c
2
 кімнің теоремасы? (Пифагор теоремасы) 
3. Төрт қабырғасы тең тік төртбұрыш. (квадрат) 
4. у=ах
3
 функциясының графигі. (куб парабола) 
5. Түзудің екі нүкте арасындағы бөлігі. (кесінді) 
6.Катет қандай үшбұрыштарда болады? (тікбұрышты үшбұрышта) 
7. Түбір астындағы 225 неге тең? (15) 
8. “Ноль” қай елден шыққан, қандай мағына беретін сөз? (“ештене”, латын) 
9. Үшбұрыштың негізгі элементтері. (үш қабырғасы, үш бұрышы) 
10. Табиғи жарық көзі. (күн) 
11. Қиылыспайтын түзулер. (параллель) 
12. Тең қабырғалы үшбұрыш анықтамасы. 
13. “Геометрия” сөзінің мағынасы. (гео-жер, метрия-өлшеу, латынша) 
14. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)
15. Милли сөзінің мағынасы. (1000 есе кіші, латынша) 
2-оқушыға қойылатын сұрақтар.
1. “Эврика” кімнің сөзі? (Архимед) 
2. Пифагор теоремасы. 
2
+b
2
=c
2

3. Төрт қабырғасы тең параллелограмм. (ромб) 
4. у=ах
2
 функциясының графигі қалай аталады? (парабола) 
5. Жарты түзудің басқаша аты. (сауле) 
6. Гипотенуза қандай үшбұрышта болады? (тікбұрышты үшбұрышта) 
7. Түбір астында 196-дан қанша шығады? (14) 
8. Үшбұрыштың қосымша элементтері. (үш биссектриясасы, үш медианасы, үш биіктігі) 
9. “Фигура” сөзінің мағынасы. (түр, кескін-латынша) 
10. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер. (перпендикульяр) 
11. Жасанды жарық көзі. (от, сіріңке, лампа, шырақ, т.б.) 
12. Тең бүйірлі үшбұрыш анықтамасы. 
13. “Натурал” сөзінің мағынасы, қай елдікі? (табиғи - латынша) 
14. Жеті тауықтың неше аяғы бар? (14) 
15. “Кило” сөзінің мағынасы. (1000 есе артық, латынша)
Озық шыққан оқушы «Білім тарланы» белгісімен марапатталды.
Көрермендермен ойын.
Жұмбақтар:
1. Жоқ өзінде баста, қаста, мойында. 
    Ұзындығы жазулы тұр бойында. 
2. Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап? 
3. Бірдей санды бірнеше рет 
    Көбейтуден тұрады 
34

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
    Егер оны ықшамдасаң 
    Қандай атау болады? 
4.Түзудің бір бөлігі 
   Екі шеткі нүкте көрігі 
   Ұзындығы тағы бар 
   Айтшы сыйлық сенікі.
5. Доп емес, дөңгелек емес 
    Ұқсас бірақ достарым 
    Фигура ол ең негізі 
    Дәл жауапты қостадым. 
6. Екі бұрыш ежелден 
    Көрші болған ең тату 
    Бірін-бірі толықтырған 
    Жазыңқыға, бар қаңқу 
7. Өзара перпендикульяр түзулерден 
    Құралған жазықтықта бұл қандай ось
           -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет