«ЖАҢа білім жаңА Ғасыр»



Pdf көрінісі
бет8/23
Дата26.01.2017
өлшемі9,78 Mb.
#2757
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

Библиографический список
1.Мельникова Е.Л. Технология проблемного обучения./“Школа 2100”. Образовательная программа 
и пути её реализации./Под ред. А.А.Леонтьева. Выпуск 3. – М., “Баласс”, 1999.
2.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. – М.: Народное 
образование, 1998.
3.Трофимова О.В. Реализация принципов развивающего обучения Л.В.Занкова на уроках русского 
языка в средней школе./Традиции и новации в современном образовании. – Ярославль, 1999.
4. А.К.Колеченко «Энциклопедия педагогических технологий» - М.,«Педагогический поиск», 2001.
5.И.А. Ильницкая «Проблемные ситуации и пути их создания на уроке» - М., «Август-Принт», 1999
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ибрашева Светлана, БҚО, Казталов ауданы, Киров ауылы,
М.Жүнісов атындағы негізгі жалпы білім беретін
 мектебінің география пәнінің мұғалімі
Сыныбы: 7  
Тақырыбы: Табиғат зоналары
Сабақтың мақсаттары: 
1. Білімділік: Оқушыларды табиғат зоналарымен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңызына
тоқталу.
 2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту,
шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік:  Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып,
елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Оқыту әдісі: түсіндірмелі,  СТО технологиясы элементтерін пайдалану
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Табиғат зоналары картасы,слад материалы, оқулық, 
қосымша материалдар, суреттер.
64

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. 
Үй тапсырмасын сұрау: тест  түрінде
Қызығушылықты   ояту.  Аустралияның   табиғат   зонасында   қандай   ерекшеліктер   бар?
Қазір ол жерде қай мезгіл?
Жаңа сабақ. Біз бүгінгі сабағымызда Аустралия материгімен танысуымызды әрі қарай жалғастыра
отырып материктің табиғат зонасы мен жануарлар   және өсімдіктер әлемі жайлы не білеміз  екенін
ойланайық.     Аустралия   жайлы   не   білесіз   немесе   білемін   деп   ойлайсыз?     2   минут   уақыт   ішінде
білгендеріңіздің  тізімін жасаңыздар.  Енді жұбыңызбен сол жазғандарыңызды бөлісіңіздер де, өзіңіз
жазғандарыңыздан 2-3 мысал айтыңыз. Берген мысалыңыз  нақты білетін мысалыңыз болуы керек.
ББҮ кестесі тақтаға сызылады
Кестенің 1-ші бағанды толтыруға көмектесіңіз. Әр жұп идеяларын айтады, мұғалім тақтаға жазады.
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Бірінші баған толды.
Сонымен Аустралия туралы көп білеміз екен  алайда тағы нені білгіміз келетінін ойланайық. Осы 
сұрақ көлемінде ойлануға 2 минут уақыт беріледі. Оқушылар өз жұптарында өз сұрақтарын 
талқылайды.Ең жақсы деген
 3 сұрақтан таңдап алады.
 Енді 2-ші бағанды толтырамыз
Мағынаны тани білу сатысы 
Оқушыларға мәтінді оқу үшін 15 минут уақыт беріледі. Оқыр алдында пайда болған «Білгім келеді» 
бағанындағы тізілген сұрақтарға мән беріңіздер. Оқу бағдарламасынан сұрақтарға жауап беруге 
тырысыңыздар және оны « Үйрендім»  бағанына толтырып отырыңыздар 
Жаңа сабақ .  Аустралияның табиғат зоналары орналасуы жағынан оңтүстік жарты шардың басқа 
материктерімен ұқсас болып келеді.Бірақ зоналар алып жатқан ауданы мен тіршілік дүниесінің 
құрамы жөнінен үлкен айырмашылық жасайды. Бұл айырмашылық Аустралияның басқа 
материктерден өте ертеде бөлініп кетуіне байланысты. Сондықтан материкте басқа ешбір жерде 
табиғи жағдайда кездеспейтін эндемик өсімдіктер (эвкалипт, казуарина) мен жануарлар (кенгуру, 
үйректұмсық, ехидна) тіршілік етеді. Материктегі өсімдіктердің 75 %-ы, ал жануарлардың 90%-дайы 
тек қана Аустралияға тән. Материкте жергілікті жыртқыштар жоқ. Сонымен қатар гондваналық 
материктердің арасында байланыс болғанын дәлелдейтін кейбір ортақ түрлер (бөтелке ағашы, 
саяхатшылар ағашы, араукария, ағаш тәрізді папортник, акацияның кейбір түрлері) де бар.
Аустралияда материктің жалпы ауданымен салыстырғанда шөлдердің үлесі өте көп, керісінше орман 
басқа материктермен салыстырғанда аз алқапты қамтиды. Материктің басым көпшілігін тропиктік 
шөл және шөлейт зонасы алып жатыр. Бұл зонаның барлық бөлігінде жылдық жауын-шашын 
мөлшері 200-250 мм-ден кем емес, бірақ ұдайы ыстық болғандықтан булану мөлшері жоғары болады. 
Африкадағы тәрізді мұнда да шөлдердің бірнеше түрі кездеседі. Кристалды жыныстардан құралған 
қалдық тауларды тасты шөлдер, ойпаттар мен көлдердің айналасын сазды шөлдер, қалған бөлікті 
құмды шөлдер алып жатыр.Солтүстікке және шығысқа қарай ылғал мөлшерінің артуына байланысты 
саванналар мен сирек ормандар таралған. Солтүстіктегі субэкваторлық климаттық белдеудің ылғал 
көп түсетін бөліктерінде қызыл-қоңыр топырақты ылғалды саваннасы таралған. Мұнда эвкалипт 
ағаштары басым өседі, оңтүстікке қарай олардың орнын акациялар алмастырады. Үлкен Суайрық 
жотасына қарай шөптесін өсімдіктер басым.Ормандар материктің шығысындағы Үлкен Суайрық 
жотасының шығыс беткейін алып жатыр. Бірнеше климаттық белдеуді кесіп өтуіне байланысты 
ормандар солтүстіктен оңтүстікке қарай алмасып отырады. Күлгіндеген қызыл топырақтағы 
ылғалды тропиктік ормандар 20º о.е. дейінгі бөлікте таралған. Оңтүстікке қарай қызғылт-сары 
ферралитті топырақтағы ылғалды субторпиктік ормандарға ауысады.
Сергіту сәті. Аустралиялық жаңбыр
Ой толғаныс сатысы
Сұрақ қоймаған ақпараттар кездесті ме? Егер ондай ақпарат болса 
«Үйрендім » бағанына толтырыңыздар. Жауапсыз қалған барлық сұрақты белгілеңіз. Осы сұрақтарға 
жауапты қайдан табуға болатыны талқылау
65

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Салыстыру кестесі  /Аустралия мен Қазақстан мемлекеттерін салыстыру/
Мемлекеттің аты
Қазақстан
Аустралия
Жер көлемі
2,7 мың км
2
7,6 млн км
2
Астанасы
Канберра
Басқару түрі
Королева
Елизавета ІІ
Халқының саны
17 млн адам
22млн-нан астам
Тәуелсіздік күні
1901ж 1 қаңтар
Ақшасы
Аустралиялық доллар
Ресми тілі
ағылшын
Терминдермен жұмыс
Қорытынды:  Қазіргі   кезде   материк   табиғатын   мүмкіндігінше  сақтау   барысында   көптеген
жұмыстар жүргізілуде. Аустралия Одағының мемлекеттік ел таңбасында эму түйеқұсы мен кенгуру
бейнелеген, ал ехидна, үйректұмсық, лирақұйрық күміс ақшаларында таңбаланған. Аустралиядағы
қорғауға алынған кешендердің саны мыңнан асады. Материктегі Улуру, Үлкен Тосқауыл рифі, Какаду
тәрізді ұлттық парктер дүние жүзіне әйгілі.
Үйге тапсырма: §55 оқуға. Кескін картаға табиғат зоналарын түсіріп келу. Қосымша материалдар
жинау. 
------------------------------------------------------------------------------------------
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, 
№ 201 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі  
Примжанова  Күлдарай
Сабақтың тақырыбы:  Сүт қалай ұйықтады?
Сабақтың мақсаты: 
                     1.Білімділігі: Қазақтың белгілі сатирик-ақыны Оспанхан Әубакіровтің                   
                                         өмірбаянымен таныстыру, оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды,               
                                         идеяны ұғындыру 
                   2.Дамытушылығы: оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс                  
                                                     істеу қабілетін, ой-өрісін дамыту, білім, іскерлік    
                                                      қабілеттерін дамыту. Өзіндік талдау, жинақтау, жеке                            
                                                      топтық  жұмыста шапшаңдық танытуын арттыру.  
                  3. Тәрбиелілігі: Оқушылардың көркем сөзді, салихалы ойды өз сөздік қорларына  
                                             қабылдай алуы, соның нәтижесінде ауызша, жазбаша сөйлеу 
                                              дағдыларын жетілдіру, эстетикалық талғамын арттыру, еңбекке 
                                               тәрбиелеу.
Әдісі: ой қозғау, топтық жұмыс, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, әңгіме, көрнекілік.
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: О. Әубәкіров суреті, өмірбаяны, ертегі бойынша сурет, «Сөз құрау», «Кім жылдам?» 
ойыны, нақыл сөз
Сабақтың барысы: 
27.
Ұйымдастыру кезеңі
 а) Кластың сыртқы бейнесіне көңіл бөлу
 ә) Психологиялық ахуал 
  б) Амандасу
                         Жарқырап күн де ашылды,
                         Айналаға нұр шашылды.
   Қайырлы таң?   Біз бақытты баламыз.   Қайырлы күн!
   Амандасып аламыз.
66

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Үй тапсырмасын сұрау.
Мысалдың мазмұнын 3 топтан үш оқушы айтады.
Кім жылдам? ойыны арқылы үй тапсырмасын қортындылау.
І-топ Салақтық сөзіне  қарама-қарсы мағынадағы сөзді айт. Керім қандай жігіт еді? 
ІІ-топ Мәтін соңында Керімге не болады?
ІІІ-топ Мәтін арқылы нені түсінуге болады? Негізгі идеясы не?
Адам  бойындағы кездесетін қандай жаман қасиеттерді атай аласыңдар?
Салақтық, жалқаулық, ұйқышылдық, еріншектік т.б
Жаңа сабақ
Бүгін,   Оспанхан   Әубәкіровтің   «Сүт   қалай   ұйықтады?»   атты   шығармасымен   танысамыз.   Ең
алдымен шығармамен таныспас бұрын автормен танысып алайық  
Оспанхан Әубәкіров. 1934 жылы 4 мамырда  Алматы облысы, Жамбыл ауданы,Үшбұлақ ауылында
дүниеге келген. 1986 жылы 52 жасында қайтыс болған
Оқулықпен жұмыс

Ертегіні нақышына келтіре, мәнерлеп оқу

Сурет арқылы ертегінің мазмұнын түсіндіру

Сөздік жұмыс 
Бықырып – сыртына төгіліп
Быжынап – көбіктеніп
Құтырыпты – тасыпты
Аттандап – айқайлап

Оқушыларға тізбектей оқыту
Ертегімен жұмыс. Тауып оқы
1-топ Ертегіден ел-жұрттың сөзін тауып, әуеніне сай оқы
2-топ Әженің іс-әрекетін тауып оқы
3-топ Қалтаға құйылған сүттің жағдайын тауып оқы. 
Сергіту сәті
Топтастыру стратегиясы
Топтық жұмыс
          І-топ                                     ІІ-топ                                       ІІІ-топ
Сүттен не жасалады?          Жүннен не жасалады?              Тыйым сөздер
қатық, айран, май, құрт,      шұлық, қолғап,                  Малды теппе, ақты төкпе.
сүзбе, ірімшік, қаймақ,        киіз, жемпір, көрпе,          Малды басынан ұрма, жыңғылмен  
                                                                                             айдама.
көже т.б.                                көрпеше т.б.                        Малға теріс мінбе.
«Сөз құрау» ойыны
Сабақты бекіту. «Бәйге» ойыны
              І-топ                                     ІІ-топ                                                  ІІІ-топ
Ақын осы ертегі               Өлең неліктен ертегіге              Мәтіндегі нақыл сөзді,қорытынды            
арқылы не айтпақ болды?      жатады деп ойлайсың?                  ой айтылған жолды тап.
                                                  
Онда шындық пен ғажайып                          Ұйқы – дұшпан.
оқиғалар араласып айтылады.                 Әй, дегенмен, балалар
                                                                  Көп ұйықтаған зиян-ау.
Сабақты қорыту
Ұйқы деген дұшпан бар
Тұла бойды талдырар
Жолдан, істеп қалдырар
Сүттің бойындағы ұйқышылдық сияқты қасиеттен қашық болайық
Бағалау.  Оқушыларды бағалап, мадақтау 
Үйге тапсырма:  Ертегінің мазмұнын айтуға дайындалу
                             Ертегі желісі бойынша сурет салу.
67

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Салимова Сағадат
БҚО, Казталов ауданы, Еламан ауылы,
Еламан бастауыш жалпы білім беретін мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Әдебиеттік оқу. А.Құнанбаев «Қыс»
Сабақтың мақсаты:
А) білімділігі: автор жайлы мағлұмат бере отырып, өлеңнің мазмұнын түсіндіру, қыс мезгілін 
суреттей білуге үйрету.
Ә) дамытушылығы:  бейнелі сөйлей білу дағдыларын, сөздік қорларын, тіл дыбыстарын, ой – 
өрісін дамыту.
Б) тәрбиелілігі:  әр маусымның ерекшелігін байқата отырып, табиғат сырын түсінуге, ұқыптылыққа
баулу.
    Көрнекілігі:  А.Құнабайұлы портреті, жыл мезгіліне байланысты суреттер, кітап бұрышы.
    Түрі:  жаңа білім беру.
    Әдіс-тәсілдері:  түсіндіру, топтастыру, бес жолды өлең стратегиялары.              
Сабақтың барысы: 
І. Қызығушылығын ояту.
Жұмбақ жасыру. 
Суда мұз бар
Жерде қар бар
Боран борап соғады  (Қыс)
Ендеше бүгінгі жаңа тарауды бастап тұрмыз. Бұл тарау «Қыс бейнесі» деп аталады. (сурет, слайд 
көрсетіледі)
    ІІ. Мағынаны тану кезеңі.
Бүгін өтетін өлеңіміздің авторы қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлы.  Абай Құнанбайұлы – 
ұлы ақын, данышпан ойшыл, аудармашы, сазгер.

Абай туралы не білеміз

Абай өмірі туралы мәлемет.
Абайдың азан шақырып қойған аты Ибрагим. Ол 1845 жылы тамыздың  оныншы жұлдызында 
қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай бай 
адам болған. Абайдың анасы  Ұлжан ақылды, мейірімді кісі екен. Ал Абайдың әжесі Зере 
тәрбиелеген. Ол Ибрагимді «Абай» деп атаған. 
Қос ана қазақтың ертегі, аңыз жырларын көп білген. Абайға кішкене кезінен әңгімелерді 
қызықтыра айта отырып, оның санасына құя білген. Абай ауылында Ғабитхан деген татар 
молдасынан 3-4 жыл сабақ алады. Әкесі зеректігін байқап, оны Семейдегі Ахмет Риза медресесіне 
оқуға береді. Сонда жүргенде өз бетімен орыс тілін үйренеді.
Абай 12 жасынан бастап өлең жаза бастайды. Абай өлеңдерінде білім, ғылымға шақырған, жыл 
мезгілдерін, қазақ халқының өмірін суретеген. 
Абай өз өлеңдеріне 20- дан аса әндер шығарған. Үлкен сазгер болған.
Абай – ақын: 
«Қараша желтоқсан мен сол бір екі ай»
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
«Қансонарда бүркітші шығады аңға»т.б.
Абай – данышпан
Абайдың қырық бес қара сөзі бар
Абай – аудармашы
Лермонтов, Пушкин, Крыловтың өлеңдерін қазақшаға аударған Абай-сазгер
(Компьютерде жазылған әнді тыңдау) «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдау
Абай әндері
Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс мезгілі)
Қыстың басқа жыл мезгілінен ерекшелігі неде екенін айтайық.
Әрбір өлеңнің шығу тарихы бар.
«Қыс» өлеңнің шығу тарихы.
68

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
1884 жылы қыс қатты болып, ел жұтаған. Қар сәуірдің басында ғана кеткен. Сол кезді ақын 
өлеңмен бейнелеген. Зор тұлғалы, тірі жанды бейне етіп сипаттайды. Абай қысты қазақтың кәдімгі 
кәрі құдасына теңеу арқылы суреттейді. Қысқы отардағы малшы өмірі, күннің қатты суығы айтылған.
          Аяз болады 
                                         Қар жауады 
                       ҚЫС
          Боран соғады 
                  Күн қысқарады
Өлеңді мәнерлеп оқу, түсінбеген сөздерді түртіп алу.
9) Сөздік жұмысы. Өлеңнің шумағын анықтау және мазмұнын түсіндіру. 
10) өлеңді балалардың оқуы
1) іштей оқу
2) мәнерлеп оқу
Оқушылар бір шумақтан мәнерлеп оқиды
11) Топ оқушыларына тапсырма беру.
І топ. «Қыс» тақырыбына әңгіме құрау.
ІІ топ. Қыс туралы не білеміз?
Өлең, мақал – мәтел, жаңылтпаш
ІІІ топ. «Қыс» тақырыбында пікір сайыс жүргізеді. 
12) Сергіту сәті
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады
Жып-жылтыр боп жатады.
13) «Қыс» қызығы дидактикалық ойын
Ұяшықтың шешуін дұрыс тапсаң жауабы шығады.
14.
Сырғанайсың онымен,
Күнде қызық ойнайсың.
Күн суығын елемей,
Қызығына тоймайсың.   (Шана)
15.
Тікен – тікен тік пісте,
Қыс ы-жазы бір түсте   (Шырша)
16.
Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым    (Шаңғы)
17.
Жаңа жылдық мерекенің басты кейіпкерлерін ата
Шығармашылық жұмыс. «Ұйқасын тауып, жалғастыр»
                     Қар жауады...                     Ойнауға жақсы-ақ
                     Осындай...                      Кім үйде жатпақ.
ІІІ. Қорытынды.
Бір оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.
Сұрақтарға жауап беру
Өлеңде қыс мезгілі қалай суреттелген?
Ақын қыстағы адамдар өлеңін қалай сипаттаған?
«Қыс» бес жолды өлең құрастыру
Қыс 
Суық, аязды
Келді, ашуланды, үсітті
Қыста күн аязды болады
Жыл мезгілі
Қысқы Азиада Олимпиадасы біздің қазақстанның Астана, Алматы қалаларында өтеді. Әр 
түрлі шаңғы тебу, коньки тебу сияқты ойындар өтеді.
Кітапшаларын тексеру
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма, өлеңді жаттау, қыс туралы сурет салу, эссе жазу.
«Аязды келіп қыс» әнімен сабақты аяқтау. 
69

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Мусина Мадина Қанатқалиқызы
БҚО, Казталов ауданы, Жас ауылы
Жас негізгі жалпы білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: Қос сөздер
Сабақтың мақсаты: 
Білімділігі:  қос сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру. Қос сөздердің екі түрлі сөздің өзара
қосарлануы,     бір   сөздің   қайталанып   қосарлануы,   күшейткіш   буын   арқылы   қосарланып   аңа   ұғым
тудыратынын ұғындыру. Сөйлем ішінен қос сөздерді таба білуге, оның мағынасын ажырата алуға
үйрету.
Дамытушылығы: өз бетінше жұмыс жасау қабілетін және сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, жинақылыққа құрметтей білуге тәрбиелеу.
Міндеттері: 
24.
Қос сөздер туралы ұғым қалыптасады. Қос сөздердің жасалу жолдарын меңгереді. 
25.
Өз бетінше іздене білуге дағдыланады. 
26.
Ой-қиялы сөздік қоры дамиды.
27.
Бір-бірін тыңдауға, құрметтеуге үйренеді. 
Әдістері: ойландыру, топтау,талдау жинақтау бағалау.
Көрнекілігі: парақшалар, топшамалар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі:
І. Қызығушылықты ояту.
-   Балалар,   бүгінгі  сабағымызды  тәуелсіздігіміздің   22   жылдығына  арнап,   «Тәуелсіздік  тарланы»
атты ойын желісімен өткіземіз. 
Ойын  шарты:  Алдымызда  бірнеше  басқыштар  тұр. Әр  басқыштың  өз  тапсырмасы бар.  Оны өз
деңгейінде орындаған оқушылар  «Тәуелсіздік тарланы» деген құрметті атаққа ие болады. 
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді. 
Және оны сыйлап ешкім бермеді. 
Желтоқсан да қаза болған ұл-қыздың
Еңбегі   мен   бейнетінің  шыңы  еді-   дей  отырып,   тәуелсіздік  күніне  арналған  сабағымыздың
алғашқы басқышыңдағы тапсырмаларды орындайық.  
І басқыш. Ребус шешу. 
ІІ басқыш. «Топтастыру»  стратегиясы.

Сұрақ –жауап сәті. 
ІІ. Мағынаны тану.

«Топпен жұмыс»  стратегиясы.
І топ. Терлей-терлей арық қаз саң күле-күле су ішерсің. (мақал)  Асқар-асқар тауларда жалғыз ар
қар  өмір  сүріпті. (ертегіден) Жас  қозылардың  жып-жылы  тұмсықтары  Айгүлдің  қолын  иіскелейді.
Жыбыр-жыбыр еткен жас еріндері мен жаланып қояды. (Ғ.М)
ІІ топ. Осынау мөп-мөлдір болып жататын әдемі көлдің Айнакөл аталуы тегін емес.  Оның тап-таза
тұнық суы күнг шағылысып, айнадай жылтырайды.  Түбіндегі алтындай  сап-сары кұмы  мен майда
мал  татастары     ап-анық  көрініп  жатады.     Айналаны  қоршаған  найзадай  тіп-тік
қамыстаржеллебіненсудырлайды. 
ІІІ  топ.  Асау торы  бір-екі рет мөңкіп қалды.  Одан соң бауырына түскен  ер-тоқымын тепкілеп,
құйындай ұшты.  (С.Ж)

Алтай  мектептен  келісімен,   жеңіл-желпі   тамақтана   салып,   шөпшілерге   кетті.   («Ақжелкен»
журналынан)
18.
Оқ-дәрімен, азық-түлікпен, киім-қешекпен қамтамасыз ету оңайға түсе қоймайды. (Ә.Ш)
IV басқыш. 

«Топтастыру » стратегиясы.
Сергіту  жаттығуы.  «Қимылмен бейнеле»
70

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
ІІІ. Ой толғаныс. 
V басқыш. 1. «Күнделік » стратегиясы.
Қос сөздер
Жасалу жолы
Қолданамыз, сөйлем  ойлаймыз.
Үлгі-өнеге
Ойлай-ойлай
Жалт-жұлт
VІ басқыш. 2. «Сәйкестендіру  стратегиясы: « Менің бағытым»
Жып 
шашын
Жора 
төмен
Жауын 
мұны
Жоғары 
ұят
Ар
жылы
Оны 
жолдас
VІІ басқыш. 3. «Ойлан тап!» стратегиясы.
Қора
    -----------------------------------------------
  қой жатыр.
Қарын 
 ---------------------------------------------  
май жатыр.
Түйе  
-------------------------------------------------
 жүк жатыр.
Ауыл   
------------------------------------------------  
ел жатыр.
VІІІ басқыш. 4. Терме диктант.
Адамнан көмек күткен  аққұтан ұйқыдан  тұрған адамдай  мең зең. Ақылбайдың құлағына   сыбыр
сыбыр   дыбыс   естілді.   Ол тұра сала, жан-жағына   сезіктене   көз салды. Бұрын оянған Батырбек
етігімен   жерде   жатқан     қурайды   ерсіліқарсылы,   бытыр     бытыр   басып   жүр   екен.   Сұлап     сұлап
жығылып жатқан ұзын ұзын қарағайларды   көрді.   Оқшау өскен зәулім үйеңкінің басында   жалғыз
аққұтан отыр.   Ол   адамнан   жасқанып, ұшып кетпеді, керісінше, көзі жасаурап, көмек сұрағандай
жалтақ    жалтақ   қарай береді.    Оның  балапандары   шыр-шыр етеді.  Олар  тамақ сұрап жатқанға
ұқсайды. Ұшайын десе шама жоқ.  Аппақ қардай  ақ қанатының бірі қып қызыл.
5.Үйге тапсырма беру.  6.Бағалау
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Тапалова Сандуғаш Науанқызы
БҚО, Казталов ауданы, Жас ауылы
Жас негізгі жалпы білім беретін мектебінің 
бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы:Құбылыстар
Сабақтың   мақсаты:  Тақырыпты   оқып   талдай   отырып   табиғи   құбылыстардың   ерекшеліктерін
ұғынады, күнделікті болып жатқан табиғи құбылыстарды алған білімдерімен байланыстырып саралай
алады, бір-бірімен пікірлеседі.
Күтілетін нәтиже
1.
Тақырыпты талдай алады.
2.
Сабақты өмірмен байланыстыруға үйренді.
3.
Тақырып мазмұнын өз сөздерімен жеткізуге дағдыланады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет