«ЖАҢа білім жаңА Ғасыр»



Pdf көрінісі
бет9/23
Дата26.01.2017
өлшемі9,78 Mb.
#2757
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

Не арқылы бағалау
1.
Топтастыру. ББҰ
2.
Өзара оқыту. Түртіп алу
3.
Постер ББҰ Бірін-бірі бағалау
Түрі: Сын тұрғысынан ойлау
Әдісі: ББҰ, Өара оқыту. Постер. Өзін-өзі бағалау
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту
1. Үй тапсырмасын тексеру
     Дәптерлерін тексеру
1.
Топтастыру
ІІ. Мағынаны тану 1.ББҰ
71

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
2.
Өзара оқыту. Абзацтарға бөліп оқушылар оқиды,бір-біріне түсіндіреді. Оқи отырып 
құбылысты дәптерге жазады.
ІІІ. Ой  толғаныс
1. Тапсырмалармен жұмыс
-
Табиғат құбылыстарын ата?
-
Табиғат құбылыстарын қалай бақылайды?
-
Табиғи апат кезінде өзіңді қалай ұстауың керек?
-
«Күзгі  жаңбыр» әңгімесінде қандай табиғат құбылысы  сипатталған?
-
Ақ жауын деп қандай  жауынды атайды?
-
Жазғы жаңбырдың  үзгі жаңбырдан қайдан айырмашылығы бар?
ББҰ аяқтау, 3-бөлімін
1.
Постер. Сурет салу
2.
Бірін-бірі бағалау
Аты
-жөні
Үй 
тапсыр-
масы
Топ
тас-
тыру
Б
БҰ
Өза
ра 
оқыту
Түрт
іп алу
Б
БҰ
С
ур
ет
Б
аға
лау
Темірғалиева Асылым, 
БҚО, Казталов ауданы, Көктерек ауылы, 
Көктерек орта жалпы білім беретін 
мектебінің технология пәнінің мұғалімі 
Сабақтың тақырыбы: Тігіс түрлері 
Сабақтың мақсаты: 
А) Қол тігістерінің түрлерімен таныстыра отырып, тігістер туралы білімдерін кеңейтіп, одан әрі 
таным деңгейін арттыру;
Ә) Оқушылардың көру және ойлау қабілетін дамыта отырып, оны қайта жаңғыртуға үйрету. Саусақ 
қимылдарының шеберлігін дамыту. 
Б) Оқушыларды ұқыптылыққа әсемділікке үйрету. Тігіс түрлерін тігуге жаттықтырып, өмірде 
қолдана білуге баулу. 
Сабақтың көрнекілігі: тігіс түрлері, нақыл сөздер, сөзжұмбақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сарамандық жұмыс, сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: сурет, тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі: 
Оқушылармен амандасып, жоқ оқушыны анықтап, құрал-жабдықтарын түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап арқылы. 
Тақырыбы: «Мата, жіп, ине қасиеттері, түрлері»
1.Мата неден алынады? 
2. Мата қасиеті туралы не айтасың? 
3. Матаның қандай түрлерін білесің? 
4. Жіптің қасиеті, түрлері туралы баянда.
5. Ине не үшін қолданылады? 
6. Иненің қандай түрлері болады? 
72

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Жаңа сабақты түсіндіру
Оқушылардың зейінін аудару мақсатында сөзжұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбын табу. 
Тұмсығы мықты, Қырмен ойды тегістеп шықты. (Үтік) 
Сөзі дана үні жоқ Сөйлемейді тілі жоқ
Қолыңа алсаң шешен Ақылы асқан көсем.(Кітап)
Өшірді сүртті. Өзгені құртты. Өзінде құртты.(Өшіргіш)
Аппақ дала қара дән. Дәнін сепсең түсінуге жараған. (Әріп)
Аспай піскен. Қайнамай түскен. (Жеміс)
Жаңа сабаққа мақсат қою кезеңі
Оқушыларға тігіс түрлерін үйрете отырып,оны өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Жаңа сабақтың өтілу жоспары
Қол жұмысына қажетті құрал-жабдықтармен таныстыру.
Қол тігістерінде сақталатын қауіпсіздік ережесі туралы түсінік беру.
Қол тігістері түрлері:
Көшіру;
Қосу;
Қайырып тігу;
Түйіріп тігу.
Сарамандық жұмыс
Оқушыларға карточка беріп, сол карточкада берілген тігістерді матада орындау.
Бекіту сұрақтары
Тігіс дегеніміз не?
Тігістің ұандай түрлерін білесің?
Қосу тігісі не үшін қолданылады?
Қол жұмыстарына қажетті құралдарды ата.
Қорытынды. «Ізгілендіру» диограммасы.
Білемін
Үйрендім
Білгім келеді
Оқушыларды бағалап, жұмыс орнын жинастыру.
Үйге тапсырма: Кесте тігуге қажетті құрал-жабдықтар әкелу. Ине, жіп, ақ мата, қайшы.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Темірғалиева Майра Насиевна, 
БҚО, Казталов ауданы, Көктерек ауылы, Көктерек орта жалпы 
білім беретін мектеп жанындағы интернаттың аға тәрбиешісі
Тәрбиелік шараның тақырыбы: «Қыздың күші - нәзіктігінде»
Мақсаты:  1. Білімділік – қыз балаларға ұлттық менталитетіміз, ғұрыптық дәстүріміз, әдептілік 
ережелері туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық – қазақтың ақын, батыр, білімді қыздары және ұлы аналар өмір деректерін оқып 
үйренуге дағдылану.
3. Тәрбиелік – қыз баланың бойына әдет-ғұрып дәстүрлерін сіңіріп, әдептілік сыпайылық, 
инабаттылық, мейірімділік, төзімділік, нәзіктік қасиеттерге ие қыз бала тәрбиелеу.
Жүргізушілер: Мутиғоллин Ж, Дошимова М
1-жүргізуші: Ана тілімізде «қыз» деген сөз бар. Ол – ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны – бүкіл 
адамзат әйелден тарайды: қыз – келін болады, келін-әйел-анаға айналады, ал ана – әже деген зор 
дәрежеге жетеді. 
2-жүргізуші: Қазақ қызды өте қадірлеген халық. Себебі, қазақ ұлтының рухы қазақ қызының 
жүрегінен бастау алып, кең арналы ұлттық санаға айналады. Сымбатты, келбетті, ақылы мен мінезі, 
тәрбиесі мен өнегесі келіскен қазақ қызының нәзіктігі жөніндегі «Қыздың күші - нәзіктігінде» атты 
тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
(«Ару қыздар» әні)
73

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
1-бала: Менің ойымша, қыздың нәзіктігі оның дене бітімінің сұлулығынан, қимылының 
әсемдігінен көрінеді!
2-бала: Мен келісемін. Әдемі затты «қыздың жиған жүгіндей» деп, қызға теңейтін ақын жанды 
халықпыз ғой!
3-бала: Қыз баланың көркі мен сымбатын айшықтап, зерттелген бай халық ауыз әдебиеті ұлы қазақ 
қызының дәті мен затын сипаттаудағы танымдық темірқазығы іспетті. Өлең – жырда қыз баланың 
келбет, мүсін сұлулығын оның ішкі сезім – дүниесін адамгершілік қасиеттерін бөліп жармайды, жан 
мен тән сұлулығын тұтастыра суреттейді. 
Ән: «Қыз сыны» (осы әннің фонында ұлттық киім киген қыздар шығады).
4-бала: Сұлулық, әдеп, иба осы қыздардың сыңғыр қаққан шолпы дыбысынан-ақ байқалып тұр 
емес пе?!
5-бала: Оның рас халқымыздың этикалық талғамында шолпы, сылдыры-бойжеткен әдебінің бір 
айғағы, оның мінез-құлқының хабаршысы. Қыз баланың мінез-құлық, жүріс-тұрысына қатысты ең 
бастысы-әдеп, иба, инабат. 
(Абай: «Білектей арқасында өрген бұрым»)
6-бала: осы өлең жолдарындағы «сылдырлаған олпысы әлдеқандай былдырлаған тілмен» Абайға 
үн қатқан аяулы да нәзік жанды Тоғжанды көз алдымызға елестеткендей.
(«Абай жолы» романынан көрініс).(Абай ролінде Еркінғалиев Ә.Тоқжанның ролінде Ғазизова М.)
Автор: Абай оңаша қалғанда, әуелде қатты қысылады. Бірақ байқап қараса Тоғжан тіпті ұялшақ. 
Тіпті нәзік, жазықсыз бала сияқты өзі де басында не дерін білмей, сөз таба алмай аса қиналған. Енді 
ойласа, бұл қалыпта екеуі рақат кешті зая қып өткізетін тәрізді. 
Абай: Тоғжан, менің сәлемдерімді есіттіңіз бе? Бар сөзім сізге арналған, сізді сағынудан туған сөз 
еді, ілтипат қып еледіңіз бе?
Тоғжан: Есіттім, Абай! Өлеңіңіз жақсы екен?
Абай: Мен ақын емес ем! Жалғыз-ақ сіз мені, былтыр бір көргеннен-ақ қатты толқынға салдыңыз. 
Содан ешуақытта ұмытқан емеспін. 
Тоғжан: Ұмытпадым дейсіз, бірақ, содан бері бір келмедіңіз ғой!
Абай: Қайтіп келем? Ел-жайын білмейсіз бе? Бір көрудің өзі зар болмады ма?
Тоғжан: Рас! (қызара түсіп, көзін төмен салады). Сізді мен бір көрдім. Көш жөнекей 
көрдім...байқадыңыз ба, білмеймін!
Абай: (ырза болып, қуанған пішінмен) Тоғжан! Япырмау, жақсы айттыңыз-ау! Мен сонда: 
«Тоқташы, бір сәтке тоқташы!» дей жаздап, зорға шыдап қалып ем. Тоғжан сізді қайтіп ұмытайын? 
(Абай Тоғжанның қолынан ұстайды. Тоғжан қолын тартыңқырап, ұялып, ығысып қалды).
( «Көзімнің қарасы» әні айтылады)
7-бала: Осы бір сырлы ән қазақ қызының нәзіктігі мен сұлулығын дәріптеп, тамсандырып келеді. 
Сұлулық пен нәзіктік – өмірге құлшыныс, қуаныш әкеледі. Өмір мен өлім майданында да қыз сезімі –
жеңіске бастайды. 
8-бала: - Немесе Қасым Аманжолов айтқандай:  Оқ тиді келіп, қайратым кеміп,
Барамын сөніп, келмейді өлгім! Тұрғандай сол қыз жаныма келіп, Талпына берді қайран жас 
көңілім!(Қ.Аманжоловтың «Дариға, сол қыз» өлеңі оқылады)
9-бала: Осы өлеңдегі жайдарлық, нәзіктік, сәнді өмір бастауы – қазақ қызы. Қазақ қызы, сен қамал 
бұзар батырдың адал жары болып қана қоймай, ел басына күн туғанда қолыға қару алып, жауыңа 
тойтарыс бердің. 
10-бала: Күні кеше қара тасты қақ жарып шыңға шыққан еңілік гүлдей болып қоғамның биік 
баспалдағына көтерілген қазақ қыздары көп болған. Кешегі – Айпара ана, Домалақ ана, Ұлпан, Зере, 
Айғаным, Ақбикеш аналардың өсиет сөздері бүгінгі ұрпаққа өнеге. 
(Әлия мен Мәншүк туралы өлеңдер оқылады). Ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»
11-бала: Адам баласы үңгірде жүрген кезінен күні бүгінге дейін Азаматтықты, Еркіндікті аңсап 
келеді. Қазақтың қызы еркіндіктің дәл өзі еді. Еркіндік қазақ қызының ерніне байланған. Сол ерін 
елдік пен ерлікті, қадір мен қасиетті, әдеп пен ибаны ертегімен өрнектеді, бесік жырымен бөледі. 
12-бала: -Ақыл мен нақыл Ананың тілінен төгіледі. Қазақ тілін ана тілі, әке тілі демей, Ана тілі 
дегенімізде сондықтан. Себебі, ұлттың жаралуы мен жоғалуы Анаға байланысты. Аналары мықты, 
қыздары күшті ел ешқашан жоғалмайды.( «Ананың арашасы» Ғ.Мүсірепов әңгімесінен үзінді).
Ән: «Ана туралы жыр»
74

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
13-бала: - Ардақты ана тіліміз қыздарымыздың оймақтай аузынан өріс алады.  Ұлттық салт-сана , 
дәстүр дегендердің бәрі нәзік қыздардың жүрек қазынасы. Болашақ ұрпақтың рухани несібесі – 
бүгінгі қыздардың қолында. 
1-жүргізуші: Қыз, ең алдымен, ана тілінің көзі, бастауы, мөлдір бұлағы.
Қыз – ана тілінің анасы, академигі, қоғам қайраткері. Хор: «Ананың тілі»
2-жүргізуші: - Қара көз, сұлу, сенің күшің нәзіктігінде. Нәзіктік-сұулық, қайсарлы, ибалық, 
табандылық, ақылдылық, ізеттілік, осы қасиеттердің бар кезінде, сен күштісің!
                                                         Кеш қонақтары
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Абай шығармалары
2. М.Әуезов «Абай жолы» 1-том.
3. М.Жұмабаев шығармалары
4. Ғ.Мүсірепов шыға
5. Ә.Нұршайықов шығармалары.
-------------------------------------------------------------------------------------- 
Ахметова Айдынгуль Тайсаловна
                                   ШҚО,Үржар ауданы, Жоғарғы Егінсу ауылы
Бітірген оқу орны:Алматы  шет тілдері   педагогикалық институты
Санаты:ІІ
 Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту 
Жоспар   бойынша   құрылымдаған   сабақтар   барысында   біліктілікті   арттыру   курсындағы
бағдарламаның жеті модулін енгізу-бұрынғы сабақ жоспарыма қарағанда біршама өзгерістер енгізіп
қана қоймай,балалардың да сабаққа деген ынтасын арттыратынына сенімім мол болды.  Сондықтан,
жоспарлаған сабақтарыма оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер,сыни тұрғыдан ойлау, оқыту үшін бағалау
және   оқуды   бағалау,   ақпараттық-коммуникациялық   технологияларды   пайдалану,т   алантты   және
дарынды   балаларды   оқыту,   жас   ерекшеліктеріне   сәйкес   оқыту   және   оқу,   оқытуды   басқару   және
көшбасшылық   модульдерін     бір-бірімен   ықпалдастыра   отырып   өткізу   менің   басты   мақсатым   деп
ойлаймын.  Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасының мақсаты- барлық жастағы оқушыларға кез-
келген  құбылыс пен заттарға, әрекет пен мазмұнға сыни тұрғыдан қарап,  көптеген пікірдің ішінен
біреуін   таңдауға   саналы   шешім   қабылдауға     үйрету.  Сыни   ойлау   «ойлау   туралы   ойлану»деп
сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды»[1,49
бет].   Оқушыларды   қарым-   қатынас   жасай   білуге,қажет   жерде   өз   көзқарасын   өзгерте   білуге,   топ
алдына шығып, өз тұжырымын айта білу, ойын дәлелдей білу, шығармашылық қабілеттерін дамытуға
үйрету мақсатында сыни тұрғыдан ойлау модулін сабақ жоспарымда ұтымды пайдалануға тырыстым.
Осы мақсатқа сәйкес міндетім-сабақтарымды белсенді түрде ұйымдастыру,әр оқушының еркіне қарай
жауап беруіне жағдай жасау. Сабақ барысында сабақ жоспарымды «Қызығушылығын ояту,мағынаны
тану және ой толғаныс»бойынша сатылай құрдым. Әр түрлі стратегиялар арқылы жүзеге асыруға
талпындым   және   де   сыни   тұрғыдан   ойлауға   үйретудің   мынадай   шараларын   басшылыққа   ала
отырып,оны оқушыларға түсіндіріп өттім.
-Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді болуы;
-Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдауы;
-Оқушылардың ойлануына,ойын ашып айтуға уақыт беруі;
-Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдауы;
-Сыни тұрғыдан ойлауларын бағалауы;
-Сабақта өз пікірін айтпай қалған оқушының болмауы; 
Балалардың   қызығушылығын   оятып,олардың   сыни   тұрғыдан   ойлау   дағдыларын   дамыту   үшін
қолдануға болатын түрлі әдістер жеткілікті . «Сыни  тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып,
бақылау   мен   тыңдау   арқылы   дәлелдер   жинастыру   және   шешім   қабылдау   үшін   талапқа   сай
өлшемдерді   қолдану   сияқты   дағдыларды   дамытуды   қарастырады.   Сыни   тұрғыдан   ойлаудың   бұл
дағдылары төмендегідей сипатталады:

бақылау;

талдау;

қорытынды;
75

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы

интерпретация;» [1,49 бет].
Әр   сабағымды   «Сергіту   сәтімен»   бастауымның   өзі   оқушылардың   келесі   сабақтан   да   жаңа
бастаманы күтетінін аңғартты. Осыдан кейін олар енді мына сергіту әдісімен бастайықшы деп өздері
ұсыныс-таңдауларын   жасап   жатты.   Бұндай   тың   бастама   оқушылардың   сабаққа   деген   ынтасын
бұрынғыдан   да   арттырып,   өзара   ынтымақтастық   атмосферасын     қалыптастыруға   зор   ықпалын
тигізеді.  Оқушыларды топқа бөлу үшін үлестірмелер таратып,сол арқылы сынып үш топқа бөлінді.
Әрине,бірінші   рет   топқа   бөлген   кезде   ретсіздіктер   болды,   «Менің   тобым   қайда?»-деп   аңтарылып
қалушылар   болды.   Шет   тілі   болғандықтан,сөздің   семантикалық   топтастыруын   ескермей,біраз
даурығысып   жатты.   Бір-екі   сабақтан   соң   оқушылар   топқа   бөліну   кезінде   реттеліп,бір-біріне
үлестірмелері арқылы қай топ екенін айтып беріп жатты. Кейінгі сабақта «Cars», «Boats»,«Colours»
деп мағынасы бірлескен сөздер арқылы топтастырдым. 
10-сыныптағы орта мерзімді сабақ жоспарымдағы «Youth Organization in Great Britain» тақырыбы
бойынша мәтінмен жұмыс барысында оқушылардың түсінуіне, қабылдауына жеңіл болу үшін бірінші
сол   мәтіндегі   таныс   емес   сөздермен   жұмыс   жүргізіп,   «Brainstorming»,   «Station»әдістері   арқылы
оқушылардың   сөздік   қорын   молайту,   сөйлеу   дағдыларын   дамытумен   қатар   пәнге   деген
қызығушылықтарын арттыру,ынтымақтастыққа,ұжымшылдыққа баулу болды. Ол үшін  А3 қағазына
әр топ өздері аудармасын, дұрыс жазылуын білетін сөздерін жазулары керек болды. Белгі берілген
сәтте   келесі   аялдамаға   барып   ондағы     жазылмаған   сөздермен   сол   топтың   сөздігін   толықтырды.
Аялдаманы ауыстыру кезінде «Get on or get off to the next Station» деп белгі беріп отырдым. Соңғы
аялдамадан   соң   барлық   топтар   өз   орындарына   келіп   жайғасып,өздерінің   сөздік   қорлары     қандай
сөздермен   толықтырылғанын   қарап   шығып,әр   топтан   бір   оқушыдан   шығып   дауыстап     оқыды.
«Аялдама»   әдісі   оқушыларға   ұнады,бұл   ойларын   олар   сабақ   соңында   жүргізілген   «Жарық
жұлдызға»жазған пікірлерінен байқадым. Бұл үшін, мысалы, «callaborative»сөзін қолдану арқылы қай
топ неше сөз пайдаланады,әрі ол сөздерінің аудармасын біле ме, мағынасы бар сөз бе осының бәрін
ескере   отырып   жазуға   берілген   тапсырма   кезінде   оқушылар   мен   күткеннен  де   көп  сөз   қолданып
айтып   шыққаны   мені   қуантты.  Қазіргі   кезде   тілдердің   үштұғырлылығы,12-жылдық   білім   беру
бағдарламасына   сай   бастауыш   сыныптан   ағылшын   тілін   оқыту   мұғалімдерге   зор   талап   және
мақсаттар   қояды.   Ал,   бізде   қазақ   халқының   діліне   сай   балалар,   оның   ішінде   ауыл   балалары   өз
ойларын ашып айтуда көп жасқаншақтайды,жеткізіп айта алмай жатады. Ол үшін оқушылардың өз
ойын еркін жеткізуде ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып,ұйымшылдықпен жұмыс
түрлеріне бейімдеп,әдіс-тәсілдерді түрлендіру арқылы өткізілген сабақтар тиімді болады. Сондықтан
«Сыни тұрғыдан ойлау» модулінің ұтымды да пайдалы жағы көп екеніне көзім жетті.Әр топ өздері
құрастырған   сөздерін   тақтаға   шығып   қорғап,қалған   топ   мүшелері   олардың   сөздерінің   аудармасы
қандай, сөздің мағынасы бар ма, әлде сөз санын молайту үшін ғана пайдаланылған ба сол жағын
мұқият тыңдап,қадағалап отырды. Сабақтың бұл кезеңдерінде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер,
оқытудағы көшбасылық,дарынды және талантты оқушы,  жас  ерекшелігіне  сәйкес  оқыту,  оқытуды
бағалау   және   оқу   үшін   бағалау   өз   алдына   қолданылып   отырады.   Себебі,   топтық   жұмыс   кезінде
өздігінен әр топтан бір көшбасшы шығатынын аңғардым, ол топта бір кейде екі оқушы болуы да
әбден мүмкін.
Сабағымның   барысында   мәтінмен   жұмыс   кезінде   ақпараттық-коммуникациялық   технологияны
пайдалана   отырып   өткізу   мақсатында   мультимедиа   кабинетінде   сабақ   өткіздім.Үнемі   электронды
оқулықпен жұмыс жасауға мүмкіндік бола бермейтіндіктен,интерактивті тақтаны пайдалана отырып
мәтінді тыңдау,мәтіннен кейінгі сұрақтарға жауап беру оқушылар үшін қызықты тапсырмалардың
бірі.   Кейс-стади   әдісі   арқылы   оқушылар   бір-біріне   мәтіннен   кейінгі   берілген   сұрақтарға     ойлана
отырып жауап берулері керек.   Мәтін соңында берілген:-What kind of Youth organizations in Great
Britain do you know?What is their main characteristics?Are there any youth organizations in your country?»
тағы да басқа сұрақтарға жауап беріп,бір-бірін толықтырып отырды. Сұрақ-жауап кезінде кейс-стади
әдісін   пайдалану   тиімді   екендігіне   көз   жеткіздім.   Жоспар   бойынша   екінші,үшінші   сабақтарымда
оқып,   аударып,   сұрақтарға   жауап   берумен   шектеліп   қоймай,негізгі   мәліметтерді   есте   қалай
сақтағандарын   тексеру   үшін   кластерлік   әдісті   қолдандым.   Бірінші   сабақ   барысында   кластер   мен
постермен қалай жұмыс істеу керек екендігін түсіндіріп өттім, себебі бұрынғы сабақтарымызда сызба
ретінде   пайдаланған   нәрсенің   өзі   аты   кластер   болып   өзгеруінің   өзі   оқушылар   үшін   бір   жаңалық
болды. Сондықтан кластер «cluster»»сөзінің ағылшын тілінде қандай мағына беретінін голоссарий
арқылы негізгі мағынасын тауып,түсіндіріп бердім. Яғни, «бірнеше біртектес даналарды бір топқа
76

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
бірлестіру»деген сөз дегенді айтып,аудармасымен таныстырдым. Дәстүрлі сабақ кезеңдерінде сызба
арқылы   тапсырмалар   беретінмін,   курстан   кейін   сызбаны   кластер   сөзімен   ауыстыруымның   өзі
оқушыларда қызығушылық туғызды. Басында қалай жасағаным дұрыс болар еді дегендей абдырап
қалғандарымен кейіннен тапсырма оларға ұнайтынын,жұмыс кезінде жалықтырмайтынын байқадым.
Бұлай   ойлауыма   оқушылардан   алынған   «Жарық   жұлдыздағы»   пікір-ұсыныстарынан   байқадым.
Айдана деген оқушым сабақтан алған әсерлерін немесе ой- пікірлерін жазып беруін сұрағанымда өз
ойын әдемі өлең жолдарымен өрнектеп жазып берді:
Оқып,біліп,үйрену,                                Үш тұғырлы ел болу-
Әркімге де керек-ақ.                               Біздер үшін үлкен бақ.
  Кері байланыс арқылы сабақ соңында стикерлерге өз ойларын оқушылар бүкпесіз,ашық жазып
қалдырды.«I   like   group   work»,«The   Lesson   is   very   interesting»   деп   бұндай   тапсырманың   өзі
оқушылардың ойлау қабілетін  дамыта отырып,сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға ықпалы
зор болды деп ойлаймын.Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы мен үйренуге бағытталған мағынаны
тану кезеңінде оқушылар өз бетімен жұмыс жасап,белсенділік көрсетуі үшін INSERT стратегиясын
қолдандым.   Бұл   әдіс   оқығандарын   түсінуге,   өз   ойына   басшылық   ете   білуге,   ойын   айта   білуге
үйрететін ұтымды құрал. INSERT Strategy бойынша «I know,Idon’t know,I will know» әдісі бойынша
мәтіннен   алған   мәліметтерімен   бөлісіп,ынтымақтастықта   жұмыс   жасады.   Шет   тілінде   берілген
мәтінді аяғына дейін оқып шығу,оның негізгі мағынасын түсіну әсіресе деңгейі төмен оқушылар үшін
күрделі жұмыс. Сондықтан бұндай оқушылардың оқуға салғырт қарауы салдарынан берілген мәтінді
немесе   тапсырманы   түсіне   алмауы   жиі   кездеседі.Ал,   жоғарыдағы   әдіс   мағынаны   түсіну   кезеңін
ұйымдастыруда   таптырмас   құрал.   Ғылыми   -   зерттеу   нәтижелері   сабақта   диалогтің   маңызды   рөл
атқаратынын   көрсетті.   Мерсер   мен   Литлтон   (2007)   өз   еңбектерінде   диалогтік   оқыту   сабақта
оқушылардың   қызығушылығын   арттырумен   қатар,   олардың   білім   деңгейінің   өсуіне   үлес
қосатындығын   атап  көрсетеді   [1,39  бет].   Осы   бағытта   сабағымда   оқушылардың  шет   тіліне   деген
қызығушылығын арттыру мақсатында диалогтік тапсырмалар бердім.Оқушылар біріне бірі сұрақтар
қою арқылы жауап берді,сұрақты өзім қойып, оқушы жауап берді
Оқушының   білім   алуын   қолдау   үшін   сұрақ   қоюдың   түрткі   болу,сынақтан   өткізу   және   қайта
бағыттау сияқты әртүрлі  тәсілдерін  пайдалануға болады. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы
сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ,сұрақ қою арқылы мұғалім:

оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;

оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;

білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;

оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі; [1,41бет].

оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;
Әсіресе төменгі сыныптарда (5-6 сыныптарда) осы әдіс-тәсілдер арқылы танысу кезеңі кезінде,
мекен-жай   сұрасу,   достары   мен   отбасылары   туралы   жұптық   жұмыс   жүргізу   кезінде   бір-біріне
сұрақтар   қойып,жауап   беруге   жауапкершілікпен   қарайды,бірінің   қатесін   бірі   түзейді,   сол   арқылы
достарының алдында беделі артады, білмей жатса біріне-бірі көмектеседі, әр уақытта көмек қолын
созуға   дайын   екендігін   көрсетеді.   Әр   сабағымда   оқушылардың   бірімен   бірі   ынтымақтастықта,
бірлікте,   ұжымдаса   жұмыс   істеуге   ынталануы   мақсатында   диалогтік   әңгімені   дамытудың   топтық
және жұптық тәсілін пайдаландым. Мысалы: What is your name?-My name is… Where are you from?-
I’am  from Kazakhstan. How are you?-I’m fine(OK, all right) Кеис-стади әдісін қолдандым. Сөздікпен
жұмыс, мәтінге өзара талдау жасау кездерінде, мәтіннен кейінгі сұрақтарға жауап беру, дұрыс-қатесін
тексеруге арналған жазбаша жаттығуларда жұптық жұмыс әдісі шет тілі пәні үшін өте тиімі екендігін
аңғартты. Осындай жұмыс тәсілдерін орындай отырып оқушылар бірін-бірі түзейді, тыңдайды, бір-
бірінің ой-пікірімен санасады, бір-бірін мақұлдайды. Оқушы мен оқушы арасындағы жұмыспен ғана
шектеліп қоймай, қиындық тудырған сұрақтарда өз кезегінде мен де оқушыларға көмек қолын созып,
қосымша   сұрақтар   арқылы   олардың   ойлануына   мүмкіндік   беріп,   қызығушылығын   арттырып
отырдым.   Оқушылар   сабақ   үстінде   өз   беттерімен   жұмыс   істеп,   мәтінді   талдап,   өз   көзқарастарын
айтуға дағдыланды. Сабақта қолданған жаңа әдіс-тәсілдер оқушыларға батыл сөйлеп, көпшіліктің
арасында   өзін   еркін   ұстауға,   ойларын   еркін   жеткізуге,   оқушының   өз-өзіне   деген   сенімінің
артатындығына көз жеткізеді. «True?or  False?» сұрағына жауап беру үшін әр топ «Түртіп алу»әдісі
арқылы жаттығуды дәптерлеріне жазып, сөйлемдерінің дұрыс, қателігін тексерді.1.There are 1500000
77

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
members in the YO inGreat Britain.-False.(there are 1300000members).2.They were founded in the same
year in 1908.-True. Осылайша барлық сөйлемдерді оқып,талдап шықты.
Оқушылар мұндай шағын топтарда бірін-бірі бағалауға да мүмкіндік алады, әрі қай оқушының
мүмкіндігі  қандай деңгейде  екенін  байқауға  да  мүмкіндік  көп.  Сабақ  соңында  әр топтың бағалау
парағы бойынша топтар өзін-өзі бағалап,қорытынды бағаны мен шығардым. Оқушыларды бағалау
кезінде «All right», «You are very active today», «You work is the best» деп қолпаштап,көтермелеп
отырдым.   Топтар   өздерінің   бағаларына   қанағаттанғандарын   білдірді.   Формативті   бағалау   оқыту
үдерісін қолдану барысында сабақтарымда оқушылардың интеллектуалдық,оқу-танымдық әрекетіне
басшылық   жасады.   Олар   бірлесе   ынтымақтастықта   істеген   жұмыстарына   риза   екендіктері   көз
жанарларынан, бал-бұл жанған жүздерінен байқалып тұрды.
Оқыту   теориясының   негіздерін   білу,   түсіну,   қолдану   арқылы   мен   өз   тәжірибемде   талдау   мен
жинақтауды, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды үйрендім. Өз жұмыстарыма рефлексия жасап,оны
талдау, бағалау арқылы менің оқыту мен оқу үдерісіне деген көзқарасым өзгерді. Сонымен қатар сыни
тұрғыдан   ойлауды   дамыту   әрбір   оқушының   өздігінен   білім   алуын,сыни   тұрғыдан   ойлау
іскерлігін,зерттеу   жұмыстарын   жасауға   мүмкіндіктерін   ашады.   Оқушы   тек   білім   алып   қана
қоймай,сонымен бірге ұжымдағы қарым-қатынасқа қалыптасады,бірін-бірі сыйлау,ойланып сөйлеу,
өзіндік   жұмыс   қабілеттері   артады.   Жаңа   әдіс-тәсілдерді   қолдана   отырып   өткізген   сабақтар   ,
түрлендіре отырып білім беруге өте тиімдіекендігіне көзім жетті. Мұғалім мен оқушы арасында өзара
әрекеттестік   арқылы   сыни   ойлауды   дамытудың   алатын   орны   ерекше.   Бұрынғы   дәстүрлі   сабақтан
ерекшелігі басым:
1. Оқушының интеллектуалды дамуының аз уақыт ішінде өзгеруі;
2. Оқушы мен мұғалім белсенділіктерінің бір-бірімен сай болуы;
3. Оқушы мен мұғалімнің өзара ынтымақтастық қарым-қатынасында жауапкершілікпен сенімнің
болуы;
Ұстаздардың бүгінгі ұрпақтың бойына ең алдымен ана тілі,екіншіден шет тілдерін дүниежүзілік
озық тәжірибелерге сүйене оқыту әр баланың қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жас
ұрпақтың білімге деген құштарлығын оятады,қызығушылығын арттырады.Сондықтан сабағымызда
осындай   ойлаумен   ұштастыра   білім   алуға   бағыттайтын   оқытудың   әдіс-тәсілдерін
түрлендіріп,оқушының   деңгейіне,   жас   ерекшелігіне   сай   пайдалана   білсек   әлемдік   деңгейде
мемлекетіміздің білімін де танытуға мүмкіндік туатынына сенемін. 
 Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:

бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;

өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;

бір-біріне құрметпен қарауға;

өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;

өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;

мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;

достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты
шешуге көмектесуге,белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.
Өз   ойымды   қорытындылай   келе,   сыни     тұрғыдан   ойлау   оқушыларға   оқудағы   белсенділігін
арттырып, сөйлеу дағдыларын дамытады, пәнге деген қызығушылығын оятып, оқуда және тәрбиеде
жағымды да тиімді нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік тудырады. Оқушылармен ынтымақтаса отырып
өткізген   сабақтар   олардың   көңілдерінен   шықты,ұнады,  оларға   жаңа   бір   әлемнің   есігін   ашқандай
күйге   жеткізді.Оқушының   өзін   жеке   тұлға   ретінде   сезінуіне,елінің   болашақ   азаматы   болуда,  алға
қойған мақсатына жетуде ойлау үдерісінен тұратын оқыту тәсілінің атқаратын қызметі ерекше,себебі
ол  менің   мұғалім   ретіндегі   кәсіби   деңгейімнің  өсуін  көрсетті.   Келешекте   де   үнемі   оқушылардың
шығармашылығын дамытатын оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақ жоспарымда пайдаланамын.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет