«ЖАҢа білім жаңА Ғасыр»



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата26.01.2017
өлшемі9,78 Mb.
#2757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Халық қаhарманы Бауыржан Момышұлы туралы жан-жақты
мәлімет бере отырып , білімдерін толықтыру.
Дамытушылық:  Оқушының   ой   еркіндігін   ояту,   шығармашылық   белсенділігін   шыңдау.
Бауыржан Момышұлының ерлігін дәріптей отырып, ойларын дамыту.
Тәрбиелік:  а) Отанын , халқын  сүюге, атамекенін қорғауға жетелеу.
                     ә) Ұлттық тәлім- тәрбие беру.
                     б) Саяси патриоттық тәрбие беру.
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2. Интерактивті тақтадан: Бауыржан  Момышұлының фотосуреті көрсетіледі.
3.Фоннан: мына өлең жолдары оқылады.
Кешіп өтіп кешегі от жалыннан,
Дүниеге ерлігімен танылған.
Кең жауырынды , Талғардай тік иықты, 
Бөрі кеуде , бүркіт қабақ Бауыржан.
Қалтыраған отынан жау ордасы,
Панфиловтың жорықтағы жолдасы,
Даңқ туын майдандағы көтерген,
 Гвардия бөлімінің қолбасы.
Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,
Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде.
Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді, 
Тарихтың түпкірінен сөз келгенде-  деп батыр атамыз өзі айтып кеткендей Бауыржан атамыз биыл
103   жасқа   толып   отыр.   Арамызда   өзі   болмаса   да   «Өлді   деуге   бола   ма   айтыңдаршы,   өлмейтұғын
артына   сөз   қалдырған»   деп  Абай   атамыз   айтқандай   атаның  артында   ұрпағына   мәңгі   өлмес   ерлік
істері, мақал-мәтелдері, тау суындай мұралары қалды.
Оларды танып білу, зерделеу, зерттеу оқушылар үлесінде.
Ендеше бәріміз тік тұрып Қаhарман жазушы батырымызды 1 минут үнсіз еске алайық.
Үнсіздік.
Оқушылар   бүгінгі   сабақта   атамызды   жан-жақты   тану   мақсатында   арамызға   әдебиетшілер,
тарихшылар, журналистер келіп отыр.Ендігі сөз кезегін тарихшыларға беремін.
1 тарихшы (оқушы):
Бауыржан Момышұлы – Жамбыл облысы, Жуалы ауданының Көлбастау ауылында Момыш есімді
азаматтың отбасында дүниеге келді. Анасының аты- Рәзия.Отызыншы жылдардың бас кезінен 1956
жылға   дейін   әскер     сапында   болды.   Ал   соғыс   кезінде   Алматы   маңында     жасақталған   316-   шы
атқыштар дивизиясы құрамында болды.
2 тарихшы (оқушы):
1941   жылдың     күзінен   бастап,   соғыс   аяқталғанға     дейін     талай-талай   қиян-кескі   шайқастарға
қатысады.   Батальонды,   полкты,   дивизияны   басқара   жүріп,   ерекше   қаhармандық   және   тапқырлық
көрсетеді.
3 тарихшы (оқушы):
Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ қатарында мыңдаған қазақстандықтар шайқасқан
Кеңес жауынгерлері барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.
Кеңес Қарулы Күштері орасан зор қиыншылықтарды жеңе отырып төтеп берді, күш жинап, жауды
Москва түбінде алғаш рет ірі жеңіліске ұшыратты.
4 тарихшы (оқушы):
Москва   үшін   шайқасқа   И.В.Карпов     қолбасшылық   еткен   атқыштар   полкі   мен   аға   лейтенант
44

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Бауыржан Момышұлы қолбасшылық еткен батальонның жауынгерлері ерекше табандылық көрсетті.
5 тарихшы (оқушы):
Б. Момышұлы 207 ұрысқа қатысқан, 5 рет қоршауда жүріп шайқасқан, 2 рет ауыр жараланған.
  Жалпы   Ұлы   Отан   соғысында   А.   Матросовтың   ерлігі-207   рет   қайталанса,   біздің
панфиловшылардың   ерлігін   ешкім   қайталай   алмады.   Москва   түбінде   фашистер   500   мың   адамын
жоғалтып,   1300   танктен   айырылды,   2300   зеңбірек,   15   мыңнан   астам   машина   мен   басқа   да
техникаларынан   айырылды.   Мұндай   шығынды   фашистер   көрмеген   еді.   «Біз   жеңілмейміз!»   деген
фашистік армия шынымен талқандалды.
2 тарихшы (оқушы):
Бауыржан Момышұлы –әділ, өткір, шыншыл, қырағы, айбынды, арлы, рухы күшті әскери басшы.
4 тарихшы (оқушы):
Б.Момышұлы   Ұлы   Отан   соғысын   аға   лейтенант   шенінде   бастап,   батальон   командирі   ретінде
соғысып, соғысты полковник шенінде дивизия командирі болып аяқтады. Яғни Ұлы Отан соғысынан
9   гвардиялық   дивизияның   командирі   болып   оралды   (оған   1945   жылдың   басында   тағайындалған
болатын). Сонымен қатар Б. Момышұлы соғыстан кейін 1946 жылы  Москвадағы әскери академияны
бітірген тұңғыш қазақ.
2 тарихшы (оқушы):
Ұлы   Отан   соғысы   кезінде   ерен   ерліктері   үшін   қазақстандық   497   жауынгер   Кеңес   Одағының
Батыры атағын алды. Оның ішінде бұл атаққа 1990 жылдың 11 желтоқсанында Б. Момышұлы да
кешеуілдеп барып ие болды.
6 тарихшы (оқушы):
Бұл 1941 жыл еді. Қазақстандық генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен 1941 жылы 15
шілдеде Алматы облысы Талғар қазақ станциясында Қазақстан мен Қырғызстан ұландарынан 1073
атқыштар полкі жасақталды. Генерал Панфилов басқа полктардан ерекшелеп «Талғар полкі» деп ат
қойды. Полк осы атымен Отан тағдыры қыл үстінде тұрғанда неміс басқыншыларына қарсы әділетті
ұрысқа кірісті. 
Журналист:
8-ші Гвардиялық атқыштар дивизиясы 1073-ші гвардиялық  атқыштар полкінің командирі, майор Б.
Момышұлына жауынгерлік мінездеме:
1910 жылы туған, 1942 жылдан   БК(б)П мүшесі, ұлты қазақ, әлеуметтік тегі-қызметші. Жалпы
білімі орта, әскери білімі- бір жылдық.
1932-1934 жылдары Қызыл Армия қатарында әскери борышын атқарған.
1941   жылдың  қыркүйегінен   майданға   аттанған.   Қазақ   халқының   адал  ұлы,   өзінің   Кеңес   елінің
абыройы мен   тәуелсіздігін қолына қару алып қорғап жүрген, осы халықтың таңдаулы өкілдерінің
бірі-майор Момышұлы үкімет наградасына ұсынылды.
Бауыржан(оқушы):
Панфиловтан бата алып,
Артыма ерді мың солдат.
Тағдырын маған тапсырып,
Ел ұлдары мың солдат.
Белуардан қан кешіп,
Жүзден аса соғыста
Бал орнына у ішіп,
Қан майданда қан кешіп,
Намыс туын көтердік.
Қимылдады мың батыры,
Мыңға татып бір батыр,
Атамекен жері үшін,
Қасиетті ел үшін,
Болмай қалар кім батыр!?
Ендігі сөз Б. Момышұлының жазушылық жағына тоқталу негізінде  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Гүлшара апайға беріледі.
-Оқушылар, Б.Момышұлы соғыс тақырыбында қалам тербеген талантты да, атақты жазушы ретінде
тарихта қалғаны өздеріңе аян.
45

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
-Ендеше, Б.Момышұлының қаламынан шыққан шығармалар көп. Солардың бірегейін ғана атасақ
«Қанмен   жазылған   кітап»,   «Ұшқан   ұя»,   «Москва   үшін   шайқас»,   «Менің   отбасым»,   «Майдандас
достарым», «Генерал Панфилов», «Төлеген Тоқтаров», «Адам қайраты», «Артымызда Москва», батыр
бабамыздың өзі туралы жазылған А. Бектің «Арпалыс», «Волокалам тас жолы», Ә.Нұршайықовтың
«Ақиқат пен аңыз» шығармалары дәлел. Енді оқушылардың зерттеп , ізденген жұмыстарына кезек
берейін:
1-әдебиетші:
Бауыржан   бабамыз   соғыстан   кейін   жоғары   әскери   академияны   бітіреді.1956   жылы   демалысқа
шығып,   біржола   шығармашылық   жұмыспен   айналысады.Ол   орыс   және   қазақ   тілдерінде   бірдей
жазады. Оның «Біздің отбасы»,  «Артымызда Москва», «Майдандағы кездесулер» сияқты кітаптары
бірнеше шетелдік тілдерге аударылып басылған.
2-әдебиетші:
Б.   Момышұлы   –ерекше   тұлға.   Сондықтан   да   ол   туралы   жазылған   көркем   шығармалар,   өлең-
жырлар, тіпті халық арасында кеңінен тараған ауызекі әңгімелер де көп-ақ. Соларда қазақ халқының
осы   біртуар   азаматының   білімділігі,   дарындылығы,   ерекше   батылдығы,   жарлы-жақыбайларға,
кемтарларға аса қамқорлықпен қарайтыны, кем адамдарды ерекше сыйлайтындығы сияқты көптеген
қасиеттері айтылады. Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабынан үзінді келтіре кетсем, ол кісі былай
деді: «Кейде менің есіме, өнеге алған, тәлім үйреткен, дәріс оқыған ұстаздарымды еске түсіре ойға
бататыным   бар.   Сондай   шырын   шақтарда   ең   алдымен   әжем,   ата-анамның   бейнесі   елестейді.
Солардың уағызы басымырақ бола береді».
3-әдебиетші:
«Жаным-арымның садағасы» деген сияқты ерекше мағынасы бар халық мақалы, орыстың кемеңгер
қолбасшысы   А.В.Суворовтың:   «Әскери  машықта   азаптансаң,   ұрыста   қиналмайсың»  деген   тамаша
қағидасы, Панфиловтың «Солдат жаумен шайқасқанда өлу үшін емес, өмір сүру үшін шайқасады»
деген нақыл сөзі бабамыздың күнделікті іс-әрекетінде бұлжымас ереже, жетекші нұсқау болды.
4-әдебиетші:
Б.   Момышұлы   соғыс   жылдарында   қатал   әскери   бастық   болып   қана   қоймай,   сонымен   қатар
қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, дарынды да талантты сардары
бола   білді.   Жауынгерлерді   қан   майданда   халықтың   қасиетті   тапсырмасын,   сүйікті   Отанымыздың
абзал аманатын абыроймен адал орындайтын жалынды патриоты етіп тәрбиелеу үшін Б. Момышұлы
халықтың   даналығынан   туған   мақал-   мәтелдерді,   қанатты   сөздерді,   өсиеттері   мен   қағидаларды
кеңінен  пайдаланып отырды.  Бауыржан  атамыздың  мына  қанатты сөздері:  «Опасызда   Отан жоқ»,
«Епсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт  болмайды», «Командир-аға, солдат-іні» сөздері соған дәлел.
5-әдебиетші:
Қиян-кескі арпалыс тұсында Бауыржанның өзі де сол дәуірге дөп келетін көптеген нақыл сөздерді
тудырып еді. Солардың біразын мысалға келтірейін:
1.Әдіссіздік- әлсіздік, ептілік те ерлік.
2.Қара бет болып қашқанша, қайрат көрсетіп өлген артық!
3.Өжеттіктен не пайда, ерлігі мен ақылы көпті батыр етпесе!
4.Жігіт болсаң жігеріңді жасытпа, қайратыңа қайта мін.
5.Алтын басты болсаң да, ардан артық емессің.
6.Ашуыңа ақылыңды жеңдірме.
7.Хас батыр ұрпағы бардың арманы жоқ.
6-әдебиетші:
«Б.Момышұлы тек атақ-даңқы шыққан батыр ғана емес, терең ойлы, өзіндік пікір толғанысы бар,
алғыр да тапқыр азамат»- деп бағалаған қазақ халқының заңғар жазушысы М. Әуезов.
Бауыржан (оқушы):
Соғыста бір-ақ заң бар мен білетін,
Я өліп,я болмаса  өлтіретін.
Жүректе жанып тұрған жұлдызыңды,
Жандыратын болмаса сөндіретін.
Соғыста бір-ақ заң бар, мен білетін,
Кеудеңмен қорғап қалу жердің бетін.
46

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Жас қаның туған жерге босқа ақпасын,
Онсыз сен көре алмайсың жердің бетін!
1-журналист:  «Жеңіске тек   рухтың күштілігімен ғана жетуге болады»- дейді Б.Момышұлы. Ол
халықтың, ұрпақтың рухының сынбауын армандады.
Оның образы арқылы:
-Отанына   деген   сүйіспеншілікті,   өз   парызын   шексіз   қызмет   етуді   шыншылдықпен   әділдікті,
шыдамдылықпен төзімділікті, батылдық пен қаhармандықтың қандай қасиетті екенін ұғынамыз.
-Б. Момышұлының- жазушы, көрнекті қолбасшы болғанын батыр бойынан байқаймыз.
2-журналист:        Қорыта келгенде, батыр ата Бауыржанды кім деп танимыз?
Оқушылар интерактивті тақтаға жазады.
3-журналист:  -Енді   Бауыржан   дүниесін   терең   жинақтап   ,   ғылым   тілімен   қандай   баға   беруге
болады?
-Филология
-Этнопедагогика
-Этнопсихология
-Этномәдениет
-Этнофилософия
-Этнография-
сынды ғылым салаларын қамтиды.
Ал ендігі кезекте Бауыржан атамыздың туған жеріндегі мұражайға барған ауылымыздың азаматы
Мағауия   ағамыздың   сол   мұражайда   түскен   фото   суреттерімен   танысайық.   (интерактивті   тақтадан
Мағауия ағамыздың  мұражайда түскен  фото суреттері көрсетіледі)
Мұғалімдердің қорытынды сөзі.
Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде, 
Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде.
Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді. 
Тарихтың түпкірінен сөз келгенде, -деп ақын, батыр атамыз жырлағандай ол кісіні дәріптеуді
сабақ көлемінде ғана  қолданбай, сабақтан тыс шараларда да  насихаттадым.
Біз,   жазушы,   жауынгер   Б.   Момышұлының   еңбектерін     оқи   отырып   оның   шығармаларынан
патриоттық тәрбиенің қайнар көзін табатынымыз айқын. Елім, жерім, Отаным дейтін намысты ту
қылып ұстаған, Отанымызға шын берілген адал ұлдарымыз болса, Қазақстанның болашағы жарқын
болары сөзсіз.
Ендеше батыр, қолбасшы Б. Момышұлының тұла бойы тұнған талант, сол талантты атамыздың
еңбегін өмірімізге шамшырақ ете білейік.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ихласова Арухан Аубекеровна
                                                                                        БҚО, Казталов ауданы, Талдықұдық ауылы, 
                                             С.Есетов атындағы орта жалпы білім беретін  мектебінің директоры
                                                                                                               
Білім сапасын арттыру жолдары
Қазақстан   Республикасы   жалпы   білім   берудің   жүйесін   жетілдірудің   жаңа   кезеңіне   аяқ   басты.
Қазақстан   Республикасының   2011-2020   жылдарға   дейінгі   білім   берудің     дамытудың   мемлекеттік
бағдарламасына   сай қазақстандық білім беру жүйесінің маңызды міндеті- білім беру мазмұны мен
құрылымын жаңарту, яғни жаңа мазмұнда білім беру моделін құрастыру.
Білім беру моделі деңгейі экономикалық және ғылыми- техникалық прогрестің ең негізгі 
көрсеткіші екені белгілі.
Сапалы білім беру дегеніміз- ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, 
практикалық іске қабілетті, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және баланың бойындағы бар 
қабілетін кемеліне келтіріп жан-жақты тұлға тәрбиелеу болып табылады.
Оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі- сапалы білім беру.
Қазіргі кездегі білім берудегі басты мақсат- жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой - 
талғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.
47

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайықты орын белгіленген біздің мемлекетіміз 
үшін жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі біздің 12 жылдық білім беру жүйесіне өтуді талап 
етіп отыр.
Білім сапасын арттыру бағдарламасының міндеттері болуы тиіс:

басқару құжаттарын әзірлеу жүйесін дамыту;

білім сапасын диагностикалау;

оқытудың әдістемелік жүйесін жаксарту;

білім сапасын бағалаудың жаңа рейтингтік формасын енгізу;

білім сапасына мектептің күллі қызметкерлерін жұмылдыру;

білім сапасын арттыруда жаңа технологиялао қолдану;

ұлттық білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру;
Мектептің білім сапасын арттыруда педагогтың жауапкершілігі зор болса, заман талабы педагогтан 
кәсіби білімді, білік пе дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру 
қызметінде ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік педагогика мен психологияның негіздерін 
қолдана білу қабілетін талап етеді.
Мектебімізде білім сапасын арттыру, болашақ білімді азамат қалыптастыруда, мұғалімнің кәсіптік 
шеберлігін, құзырлығын арттыруда мектеп жұмысының, әдістемелік жұмыстың ұжымдық, топтық, 
жеке, белсенді түрлері мен әдістері кеңінен қолданылуда. Сонымен қатар озат тәжірибелер бойынша 
іс-тәжірибе тарату жұмыстары, шығармашылық есептер беру, әдістемелік апталықтар, оқушылардың 
ғылыми жұмыстары, әдістемелік сипаттағы семинарлар, конференциялар өз жалғастарын табуда.
Білім сапасын арттыру бағытындағы бағдарламада:

жеке тұлғаны, яғни дарынды шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлғаны  қалыптастыру  
үшін ауылдағы 2-5 жас аралығындағы барлық сәбилерді тегін балабақшамен қамтамасыз ету;

ШО пен МАД топтарын оқу-әдістемелік және ақпараттық - техникалық құралдармен 
жабдықтау;

бастауыш сынып кабинеттерін жаңа үлгіде жасақтап, әр пән бойынша көрнекіліктермен 
толықтыру;

дарынды оқушылардың жұмысын жолға қою, әрбір оқушыны дарындылыққа жетелеу;

ШО, МАД және орта буын мен негізгі саты арасындағы сабақтастықтың жүргізілу 
формаларын әрбір мұғалімге мңндеттеу;

барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

педагог мамандардың сабақ беру шеберлігін арттыру мақсатында біліктілігін арттыру ұшін 
қайта даярлау курстарын енгізу;

оқушыларды ойлау білуге және әртүрлі проблемалардыөздігінен шеше білуге тәрбиелеу;

гуманитарлық  таным білімге негізделген сөздік қорларын көбейту;

сабақ үрдісінде жаңа технологияларды қолдану;

пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар ашу;

математика пәндері бойынша сағат санын көбейту;
Білім беру қызметінің негізгі бөлігі білім сапасын арттыру мақсатында негізделді. Бұл қызметтің 
жоспарында жұмыс бағыты мынадай принциптер бойынша атқарылады:

тұлғаны дамыту;

педагог мәртебесін көтеру;

оқытып-үйрету әдістері;

іздестіру жұмыстарына бағыттайтын ынтымақтастық;

оқушы позициясы;

жаңа ақпараттық-технология;

бәсекеге қабілеттілік;
Білім   сапасы   негізінен   оқу   материалын   игеріп   қана   қоймай,   сонымен   бірге   оқушылардың
интеллектуалдық   және   адамгершілік   тұрғыдан   дамуына,   педагогтардың   қарым-қатынасын
ізгілендіруге оңды ықпал етеді.
48

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Улданова Арайлым
БҚО, Казхталов ауданы, Кішіталдықұдық ауылы,
Кішіталдықұдық бастауыш мектебінің мұғалімі
Тақырыбы: Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты: а/ Оқушылардың алған білімдерін «Әліппемен қоштасу» кешінде бекіту, тиянақтау, өз 
өнерлерін ата- аналарға көрсету.
ә/Адамгершілікке, ұқыптылыққа, ертеңгілік барысында өздерін дұрыс ұстай білуге, достық қарым- 
қатынас орнатуға тәрбиелеу.
б/Сөздік қорын молайту, танымдық, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, қызығушылықтарын 
және белсенділіктерін дамыту.
Көрнекілігі: мақал- мәтелдер, «Білім еліне саяхат» жоспар- картасы, тапсырмалар, кеспе әріптер,  
суреттер т.б.
Ертеңгіліктің өтілу барысы: Ұйымдастыру
/Халық күйінің әуенімен оқушылар сахнаға шығады/
1 оқушы: Сәлеметсіздер ме! Құрметті ұстаздар! Аяулы да, ардақты ата- аналар, құрметті 
оқушылар!
2- оқушы: 1 сынып оқушыларының «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат 
етіңіздер!
3- оқушы: Қымбатты ата- аналар! Біз кітап пен журналдарды оқи алатын болдық. Бұл өнерді бізге 
«Әліппе» досымыз үйретті.
4- оқушы: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан, біздің 
жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз.
Мұғалім: Балалар, олай болса, бүгін сүйікті Әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып шығарып 
саламыз ба?
21.
Мінеки, құрметті ұстаздар, ата- аналар, бүгін сіздер балаңыздың , немереңіздің, 
шәкірттеріміздің үлкен болып, есейіп қалғандарына куә болып отырмыз. Бүгінгі той осы алдарыңызда
тұрған оқушылардың мерекесі болғандықтан ертеңгілікті өздеріне аштырып отырмын. Тағы да 
сіздерге қош келдіңіздер дей отырып, ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
Бүгін біздер 4 ай уақыт ішінде меңгерген, үйренген білімізді ортаға салып, сүйікті Әліппемен 
қоштасамыз.
 Әліппе бітіру- алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше біз бүгінгі күні сол белестің 
бірінен астық.Сондықтан бүгінгі той сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке.
Балалар, қазір біз осы уақытқа дейін алған білімізді көрсетіп, бар өнерімізді ортаға салайық. 
Біліміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсету үшін «Білім еліне 
саяхат» жасаймыз.
/ Мұғалім: Саяхатқа шығу үшін ең алдымен билеттеріңді алып, өз көліктеріңе отырыңдар деп, 
парталарына жайғастырамын. Әр оқушы билет алу үшін өз армандарын айтады, яғни өскенде кім 
болғысы келетіндерін айтады./
І. – Оқушылар  білім алу үшін ең алғаш біз қайда келеміз? / Мектепке/   Ендеше білім еліне 
саяхатымыздың басы мектептен басталады. Мына мектепте сендердің білімдеріңді байқауға арналған 
тапсырмалар бар. Оқып көрейік.
1 тапсырма: а/ Берілген кеспе әріптерден әртүрлі сөздер құраңдар. ә/ Сөздерді буынға бөл. б/ Сол 
сөзге дыбыстық талдау жаса. в/ Сол сөзді қатыстырып сөйлем құра
ІІ. Саяхатымызды жалғастырамыз.
-Біз қай ауылға келдік? – Тапқырлар ауылына.
-Атында тұрғандай, бұл жерде өз тапқырлығымызды көрсетейік. Мына суретте балалар қандай 
тапсырманы орындай алмай жатыр екен? Көмектесейік.
2 тапсырма: а/ Мына жұмбақтарды шеш.
1.Күн нұрына қарық қып                         2.Тері мен ет те,
 Үйді тұрар жарық қып.                               Сүт тағы сонда
      /электр шамы/                                         Жейтіні шөп те,
                                                                        Үйренген қолға.                / сиыр/
3.Тураймын деп өзін   Жасаурап тұр көзім.     /пияз/
49

45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
ә/ Ребус шеш.    5ік                   1лік                      к3
ІІІ. Тапқырлықтарыңды көрсеттіңдер. Әрі қарай сапарға шығамыз. Келесі ауыл қандай екен.
-Шешендер ауылы.
- Біздің қазақ халқы басқа қасиеттерімен бірге- шешен халық. Шешендік өнер біздің халқымыздың 
асыл мұрасы. Біздер де ата- дәстүрлерімізді жалғастыруымыз қажет. Бізге олар қандай тапсырма 
берген екен?
3 тапсырма: а/Кім қандай мақал біледі? /оқушылар мақал- мәтелдер айтады/
ә/ Әліппеден үзінді оқы.
IV.- Әрі қарай жүреміз. Қай ауылға келдік?
-Мергендер ауылына. 
-Олар не істеп жатыр?
-Асық атып ойнап жатыр.
-Бізге қандай тапсырма беріпті?
4 тапсырма: Балалар, сендер дыбыс арқылы, сөз құрап, сөзбен атысып көріңдер. Мыс: «С» 
дыбысы берілсе оқушылар кезектесіп «С» дыбысы берілсе оқушылар кезектесіп «С» дыбысынан 
басталатын сөздер айтады.
А, С, Б, Т, Ш
V. – Әрі қарай  жүреміз. Қай ауылға келдік. Ертекші ауылы. Біздерді Ертекші атай күтіп, 
тапсырмасын дайындап қойған екен.
5 тапсырма: Қандай ертегі білесіңдер?
/Оқушылар білетін ертегілерін айтады
VI. Балалар, біз қай жерге келдік?
-Той болып жатқан жерге.
-Қазақ халқы – батыр халық. Қазақ халқы – шешен халық. Сонымен қатар, қазақ халқы  ойын- 
сауықшыл, думаншыл халық. Біздің ел ат жарыстырып,бәйге шаптыртқанды бағалаған. Міне, соның 
айғағы мына сурет. Мұнда бәйге өтіп жатыр. Ал біз де өз арамызда бәйге өткізіп жіберейік. Ойын: 1 
стакандағы суды үлкен қасықпен 2- стаканға төкпей- шашпай тасиды. Кім бұрын тасыса, сол жеңеді.
VII. Міне, біз белгілі білім еліне саяхат жасап, білімімізді көрсеттік. Енді өз үйімізге, әкеміз бен 
шешемізге қайту керек. Әліппені оқу барысында сендердің ата- аналарыңның көмегі көп тиді. Қане, 
аналарымыз тағы 1 рет сендерге көмектесіп жіберсін.
7 тапсырма: Мына сөзден бірнеше сөз құра.  
Алақан.  Ақмола. Алматы.
-Балалар, міне сөйтіп үйімізге де оралдық. Әліппе бізге қаншама нәрсе үйреткен екен. Біз 
Әліппенің арқасында жазу жазуға, өз бетімізбен оқуға, сөз құрауға, сөйлем құрауға дағдыландық. 
Ендеше, Әліппеге не деуіміз керек?
-Әліппеге рахмет.
-Олай болса, Әліппеге арнап тақпақ, өлеңдерімізді айтып шығарып салайық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет