Жаңа экономикалық саясат


Қазақстан Республикасының Ұлттық жобалары



бет12/12
Дата07.12.2022
өлшемі46,25 Kb.
#55594
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
27-28 (копия)

Қазақстан Республикасының Ұлттық жобалары 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 7 қазандағы № 670 Жарлығымен 10 Ұлттық жобаның тізбесі бекітілді.
Ұлттық жобалар тізбесі: 
1. «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау»ұлттық жобасы.
2. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы.
3. «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы.
4. «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы.
5. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
6. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы.
7. «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы.
8. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы.
9. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
10. «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы. 

3. Қазақстан халқының әлеуметтік мәселелерін шешу жолдары.


Өз сөзінде Қ.Тоқаев мемлекетті алға да­мы­тудағы ауқымды міндеттерді ашық көр­сетіп, қарапайым халықтың жағ­да­йын жете, терең түсінетінін, әлеу­мет­тік-эко­номикалық салаларда орын алған кемшіліктер мен қиын­дықтарды еңсеруге бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.


Ашығын айтар болсақ, жыл басын­да болған қайғылы жағдайдың негізгі себебі, көп жылдар бойы шешімін таппай қордаланып қалған әлеуметтік-эко­но­микалық мәселелер. Атап айт­сақ,жұмыссыздық пен бағаның өсуі, жем­қорлықтың жаппай етек алуы, қоғам­дағы әділетсіздік, азаматтардың құ­қық­тарының қорғалмауы, мемлекеттік орган қызметкерлерінің халық талабына құ­лақ аспауы, қарапайым халықтың өмір сүру деңгейі мен тұрмысының қиын­дап кетуі еді. Қарапайым халық­тың көкейтесті мәселелері ұзақ жылдар бойы шешімін таппай, бай мен кедей­дің алшақтығы жылдан-жылға өсіп, қоғамда теңсіздікке жол беріліп келді. Президент «Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасына мем­ле­кет­тік органдар формальды түрде қарап, атқарушы билік пен халық арасын­да түсінбеушіліктер орын алып, алшақ­тық өсе берді. Әйтпесе, еліміздің батыс өңі­ріндегі газ бағасының еш­бір қо­ғам­дық талқылаусыз, халық пікірі­мен санаспай бір күнде екі есеге өсіп кетуін қалай тү­сінуге болады?.. Тиісті мемлекеттік ор­ган­дардың, тіпті ел Үкіметінің халық на­разылығына немқұрайлы қарап, құлақ аспауы, мәселені шешуге ұмтылыс біл­дір­мей жағдайды ушықтырып жібе­руін немен түсіндіруге болады? Бұл мə­се­ле тек Мемлекет басшысының өзі ара­лас­қан соң ғана оң шешімін тауып, газдың да, коммуналдық төлемдердің де бағасы өз орнына келді. Барлық мәселе тек Президент арқылы шешілетін бол­са, онда Үкіметтің қажеттілігі қан­ша? Президент Қ.Тоқаевтың Үкіметті отс­тавкаға жібергенін мен толық қол­дай­мын. Со­нымен бірге халықтың нара­зы­лығы­ның туындауына жол бер­ген, қор­далан­ған проблемаларды дер кезінде зерт­теп, талдап, шара көрме­ген тиісті бас­шы қызметкерлердің жауапкер­шілі­гін заң жүзінде қарау қерек деп есептеймін.
Мемлекет тарапынан қолдау шара­ларының жеткіліксіздігі, тиімсіздігі, әділ бәсекелестіктің болмауы, баға бел­гі­леуде ымыраластыққа жол берілуі, тағы да басқа кемшіліктер экономи­ка­ның алға басуына, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуына кері әсерін тигізіп келеді. Президент өз сөзін­де «қалыптасқан жүйе негізінен ірі құ­рылымдарға «достарға – бəрі, қал­ған­дарына – заң бойынша» қағидатымен қызмет көрсетуге бағ­дар­ланғанын айтып, Қазақстан даму бан­кі жұмысын қатты сынға алды. Мем­лекет басшысы казіргі таңдағы тең­сіздік мәселесіне, әсіресе мүліктік жік­телуді, сонымен бірге халықтың әлеу­меттік проблемалары толық шешіл­мей жатқанын ашық көрсетіп, Үкіметті көпшіліктің көкейінде жүрген «Самұрық-Қазына» қоры және басқа да ұлттық компаниялардың сатып алула­рының ашықтығына қатысты мәсе­лелерді, жекешелендіруге байла­ныс­ты шешімдердің толық, ашық әрі айқын болуын, экономикадағы олигаполия, бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік шаралардың кемшіліктерін, жем­қорлық секілді мемлекеттің дамуын тежейтін проблемаларды шешуге шақырды.
Мемлекет басшысы өз сөзінде ауыл шаруашылығына ерекше назар аудару керек екеніне тоқтала келе былай деді: «Алдағы үш жылда азық-түлік қауіп­сіздігі мəселесін түбегейлі шешу қажет. Бұл Үкімет пен əкімдердің ал­дын­­да тұрған негізгі басымдық екені­не айрықша назар аударамын. Егер на­рық­та азық-түлік тауарлары мол бол­маса, инфляцияны ұстап тұруға ешқан­­дай шара көмектеспейді». Бұл өте орын­ды айтылған жайт. Бүгінде елі­міз­де ауыл шаруашылығына қолдау көрсету өз дәрежесінде емес. Ауыл шаруа­шылығына бөлінетін несиелер мен субсидияларды негізінен ірі алпауыттар алады да, олар баю үстіне байи түседі. Ал шағын шаруаларға несие, субсидия алу үлкен проблема.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет