Жаңа экономикалық саясат


Қазақстан – 2050» Стратегиясы



бет2/12
Дата07.12.2022
өлшемі46,25 Kb.
#55594
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
27-28 (копия)

Қазақстан – 2050» Стратегиясы
2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау
3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік
4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары
5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі
3. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық ынтымақтастығы

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының мақсаттары


Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес сыртқы саясаттағы негізгі күш-жігер мынадай негізгі мақсаттарға қол жеткізуге шоғырландырылады:
1) елдің ұлттық қауіпсіздігін, қорғанысқа қабілеттілігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын жан-жақты қамтамасыз ету;
2) бейбітшілікті, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;
3) орнықты ұстанымдарды қамтамасыз ету және әлемдік қоғамдастықта мемлекеттің жағымды бейнесін қалыптастыру;
4) Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) орталық және үйлестіруші рөлі арқылы әділ әрі демократиялық әлемдік тәртіпті орнату;
5) өңірлік және халықаралық сауда-экономикалық қатынастар жүйесіне одан әрі интеграциялану;
6) 2050 Стратегиясын ойдағыдай іске асыру, халықтың жоғары тұрмыс деңгейіне қол жеткізу, көпұлтты қоғамның, құқықтық мемлекеттің және демократиялық институттардың бірлігін нығайту, адамның құқықтары мен бостандықтарын іске асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайлар жасау;
7) ұлттық экономиканы әртараптандыру, индустриялық-технологиялық дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
8) елдің "жасыл" даму жолына біртіндеп көшуі және әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру;
9) ұлттық-мәдени өзіндік ерекшелікті сақтау және мемлекетті одан әрі дамытудың өзіндік жолымен жүру;
10) шет елдерде Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын, олардың жеке, отбасылық және іскерлік мүдделерін қорғау;
11) шет елдердегі қазақ диаспорасына және қазақ тіліне қолдау көрсету.

Күтілетін нәтижелер


Тұжырымдаманы қабылдау және іске асыру:
1) ұлттық, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға;
2) Қазақстан үшін қолайлы халықаралық орта қалыптастыруға, әлемнің барлық мемлекеттерімен достық, тең құқылы және өзара тиімді қатынастарды нығайтуға;
3) ұлттық экономиканы әртараптандыру негізінде Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа және әлемдік шаруашылық байланыстарға интеграциялануының жоғары деңгейіне қол жеткізуге;
4) өңір мемлекеттерімен экономикалық интеграция үшін жағдайлар мен алғышарттар жасауды қамтамасыз етуге;
5) мәдени-гуманитарлық, ғылым-білім және басқа да аралас салаларда халықаралық ынтымақтастықты қарқынды дамытуға;
6) шет елдерде Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының, олардың жеке, отбасылық және іскерлік мүдделерінің құқықтық қорғалуын күшейтуге ықпал етеді.


Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 21 қаңтардағы
№ 741 Жарлығымен
бекітілген


Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысы.


Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.
28-семинар

1.Қазақстанның 1991-2022 жылдардағы әлеуметтік дамуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет