Жаңа экономикалық саясат



бет4/12
Дата07.12.2022
өлшемі46,25 Kb.
#55594
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1995 жылы
Қазақстан қазіргі дамуының басты кепілі болып отырған Конституцияны қабылдады. Осы құжат арқылы саяси жүйенің классикалық үлгісіне өтіп, биліктің үш тармағы тиісті механизмдері арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік алды. 1 наурызда қоғамдық ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту мақсатында республикада Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. 1995 жыл Абай жылы болып жарияланды. 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының астанасын Ақмола қаласына ауыстыру жөнінде Президент Жарлығы шықты.
1996 жылы
Тәуелсіздігіне бес жыл толған Қазақстан мемлекетті дамытудың кешенді бағдарламаларын жасап, нақты іске кірісе бастаған болатын. 1996 жылы 16 желтоқсанда сол кездегі астанамыз Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды. Бұл символ халықты біріктіруге бағытталған идеология аясында атқарылған шаралардың бірі еді. 1996 жылы 3 сәуірде қазақ ұлтының өкілдері жеке құжаттарына тарихи-халықтық дәстүрге сәйкес өз әкесінің аты-жөнін ата-бабасының атымен жаздыруға мүмкіндік алды. Қазақ елі тұңғыш рет Олимпиада ойындарына қатысты. Атлантада өткен XXVI жазғы Олимпиадалық ойындарда қазақстандық спортшылар үш алтын, төрт күміс, төрт қола медальға ие болып, 197 мемлекеттің арасынан 24-орын алды. 26 сәуірде Шанхайда Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Қытай және Тәжікстан басшылары «Шанхай бестігін» құрып, шекара аумағында әскери сала бойынша сенімді нығайту жөнінде келісім жасады.
1997 жылы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2030. Қазақстандықтардың өркендеуі, әл-ауқаты мен қауіпсіздігін жақсарту» атты халыққа Жолдауын арнады. Бұл стратегиялық жоспарды қабылдау – үнемі динамика мен дамуға ұмтылып отырған халықаралық қауымдастық ішіндегі жас мемлекеттің үлкен тәуекелге баруы еді. Сонымен қатар халықтық жалпыкелісім мен саяси репрессия құрбандарына арналған жыл болып жарияланды. 20 қарашада Президенттің Жарлығымен бұрынғы Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы болып жарияланды. 10 қаңтарда Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан арасында мәңгілік достық туралы үшжақты келісімге қол қойылды. 24 қаңтарда «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң қабылданып, қазақ тілі тұңғыш рет мемлекеттік басқару тілі болып бекітілді. 10 желтоқсанда Әлеуметтің әлжуаз топтарын қорғау жөніндегі жалпыұлттық қор құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет