Бұл ойынды әр пәнге лайықтап алуға болады. Мысалы, математика сабағында: интерактивті тақтадан бір формула көрсетіледі, бірнеше секундтан соң жабылады. Ал оқушылар есте сақтағанын қағазға түсіреді. Сол формула қайта көрсетіліп, оқушылар өздерін тексереді. Әрі қарай бірнеше формула көрсетуге болады. Осылайша оқушының есте сақтау қабілетінің артуына ықпал ете аламыз. Орыс тілі мен ағылшын тілі сабақтарында жаңа сөздерді үйрету барысында да өте тиімді. - Оқушыларды жұптастыра отырып әр жұпқа бірнеше тұжырым (ереже, анықтама,т.б) жазылған парақша таратылады.
- Ол тұжырымдардың бір-екеуі жалған болуы тиіс. Оқушылар осы жалған тұжырымдарды табуы керек. Егер тұжырым бұрмаланған болса, онда дұрысын айтады.
- Бұл әдісті тарауды қорытындылау немесе қайталау сабақтарына пайдаланған тиімді.
- Оқушылар тақырыпқа байланысты сұрақтар, сөзжұмбақтар, ребустар дайындап келеді. Топқа бөлінген соң топ мүшелері дайындап келген жұмыстарын ортаға салады және белгіленген уақыт аралығында басқа топтардың ұнаған жұмыстарымен алмастырып, айырбас жасайды.
- Екі парақтың біреуіне тапсырмалар
- (сұрақтар) жазылады. Екіншісіне
- жауаптары жазылып тақтаға ілінеді,
- тек ерекшелігі тапсырма жазылған парақ пен жауап жазылған парақты беттестіргенде бір- біріне сәйкес келуі керек. Ал тапсырма парағын бөліктерге бөліп қиямыз да үстел
- үстіне сурет жағын қаратып араластырып қоямыз. Топ басшы таңдаған тапсырмаға топ мүшелері бірлесіп жауап береді, ал тапсырма жауабына қаратылып жапсырылады, соңында келесі беттегі сурет-
- тің толық кескіні көрінеді.
|