Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет10/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   169
түркі географиясына
» 
жақын ұйысуды талап етеді. 
Ендігі жерде, өздерінің маңыздылығын терең түсініп, тарихи мемлекеттігінің 
алып күрделілігін сезінген, өздерінің саяси-экономикалық мақсаттарын да 
анықтап алған түркі халықтарының қайтадан біреудің «
басыбайлылығына
» 
немесе алып елдердің бірінің қолтық астына қайта кіреді деп ойлаудың өзі 
мүмкін емес.
Дегенмен, жоғарыда айтылғандар болмауы үшін не істеу керек? Әрине, 
мықты болу керек. Ал, мықты болу үшін не істеу керек? Мықты болу үшін, 
әрине алдымен түркі тілдес мемлекеттердің мызғымас бірлігін құру керек. 
Бүгінгі бірлік – жаhандық және аймақтық саясаттың бағдарын белгілейтін ең 
басты фактор. Мысал үшін Еуропалық Одақты алып көрейік. Өткен ғасырдың 
басында әлемнің осы аталған жетекші аймағында өте мықты мемлекеттер 
тіршілік етті. 
Алайда, олардың бір-бірлеріне деген үзілді-кесілді наразылықтары 
Еуропадан басталған екі дүниежүзілік соғысқа алып келді. Ақырында 
Еуропалықтар жалғыз жүріп күшті болу соғыс пен кері құлдыраушылықтан 
құтқарудың кепілі еместігін түсінеді. Керісінше нағыз күштілер қақтығыстың 
дәл ортасынан табылып, күтпеген тұстан тап беретін қатерлерден жалт бермей, 
керісінше бетпе-бет кездесуі керек. Күштің қуаты бірлікте екендігін түсінген 
батысеуропалықтар қақтығыстарға қарсы күш біріктіретін Одақ құруды 
ұйғарды. Қазіргі заманғы түркі мемлекеттерінде бір ел мен екінші ел арасында 
қақтығыстар туғызуы мүмкін саналатын «
ішкі қайшылықтар қауіптілігі
» 
жоқ. Алайда, түркі әлемінің біртұтастығына сызат түсіруді көксейтін «
сыртқы 
қауіптілік
» барлық кезеңде де болған, қазір де бар және мұндай қатер алдағы 
уақытта да бола бермек. Мұндай қатерлерге қашанда дайын болу керек, 
күшті 
бола түсіп, бірігу керек, және біріге отырып, күшті бола түсу 
қажеттігі бүгінгі 
түркі әлемінің берік те тұрақты анықтауышы болуы керек. 
Нақ осыған қатысты Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам 
Әлиев: «Біз қаншалықты бірге болсақ, біздің күшіміз де соншалықты өсе 
түседі» деп өте орынды да тамаша сөз айтқан еді (91). Расында да осы айтылған 
шынайы ақиқатқа тең келер балама сөз жоқ десе де болады. Түркі Мемлекеттері 


19
Одағын құру дегеніміз басқа мемлекеттер мен бірлестіктерге қарсы тұратын 
күш емес екендігі де мойындалған шындық. Ол әскери-саяси мақсаттарды 
көздемейді, керісінше айналасында мұндай әскери блоктардың болуын және 
олардың басқыншылдық пейілде болуларын қаламайды. 
Түркі Мемлекеттері Одағы тәуелсіз түркі республикаларынан, түркі 
тектестердің халықаралық субъектілерінен толықтай тәуелсіз негізде құрылады. 
Мұндай одақ әлемдік бірлікті нығайта түсіп, халықаралық қауымдастыққа тың 
күш-жігер беретін, жаhандық саясаттағы тең құқықсыздыққа, сепаратизмге, 
оқшаулау шараларына және басқа да келеңсіз үрдістерге қарсылықты 
күшейтетін үдеріс болып табылады. Еуропалық Одақтың ХХ ғасырдағы 
адамзаттың тарихи-саяси өмірі мен халықаралық бейбітшілікті қамтамасыз 
етудегі атқарған рөлі секілді, 
Түркі Мемлекеттері Одағы 
да аса маңызды саяси 
тәжірибелер мен қуатты әлеуеттерге ие болу мүмкіндігіне қол жеткізе алады. 
Тек осы жағдайда ғана Түркияның бұрынғы Президенті Тұрғұт Озалдың 
1992 жылы тәуелсіздік алып жатқан түркі республикаларының бауырластық 
қатынастарының тереңдей түсуіне ықпал болған: «Жиырма бірінші ғасыр 
түркілер ғасыры болады» деген ұран сөзі бүгінгі күндері шындыққа айналып 
отыр. 
Сол уақыттың өзінде түсініктеме берушілер осы батыл да, оптимистік 
бағытта айтылған пікірге өз көзқарастарын білдіре отырып, оның тек Түркияға 
ғана емес, барша түркі мемлекеттерін қамтитын және объективті есепке сүйене 
айтылған терең ой екендігін түсінген еді.
Түркі бірлігі идеясы тың бастама емес. Бұдан көп уақыттар бұрын Еуропа- 
лық Одақ құрылған сонау ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ, түркі әлемінде, оның 
ішінде Әзербайжан мен Түркияда дүниежүзінің барлық түркілерін біріктіру 
жөнінде ұсыныс көтерілген болатын. Солай бола тұра, империалистердің 
«пантюркизм» және «пантуранизм» деп атаған аталмыш қозғалысты олар 
өздері аяусыз қудалаушылық пен идеологиялық арандатуға ұшыратты.
Алайда нендей алапат қысымға іліксе де қалыбынан танбаған қозғалыс ішкі 
рухани өзегін сақтап қалды.
Осыдан тура жүз жыл бұрын Түркия мен Әзербайжан Халық Республикасы 
ұлттық саясаттың өзегінде жалпытүркілік бірлік идеясының жатқандығын 
тамыршыдай тап басып, анықтай білді. Тарихтың терең қойнауынан тамыр 
тартқан аталмыш идея бертін келе, яғни ХХ ғасырда өз тәуелсіздігін қызғыш 
құстай қорғай білетін Түркі Республикасы мен тәуелсіздіктеріне қол жеткізе 
бастаған түркі республикалары арасында орнаған қарым-қатынастар барысында 
жүзеге асырыла бастады.
Алтайдан бастап Балқанға дейінгі аралықта құлашын кеңге жайып жатқан 
Еуразия кеңістігіндегі түркілік суперэтностың бірлігі жөніндегі пікірлер бүгінде 
әлем жұртшылығының жүрегі мен назарында тұр. 


20
Бүгінгі күнгі тәуелсіз түркі мемлекеттерінің қозғалысы түркі мемлекеттерінің 
тарихи дәстүрлі бірлігіне арқа сүйейтін, қазіргі заман қажеттілігінен туындап 
отырған Одаққа қарай қадам басуды мұрат етуде. Мұның өзі бүгіннің талабынан 
туындаған лайықты шаралар.
Соңғы жүз жыл ішіндегі саяси тәжірибелерге назар аударар болсақ, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет