«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан


) дыбыс жүйелі оқыту (дыбыс жүйесі бойынша оқыту)



бет3/14
Дата31.03.2022
өлшемі50,44 Kb.
#29500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
! ! ! Ш;V 5 29.01.2021 (1)

1) дыбыс жүйелі оқыту (дыбыс жүйесі бойынша оқыту);

2) әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу;

3) оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту;

4) білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу.


Сынақ пен сараптама қорытындысында: «Дыбыспен жаттығу» термині А.Байтұрсынұлы ұстанған әдістің бірі болғандықтан, бұл оқыту әдісі болып табылады» деп көрсетілген.
ҚР БҒМ бекіткен «Әліппе/Ана тілі» пәндерінің оқу бағдарламасын әзірлеуші жұмыс тобында талқыға салынып, шешім бірауыздан қабылданды. Дыбыспен жаттығу әліппеге дейінгі кезеңде қолданылатын әдіс ретінде қалдырылды. А.Байтұрсынұлының еңбектерінде дыбысты оқытуға көп мән берілгендіктен, дыбыс жүйелі оқыту ұстаным ретінде кең мағынада беріліп, жақша ішіне түсіндірмесі жазылды.



3. Әріп таныту реті А. Байтұрсынұлының еңбектерімен қатар лингвист және әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізінде, олардың мәтінде кездесу жиілігіне, өзара тіркесімі мен сөзжасау қызметіне қарай құрылды.

3. Әріп таныту реті А. Байтұрсынұлының еңбектерімен қатар лингвист және әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізінде, олардың мәтінде кездесу жиілігіне, өзара тіркесімі мен сөзжасау қызметіне қарай құрылды.


Өзгеріссіз

4. «Әліппе» пәнінің мақсаты – дыбыспен жаттығу, әріп таныту, оқуға, жазуға, ауызша және жазба мәтін құрауға үйрету арқылы білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

4. «Әліппе» пәнінің мақсаты – әріп таныту, оқу мен жазуды үйрету, бастапқы тілдік ұғымдар мен сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгерту және ұлттық рухани құндылықтар негізінде функционалды сауатты тұлғаны қалыптастыру.

Сараптама мен сынақ қорытындысында: «Әліппе» пәнінің мақсаты нақты көрсетілмегендіктен, оқу бағдарламасын жүзеге асыруда, оқулықтар жазуда қиындықтар туындаған» деп көрсетілген.

Оқу бағдарламасын әзірлеуші жұмыс тобындағы талқылауда пәннің мақсаты нақтыланып, өзгертілді.

Пәннің мақсатынан көрініс тапқан «ұлттық рухани құндылықтар негізінде функционалды сауатты тұлғаны қалыптастыру» деген тұжырымнің мәні қазіргі заманғы білім талабына сай алған білім, білік, дағдыларын күнделікті өмірде қолдана алатын, тәжірибемен ұштастыра білетін, қазақ ұлтының құндылықтарын бойына сіңірген сауатты тұлғаны қалыптастыру болып табылады.


5. Оқу бағдарламасының міндеттері білім алушының мынадай дағдыларын қалыптастыруды көздейді:

1) оқу әрекетіне бейімдеу;

2) дыбыс, буын, сөз, сөйлем, сөйлеу (мәтін) туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;

3) мәтіннен/сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу арқылы жаңа дыбыс пен әріпті таныту;

4) дыбысты әріппен таңбалап, әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету;

5) дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға үйрету;

6) сөзді буындап оқуға, тұтас оқуға, мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға машықтандыру;

7) жазу дағдысын (қатесіз, көркем жазу) қалыптастыру;

8) сөздік қорын байыту;



9) коммуникативтік дағдыларын (өз ойын толық жеткізе білу, өзгенің пікірімен санаса білу, әңгімелесу, сөйлеу әдебін сақтау) қалыптастыру;

10) тілдік бірліктерді (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс) ажырату, салыстыру, топтастыру, талдауға үйрету;

11) тілдік білімі мен дағдыларын тәжірибеде қолдана алу;

12) танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту;

13) ана тіліне, Отанына, туған еліне, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту;



14) жеке тұлғалық қасиеті мен әлеуетін ашу;

15) тұрақты зейіні мен есте сақтауын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастыру;

16) физиологиялық ерекшеліктерін ескеру және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.

5. «Әліппе» пәнінің міндеттері:

1) оқу әрекетіне бейімдеу;

2) негізгі тілдік бірліктер туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет