Жалпы генетика негiздерi Тақырып Моно- жӘне полигенді



бет66/72
Дата02.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#132427
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72
Байланысты:
2 и 3 раздел каз

Дөңгелек түсi



Көк,көк

көк, ақ

ақ, ақ

Генотип

АА

Аа

Аа

Саны

58

36

6

Көрсетiлген сандар “жұмыртқа жасушасы” мен “сперматозоидтың” әрбiр қапшықта берiлген қатынасы: 70 ( көк) және 30 (ак а ) алынды делiк (кесте 1, топ 3).


Ендi осы гаметалардың қатынасы осындай мөлшерде болғанда теория бойынша қандай қатынастағы генотиптердi күтуге болатынын қарастырайықта, нақтылы алынған сандармен салыстырып, араларында айырмашылық бар ма және ол кездейсоқ айырмашылық па соны анықтаймыз.
Пеннет торына салып, анықтайық. Популяцияда А және а гендер мен аналық және аталық гаметалар бiрдей мөлшерде түзiледi (0,7А және 0,3 а) деп есептеп, теория бойынша қандай арақатынастағы генотиптердi күтуге болатынын анықтау үшiн Пеннет торын ( кесте № 3) құрастырайық.


Модельдiк популяциядағы теория бойынша күтуге болатын генотиптердiң жиiлiк кестесi
Кесте № 3




0,75 А



0,75 а

0,7А

0,49 АА

0,21 а



0,3 а

0,21 Аа

0,9 аа

Кестеде келтiрiлген бүтiн сандарға айналдыра отырып есептеу жеңiлдеу, оларды 100 көбейту керек. Сонда: 49 АА, 42 Аа, 9аа болады. Ендi көрсетiлген 4-шi кестедей кесте сызуларыңызға болады, оған алынған және теория бойынша күтуге болатын, жиiлiктi кiргiзiп, оларды 2 қдiсiмен салыстыра отырып, алынған сандардың теорияға сай екенiн дәлелдеңіздер. Iс жүзiнде алынған мәлiметтермен теория бойынша күтуге болатын мәлiметтердiң ауытқуын статистикалық бағалау қай жағдайда және қаншалықты ауытқу айтарлықтай, ал қай жағдайда ауырқу айтарлықтай емес және кездейсоқ екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Гибридтi ұрпақтарда ажырау мәлiметтерiн тек аллельдi гендердiң әр жұбының әсерi бiр -бiрiне тәуелсiз болса, гендердiң кездесуi ұрықтануда кездейсоқ болған жағдайда ғана статистикалық өңдеу жүргiзуге болады.
Iс жүзiнде алынған мәлiметтермен теория бойынша күтуге болатын мәлiметтермен сәйкес келу дәрежесiн бағалау үшiн статистикада (2) хи-квадрат әдiсi қолданады. 2 немесе сәйкес келу критерийiн № 4 кестенi пайдаланып есептеу ыңғайлы. Кестеге iс жүзiнде алынған мәлiметтердi (р), теория бойынша күтуге болатын мәлiметтердi (q) және олардың ауытқуын (d =р- q) жазады. Алынған ауытқуды квадратын (d2) шығарып, осы мәндi алып теория бойынша күтуге болатын санға бөледi (d2/q).
Барлық мәндерiн қосып 2 алады:
2 =  d2/q
Ауытқулардың заңдылығы немесе кездейсоқтығы туралы дұрыс шешiм жасау үшiн алынған 2 мәнiн № 5 кесте мәнiмен салыстырады.
Егер алынған 2 мәнi кестедегi оның мәнiнен үлкен болмаса, онда iс жүзiнде алынған мәлiметтермен теория бойынша күтуге болатын мәлiметтер айырмасы аз ғана деп есептеленедi. Бұл iс жүзiнде алынған мәлiметтермен теория бойынша күтуге болатын мәлiметтер сәйкес келедi деген сөз. Егер алынған 2 мәнi кестедегi мәнiнен үлкен болса, iс жүзiнде алынған мәлiметтермен теория бойынша күтуге болатын мәлiметтер сәйкес келмейдi.
№ 5 кесте бойынша, 2 мәнi екi шамаға тәуелдi: еркiндiк дәреже санымен (К) мүмкiндiк (р) мәнiнен. Еркiндiк дәреже саны n-1, мұндағы n- зерттеу параметрлерiнiң (класстарының) саны. Бұл жағдайда n = 3, өйткенi 3 генотип (АА,Аа, аа) жиiлiгi есептелiнедi. Сондықтан К = 3 - 1 =2.
Мүмкiндiктi (р) шартты түрде 0,05 -ке тең деп алады. Бұл алынған 2 мәнi мүмкiндiгi 0,05 бағанада тұрған кестедегi 2 мәнiнен артық болмағанда және еркiндiк дәрежесiнiң саны (К) сәйкес келген жағдайда, онда iс жүзiнде алынған мәлiметтермен теория бойынша күтуге болатын мәлiметтер сәйкес келедi. Алынған 2 мәнi осы бағананың сол жағындағы мәндерге көбiрек жақын келсе, солғұрлым iс жүзiнде алынған мәлiметтермен теория бойынша күтуге болатын мәлiметтер дәлiрек сәйкес келедi. Ал егер алынған 2 мәнi осы бағананың оң жағындағы мәндерге көбiрек жақын келсе, онда iс жүзiнде алынған мәлiметтермен теория бойынша күтуге болатын мәлiметтер сәйкес келмейдi (тiркес тұқым қуалау жағдайында, таңдамалы ұрықтануда және т. с. сияқты).

Кесте № 4







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет