1-есеп. Фенилкетонуриямен ауру балалардың туылу жиiлiгi 1:10000 нәрестеге. Геннiң гетерозиготалы тасымалдаушыларының пайызын анықтаңыз.
2-есеп. Жалпы альбинизм (терiнiң сүт тәрiздi ақ болуы, меланиннiң терiде, шаш тамырында және торлы қабық эпителийiнде болмауы) рецессивтi аутосомдық белгi түрiнде тұқым қуалайды. Ауру 1:20000 жиiлiкпен кездеседi (К.Штерн 1965). Геннiң гетерозиготалы тасымалдаушыларын анықтаңыз.
3-есеп. Тұқым қуалайтын метгемоглобинемия- аутосомды рецессивтi белгi-Аляска эскимостарында 0,09% жиiлiкте кездеседi. Осы белгi бойынша популяцияның генетикалық құрылымын анықтаңыз.