Сегізкөз өрімі, plexus sacralis (L4-S3), үшбұрыш пішінді ірі табакша түрінде, оның ұшы foramen infrapiriforme бағытталады. Ол өзінің аз бөлігімен сегізкөздің алдыңғы бетінде жэне көпбөлігімен т. piriformis алдыңғы бетінде жатады. Өрім қоймалжың дэнекер тінмен қоршалған және жамбас астауы шандыры- ның қабырғалық табакшасының астында жатады; оның медиалді беті жағында ішкі мықын тамырларының, vasa iliaca interna, тармактар қатары орналасқан.
Ұзын тармақтар . 1. Nervus. cutaneus femoris posterior жамбас астауынан шонданай перімен бірге шығып , содан кейін төмен қарай m. glutcus maximus астымен санның артқы бетіне келеді . Өзінің медиалды жағынан ол бөксенін төменгі бөлігі nn, clunium inferiores - тер мен бұтаралық терілеріне баратын rami perincales тармақшаларын береді.Санда артқы бүлшықеттердің бетінде орналасып , төмен карай тақым шұңқырына жетіп , сан мен сирақты артқы жағы терісінде таралатын көптеген тармақтар береді .
2. Жыныс нерві (nervus pudendus; S1–S4) кіші жамбас қуысынан төменгі алмұрт тәрізді бұлшық еттің тесігі арқылы шығып, кіші шонданай тесігі арқылы шонданай –анал шұңқырына өтіп, ішкі жапқыш бұлшық еттің медиалді бетімен жүріп, жыныс өзегіне (canalis pudendalis) келіп орналасады. Беретін тармақтары: төменгі артқы өтіс нервтері (nervi anales inferiores) артқы өтісті көтеріп тұратын бұлшықетке, және артқы өтістің сыртқы қысқышына, шатаралық нервтерді (nervi perineales) — ол осы төңіректің бұлшықеттері мен терісіне, сыртқы жыныс ағзаларына тармақтарын береді .
Шонданай нерві (nervus ischiadicus; L4–S2) бөксе аймағына алмұрт тәрізді бұлшықеттің төменгі тесігі арқылы өтіп, бөксе бұлшықеттеріне қарай бет алады. Санның артқы топ шандырлы құндағында орналасқан бұлшықеттерге (санның жазғыштарына, балтырдың бүккіштеріне) және тізе буынына тармақтарын береді. Ол тақым шұңқырында әдетте екі : жуандау медиалды n . tibialis және жіңішкелеу латералды . n, peroneus ( fibularis ) communis тармақтарына бөлінеді .
. Шонданай нерві, қалыптасуы, топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
N. ischiadicus , шонданай нерві бүкіл дене нервтерінің ең ірісі , барлық түбіршік терінің талшықтары болатын сегізкөз өрімінің тікелей жалғасы болып табылады . Үлкен шонданай тесігі арқылы m. piriformis - тен сал төмен жамбас астауы қуысынан шығып , m . gluteus maximus - пен бүркемеленеді . Нерв осы бұлшықеттің төменгі жиегінен шығып , санның артқы бетінде , сирақ бүккіштерінің астымен төмен түседі . Ол тақым шұңқырында эдетте екі : жуандау медиалды n . tibialis және жіңішкелеу латералды . n, peroneus ( fibularis ) communis тармақтарына бөлінеді .