«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»


Көру нерві, n. opticus (II жүп), арнайы сезімтал нерв



бет25/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54
Байланысты:
ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)

Көру нерві, n. opticus (II жүп), арнайы сезімтал нерв.
Көру нервтің талшықтары көздің торлы қабығындағы ганглионарлық жасушалардан басталып, тамырлы және ақ қабаттарына өтіп, көру нервтің, n. opticus, көзішкі бөлігін кұрайды. Көру нерві көзұясының майлы дене, corpus adiposum orbitale, қалыңдығы арқылы өтіп, жалпы сіңірлі сақина ішімен көру өзегіне (екінші бөлігіне) бағытталады, көзұясынан бассүйек қуысына (үшінші бөлігі) барады. Көру нервтің талшықтары сынатәрізді сүйектің sulcus chiasmatis аймағында жартылай киылысып, chiasma орticum, s. chiasma nervorum opticorum түзеді.
Көру нерв талшықтарының латералді бөлігі ары қарай өз жағымен бағытталады.Көру нерв талшықтарының медиалді бөлігі карама-карсы жакка өтіп, кору нервтің осы жактағы латералді бөлігімен косылып, көру жолын, tractus opticus, түзеді. Сонымен, оң көру жолында екі торлы қабыктың оң жартысы, ал солда – сол жартысы талшыктары бар.
Әрбір көру жолы ми аяқшаларын латералді жағынан орап өтіп, көрудің қыртысасты орталығында: латералді иінді денеде, corpus geniculatum laterale, көз төмпесі жастығында, pulvinar thalami, ортаңғы мидың жоғарғы төмпешіктері ядросында, nuclei colliculi superioris tecti mesencephali, аяқталады.
Corpus geniculatum laterale жэне pulvinar thalami жасушаларынан таралған талшықтар ішкі капсуланың артқы аяқшасы арқылы ми сыңарларына бағытталып, көру тарамдарын, radiatio optica, құрайды және шүйде үлесінің медиалді бетіндегі қыртыста, sulcus calcarinus аймағында аяқталады.
Ортаңғы мидың жоғарғы төмпешігінен шығатын талшықтар ми аяқшасы жамылғысындағы көзқимыл нервтің парасимпатикалық ядросына барады. Соңғының тармақтары, п.oculomotorius, құрамында көзұясына барып, қысқа түбіршектер, radix brevis, түрінде n.oculornotorius-тен шығып, кірпіктік түйінге, ganglion ciliare, барады.

  1. Есту-тепе-теңдік мүшесі. VIII жұп бас ми нерві. Есту-тепе-теңдік мүшесінің қткізгіш жолдары.

ЕСТУ АҒЗАСЫ
Сыртқы құлақ (auris externa) , күлақ қалқаны мен сыртқы есту өтісінен түрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет