4. Көздің сындыру орталығы. Жас аппараты.
Көзжасы аппаратына, apparatus lacrimalis, көзжас бездері және көзжас шығатын жолдар, көзжас түтігі, көзжас қабы мен көзжас-мұрын өзегі жатады. Көзжас безі, glandula lacrimalis, көзұяның жоғарғы-латералді бұрышында және көзжас безі шұнқырында, fossa glandula lacrimalis, жатады да, жас, lacrima бөліп шығарады. Көзжас безі денесі арқылы жоғарғы қабақты көтеретін бұлшықет сіңірі өтеді, ол көзжас безі денесін екі тең емес бөлікке бөледі: жоғарғы, үлкен көзжасы безінің көздік бөлігі, pars orbitalis glandulalacrimalis, немесе жоғарғы көзжас безі, glandula lacrimalis superior (BNА), және қабаққа тиесілі көзжас безінің кіші бөлігі, pars palpebralis glandula lacrimalis, немесе төменгі көзжас безі, glandula lacrimalis inferior (BNA).
Жоғарғы немесе орбиталді көзжас безінде екі беткей бар: көзжас безінің сүйек шүңқырына қарасты жоғарғы шығыңқы және төменгі көзжас безі жанасатын төменгі ішке кайырылған бөліктер. Жоғарғы көзжас безі кұрылысының тығыз болуымен ерекшеленеді, бездің көзұяның жоғарғы шеті бойындағы ұзындығы 20-25 мм тең, алдыңғы-артқы көлемі - 10-12 мм.
Төменгі көзжас безі алдыңғыдан сәл алға және төмен орнығады да, конъюнктива қабының дәл үстінде жатады. Без біршама бөлектелінген 15-40 үлесшелерден тұрады; жоғарғы шет бойындағы без ұзындығы - 9-10 мм, алдыңғы-артқы көлемі - 8 мм, қалыңдығы - 2 мм. Жоғарғы көзжас безінің 3-5 мөлшердегі шығару жолдары төменгі бөлік денесі арқылы өтіп, өз кұрамына оның шығару жолдарының бір бөлігін қабылдайды да, жоғарғы күмбез конъюнктивасына ашылады. Төменгі көзжас безі мұнымен коса, 3-тен 9-ға дейін ерекше шығару жолдарына ие, олар жоғарыда баяндалғандар тәрізді жоғарғы күмбез конъюнктивасының латералді бөлігі маңында ашылады. Баяндалған ірі көзжас бездерімен қатар, конъюнктивада бірқатар (1-ден 22-ге дейін) қосымша кішігірім көзжасы бездері ұшырасады, олар жоғарғы және төменгі қабақтар маңында орын тебе алады. Қосымша көзжас бездері көзжас қабы маңында да ұшырасады, бұл жерде де, сондай май бездері бар. Көзжас көзжасы бездерінен конъюнктива қапшығына түсіп, көз алмасын жуып өтеді де, көзжас көліне, lacus lacrimalis, жиналады. Көзжас көлінен көзжасы көзжас өзектері арқылы көзжасы қабына бағытталады, одан көзжас-мұрын өзекшелері арқылы төменгі мұрын жолына түседі.
Әрбір, яғни жоғарғы және төменгі көзжас өзекшесі, canaliculus lacrimalis superior et inferior, көзжас емізікшесінің, papilla lacrimalis жоғарғы ұшында көздің ішкі бұрышында кішкентай тесіктен (диаметрі 0,25 мм) басталады, тесікті көзжас нүктесі, punctum lacrimale, дейді. Көзжас өзекшесі екі бөлікке бөлінеді: тік және көлденең. Жоғарғы және төменгі көзжас өзекшелерінің тік бөлігінің ұзындығы - 1,5 мм; ол тиісінше үсті мен астына бағытталады да, бірте-бірте тарылып медиалді жағына бұрылып көлденең бағыт алады. Көзжас өзекшелерінің көлденең бөлігінің үзындығы - 6-7 мм. Әр өзекшенің көлденең бөлігінің бастапқы бөлімі, өзінің шығыңқы бетіне карай аздап кеңейіп көзжас өзекшесінің шағын төмпешігін, атриіа сапaliculi lacrimalis, кұрайды. Екі өзекше де медиалді бағыт ала отырып тарылады да, көзжас қабына қосылады, қосылу жеке-жеке немесе қосылып өтуі мүмкін.
Көзжас қабы, saccus lacrimalis, көзжас қабының сүйекті шұңқырында, fossa sacci lacrimalis, толығымен оның пішінін алып жанасып жатады. Оның аздап тарылған, жоғарғы тұйық шеті немесе көзжас қабының күмбезі, fornix sacci lacrimalis, болады. Көзжас қабының төменгі ұшы да аздап тарылып, айөын шекарасыз мұрын-көзжас өзегіне ауысып өтеді, canalis nasolacrimalis. Мұрын-көзжас өзегі жоғарғы бетсүйектің аттас өзегінде жатады, ұзындығы - 12-14 мм, диаметрі - 3-4 мм, ол төменгі мұрын қалқаны астында төменгі мұрын жолының алдыңғы бөлігінде ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |