«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»



бет23/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54
Байланысты:
ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)

Қабақтың көзұялық шеті, margo orbitalis palpebrae, оның терілік жамылғыларының іргелес маңы терісіне ауысу орны болып табылады. Қабақтың бос шеті, margo liber palpebrae, 2 мм дейінгі калындықта болады. Қабақтың осы шеті өзінің біршама бойында доға тәрізденіп алға иілген, тек медиалді бөлігінде иілуі жоғалады. Бұл жерде жоғарғы және төменгі қабақ шеттері тиісінше үсті мен астына иілген күйге енеді де, бір-бірімен жалғаса келе медиалді дәнекер, comissura medialis, көмегімен көздің дөңгеленген, медиалді бұрышын, angulus oculi medialis, құрайды. Қабақтың латералді жағынан латералді дәнекерге, commissura lateralis, жалғасып көздің үшкір латералді бұрышын, angulus oculi lateralis, түзеді.
Көздің ішкі бұрышында, жоғарғы және төменгі қабақтар шеті арасында аққызыл түрдегі төмпешік, ет бүртігі орналасады, оның айналасында көзжас көлі, lacus lacrimalis, болады. Көзжас бүртігінен ішке қарай кішігірім конъюнктиваның тік қатпары орнығады, оны жартыай катпары, plica semilunaris, деп атайды, бұл қатпар жануарлардың рудиментарлық үшінші қабағы, palpebra tertia, саналады. Қабақ шетінің көзжас бүртігін айнала орналасқан бөлігі қабақ шетінің көзжас бөлігі, pars lacrimalis marginalis palpebralis, деп аталады, өзге көп бөліктен айырмашылығы ол көз алмасымен жанасады да, қабақ шетінің көздік бөлігі, pars bulbosa marginis palpebralis, делінеді.
Қабақ шеті қабақтың алдыңғы және артқы беттеріне ауысып өтіп, олардан тиісінше алдыңғы және артқы қабақ шетімен (немесе қабақ қырымен), limbus palpebralis anterior et posterior, бөлектеледі. Қабақтың алдыңғы шеті аздап дөңгеленген күйде болады. Оның артында қабақ бойында көп мөлшерде шаштар - кірпіктер, cilia, шығып тұрады да, төменгі қабақта төмен, жоғарғы қабақта жоғары қайырылады. Осы жерде жоғарғы және төменгі көзжас өзекшелері, canaliculi lacrimalis superior et inferior, басталады, олар емізікшелердің жоғарғы ұшында айқын көрінетін тесіктермен ашылады: жоғарғы және төменгі көзжас нүктелері, puncta Іасrimalia superius et inferius.
Қабақтың артқы қыры бірден қабақтың артқы бетіне, facies posterior palpebrae, ауысып өтеді. Қабақтың артқы беті иілген және барша бойында қабақтардың дәнекер қабығымен, қабақ конъюнктивасымен, conjunctiva palpebrarum, көмкерілген. Конъюнктива қабырғалардың артқы қырынан (шетінен) басталып, жоғарғы және төменгі қабақтардың көзұялык шеттеріне жетіп, артқа қайырылады да, көз алмасына ауысып өтеді.
Көз алмасының алдыңғы бөліктерін көмкере отырып, конъюнктива limbus согпеае, жетеді. Конъюнктиваның осы бөлігін көз алмасы конъюнктивасы немесе склера, conjunctiva bulbi oculi, s.conjunctiva sclera, деп атайды. Көз алмасы конъюнктивасы склерамен еркін түрде жалғанады. Қабақ конъюнктивасының көз алмасы конъюнктивасына ауысу орны конъюнктиваның жоғарғы және төменгі күмбездерін, fornices conjunctivae, superior et inferior, кұрайды , олар конъюнктиваның басқа бөліктерімен қоса алдына қарай көз саңылауы бойымен ашық және көзді жұмғанда жабылатын конъюнктива қапшығын, saccus conjunctivae, шектеп тұрады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет