«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»



бет5/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)

Қолтық венасы, v. axillaris, артерияның алдыңғы-медиалді бетінде жатады. Әрбір буда қолға ұзын тармақтар береді.
Латералді буда
Латералді буда, fasciculus lateralis, бесінші, алтыншы, және жетінші мойын нервтерінің (С5-С7) алдыңғы тармақтарынан түзілген. Ол келесі тармақтарды береді:
1) бұлшықет-терілік нерв, n. musculocutaneus
2) орталық нервтің латералді түбіршігі, radix lateralis n. mediani
Бұлшықет-терілік нерв
1 .Бұлшықет-терілік нерв, n. musculocutaneus (С5-С7) төмен және сыртқа бағытталады, m. coracobrachialis-ті жоғарыдан төмен қиғаш тесіп отіп, m. brachialis және m. biceps brachii арасында жатады. Кейін нерв иыктың екібасты бұлшыкеттің дисталді сіңірінің латералді жиегінің астынан шығып, шынтақ буын аймағында, иыктың меншікті шандыры арқылы теріасты майлы кабатқа кіріп, білектің терілік латералді нерв, n. cutaneus antebrachii lateralis, атауын алады.
Бұлшыкет-терілік нерв өз жолында келесі тармақтарды береді:
1) Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, m.coracobrachialis, m. brachialis, m.biceps brachii, нервтендіреді.
2) Тоқпан жілік сүйек кабығына жэне шынтақ буынының буындык қабына тармактар. Кейде бұлшықет-терілік нерв пен орталык нерв арасында дәнекер тармақты кездестіруге болады.
3) Білектің терілік латералді нерві, n. cutaneus antebrachii lateralis, бұлшықет-терілік нервтің соңғы тармағы. Ол шынтақ буын аймағында aponeurosis т. bicipitis brachiiден латералді иық шандырын тесіп өтіп, V. серһаііса жанында жатады, жэне төмен жүріп, тенар аймағына дейін білектің алақан бетінің кәріжілік жартысы мен кәріжілік жиегі терісінде тармақталады.
Осы нервтің жолында дәнекер тармақтар кездеседі:

  1. кәріжілік нервтің алакандық тармағымен, г. superficialis п.radialis;

  2. шынтақ нервтің сыртқы тармағымен, r.dorsalis п. ulnaris;

  3. білектің терілік медиалді нервімен, n. cutaneus antebrachii medialis;

2. Орталык нервтің латералді аякшасы немесе латералді түбіршегі, radix lateralis, алтыншы жэне жетінші мойын нервтерінен (С6, С7) түзіледі. Ол қолтык артериясын тысқары жатады (n. me dianus төменде берілген).


Медиалді буда
Медиалді буда, fasciculus medialis, сегізінші мойын жэне бірінші кеуде нервтерінің (C8, Тһ1)алдыңғы тармақтарынан түзіледі. Келесі тармактарды береді:
1) шынтак нерві, n.ulnaris;
2) иықтың терілік медиалді нерві, n.cutaneus brachii medialis,
3) білектің терілік медиалді нерві, n.cutaneus antebrachii medialis;
4) орталық нервтің медиалді аяқшасы, crus medialis n. Mediani



  1. Бел өрімінің тармақтарының түзлуі, құрылысы, топографиясы нервтендіру аймақтары.

Бел өрімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет