«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»



бет6/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Бел өрімі (plexus lumbalis) белдің 1–3 жұлын нервітерінің алдыңғы тармағы және он екінші кеуде нервінің алдыңғы тармағының бір-бірімен байланысуынан пайда болады.
Бел өрімінің тармақтары:
1. Бұлшықеттік тармақтары (rami musculares) белдің үлкен, кіші бұлшықеттерін, шаршы бұлшықетін, сонымен бірге мықын бұлшықеттерін нервтендіреді.
2. Мықын-құрсақ асты нерві (nervus iliohypogastricus; Т12–L1) іштің бұлшықеттерін және терісін нервтендіреді.
3. Мықын-шап нерві (nervus ilioinguinalis; L1– L4) құрсаққабырғасының бұлшықеттеріне беретін тармақтары –алдыңғы шап нервтері (nervi scrotales anteriores) ұма терісіне, алдыңғы ерін нервтері (nervi labiales anteriores) үлкен жыныс еріндерінің терісін нервтендіреді.
Мыкын-шап нерв тармактары:
а) Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, mm. transversus abdominis, obliquus internus abdominis et obliquus externus abdominis төменгі учаскелерін нервтендіреді.
б) Терілік тармақтар, rami cutanei, қасаға, санның ішкі бетінің жоғарғы учаскесі және шап аймағы терісінде тамақталады.
в) Ұмалық алдыңғы тармақтар, rami scrotales anteriores (ернеулік алдыңғы тармактар, rami labiales anteriores), жыныс мүшесінің түбірі, үманың алдыңғы бөлімдері (әйелдерде үлкен жыныс ернеулерінің жоғарғы бөлімдері) терілеріне барады. Бүл тармақтар сан-жыныстык нервтің, n. genitofemoralis (r.genitalis) тармактарымен косылуы мүмкін.
4. Сан-жыныстык нерв, n. genitofemoralis, m. psoas major қалыңдығы арқылы оның алдыңғы бетіне өтіп, несепағардың артында орналасады және шап аймағына бағытталады. Нерв бұлшықет қалыңдығында немесе бұлшықеттен шыккан соң екі тармаққа - сандык тармақ, ramus fem oralis, және жыныстык тармак, ramus genitalis, бөлінеді.
4. Жыныстық-сан нерві (nervus genitofemoralis; L1–L2) жыныстық тармағы (ramus genitalis), ұрық шылбырын және атабез қабықтарын, сан тармағы (ramus femoralis) санның терісін нервтендіреді.
5. Санның латералді терілік нерві (nervus cutaneus femoris lateralis; L1–L2) санның латералді бетінің терісін нервтендіреді

  1. Сегізкөз өрімінің қысқа тармақтары, нервтендіру аймақтары.

Сегізкөз өрімі, plexus sacralis (L4-S3), үшбұрыш пішінді ірі табакша түрінде, оның ұшы foramen in­frapiriforme бағытталады. Ол өзінің аз бөлігімен сегізкөздің алдыңғы бетінде жэне көпбөлігімен т. piriformis алдыңғы бетінде жатады. Өрім қоймалжың дэнекер тінмен қоршалған және жамбас астауы шандыры- ның қабырғалық табакшасының астында жатады; оның медиалді беті жағында ішкі мықын тамырларының, vasa iliaca interna, тармактар қатары орналасқан.
Сегізкөз өрімінен қысқа және ұзын тармактар түзіледі.
І. Қысқа тармактары
1. Бұлшықеттік тармақтар : ішкі жапқыш бұлшық етінің нерві ( nervus musculi obturatorii internі ) , алмұрт тәрізді бұлшықеттің нерві ( пеrvus musculi piriformis ) шаршы бұлшықеттің нерві ( пеrvus musculi quadrati femoris ) және егіз бұлшықеттерінің тармақтары .
2. Жоғарғы бөксе нерві ( пеrvus gluteus superior ; L4 - SI ) бөксе аймағына алмұрт тәрізді бұлшықеттің жоғарғы тесігі арқылы жамбас астауынан шығып , кіші және ортаңғы бөксе бұлшықеттерін және санның жалпақ шандырын керетін бұлшықетті нервтендіреді .
3. Төменгі бөксе нерві ( пеrvus gluteus inferior ; L4 - S2 ) бөксе аймағына алмұрт тәрізді бұлшық еттің төменгі тесігі арқылы жамбас бұлшықеттеріне өтіп , үлкен бөксе бұлшық етін нервтендіреді .
4. Санның артқы терілік нерві, п. cutaneus femoris posterior (Sp S2, S3), озінің бастапкы бөлімдерінде төменгі бөксе нервісіне өте жақын жатады немесе бірге жалпы сабау түрінде жүреді; жамбас астауынан foramen infrapiriforme арқылы, шонданай нервтен медиалді шығып, бөксенің үлкен бұлшықеті астында жатады; шонданай төмпесі ортасы мен ортан жіліктің үлкен ұршығы арасында орналасып, санның арткы бетіне түседі.
Бұл жерде ол т. semitendinosus және т. biceps femoris арасындағы жүлгеде, жалпак шандыр астында орналасады; төмен бағытталып, санның артқы беті бойындағы шандырды тесіп өтетін тармактар береді, олар санның артқы, әсіресе медиалді беті терісінде тармақталып, тақым шүнкыры аймағы терісіне жетеді.
Сегізкөз нервтері, nn. sacrales (S1 S2), бесеу мөлшерінде үзын жүлын түбіршік- терінен түзілген, омыртқа бағанының бел және сегізкөз бөлімдеріне вертикальді төмен жүріп, өзектің ішінде өзінің негізгі тармақтарына: менингиалдық, rami meninqei, дәнекер, rami communicantes, артқы, rami dorsales, жэне алдыңғы тармақтарға, rami vertrales, бөлінеді.

  1. Сегізкөз өрімінің ұзын тармақтары, нервтендіру аймақтары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет